ҚазақстанРеспубликасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы



бет7/23
Дата17.06.2016
өлшемі5.75 Mb.
#142774
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

«(*)» - міндетті түрде селекциялық жетістіктердің сипаттамасына кіруі тиіс; «(+)» - суреттермен сүймеленеді;

Ескертпе: 4,5,7,15-19,23-29,32-44 және 46 белгілері тондық бағыттағы қой тұқымдары үшін 8-9 айлық мерзімінде бағаланады.



1 Прекос және қазақтың биязы жүнді тұқымдарына тән;

2 Еділбай және қазақтың құйрықты жартылай қылшық жүнді тұқымдарына тән (ақтөбелік тұрпат);

3 Мазех және Еділбай тұқымдарына тән; 4 Романов тұқымдарына тән;

5 Карачаев және қара түсті қаракөл тұқымдарына тән;

6 Дағыстан тұқымдарына тән; 7 Тәжік тұқымдарына тән;

8 Сокол тұқымдарына тән;

9 Горьков тұқымдарына тән.

10 Дағыстан таулы биязы, Финдік ландрас жартылай биязы, Монғолдық қылшық жүнді тұқымдарына тән;

11 Советтік биязы, Куйбышевтік жартылай биязы, Лезгиндік қылшық жүнді тұқымдарына тән;

12 Кавказдық биязды, Солтүстіккавказдық жартылай биязы етті жүнді, Кучугуров қылшық жүнді тұқымдарына тән;

13 Ставропол тұқымдарына тән;

14 Советтік еттіжүнді тұқымдарына тән;

15 Линкольн тұқымдарына тән.
Мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесіне 4- қосымша
Қой белгілерінің айқындылық дәрежесін бағалауды сынау (байқаудан өткізу) кезінде басшылыққа алуға арналған Индекстер кестесі




Белгі

Көрініс беру дәрежесі

Сандық көрсеткіш-тер

Сандық көрсеткіш-тер

Индекс

1.

К1. Жануар: жүн жамылғысы-ның түрі жөніндегі классифика-ция

Тәжірибе жасау үшін таңдап алынған топтан он еркек және он ұрғашы тоқтының жүн жамылғысының түріне қарай бағаланады:

биязы жүнді

талшықтың орташа диаметрі 25,0 мкм және одан да төмен болатын біртекті жүн, жабағы жүннің штабельді құрылысы, терісінің молдығы

1

жартылай биязы жүнді

талшықтың орташа диаметрі 25,1-40,0 мкм болатын біртекті жүн, жабағы жүннің штабельді құрылысы, терісінің молдығы

2

қылшық жүнді

бірқалыпты емес жүн: жабағы жүннің түбіттің, қылшықтың, өтпелі талшықтың құрылысы

3

2.

К 2. Жануар: елтірілік типтің сәйкестігі


Сәйкес емес



Сәйкес1



1 Сирек және жоғадып бара жатқан түсті және реңді малдарды бағалауда 50 аналық және 3 аталық қошқар, 10 ұрғашы және еркек қозы алынады.

3.

К 3. Жануар: тондық типтің сәйкестігі

Сызғыш арқылы анықтайды. Түбіт қылшықтан 1,5 см және одан да ұзын

4.

К 4. Құйрық: ұзындығы (жүнсіз)

Қысқа құйрық

тірсек буынынан жоғары немесе сол деңгейде

1

Ұзын құйрық

тірсек буынынан төмен

2

5.

К 6. Құйрықтың майлылығы: пішін

Бір жастық тәрізді



Екі жастық тәрізді




6.

К 7. Майқұйрықтың түрі

Майқұйрық - құйымшақ пен сауырдың айналасындағы құйрық май; құйрығы қысқа, майсыз, құйрық майда жасырынған.

7.

К 8. Майқұйрықтың түрі

Кішкене


Орта


Үлкен


8.

К 9. Майқұйрықтың орналасуы:

Жоғары


Төмен


9.

К 11. Жабағы жүн: қосымша түсі

Талшықта басқа түстің бар-жоқғына қарап бағаланады.

Аз түс қосымша түс болып есептеледі.



10.

К 11а. Жүн жамылғысының түсі

Жүн жамылғысындағы пигментация мөлшеріне байланысты бағаланады, бастын және аяқтарынын әртүрлі бөлшектеріндегі талшықтын негізгі түсі.

Қара – қара түс, талшықтын ұзына бойына пигменттің тығыз біркелкі бөлінуі;

Көк – ақ және қара талшықтардын аралас орналасуынан пайда болды;

Сұр – талшықтын ұзына бойына пигменттің әртүрлі бөлінуі, түбі барынша қара, ал ушторы барынша ақшыл;

Қоңыр – қоңыр түс талшықтын ұзына бойына пигменттің біркелкі сирек бөлінуі;

Ақ – талшықтын ұзын бойында пигменттін болмауы;

Қызғылт – ақ және қоңыр талшықтардың аралас орналасуынан пайда болады;

Сарғылт – сарғылт түс, талшықтың ұзына бойына пигменттін әртүрлі сирек бөлінуі;

Күлгін – күлгін түс, талшықтың ұзына бойында пигменттін әртүрлі бөлінуі, түбі орта пигменттелген, ал ушторы күлгін.

Басқа – басқа түстер.



11.

К 12. Жабынды жүн: негізгі түс

Басы мен аяғындағы қырқылмайтын қысқа жүннің түсіне қарап анықталады.

12.

К 13. Жабынды жүн: қосымша түс

Талшықта басқа түстің бар-жоғына қарап бағаланады.

Аз түс қосымша түс болып есептеледі.



13.

К 14. Жабынды жүн: қосымша түстің орналасуы

Бас пен аяқ жүннің түсінің қанықтығына қарап айырады.

14.

К 18. Арқасы: жабағы жүннің өскіндігі

әлсіз

арқасындағы жүн бүйіріне қарағанда сирек және қысқа

1

күшті

арқасындағы жүн бүіріндегі жүнмен ұқсас

2

15.

К 19. Бүйірі: жабағы жүннің өскіндігі

жоқ

тек қана қысқы шашпен жабылған

1

әлсіз

бауырындағы жүн бүйіріндегі жүннен сирек және қысқа

2

күшті

бауырындағы жүн бүйіріндегі жүнге ұқсас

3

16.

К 20. Ұрықтық қошқар: ауқымдығы

Қашырымның алдында қошқардың салмағын 1 кг дәлме-дәлдікке дейін өлшеу арқылы анықталады Белгілердің анықталу дәрежесі келесі орта мағналарға сәйкес келеді, кг:







Б

ЖБ

Қ




кіші

81-дан төмен

81-дан төмен

81-дан төмен

3

орта

81-90

81-90

81-90

5

үлкен

90-нан жоғары

95-тен жоғары

90-тен жоғары

7

17.

К 21. Аналық: ауқымдығы

Қашырымның алдында аналықтың салмағын 1 кг дәлме-дәлдікке дейін өлшеу арқылы анықталады

Белгілердің анықталу дәрежесі келесі орта мағналарға сәйкес келеді, кг:






Б

ЖБ

Қ




кіші

51-дан төмен

51-ден төмен

45-тен төмен

3

орта

51-55

51-55

51-55

5

үлкен

55-дан жоғары

55-тен жоғары

55-ден жоғары

7

18.

К 22. Тері: қатпарлылығы

Жоқ


Төмен


Орта

Жоғары


19.

К 23. Бас: қапталынан

Иілген Тік



Дөңес


20.

К 24. Құлағы: орналасуы

Тік Жартылай тік



Жартылай салбыраңқы Салбыраңқы



21.

К 27. Денесі: пішіні

Жалпақ Жұмыр



Тікбұрышты Бөшкетәрізді



22.

К 28. Аяғы: аяқ ұзындығының индексі

Өлшейтін таяқпен дене биіктігін шоқтық тұсынан және төсінің тереңдігі арқылы төмендегі формула бойынша анықтайды:

б-в


а = ------- х 100, бұл жерде

в

а – аяқ ұзындығының индексі



б – шоқтығының биіктігі, см;

в – кеуде тереңдігі, см;



Белгілердің анықталу дәрежесі келесі мағыналарға ие, %






қысқа

50-ден төмен

3




орта

50-54

5




ұзын

54-тен жоғары

7

23.

К 29. Арқасы: жалпақтығы

Жіңішке Орташа


Жіңішке


24.

К 30. Аналық: төлдегіштігі

Бір аналыққа есептегенде тірі және өлі туған қозылардың санымен анықталады.

Белгілердің анықталу дәрежесі келесі мағыналарға ие, бас:



төмен

1,1-ден төмен

3

орташа

1,1-1,5

5

жоғары

1,5-тен жоғары

7

25.

К 31. Аналық: сүттілігі

Бір сауылу мерзіміндегі сауымды бақылау әдісімен анықталады.

Белгілердің анықталу дәрежесі келесі мағыналарға ие, бас:



төмен

80-нен төмен

3

орташа

80-100

5

жоғары

100-ден жоғары

7

26.

К 32. Жабағы жүн: құрылысы

қабатты

жабағы жүн жабық, өзара тығыз орналасқан штапельдерден тұрады

1

штапельді-бұрым

ұзын, ұшы сүйір иректі штапель-бұрымдардан тұрады

2

бұрымды

ашық жабағы жүн, бұрымдардан тұрады

3

27.

К 34. Жүн: жіңішкелігі (қылшықты жүнді қойлар мен түбіт үшін)

Тәжірибе жасау үшін таңдап алынған топтан он еркек және он ұрғашы тоқтының микроскоптың көмегімен жүнінің үлгісіне қарай бағаланады.

Белгілердің анықталу дәрежесі келесі мағыналарға ие, мкм.:






Б

ЖБ

Қ(түбіт)




аз

25,0-ден жоғары

34,0-ден жоғары

34,0-тен жоғары

3

орташа

20,6-25,0

27,0-55,0

21,0-34,0

5

көп

20,6-дан төмен

27,0-ден төмен

21,0-ден төмен

7

28.

К 35: Қылшық: жіңішкелігі

34 п. көрсетілгендей анықталады.

Белгілердің анықталу дәрежесі келесі мағыналарға ие, мкм.:



төмен

70,0-тен жоғары

3

орташа

46,0-70,0

5

жоғары

46,0-дан төмен

7

29.

К 36. Жүн: ұзындығы (қылшықты жүнді қойлар мен түбіт үшін)

Жүннің қылшық пен түбіттің ұзындығын қойдың жауырын тұсындағы, бүйіріндегі штапельдің қалыпты биіктігін 0,5 см дәлдікпен өлшеу арқылы анықтайды.

Қойдың нақты жасындағы жүнінің ұзындығын оның 12-айлық жасындағы (Х) ұзындығына мына формула бойынша қайта есептейді:

а

Х = ------- х 365,



б

бұл жерде а – жүннің нақты ұзындығы, мм;

б – жануардың жас шамасы, күн.

Белгілердің анықталу дәрежесі келесі мағыналарға ие, см.:






Б

ЖБ

Қ(түбіт)




аз

9,0-ден төмен

11,5-тен төмен

5-тен төмен

3

орташа

9,0-10,5

11,5-14,5

5-7

5

үлкен

10,0-нан жоғары

14,5- жоғары

7- жоғары

7

30.

К 37. Қылшық: ұзындығы

36 п. көрсетілгендей анықталады.

Белгілердің анықталу дәрежесі келесі мағыналарға ие, см.:



қысқа

10,5-төмен

3

орта

10,5-14,0

5

ұзын

14,0- жоғары

7

31.

К 38. Иректілік: үлкендігі

Жүннің 1 см ұзындығындағы ирек санымен анықталады.

Белгілердің анықталу дәрежесі келесі мағыналарға ие, см.:



майда

4 және одан көп

1

ірі

4-тен аз

2

32.

К 39. Иректілік: түрі

Кіші толқынды - иректің биіктігі білінбейді



Толқынды - иректің биіктігі негізінің енінің жартысынан аз




Бір қалыпты - иректің биіктігі негізінің енінің жартысына тең, түрі жарты шеңберге келеді.

Қысылған - иректің биіктігі негізінің енінің жартысынан көп, бірақ енінен аз




Биік - иректің биіктігі негізінің енінің жартысына тең немесе үлкен

Тұзақ тәрізді - иректілік өте биік, негізі қысыңқы, түрі шеңберге келіңкірейді



33.

К 42. Жүн: үзілу салмағы

Тәжірибе жасау үшін таңдап алынған топтан он еркек және он ұрғашы тоқтының жүн жамылғысының түріне қарай динамометрдің көмегі арқылы анықталады.

Белгілердің анықталу дәрежесі келесі орташа мағналарға ие, сН/текс.:






Б

ЖБ

Қ(түбіт)




төмен

7,0- төмен

8,0- төмен

9,0-төмен

3

орташа

7,0-8,0

8,0-9,0

9,0-10,0

5

жоғары

8,0- жоғары

9,0- жоғары

10,0- жоғары

7

34.

К 43 Жабағы жүн: жіңішкелігі бойынша бірқалыптылығы

Тәжірибе жасау үшін таңдап алынған топтан он еркек және он ұрғашы тоқтының бүйірі мен санынан алынған талшық жүннің жіңішкелігінің айырмасы бойынша анықталады.

Белгілердің анықталу дәрежесі келесі орташа мағналарға ие, мкм:



төмен

4-тен жоғары

3

орташа

2-4

5

жоғары

2-ден аз

7

35.

К 44. Шайыр: мөлшері

Тәжірибе жасау үшін таңдап алынған топтан он еркек және он ұрғашы тоқтының бүйірінен қырқымға 10-15 күн қалғанда алынған 20-25 г. жүннің үлгісімен анықталады.

Көлемі 120-160 мм. сүзгі қағазды кондициялық аппаратта 100-105ºС температурада тұрақты құрғақ күйіне жеткенше кептіреді.

Жүннің әр үлгісінен 5,0-г-нан екі параллель сынама алынады да сүзгі қағазға оралады. Сынаманы кондициялық аппаратта 105-110ºС температурада тұрақты құрғақ күйіне жеткенше кептіреді. Сокслет аппаратының колбасына күкірт эфирін құяды, сосын сынамалар тұрған экстракторға жалғайды да соңғысын мұздатқышқа қояды. Сокслет аппаратын қайнаған су буына немесе жабық электр плиткасына қояды.

Экстрактідегі эфир толық түссізденгеннен кейін ғана экстрагирование аяқталған болып есептеледі.

Экстрагирование аяқталғаннан кейін сынаманы эфирдің қалдықтарынан тазарту үшін 2-3 сағатқа ауа тартатын шкафқа қояды да, кейін кондициялық аппаратқа салып тұрақты құрғақ күйіне жеткенше кептіреді.

Осыдан кейін Сокслет аппаратында эфирдің орнына тазартылған суды пайдалану арқылы майсыздандырылған, кептірілген және өлшенген үлгілерден шайырдың мөлшерін анықтайды.

Жүннің сынамасын судың түссізденгенінше экстрагирование жасайды. Сосын тұрақты құрғақ күйіне жеткенше кептіреді.

Барлық өлшеулерді 0,01 г. дәлдікпен техникалық таразыда жүргізеді.

Сынамадағы май мен тердің салмағын құрғақ жүннің экстрагированиге дейінгі және одан кейінгі айырмасы бойынша анықтайды.

Тазартылмаған жүндегі май мен тердің пайыздық құрамын мына формула бойынша есептейді:

А

Х = ----------- х 100, бұл жерде



В

Х - майдың (тердің) пайызы, %;

А - майдың (тердің) салмағы, г;

В - алынған жүннің тұрақты құрғақ салмағы, г;

Егер май мен тердің салмағының айырмаса параллель сынамалар арасында биязы жүнді қойлар үшін 3%-дан, басқа бағыттағы қойлар үшін 2%-дан асса, онда үшінші сынаманы зерттеуге алады. Орта мағынасын өте жақын екі сынаманың көрсеткіші арқылы есептеп шығарады.

Шайырдың мөлшерін май мен тердің пайызын қосу арқылы анықтайды.

Белгілердің анықталу дәрежесі келесі орташа мағналарға ие, % :





Б

ЖБ

Қ(түбіт)




аз

20,0- төмен

15,0- төмен

10,0-төмен

3

орташа

20,0-30,0

15,0-25,0

10,0-15,0

5

көп

30,0- жоғары

25,0- жоғары

15,0- жоғары

7

36.

К 46. Жүн: қылшық пен түбіттің ара-қатынасы

Сынамадағы жүннің құрамындағы қылшық пен түбітті есептеу зертханада анықталады. Ол үшін қойдың оң бүйіріндегі жауырын тұсынан салмағы 5,0-10,0 г, жүн қырқылып алынып, осыдан 1,5-2,0 г. сынама алынады, кейін жуылады. Жуылған сынамадан әрқайсысы 25-30 мг. екі параллель өлшем алынады да, қылшығы мен түбіті бөлек фракцияларға айырылады.

Осыдан кейін таза қағаздың үстіне салынып әр фракциядағы талшықтар саны есептеледі.

Белгілердің анықталу дәрежесі қылшық пен түбіттің келесі орташа мағналарына ие:


тар

4-тен төмен

3

орташа

4-10

5

кең

10,0- төмен

7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет