ҚазақстанРеспубликасыныңбілімжәнеғылымминистрлігі



Дата03.07.2016
өлшемі298.83 Kb.
#173861
Пәнбағдарламасының Нысан

(Syllabus) титулдық ПМУ ҰС Н 7.18.4/19

парағы


ҚазақстанРеспубликасыныңбілімжәнеғылымминистрлігі
С. Торайғыроватындағы Павлодар мемлекеттікуниверситеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Gruz 2208 – Жүктану

Павлодар, 2013 ж.

Пәнбағдарламасын Нысан

(Syllabus) бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН


ММжК факультетінің

деканы______Т.Т. Тоқтағанов

«___»_____________20__ ж.

Құрастырушы: ________ аға оқытушы, магистр, Имангазинова Д. Б.



Пәннің бағдарламасы (Syllabus)
Жүктану Gruz 2208

5В090100 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған


Бағдарлама 20__ ж. «___» _____ бекітілген жұмыс бағдарламаға негізделіп құрастырылған.
20__ ж. «___»______ кафедраның мәжілісінде ұсынылған №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Қ. Қ. Абишев «___»______ 20__ ж.

Факультеттің Оқу әдістемелік кеңесінде құпталған «___»______20__ ж.

№___ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Ж. Е. Ахметов «___»______20__ ж.

1.Пәннің оқу құжаты
Пәннің атауы «Жүктану»
Міндетті компонент пәні
Кредиттер саны және оқытылу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 4

Барлығы аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжірибелік – 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СӨЖМ – 45 сағат

Жалпы еңбексыйымдылығы – 135 сағат
Бақылау нысаны

Қорытынды бақылау нысаны Емтихан – 3 семестр


Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:

«Жоғары математика», «Информатика», «Метрология, стандартизация және сапаны басқару», «Өміртіршілік қауіпсіздігі».
Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:

«Біртұтас көлік жүйесі», «Көліктік құралдар», «Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы мен механизациясы», «Көліктік логистика», «Көлік құралдары мен құрылыстарды жобалаудың негіздері», «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорны менеджменті».
2. Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат

Аты-жөні - Имангазинова Динара Балғабековна

Ғылыми дәрежесі, лауазымы, мамандығы - магистр, аға оқытушы

«Көліктіа техника және логистика» кафедрасы, Б-220,

телефон: 67-36-23 (1216)

E-mail: imangazinovad@mail.ru.


3.Нысандары, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің нысаны «Жүктану» көлік үрдісін ұйымдастыру мен басқарурамкасында жүктану мағлұматтарының теориялық, тәжірибелік жәнеәдістемелік мазмұндамасы болып келеді. Студенттер көліктік құралдармен тасымалданатын жүктер, олардың көліктік сипаттамалары, классификациялары, тиеудің, түсірудің және автокөліктік құралдардың шанақтарында бекітудің рационалды әдістері туралы, жанжақты білім алу керек.
Пәнді беру мақсаты

Жүктану бойынша студенттерде кәсіби теориялық және тәжірибелік білімдерін қалыптастыру.


Пәннің оқу міндеттері

– әр түрлі жүктрдің тасымалдау ережелерін және көліктік сипаттамаларын, олардың қоршаған ортамен өзара әсерін, сақтау, жүктеу және тасымалдау кезінде жүктің сақтау қауіпсіздігін және қоймалау мүмкіндігін, және де жеке түрлі жүктердің тасымалдануын орындау барысындағы тараға, қораптық материалдарға, көліктік құралдарға және тиеу-түсіру механизмдеріне деген талаптарын оқу.


4. Білімге, іскерлікке, дағдыға, біліктілікке қойылатын талаптар

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер:

түсініктер болуы қажет:

- тасымалдау үрдісі туралы;

- жүк және коммерциялық жұмыс басқару туралы;

- темір жол көлігімен жүк тасымалдау;

білуі:

- әр түрлі жүктердің қасиеттерін және олардың көліктік үрдісін ұйымдастыруына әсерін; жүк түрлерін; жүктердің көліктік сипаттмасын; тара мен қораптық материалдар сипаттамасын; жүктің маркировкасын; әр түрлі жүктерді тасымалдау ережелерін; тасымалдау кезінде жүктердің сапасы мен сақталуының қамтамасыз етуін; жүктанудың нормативті-құқықтық базасын;



икемді болу:

- автоматтандырылған басқару жүйесінде және кешенді механизациясы мен тиеу-түсіру жұмыстарының автоматизациясында, АБЖ-ң шарттарында есептеуіш техникалық құралдарын пайдалануда, жүк және коммерциялық жұмыстар технологиялары мен техникалық жабдықталуын жетілдіру бойынша шараларын экономикалық тиімділікті алу көзқарасымен объективті бағалау, әр түрлі жүктерді тасымалдау кезіндепойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін, қоршаған ортаның сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар жасауда, әсіресе қауіпті, ауырсалмақты және төгілген жүктерін тасымалдау барысында;

дағдылануы қажет:

- автомобильдер мен контейнерлердің қажетті парктерін есептеу;

- жүктерді тасымалдауға арналған тасымалдау төлемдерін анықтау;

- тасымалдау құжаттарын толтыру;

біліктілік деңгейі:

- әр түрлі шарттатасымалдау үрдісін ұйымдастырудың және көлік құралдарының қауіпсіздік қозғалысын қамтамасыз етудің құқықтық, нормативті-техникалық және ұйымдастырушылық негіздерін қолдануда.


5. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сағаттарды бөлу


п/п


Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

дәріс

Тәж. жұмыс

Барл.

СӨЖО



1 Тақырып. Жүк туралы негізгі түсініктер

5

6

18

9



2 Тақырып. Таралы-қорапты және дара жүктер

5

3

18

9



  1. Тақырып. Үйілмелі және төгілген жүктер

5

3

18

9



4 Тақырып. Құйылмалы жүктер

5

-

-

-



5 Тақырып. Жүктердің физико-химиялық және көлемдік-массалық сипаттамалары

5

3

18

9



6 Тақырып. Жүктердің негізгі номенклатурасының оларды тасымалдау ұйымдастыруына көліктік сипаттамаларының әсері

5

-

18

9

Барлығы: 135 сағат (3 кредит)

30

15

90

45




  1. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 Тақырып. Жүк туралы негізгі түсініктер

Жоспар:

  1. Жүктің көліктік сипаттамасы. [2, 23-29 бет], [3, 10-18 бет]

  2. Жүк тасымалдаудың негізгі ережелері мен шарттарын регламенттейтін нормативті құжаттар. [2, 30-36 бет], [3, 19-24 бет]

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

  1. Жіберу пунктінде тасымалдауға қабылдау моментінен тағайындау пунктінде беру моментіне дейінгі барлық тауарлық өнім «жүк» деп аталады.Жүктің көліктік сипаттамасы тасымалдаудың, жүктеудің және сақтаудың режимдерін, және де осы операцияларды орындайтын техникалық құралыдардың талаптарын анықтайды. Жүктердің келесі негізгі түрлері бар: құйылмалы, құрғақ, үйілмелі, төгілген, дара, генералды.

  2. Жүктерді тасымалдаудың негізін қалайтын нормалар және шарттарын; темір жолдар, көлік қызметтерін қолданушылар және басқа көлік түрлерінің арасындағы пайда болатын қатынастарын; көлік үрдісінің қатысушыларының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін «Қазақстан Республикасының темір жолдарының Жарғысы»регламенттейді. Экспедиторларға немесе жүкиесіне темір жолмен көрсетілетін жүк тасымалдау және басқа да қызметтер үшін тасымалдау тарифтік төлемдердің есебі № 10-01 прейскурант бойынша жасалынады.

2 Тақырып. Таралы-қорапты және дара жүктер

Жоспар:

  1. Негізгі түсініктер. Тасымалдау әдістері. [1, 29-37 бет], [2, 39-42 бет],

  2. Таралы-қораптық жүктердің контейнерлер мен жабық вагондарда орналастыру мен тасымалдауға дайындау. [2, 27-36 бет]

  3. Ауырсалмақты таралы-даралық жүктердің тасымалдауға және сақталыуын қамтамасыз етуге дайындау. [2, 34-36 бет]

  4. Көліктік тара мен таралық материалдарын пайдаланудағы жақсартудың негізгі бағыттары. [3, 53-58 бет]

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

  1. Таралы-қораптық және даралық жүктер өте бағалы өнеркәсіптік бұйымдардың және халық тұтыну тауарларының көлемді номенклатурасын қосады. Қорап – бұлжүктің сақталуын қамтамасыз ететін және өнімнің айналу үрдісін жеңілдететін; жүкті қоршаған ортаның зиянды әсерінен және қоршаған ортаны жүктің зиянды ықпалынан және ластанудан тазалайтын құралдар кешені. Көліктік пакет – тарадағы дара жүктерден немесе әр түрлі тәсілдер мен пакеттау құралдарын қолданып тарасыз құрастырылған, айналу үрдісінде пішінін сақтайтын және тиеу-түсіру мен қоймалық жұмыстардың кешенді механизация мүмкіндігін беретін іріленген жүк бірлігі.

  2. Тасымалдау және итиеу-түсіру мен қоймалық жұмыстарын орындау үрдісінде қорапталған бұйымдар түбегейлі шамаларға жететін, әр түрлі динамикалық жүктемелерге душар болады. Бұйымдарды соққы жүктеуінен қорғау үшін әр түрлі амортизациялық материалдар пайдаланылады: бүрмелі қатырма (гофрированный картон), көбікті полистирол (пенополистирол), пенополиуретан, велофлексжәне т.б.

  3. Бір жүк орны 0,5-тен 20,0-ге дейін және одан да көп массалы таралы-қораптық және дара жүктер (станоктар, агрегаттар, әр түрлі жабдықтар мен машиналар) ашық жылжымалы құрамда тасымалданады. Ірі габаритті жәшіктердің қонструкциялары әр түрлі статикалық және динамикалық әсерлерге тарттылады, олардың ішінде крандармен тиеу-түсіру жұмысатырының үрдісінде пайда болатын, үлкен мәнді күштер жетеді. Әр түрлі машиналардың және жабдықтардың барлық өңделген және өңделмеген беттері, жұмыстағы бұзылардың және ақаулардың себебі болуы мүмкін коррозияларға душар болады.

  4. Қазіргі кезде таралық материалдарды өндіру және тұтыну құрылымында ағаштар тобы басым болып келеді, ал сол топтың ішінде – аз тиімді тақтай тарасы, ол қайтадан өте қанағаттанарлықсыз қолданылады. Таралық қорларды үнемдеу көзқарасынан таралық материалдардың ең ұнатымдысы бұл жұқа бүйірлі тақтайша, ағашты тал жіп тақта (древесноволокнистая плита), қатырма және полимерлік материалдар болып келеді. Көп айналымды тараны қолдану жүкті тасымалдау мен сақтауға дайындаудың материалдар мен еңбек қорларының шығындарын төменднтуге рұқсат етеді.

3 Тақырып. Үйілмелі және төгілген жүктер

Жоспар:

  1. Көліктік сипаттамасы. Классификациясы. [3, 10-12 бет]

  2. Қатып қалған жүктердің төгілгіштігің қайта құру және профилактика. [3, 15-24 бет]

  3. Төгілген жүктердің сақталуын қамтамасыз ету. [3, 25-27 бет]

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

  1. Үйілген және төгілген жүктер оларды теміржол көлігімен тасымалдауға қабылдау шарты бойынша бір топты құрайды. Көрсетілген жүктердің көліктік сипаттамасы келесі қасиеттерін қосады: фракциялыққұрам, ылғалдылық, төгілмелік,қатып қалу. коррозиялық және де басқа спецификалық қасиеттер. Үйілмелі жүктер көліктік сипаттамасы мен спецификалық қасиеттерінен тәуелді келесі екі топтарға бөлінеді: өнеркәсіп жүктері, ауылшаруашылық жүктер.

  2. Қатып қалатын жүктер бұл бірқалыпты ұсақ фракциялардың жүктері, олар тасымалдау барысында өз төгілгіш қасиеттерін жоғалтады. Тағайындау пункттарында қатып қалатын үйілген жүктердің сипаттамасы және сепкіштікке және ұзақтыққа қайта оралуына әсер ететін оның негізгі көрсеткіштері осы үрдістің мөлшерінен тәуелді.Төгілген жүктердің қатып қалу үрдісіндегі оларды жылдың суық уақыттында тасымалдау кезінде үш әр түрліматериалды объектілер өзара әрекеттеседі: төгілген жүк, теміржол вагоны, қоршаған орта. Қатып қалған жүкті түсіру үшін, жылытумен немесе ұсақтаумен оның төгілмелілігін қайта құру керек.

  3. Теміржол көлігімен тасымалдау барысында ең көп жоғалту үлесті, ашық және жабық қозғалмалы құрамда тасымалданатын өндірістік төгілгіш жүктер құрайды. Төгілгіш жүктердің жоғалтудың негізгі түкрлері: ұсақ фракцияларды ауа ағындарымен үрлеу; құрылыстық саңылаулар мен тығыз емес жерлерге жүктің ағылып кетуі, вагон шанағының бұзулары. Жүкті үрмелеуден қорғау үшін жоғалтуларды алдын-ала болдырмаудың тиімді тәсілі бұл жүктің үстің пленкамен жабу. Жүктердің жоғалтуына ылғалдылық, көлемдік масса, гранулометриялық құрамның біркелілік сияқты қасиеттері үлкен әсер көрсетеді.

4 Тақырып. Құйылмалы жүктер

Жоспар:

  1. Жалпы классификациясы және негізгі түсініктер. [2, 64-69 бет], [3, 59-63 бет]

  2. Мұнай өнімдерінің тасымалдау ерекшеліктері, құю және төгу шарттары. [2, 42-48 бет], [3, 37-46 бет]

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

  1. Құйылмалы жүктер бұл темір жолмен вагон-цистерналарда және бункерлі жартылай вагондарда тасымалдауға рұқсат беріледі. Қоршаған орта мен адамның өміртіршілігіне әсерінен тәуелді барлық жүктер қауіпті және қауіпсіз жүктерге бөлінеді. Спецификалық қасиеттері және сипаттамалары негізінде бұл жүктер үш топқа бөлінеді: шикі мұнай, ашық түсті мұнай өнімдері және күрең түсті мұнай өнімдері. Жанармай тобына жатады: автомобиль бензиндері, авиациялық керосиндер, дизельді жанармай және тағы басқа жанармай түрлері. Май тобына кіреді: мотор майлары, индустриалды жағы майлары, арнайы майлар және тағы басқалары.

  2. Мұнай өнімдерінің үлкен спецификалық қасиеттері бар, олар барлық тасымалдау үрдістеріне және жылжымалы құрамның конструкциясына үлкен әсер тигізеді. Мұндай қасиеттерге жатады: тығыздық, температуралық сипаттамалар, қаныққан булардың тығыздығы, коррозиялылығы және тағы басқалары.

5 Тақырып. Жүктердің физико-химиялық және көлемдік-массалық сипаттамалары

Жоспар:

  1. Жүктердің қасиеттеріне әсер ететін факторлар. [3, 64-68 бет]

  2. Жүктердің көлемдік және массалық сипаттамалары. [2, 54-59 бет]

  3. Жүктің қауіптілігі және сапасы. [2, 24-31 бет]

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

  1. Тасымалдау және сақтау үрдісінде жүк массасында сапалық және сандық өзгерістер болуы мүмкін. Жүктердің физикалық қасиеттері жүктің физикалық жағдайымен байланысты әр түрлі сипаттамаларды анықтайды.

  2. Көлемдік-массалы сипаттамалар жүк тасымалдау үшін жылжымалы құрамның қажетті сыйымдылығын анықтайтын негізгі факторлар болып келеді. Жылжымалы құрамның берілген түрі мен жүктің үлес көлемін нақты жүкпен толтыру коэффициенттерін білгенде оның тиеу көлемін анықтауға жеңіл.

  3. Жүк қауіптілігі келесі негізгі қасиеттерімен сипатталады: өртқауіптілігі, жарылғышқауіптілігі, зияндылық, улылық. Жүктің сапасы – тағайындамасы бойынша пайдалануға өнімнің жарамдылық дәрежесін анықтайтын қасиеттер қосылымы. Әр түрлі өнімнің сапасының негізгі көрсеткіштері стандарттармен және техникалық шарттармен анықталған.

6 Тақырып. Жүктердің негізгі номенклатурасының оларды тасымалдау ұйымдастыруына көліктік сипаттамаларының әсері

Жоспар:

  1. Теміржол көлігіндегі тасымалдау құжаттарын толтырудың жалпы ережелері. [1, 86-93 бет]

  2. Жеке түрлі тасымалдау бойынша тасымалдау құжаттарын толтырудың ерекшеліктері. [1, 76-81 бет]

  3. Теміржол көлігіндегі қабылдау-беру актілерін жүргізу реті. [3, 94-98 бет]

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны:

  1. Жүктерді тасымалдау барысында тасымалдау құжаттарын қағаз түрінде толтырғанда накладная түпнұсқа мен көшірмесі жүкпен бірге тағайындау станциясына дейін барады.

  2. Жіберушілік маршруттарымен жүктерді тасымалдаудағы толтырудың ерекшеліктері темір жол көлігіндегі ережелерге сай орнатылған. Маршрут құрамында баратын вагондарға тасымалдау құжаттарын толтыру темір жол көлігіндегі бір накладная бойынша вагондарды топпен тасымалдау ережелерге сай орнатылған ретінде жасалынады.

  3. Қабылдау-тапсыру актілері 2 данадан кем емес толтырылады. Бір дана жүкжіберушіге беріледі, ал екіншісі жүкқабылдаушыға бріледі және акттың басқа данасы тасымалдаушыда сақталады.




  1. Тәжірибелік сабақтар мазмұны, олардың сағаттық көлемі

1 тақырып. Автомобыль көлігімен тасымалданатын жүктердің қасиеттері мен сипаттамалары, 3 сағат

Физикалық қасиеттері – сусымалы (сыпучесть), жылжуға кедергілер табиғи еңістің бұрышы, саңылаулылығы, кеуектілігі, тығыздалу қабілеттілігі, морттылығы, гигроскопиялығы, дымқылдығы (сыртқы және гравитациялық дымқыл), түрпілілігі, үгетін қабілеттілігі, тұтқырлығы және т. б.

Химиялық қасиеттері – өздігінен қызу, өздігінен жану, тотықтырғыш қасиеттері, коррозия, қатып қалу, аязға төзімділік, жымдасу, қызуға төзімділік, отқа төзіміділік, от қауіптілік, жарылу қаупі, зияндық, улылық және т. б.

Жоспар:


  1. Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамымен тасымалданатын жүктердің физико-химиялық қасиеттері. [1, 5-16 бет]

  2. Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамымен тасымалданатын жүктердің көлемдік-массалы сипаттамалары. [1, 7-10 бет]

  3. Жүктерді автомобильді тасымалдау тәсілдерінің сипаттамасы. [3, 72-78 бет]

  4. Жүктерді тасымалдау, сақтау, қайта өндеу үрдісінде көліктік тараны жіне өорапты қолдану. [3, 61-63 бет]

Тапсырма:

    1. Автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктердің қасиеттері мен сипаттамаларын оқу

    2. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Дәрістер мен оқу құралдарын пайдалану.



2 тақырып. Жүктердің көліктік сипаттамалары, тасымалдау ережелері, 4 сағат

Жүк – жүк вагондары мен контейнерлерге тасымалдау үшін қабылданған объект (соның ішінде бұйымдар, заттар, пайдалы қазбалар, материалдар, шикізат, өндіріс және тұтыну қалдықтары).

Тасымалдау, жылжымалы құрамды дұрыс таңдау, тиеу-түсіру машиналар түрлерінің, жүк сақтау орындарының, олардың сақталуын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыздандыратын шарттарын анықтау үшін көліктік классификация енгізілген.

Тасымалдауға көрсетілетін жүктердің түрлері мен күйлерінен тәуелді көліктік классификацияға сай олар келесідей бөлінеді:


  • қораптық-дара және дара – жүк орны немесе дара саны бойынша тасымалдауға қабылданады; қораптық-дара – қорапта болады: жәшіктерде, қаптарда, бөшкелерде және т.б. (тағам өнімдері, халық қолданатын тауарлар және басқалары); жабық вагондарда немесе әмбебеп контейнерлерде тасымалданады, атмосфералық әсерден қорықпайтын жүктер үшін ашық жылжымалы құрамда тасымалдауға рұқсат;

  • құйылмалы – цистерналарға, контейнер-цистерналарға немесе жартылай агонды бункерлерге (мұнай, мұнай өнімдері, газдар, қышқылдар және т.б.) құйылып тасымалданатын сұйық жүктер;

  • сусымалы - әмбебап немесе арнайы вагондарда төгіліп тасымалданады, бір-біріне қатысты өзара сусымалығына ие болатын (цемент, астық, минералдық тыңайтқыштар, құм және басқалары) ұнтақ, дән, гранула, капсула түрінде біркелкі фрикциялық қатты бөлшектерді құрайтын масса болып;

үйілген – орын есептемей вагондық жіберулермен пакетталмаған түрінде тасымалданады, өз қасиеттері бойынша оларды сусымалыға жатқызуға болады (қарбыздар, тастар, металл сынғыштары, орман материалдары және бсқалары).

Жоспар:

  1. Жүктердің көліктік классификациясы. [3, 15-23 бет]

  2. Жүк тасымалдау ережелері. [1, 3-18 бет]

Тапсырма:

  1. Жүктермен бірге жүруге керек жүктерді анықтау

  2. Ашық қоймаларда сақтауға болатын жүктерді; жүктердің қатып қалуымен борьба бойынша шараларынанықтау

Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Жүк категориясын анықтау үшін 1 кесте пайдалану



3 тақырып.Көліктік тара және маркировка, 3 сағат

Көліктік тараөздігінен көліктік бірлік немесе ірілінген көліктік бірліктің бөлігі, тұтынушылық, топтық тараға немесе бастапқы қорапсыз салынғантауар мен бұйымдарды қораптау үшін қолданлады. Жүкжіберушімен берілетін таралық және дара жүктерде, теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде қолданылатын, көліктік маркировка болу керек. Көліктік маркировка қағаздық, фанералық, металлдық және басқа ярлыктарға немесе тараның өзіне қойылуы керек.

Жоспар:

  1. Көліктік тара. [2, 26-37 бет]

  2. Көліктік маркировка. [2, 37-46 бет]

Тапсырма:

  1. Манипуляциялық белгілерді оқу.

  2. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Жүкжіберуші мен жүкқабылдаушының атаулары еркін қабылданады.



4 тақырып. Жүктердің ішкі тасымалдау кезіндегі өқжат айналымы, 3 сағат

Автомобиль келуіне дейін жүкжіберуші келесі істеу керек: Тауарлы-көліктік тіркеме қағазының бас бөлімінде тауарлы-көліктік тіркеме қағазының көшірме күнін көрсету; "Тапсырысшы (төлеуші)" жолында берілген тауарлы-көліктік тіркеме қағазының берілгендері бойынша көліктік жұмыстың төлемін жасайтын ұйымның атауын жазу; "Жүкжіберуші" және "Жүкқабылдаушы" жолдарында тауарлы-материалды құндылықтарының құжаттарында аталған түсіру мен қабылдау ұйымдарының атауларын жазу керек; "Тиеу пункті" және "Түсіру пункті" жолдарында тиеу және түсіру пунктарының мекен-жайларын жазу. "Жүк туралы мәліметтер" тарауында: жүкқабылдаушыға түсірілетін тауарлы-материалдық құндылықтарының әрбір түрлерін жеке алғандағы атаулары туралы берілгендерін, және де "Барлығы сомасына берілген" жолында олардың бағасын жазу; "Беруге рұқсат берген" жолында тауарлы-материалдық құндылықтарын түсіруге жауапты лауазымды тұлғаны көрсету, жасалған жазулардың дұрыстығын өз қолымен куәландырады және жүкқабылдаушыға жүкті жіберуге рұқсат береді.



Жоспар:

  1. Тауарлы-көліктік тіркеме қағазтолтыру мен есептеудің жалпы ережелері. [1, 134-261 бет]

  2. Тауарлы-көліктік тіркеме қағазжол жүру кезінде толтыру. [1, 138-146 бет]

Тапсырма:

  1. Берілген ақпаратты пайдаланып,тауарлы-көліктік тіркеме қағазсәйкес тарауларын толтыру

Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Тауарлы-көліктік тіркеме қағазтолтыру үшін нақты толтырылғантауарлы-көліктік тіркеме қағазбланкін пайдалану



5 тақырып. Жүктердің көлемдік-массалы сипаттамалары, 3 сағат

Көлемдік-массалы сипаттамалар жүкті тасымалдауға арналған жылжымалы құрамның қажетті сыйымдылығын анықтайтын негізгі факторлар болып келеді.ТығыздықР, кг/м3, т/м3, -көлем бірлігіндегі біртүрлі заттың массасы. Сұйық жүктердің тығыздығы температурадан тәуелді, сондықтан тығыздықтықты белгілеу кезінде төменгі индекс, тығыздық анықталған температураны көрсетеді. Таралы-дара жүктердің негізгі сипаттамалары:ұзындығы, ені, биіктігі, сыртқы көлеміжәне брутто массасы.



Жоспар:

1. Жүктердің көлемдік-массалы сипаттамаларын үйрену. [3, 83-97 бет]



Тапсырма:

1. Жүктердің тығыздығы мен көлемін есептеуге үйрену



Тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Сұйық жүктердің массасын анықтау үшін 6 кестені пайдалану



8.Өздігінен жұмыс тапсырмалары

1 тақырып. Габаритті емес жүктер.



Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Жүктің габаритсізділік зонасы мен дәрежесін анықтау.

  2. Есептеуіш габаритсізділігін анықтау.

  1. Реферат жазу.

2 тақырып. Тасымалдау барысындағы жылжымалы құрамның жүк сыйымдылығы.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Фактілі, үлестіккөлемдік жүк сыйымдылығы.

  2. Жүк сыйымдылығының коэффициенті.

  1. Реферат жазу.

3 тақырып. Ірілеу жүк бірлігін құрастырудың тәсілдері мен технологиясы.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Жүкті пакетті тәсілімен тасымалдау.

  2. Пакеттау құралдары.

  1. Реферат жазу.

4 тақырып. Контейнерлер және пакетті тасымалдау.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Контейнерлердің түрлері.

  2. Контейнердің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  1. Реферат жазу.

5 тақырып. Жүкті орналастырудың оптимизациясы.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Жүкті орналастыру мен бекітудің негізгі талаптары.

  2. Жүктің әр түрлі орын ауыстыру сызбаларымен орын ауыстыру құрамының өсіне жүктелуінің есебі.

  1. Реферат жазу.

6 тақырып. Көліктік құралдар мен тиеу-түсіру механизмдері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Тиеу-түсіру механизмдерінің сипаттамасы.

  2. Жүкті сақтау шарттары.

  1. Реферат жазу.

7 тақырып. Жеке жүктерді тасымалдау кезіндегі көліктік құралдар мен тиеу-түсіру механизмдеріне деген талаптар. Тиеу-түсіру жұмыстары. Жүктердің орналасуы және сақталуы.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Тиеу-түсіру пункттары.

  2. Тиеу-түсіру пункттарының өткізу қабілеттілігі.

  3. Қойманың негізгі параметрлері.

  1. Реферат жазу.

8 тақырып. Жүктердің физико-химиялыққасиеттері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Гранулометриялық құрам.

  2. Табиғи откос бұрышы.

  1. Реферат жазу.

9 тақырып. Поддондардың және көліктік пакеттердің түрлері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Поддондар түрлері.

  2. Көліктік пакет.

  1. Реферат жазу.

10 тақырып. Жоғары нормативті жүктер.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. жоғары нормативтіжүктердің ерекшеліктері.

  2. Шектелген габаритті-салмақтық параметрлер.

  3. жоғары нормативтіжүктердің тасымалдау шарттары.

  1. Реферат жазу.

11 тақырып. Жүктанудың нормативті-құқықтық базасы.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Жүктердің ішкі коммерциялық тасымалдау кезіндегі ақпараттық ағын.

  2. Жүктердің халықаралық тасымалдау кезіндегі ақпараттық ағын.

  1. Реферат жазу.

12 тақырып. Кеннің (руда) және кен концентраттарының сипаттамасы және олардың көліктік үрдіс ұйымдастыруына әсері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Түсті металлдардың кендері.

  2. Кен концентраттары.

  1. Реферат жазу.

13 тақырып. Жанармайдың қатты түрлерініңсипаттамасы және олардың көліктік үрдіс ұйымдастыруына әсері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Сүректі (древесный)көмір.

  2. Кокс, торф, көмір.

  1. Реферат жазу.

14 тақырып. Мұнай және мұнай өнімдерініңсипаттамасы және олардың көліктік үрдіс ұйымдастыруына әсері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Мұнай.

  2. Мұнай өнімдерін жеткізу.

  1. Реферат жазу.

15 тақырып. Минералды-құрылыс материалдарыныңсипаттамасы және олардың көліктік үрдіс ұйымдастыруына әсері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Цемент, кірпіш, шағыл (щебень).

  2. Шағыл, парақтықшыны, темірбетонды фермалар және өзектер.

  1. Реферат жазу.

16 тақырып. Металлургиялық және машина жасау өндірісі өнімдерініңсипаттамасы және олардың көліктік үрдіс ұйымдастыруына әсері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Қара металладар.

  2. Түрлі-түсті металлдар.

  1. Реферат жазу.

17 тақырып. Орман жүктерінің сипаттамасы және олардың көліктік үрдіс ұйымдастыруына әсері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Орман жүктерінің негізгі топтары.

  2. Орман жүктерінің маркировкасы.

  3. Орман және пиломатериалдар тасымалдау.

  1. Реферат жазу.

18 тақырып. Қауіпті жүктердің сипаттамасы және олардың көліктік үрдіс ұйымдастыруына әсері.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Қауіпті жүктердің классификациясы.

  2. Жүктердің көліктік қауіптілігі.

  1. Реферат жазу.

19 тақырып.Тезбұзылатын жүктердің сипаттамасы және олардың көліктік үрдіс ұйымдастыруына әсері..

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

  1. Сұрақтар дайындау:

  1. Тезбұзылатын жүктердің тасымалдау ерекшеліктері.

  1. Реферат жазу.

  1. СӨЖМ кеңестерінің графигі (СӨЖМ-нің 25% СӨЖ құрайды)

Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семертрдің СӨЖМ графигіне сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі

Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 баллмен бағаланады



Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру графигі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Дайындаумерзімі

Бақылау түрі

Тапсырууақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Жүк туралы негізгі түсініктер

[1, 2, 3]

2 апта




4-апта

2

Реферат

Таралы-қорапты және дара жүктер

[1, 2, 3]

2 апта




6- апта

3

Реферат

Үйілмелі және төгілген жүктер

[1, 2, 3]

2 апта




8- апта

4

Межелік бақылау

1-3 тақырыптар







тестілеу

8- апта

5

Реферат

Құйылмалы жүктер

[1, 2, 3]

2 апта




6- апта

6

Реферат

Жүктердің физико-химиялық және көлемдік-массалық сипаттамалары

[1, 2, 3]

2 апта




9- апта

7

Реферат

Жүктердің негізгі номенклатурасының оларды тасымалдау ұйымдастыруына көліктік сипаттамаларының әсері

[1, 2, 3]

2 апта




11- апта

8

Межелік бақылау

4-6 тақырыптар







тестілеу

15- апта



  1. Студенттердің білімін бағалау өлшемдері

Пәндіоқубарлықөткенматериалдықамтитынаралас (тестілеу+жазбаша) формадаөтетінемтиханменаяқталады. Емтиханғажіберудіңміндеттішартыбағдарламадақарастырылғантапсырмалардыорындауболыптабылады.

Әртапсырма 0-100 баллменбағаланады.

Жіберурейтингіағымдағысабақтардағы (дәріскеқатысу, үйтапсырмасы, СӨЖ тапсырмасы, тәжірибетапсырмаларыжәнемежелікбақылау.) барлықорындалғантапсырмалардыңорташаарифметикалығыменесептеледі.

Пәнбойыншақорытындыбақылауға (ҚБ) оқужұмысбағдарламасыныңбарлықталаптарынорындаған (СӨЖ тапсырмаларынорындаужәнетапсыру) жәнежіберурейтингінжинаған (50 баллдан кем емес) студенттержіберіледі.

Әрпәнбойыншастуденттердіңоқужетістіктерініңдәрежесіқорытындыбағамен (Қ) анықталады, олжіберурейтингі (ЖР) және қорытынды баға (ҚБ) қосындысынанжәнебардықсалмақтықүлестерді (СҮ) есепкеалыпанықтайды:


Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
СалмақтықүлестержылсайынуниверситеттіңҒылымкеңесіменбекітіледіжәне ЖР үшін 0,6 артықемесжәне ҚБ 0,3 кем емесболуықажет.

Пән бойынша қорытынды баға студенттің жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бағалары дұрыс болған кезле ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелсіз себеппен келмеу «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға тең келеді.

Пән бойынша емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында босла келесі күні жеткізіледі.

Межелік бақылау (рейтинг) және қорытынды емтихандағы студенттің бідім бағасын 0-100 дейнгі % саналады.

Рейтинг бағасы ағымдағы баға мен межелік бақылау бағасыларының қосындысына тең болады:
Р1(2)=АҮ(2)*0,7+МБ1(2)*0,3
«Мамандыққа кіріспе. Көлік түрлері» студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімі, ептілігі, икемділігі және құзыреттіліктері көп баллды әріптік жүйе бойынша анықталады:


Әріптікжүйесібойыншабаға

Балдыңцифрлықбаламасы

Пайыздық эквивалент

Дәстүрлі жүйемен баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз




  1. Оқытушының талаптары, саясат және құзыреттіліктер

Дәрістік сабақта оқытушы студентке сұрақ қойып, 50-100 балл қояды.Оқытушымен көрсетілген мерзімде студенттер әрбір тәжірибелік сабақтан кейін есеп, және де төрттен кем емес реферат тапсыруы міндетті.

Жұмыстарды көрсетілген мерзімде тапсыру керек. Тапсырманың ақырғы тапсыру мерзімі – келесі сабақ немесе СӨЖМ сабағы.

Барлық тапсырмаларды орындамаған және тапсырмаған студенттер емтиханға.

Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестілермен, сұрақ қою әдісімен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Барлық тексеру әдістері ескертусіз өткізілуі мүмкін.

Оқытушының, тәртіпті сақтамаған студентті адиториядан шығаруға құқығы бар.

Оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын (ОСӨЖ) орындаған кезде келесі төрт негізгі қағидаларды ескеру қажет:

Бірінші – оқытушының пән бойынша бағыттау мақсатында жүргізген сабақтары кезінде берілген мәліметті студенттердің белсенді түрде қабылдауын қамтамасыз ему.

Екінші – оқытушының ақыл-кеңесін ескере отырып, студенттер өз бетінше оқу-әдістемелік әдебиет пен оқулықтарды зерделейді және үй тапсырмаларын, бақылау, курстық т.б. жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттердің жұмыс әдісін білуі және қажырлы болуы маңызды.

Үшінші – оқу барысында кездесетін қиындықтарды талдап, оның себептерін анықтауға тырысу, оқытушыға сұрақтар қойып, оған өзінше жауап табу.



Төртінші – оқытушымен әрдайым байланыста болып, ақыл-кеңес, нұсқаулар алу.



  1. Әдебиеттер тізімі

  1. Жүк тасымалдау ережесі/Правила перевозок грузов. Алматы: Медиа Транспорт, 2005 – 516 с.

  2. Жүктану : оқу-әдістемелік кешені 5B090100-көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығына арналған: 2 курс, 3 семестр / құраст. М. Ж. Киздарбекова. - Қарағанды : ҚарМУ басп., 2013. - 104 б.

  3. Куанышпаев Ж. М. Жүктану. – Караганда : КарГТУ, 2011. – 134 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет