2. Қоғам акционерлері өздеріне тиесілі Қоғамның акциялары мен өзге бағалы қағаздарын кепілге салуға құқылы. Акционерлер, егер кепілге алу туралы шарттың талаптарында басқалай көзделмесе, өздері кепілге салған акциялары бойынша дауыс беруге және дивидендтер алуға құқылы.
3. Қоғам орналастырған және оның кепіліндегі акциялар бойынша дауыс беру құқығы, егер акцияларды кепілге алу туралы шарттың талаптарында басқалай көзделмесе, акционерге тиесілі. Қоғамның өзінің кепіліндегі өз акцияларымен дауыс беруіне құқығы жоқ. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге алуды тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
21-бап. Таза табысты бөлу тәртібі. Акциялар бойынша дивидендтер
1. Қоғамның таза табысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіпте айқындалады. Таза табысты бөлу Акционерлердің жалпы жиналысында Қоғамның жылдық қаржылық есебі бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.
2. Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалатын Қоғамның таза табысы Қоғамның иелігінде қалады, оның бір бөлігі дивидендтер түрінде акционерлердің арасында бөлінеді, ал қалған бөлігі Қоғамды дамытуға немесе Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға жұмсалады. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер ақшалай немесе Қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді. Қоғам акциялар бойынша дивидендтерді Қоғамның бағалы қағаздарымен төлеуге құқылы, ол үшін мұндай төлеу акционердің жазбаша келісімі болған жағдайда Қоғамның жарияланған және шығарылған акцияларымен жүзеге асырылуы тиіс.
Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берілмейді.
Төленбеген дивидендтермен акцияларды иеліктен шығару, егер мұндай акцияларды иеліктен шығару шартта басқалай көзделмесе, акцияны жаңа меншік иесінің алу құқығымен жүзеге асырылады.
3. Қоғам жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуді тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, не жыл қорытындысы бойынша жариялауға құқылы. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер толық төленгенге дейін, жай акциялар бойынша дивидендтер төлемі жүргізілмейді.
Артықшылықты акциялар бойынша есептелетін дивидендтер мөлшері сол кезең бойынша жай акцияларға есептелетін дивидендтер мөлшерінен кем болмайды.
Дивидендтер алу құқығына ие акционерлер тізімі дивидендтерге төлем жасау басталатын күннің алдындағы күні жасалады.
4. Қоғамның өзі орналастырмаған немесе сатып алмаған акциялар бойынша, сондай-ақ оны тарату туралы сот немесе Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы шешім қабылдаса, дивидендтер есептелмейді және төленбейді.
5. Қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеуге мынадай жағдайларда:
1) өз капиталының теріс мөлшері болған жағдайда немесе егер Қоғамның өз капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде теріс болса;
2) егер Қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздік белгілеріне сай келсе не аталған белгілер Қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде пайда болса, жол берілмейді;
6. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дивидендтерді уақытында төлеуге жауапкершілікте болады.
22-бап. Қоғам акциялары бойынша дивидендтер төлеудің шарты мен тәртібі
1. Тоқсан немесе жартыжылдық қорытындылары бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен және Қоғамның тиісті кезеңге қаржылық есептілігі аудиті жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Жыл қорытындысы бойынша жай акцияларға дивидендтер төлеу туралы шешім Қоғам Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданады.
Тоқсан немесе жартыжылдық қорытындылары бойынша жай акцияларға дивидендтер төлеу туралы Жалпы жиналыс шешімінде бір жай акцияға дивидендтер мөлшері көрсетіледі.
2. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы Қоғамның жай акцияларына Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген қандай да бір кезең қорытындылары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы, ол туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қоғамның бұқаралық ақпарат құралдарына және корпоративтік веб-сайтында міндетті түрде жариялауы тиіс.
Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу Қоғам органдарының шешімін талап етпейді.
3. Қоғамның бір артықшылықты акциясына кепілді дивиденд мөлшері Қоғам акциясының атаулы құнының 30 (отыз) пайызын құрайды. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтердің кепілді мөлшері жылына бір (1) рет төленеді. Артықшылықты акциялар бойынша кепілді дивиденд мөлшерін төлеуді бастайтын күнді Қоғам Басқармасы белгілейді.
4. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы Қоғам шешімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) Қоғамның атауы, орналасқан жері және банк деректемелері;
2) дивидендтер төленетін кезең;
3) бір жай акцияға есептелетін дивиденд көлемі;
4) дивидендтер төлеуді бастайтын күн;
5) дивидендтер төлеу тәртібі мен нысаны.
5. Қоғамның жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімдерін, сондай-ақ артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы мәліметтерді Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғамның бұқаралық ақпарат құралдарында және корпоративтік веб-сайтында жариялайды.
6. Қоғам акциялары бойынша дивидендтер төлеу төлем агенті арқылы жүргізілуі мүмкін. Төлем агентінің көрсеткен қызметіне ақы төлеу Қоғам қаражаты есебінен жүргізіледі.
7. Акциялардан басқа, Қоғамның шығаратын өзге эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша кіріс төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қоғамның бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне сәйкес жүргізіледі.
6-тарау. Қоғамның органдары
23-бап. Қоғамның органдары
1. Қоғамның органдары мыналар болып табылады:
1) жоғарғы орган – Акционерлердің жалпы жиналысы;
2) басқару органы – Директорлар кеңесі;
3) атқарушы орган – Басқарма;
4) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау саласында бағалауды, тәуекелдерді басқаруды және корпоративтік басқару саласында құжаттарды орындауды, сондай-ақ Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында консультация беруді жүзеге асырушы орган – Ішкі аудит қызметі.
24-бап. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы
1. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы жыл сайын өткізіледі. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін 5 (бес) айдан кешіктірмей өткізіледі. Көрсетілген мерзім есепті кезең үшін Қоғам қызметінің аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, 3 (үш) айға дейін ұзартылған болып есептеледі.
2. Қоғам акционерлерінің жылдық жиналысынан басқаларының барлығы кезектен тыс болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы Қоғам Басқармасының орналасқан орны бойынша өткізіледі.
Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын Директорлар кеңесі шақырады. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы Қоғамның Директорлар кеңесі немесе Қоғамның ірі акционерінің бастамасы бойынша шақырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын міндетті түрде шақыру жағдайы қарастырылуы мүмкін.
3. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында:
- Қоғамның жылдық қаржы есептілігі бекітіледі;
- Қоғамның өткен қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібі және Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері белгіленеді;
- Қоғам акционерлерінің Қоғам және оның лауазымды тұлғаларының іс-қимылдарына арыздары және оларды қарау нәтижелері туралы мәселе қаралады.
Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында:
- Директорлар кеңесінің, Басқарманың барлық мүшелерінің, Қоғамның Ішкі аудит қызметі және құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуын қамтамасыз етеді;
- Қоғам акционерлерін Директорлар кеңесінің және Қоғам Басқармасының мүшелерін сыйақылау көлемі және оның құрамы туралы хабардар етеді;
- Қоғамның жылдық есебі құрамына кіргізілетін Директорлар кеңесінің жұмысы туралы жылдық есепті акционерлерге ұсынады. Қоғамның және Директорлар кеңесінің жылдық есебінің мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғамның Жарғысымен, Корпоративтік басқару кодексімен және Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы шешімдер қабылдау Акционерлердің жалпы жиналысы құзырына жатқызылған өзге де мәселелерді қарауға құқылы.
4. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына өздеріне тиісті акцияларын толық төлеген акционерлер ғана қатысады және дауыс бере алады. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқылы акционерлердің тізімін Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің деректері негізінде Қоғамның тіркеушісі жасайды. Көрсетілген тізімді жасау күні Жалпы жиналысты өткізу туралы шешім қабылдау күнінен бұрын белгіленбейді. Акционердің талабы бойынша Қоғам оған Акционерлердің жалпы жиналысы жұмысына қатысуға құқығы бар тұлғалардың тізімін таныстыру үшін беруге міндетті.
5. Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін әртүрлі түсінік беру мүмкіндігіне жол бермейтін талқылауға ұсынылатын нақты және негізгі тұжырымдамасы мен мәселелер тізімін бере отырып, Қоғамның Директорлар кеңесі жасайды. Күн тәртібінде «әртүрлі», «басқа да», «тағы басқа» деген сөздерді қоса алғанда, кең ұғымға ие тұжырымдамаларды және осы тұжырымдамаларға баламаларды қолдануға тыйым салынады. Жиналыстың күн тәртібін бекіту жиналыста ұсынылған Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының көпшілік дауысымен Акционерлердің жалпы жиналысында жүргізіледі.
6. Хабарламада (хабарлама, ескерту қағазы) көрсетілген Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі Акционерлердің жалпы жиналысын өткізетін күннен кем дегенде 15 (он бес) күн бұрын, Қоғамның қалған акционерлеріне міндетті түрде хабарлай отырып, Директорлар кеңесінің немесе ірі акционердің ұсынысы бойынша толықтырылуы мүмкін.
7. Егер күн тәртібіне өзгерістер және (немесе) толықтырулардың енгізілуіне Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы немесе Қоғамның дауыс беруші акцияларының кем дегенде 95 (тоқсан бес) пайыз жиынтығына иегер көпшілік акционерлер (немесе олардың өкілдері) дауыс берсе, күн тәртібіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Егер күн тәртібіне енгізілер өзгеріске орналастырылған (сатып алғанды санамағандағы) артықшылықты акциялардың жалпы санының кем дегенде үштен екісі дауыс берсе, сол бойынша шешім артықшылықты акцияларға иегер акционерлердің құқығын шектейтін болса, күн тәртібі мәселемен толықтырылуы мүмкін.
8. Акционерлердің жалпы жиналысында сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылданған кезде, сондай-ақ акционерлердің қайталама жиналысын өткізген (болмағанының орнына) кезде, Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің өзгеруі және/немесе толықтырылуы мүмкін емес. Акционерлердің қайталама жалпы жиналысының күн тәртібі Акционерлердің болмай қалған жалпы жиналысының күн тәртібінен ерекшеленбеуі тиіс.
9. Акционерлердің жалпы жиналысының жиналыстың күн тәртібіне енгізілмеген мәселелерді қарауға және сол бойынша шешім қабылдауға құқы жоқ. Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелердің барлығы қаралып және сол бойынша шешім қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялануы мүмкін.
25-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және өткізу тәртібі
1. Акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және өткізуді Қоғам Басқармасы, Директорлар кеңесі, жасалған шартқа сәйкес Қоғам тіркеушісі, тарату комиссиясы жүзеге асырады. Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру, дайындау және өткізу шығындарын, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде басқалай қарастырылмаған болса, Қоғам көтереді.
2. Акционерлерге жалпы жиналыстың өткізілетіні туралы хабарлауды Қоғам бұқаралық ақпарат құралдарында және Қоғамның корпоративтік веб-сайтында хабарлама жариялау арқылы оны өткізетін күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, ал сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей, жүзеге асырады. Осыған қосымша ретінде Қоғам акционерлерді ескертуді баспа басылымдарынан басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асыруға құқылы.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Акционерлердің жалпы жиналысы туралы ережемен айқындалады.
3. Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес ресімделген Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге өкілеттілігін растайтын сенімхатын ұсынуға міндетті.
Акционерлердің жалпы жиналысы басталғаннан кейін келген акционерлер (акционерлердің өкілдері) оларды тіркеуден өткізгеннен кейін оның одан арғы жұмысына қосылады және дауыс беруге қойылған мәселелер бойынша дауыс беруге қатысады.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтаған кезде ескерілмейді және дауыс беруге қатысуға құқылы емес.
Қоғам акционерлері – артықшылықты акциялардың меншік иелері, қатысу тәртібімен өткізілетін Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.
Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысына, егер қатысу тәртібімен өткізілген Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен басқалай белгіленбеген болса, Қоғам акционерлері болып табылмайтын өзге тұлғалар шақырусыз қатыса алады. Мұндай тұлғаларға Акционерлердің жалпы жиналысында сөз сөйлеу құқығы Жалпы жиналыстың шешімі бойынша беріледі. Бұл қағида жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша акционерлерге қажетті ақпарат пен қосымша материалдарды беру мақсатында Жалпы жиналыстың жұмысына қатысатын Қоғам қызметкерлеріне таралмайды.
4. Егер жиналысқа қатысушыларды тіркеудің аяқталу сәтіне, жиынтығында Қоғамның дауыс беруші (жиналысты өткізу сәтіне дауыс беру құқы бар) акцияларының 50 (елу) және одан артық пайызын иемденуші Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар акционерлер немесе олардың өкілдері, оның ішінде сырттай дауыс беруші акционерлер (осындай акционерлердің өкілдері) тіркелсе, Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы.
5. Акционерлерге сырттай дауыс беру үшін бюллетендер жіберілсе, осы бюллетендермен ұсынылған және Жалпы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сәтіне алынған дауыстар кворумды анықтау және дауыс беру қорытындысын шығару кезінде ескеріледі.
6. Егер тіркелу аяқталған сәтіне оған қатысу үшін жиынтығында Қоғамның дауыс беруші акцияларының (жиналысты өткізу сәтіне дауыс беру құқы бар) 40 (қырық) және одан артық пайызын иемденуші акционерлер, оның ішінде сырттай дауыс беруші акционерлер (немесе осындай акционерлердің өкілдері) тіркелсе, болмай қалған Акционерлердің жалпы жиналысының орнына шақырылған қайталама жиналысы заңды болып саналады.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізген кезде кворум болмаған жағдайда, Акционерлердің қайталама жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өткізілмейді.
Қоғам Акционерлерінің қайталама жалпы жиналысы, алғашқы (болмаған) жиналысты өткізу белгіленген күннен кейінгі келесі күннен ерте емес мерзімде, болмай қалған жиналыстың орнына өткізіледі.
Акционерлердің қайталама жалпы жиналысын өткізуге қатысты талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
7. Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған кезде ғана жарияланған уақытында ашылады. Акционерлердің жалпы жиналысы, барлық акционерлер немесе олардың өкілдері тіркелген, хабарландырылған және жиналыстың ашылу мерзімін өзгертуге қарсы болмаған жағдайды қоспағанда, бұрын жарияланған уақыттан ерте ашылмайды.
8. Акционерлердің жалпы жиналысы Төрағасын (төралқасы), Жалпы жиналыстың хатшысын және Жалпы жиналыста дауыс есебін шығаруға өкілеттік берілген кем дегенде 3 (үш) адамнан тұратын Есеп комиссиясының мүшелерін сайлайды.
Басқарма мүшелері, акционерлердің жиналысына қатысушылардың барлығы Басқармаға кірген жағдайдан басқа уақытта, акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
Басқарма мүшелері Қоғамның Есеп комиссиясының құрамына ене алмайды.
Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысының жұмысындағы Есеп комиссиясының функциялары Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша Есеп комиссиясының функциялары Қоғамның тіркеушісіне жүктелуі мүмкін. Есеп комиссиясы Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру үшін толтырылған бюллетендердегі ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
26-бап. Акционерлердің жалпы жиналыстағы өкілдігі
1. Акционер Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселеге жеке немесе акционердің үшінші тұлғаға, не атаулы ұстаушының өкіліне берілген сенімхат бойынша өзінің өкілі арқылы дауыс беруге құқылы.
Қоғамның атқарушы органының мүшелері Акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде шығуға құқы жоқ. Қоғам қызметкерлері Акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде шығуға, осындай өкілдік Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша дауыс беру туралы нақты нұсқаулардан тұратын сенімхатқа негізделген жағдайларды қоспағанда, құқы жоқ.
2. Акционердің өкілі қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген сенімхаттың негізінде әрекет етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес, акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін қорғауға құқылы тұлға үшін Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселе бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.
27-бап. Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру
1. Қоғамның әрбір акционерінің мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайларда бір акционерге берілген акциялар бойынша дауыстың ең жоғарғы санын шектеу;
2) Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау кезінде кумулятивтік дауыс беру;
3) Акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір акционерге бір дауыстан беру жағдайларын қоспағанда, Жалпы жиналыста «бір акция – бір дауыс» қағидатымен дауыс беруге құқығы бар.
2. Жалпы жиналыста дауыс беру ашық тәсілмен және бюллетень бойынша жасырын түрде жүргізілуі мүмкін.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша кворум анықталады.
3. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі сырттай дауыс беру жолымен қабылдануы мүмкін. Сырттай дауыс беру Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушылардың келіп дауыс беруімен бірге (аралас дауыс беру) немесе Қоғам акционерлері жалпы жиналысының мәжілісін өткізбестен, жасырын дауыс берумен бірге қолданылуы мүмкін.
Сырттай/аралас дауыс беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен және Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережемен белгіленеді.
4. Қоғам, сырттай дауыс беруді өткізген кезде Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің деректері негізінде жасалған акционерлер тізіміне енгізілген тұлғаларға дауыс беру үшін бірыңғай нысандағы бюллетень жіберуге міндетті. Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламамен бірге Акционерлердің жалпы жиналысында сырттай дауыс беру бюллетенінің бұқаралық ақпарат құралдарында және/немесе Қоғамның корпоративтік веб-сайттарында жариялануын қамтамасыз етеді.
5. Сырттай дауыс беру бюллетендері алушыларға Акционерлердің жалпы жиналысын өткізетін күнге дейін немесе Қоғам Акционерлері жалпы жиналысының мәжілісін өткізбестен, сырттай дауыс беру үшін дауыстарды санау күніне дейін кем дегенде 45 (қырық бес) күн бұрын жіберіледі.
6. Сырттай дауыс беруді өткізу кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:
1) күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім қабылдау үшін бірыңғай нысандағы бюллетендер пайдаланылуы тиіс;
2) дауыс беру бюллетенінде:
- Қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан орны,
- жиналысты шақырушы бастамашы туралы мәлімет,
- сырттай дауыс беру үшін бюллетень тапсырудың соңғы күні;
- шақырылған жағдайда жиналыс өткізілетін күн немесе Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысының мәжілісін өткізбестен, дауыстарды санау күні;
-Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі;
- дауыс беру жүргізілетін мәселелердің тұжырымы;
- дауыс беруге қойылған әр мәселе бойынша «қарсы емес», «қарсы», «қалыс қалу» сөзі түрінде дауыс беру нұсқалары;
- күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру (бюллетень толтыру) тәртібі туралы түсінік беру;
- егер Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы мәселе болса, сайлауға ұсынылған кандидаттардың аты қамтылуы тиіс.
7. Дауыс беруші акционердің немесе заңды тұлғалы дауыс беруші акционердің басшысының қолы қойылмаған, сондай-ақ заңды тұлғалы акционердің мөрі қойылмаған сырттай дауыс беру бюллетені жарамсыз деп есептеледі.
Акционер, өзі бюллетенге қол қоюды қалаған жағдайларды, оның ішінде өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы Қоғамға талап қою мақсатындағы жағдайларды қоспағанда, қатысу тәртібіндегі жасырын дауыс беру бюллетеніне қол қоймайды. Сырттай және/немесе қатысу тәртібіндегі жасырын дауыс беру үшін бюллетендер бойынша дауыстарды санаған кезде, дауыс беру бюллетенінде белгіленген тәртіп сақталған және дауыс берудің мүмкін болатын тек қана бір нұсқасы белгіленген мәселелер бойынша берілген дауыстар есепке алынады.
8. Дауыс беруге Қоғамның Жалпы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сәтінде немесе Қоғам акционерлері жалпы жиналысы мәжілісін өткізбестен шешім қабылданып, дауысты санау күнінде алған бюллетендері қатыстырылады.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге қажетті кворум сақталған кезде, сырттай дауыс беру нысанында қабылданған шешімдер жарамды болып табылады.
Егер Акционерлердің жалпы жиналысын сырттай дауыс беру жолымен өткізу барысында тиісті үлгіде толтырылған бюллетендер барлық акционерлерден дауыстарды санаудың белгіленген күнінен ерте түссе, онда дауыстарды мейлінше ерте мерзіммен санауға жол беріледі, ол дауыс беру нәтижелері туралы хаттамада көрсетіледі.
9. Дауыс беру қорытындысы бойынша Есеп комиссиясы немесе Акционерлердің жалпы жиналысындағы дауысты санауға өкілетті тұлға дауыс беру қорытындысы туралы Хаттама жасайды және қол қояды. Дауыс беру қорытындысы туралы хаттама жасалып және акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін, дауыс беру бюллетендеріне мөр басылып, хаттамамен бірге тігіледі және Қоғамда сақталады.
Акционерлердің дауыс беру қорытындысы дауыс беру өткізілген Акционерлердің жалпы жиналысында жарияланады және Акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін Қоғамның бұқаралық ақпарат құралдарында және корпоративтік веб-сайтында дауыс беру қорытындысы туралы есепті жариялау жолымен немесе Акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде әр акционерге жазбаша хабардар ету қағазын жібере отырып, акционерлердің назарына жеткізіледі. Сырттай дауыс беру нәтижелері ұқсас тәртіпте акционерлердің назарына жеткізіледі.
Дауыс беру қорытындысы туралы хаттама Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасына қосып тіркелуге жатады.
28-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы
1. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы Акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан соң 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді және қол қойылады және онда мыналар болуы тиіс:
1) Қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
2) Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні, орны және уақыты;
3) Акционерлердің жалпы жиналысында ұсынылған Қоғамның дауыс беруші акцияларының саны туралы мәлімет;
4) Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
5) Акционерлердің жалпы жиналысының кворумы;
6) Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі;
7) Жалпы жиналыста дауыс беруге қойылған күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша акционерлердің дауыстарының жалпы саны;
8) Акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы (төралқа) мен хатшысы туралы деректер;
9) Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы тұлғалардың сөздері;
10) дауыс беруге қойылған мәселелер, олар бойынша дауыс беру қорытындысы;
11) Акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер.
Акционерлердің жалпы жиналысында Қоғамның Директорлар кеңесін сайлау (Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау) туралы мәселе қаралғанда, Жалпы жиналыс хаттамасында Директорлар кеңесінің сайланып алынған мүшесі қай акционердің өкілі және/немесе Директорлар кеңесінің сайланып алынған мүшелерінің қайсысы тәуелсіз директор болып табылатындығы көрсетіледі.
2. Хаттамаға Жалпы жиналыстың төрағасы (төралқа мүшелері), хатшысы, Жалпы жиналысқа қатысқан он және одан да көп пайызда дауыс беру акциясына иегер акционерлер, Есеп комиссиясының мүшелері немесе Жалпы жиналыстағы дауыстарды санауды жүзеге асыруға өкілеттік берілген адам қол қояды.
Хаттамаға міндетті түрде қол қоюға тиісті адамның қол қоюға мүмкіндігі болмаған жағдайда, Хаттамаға оған берілген сенімхат негізінде оның өкілі, болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін білдіруге құқығы бар тұлға қол қояды.
Егер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген кез келген тұлға Хаттаманың мазмұнымен келіспесе, осы тұлғалар Хаттамаға қоса тіркеуге жататын бас тарту себептерінің жазбаша түсініктемесін бере отырып, оған қол қоюдан бас тартуға құқығы бар.
3. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы дауыс беру қорытындысы туралы Хаттамамен, Жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге құқығы бар сенімхатпен және Хаттамаға қол қоюдан бас тарту себебінің жазбаша түсініктемесімен бірге тігіледі. Аталған құжаттар хаттамалар кітапшасына тігіледі, Басқармада сақталады және Қоғамның коммерциялық, қызметтік және басқа да заңмен қорғалатын құпияларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақтала отырып, кез келген уақытта танысу үшін акционерлерге беріледі. Акционердің талап етуі бойынша оған Акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесі беріледі.
29-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзыреті
1. Акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
1) Қоғамның миссиясын, негізге алынатын қызмет мақсаттары мен қызмет түрлерін анықтау;
2) Қоғамның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе жаңа редакциядағы Қоғамның Жарғысын бекіту;
3) Қоғамды өз еркімен қайта ұйымдастыру немесе тарату;
4) Қоғамның жарияланған акцияларының санын көбейту немесе Қоғамның жарияланған акцияларының орналастырылмаған түрін өзгерту
туралы шешім қабылдау;
5) Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін белгілеу, сондай-ақ оларды өзгерту;
6) Қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарын шығару туралы шешім қабылдау;
7) орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдау, мұндай айырбастаудың шарттары мен тәртібін анықтау;
8) Қоғамның Корпоративтік басқару кодексін бекіту, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
9) Қоғамның Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
10) Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын және өз міндеттерін орындағаны үшін Директорлар кеңесі мүшелеріне шығындар өтемақысын анықтау;
11) Тәуелсіз директорларға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
12) Қоғам аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау;
13) Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
14) Қоғамның жылдық есебін бекіту;
15) есепті қаржылық жыл бойынша Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдау және Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивидендтердің мөлшерін бекіту;
(15-1) тармақшамен толықтырылды, АКЖЖ-ның 27.12.2013 № 51 хаттамасы)
15-1) бөлінбеген табыстарды бөлу туралы шешім қабылдау;
16) Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
17) Қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;
18) Қоғамға қарасты барлық активтердің жиырма бес және одан да көп пайыз сомасын құрайтын, активтердің бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру (алу) арқылы басқа заңды тұлғаларды құруға немесе қызметіне Қоғамның қатысуы немесе басқа заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлер) құрамынан шығуы туралы шешім қабылдау;
19) Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы Қоғамның акционерлеріне хабарлау нысанын анықтау және мұндай ақпаратты Қоғамның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы шешім қабылдау;
20) Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
21) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, Қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алуы кезінде олардың құнын анықтау әдістемесін бекіту (оның ішінде оған өзгерістер енгізу);
22) «алтын акцияны» енгізу және оның күшін жою;
23) Акционерлердің жалпы жиналысы туралы ережені бекіту;
24) Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережені бекіту;
25) Дивидендтік саясат туралы ережені бекіту;
26) акционерлерге Қоғам қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін анықтау;
27) Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерімен жасалынатын Үлгі шартты бекіту;
28) шешімін қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасы және (немесе) Қоғам Жарғысы бойынша Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған басқа мәселелер.
2. Қоғам Жарғысының осы бабының 1-тармағында аталған мәселелер бойынша шешімдер, 12), 13), 17), 19), 20), 22) тармақшаларын, сондай-ақ, Жарғының 30-бабының 8 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды алмағанда, Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілік дауысымен қабылданады. Қоғамның осы баптың 1-тармағы 2) -7) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдауға құқығы жоқ.
3. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататын мәселелер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайлардан басқа кезде, Қоғамның Директорлар кеңесінің немесе басқа органдарының және Қоғамның лауазымдық тұлғаларының құзыретіне берілмейді.
Акционерлердің жалпы жиналысы Қоғамның ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қоғам органдарының кез келген шешімін алып тастауға құқылы.
30-бап. Қоғамның Директорлар кеңесі
-
Директорлар кеңесі, Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататын мәселелерді шешуден басқа, Қоғамның қызметіне жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, сондай-ақ Қоғам Басқармасының қызметіне бақылау жүргізеді.
-
Директорлар кеңесінің мүшелері Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында сайланады және Қоғамның Директорлар кеңесінің бұрын сайланған мүшелерінің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, осы Жарғыда және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған тәртіпте, Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қайта сайланады.
3. Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамы Қоғам акционерлері – жеке тұлғалардан сайланады; акционерлердің өкілі ретінде Директорлар кеңесіне сайлануға ұсынылған (ұсыным жасалған) тұлғалардан; Қоғамның акционері болып табылмайтын және акционерлердің өкілі ретінде Директорлар кеңесіне сайлануға ұсынылмаған (ұсыным жасалмаған) жеке тұлғалардан сайланады.
Директорлар кеңесіне кандидаттар және мүшелер өздерінің міндеттерін орындау және акционерлер мен Қоғам мүддесі үшін толықтай алғанда Директорлар кеңесінің тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті іскери және/немесе салалық ортада тиісті жұмыс тәжірибесіне, білімге, біліктілікке, оң жетістіктерге және мүлтіксіз беделге ие болуы керек.
Директорлар кеңесіне мынадай тұлға сайлана алмайды:
1) заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
2) белгіленген тәртіпте банкрот ретінде танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлі түрде тарату немесе акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу, не болмаса консервация туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезең ішінде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы (басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болған тұлғалар. Бұл талап белгіленген тәртіпте банкрот ретінде танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлі түрде тарату немесе акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу, не болмаса консервация туралы шешім қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.
Заңды тұлға Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі бола алмайды.
Директорлар кеңесінің мүшесі өзіне жүктелген функцияларды орындауды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері және (немесе) осы Жарғыға сәйкес басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ.
4. Басқарма төрағасынан басқа, Қоғам Басқармасының мүшелері Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі бола алмайды. Қоғам Басқармасының төрағасы бір мезгілде Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланбайды.
5. Директорлар кеңесінің жұмыс тәртібі және оның құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар, оларға отырыс өткізу туралы хабарламаны жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғамның Жарғысымен және Корпоративтік басқару кодексімен, сондай-ақ Акционерлердің жалпы жиналысында бекітілетін Директорлар кеңесі туралы ережемен белгіленеді.
6. Директорлар кеңесіне 9 (тоғыз) мүше сайланады, олардың әрқайсысы бір дауыс беру құқығына ие. Қоғамның Директорлар кеңесінің бір мүшесінің Қоғамның Директорлар кеңесінің екінші мүшесі үшін дауыс беруіне тыйым салынады.
Директорлар кеѕесініѕ мїшелері 3 (їш) жылдан аспайтын мерзімге сайланады. Директорлар кеѕесініѕ мїшесін 6 (алты) жылдан асатын жаѕа мерзімге сайлау кезінде, оныѕ кандидатурасы Директорлар кеѕесініѕ ќўрамын сапалы жаѕарту ќажеттілігін ескере отырып, ерекше ќарастыруєа жатады. Белгілі бір тұлға Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде қатарынан 9 (тоғыз) жылдан аса мерзімге сайлана алмайды, бірақ айрықша жағдайларда осындай тұлғаны жыл сайын сайлау талабымен осындай мүшені Директорлар кеңесіне сайлау қажеттілігін және бұл фактордың шешімдер қабылдау тәуелсіздігіне ықпалын толық түсіндіре отырып 9 (тоғыз) жылдан аса мерзімге сайлауға жол беріледі.
Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелері құрамының кем дегенде отыз пайызы тәуелсіз директорлар болуы тиіс.
7. Директорды тәуелсіз деп тануға ықпал ететін мынадай жағдайлар бар, оның ішінде, егер тәуелсіз директор:
-
соңғы бес жыл ішінде Қоғамның немесе оның еншілес/тәуелді ұйымының қызметкері болып табылса;
-
Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде жұмысы үшін сыйақыны санамағанда, Қоғамнан қосымша сыйақы алса немесе алып жүрсе;
3) басқа ұйымдарда немесе органдарда осындай лауазымды атқара жүріп, басқа ұйымдарда немесе органдарда осындай қатысуы арқылы басқа директорлармен айтарлықтай байланысы болса;
4) акционерлердің немесе мемлекеттік органдардың өкілі болса;
5) қатарынан тоғыз жылдан аса директор қызметін атқарса.
-
Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау Директорлар кеңесіндегі бір орынға бір кандидат сайлауға түсетін жағдайды қоспағанда, дауыс беру бюллетендерін пайдалану арқылы жинақтамалы дауыс берумен жүзеге асырылады. Жинақтамалы дауыс беруде мынадай графалар болуы қажет:
-
Директорлар кеңесіне кандидаттар тізбесі;
-
акционерге тиесілі дауыстар саны;
-
акционердің Директорлар кеңесі мүшелігіне кандидатқа берген дауыстар саны.
Жинақтамалы дауыс беру бюллетеніне «қарсы» және «қалыс қалды» деген дауыс беру нұсқаларын енгізуге тайым салынады.
Акционер өзіне тиесілі акциялар бойынша бір кандидатқа толығымен немесе Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелігіне бірнеше кандидаттар арасында бөліп дауыс беруге құқылы. Анағұрлым көп дауыс жинаған кандидаттар Директорлар кеңесіне сайланды деп есептеледі. Егер Директорлар кеңесінің мүшелігіне екі және одан да көп кандидаттар бірдей дауыс жинаған болса, онда мұндай кандидаттарға қатысты акционерлерге бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар көрсетілген жинақтамалы дауыс беру бюллетендерін ұсыну арқылы қосымша жинақтамалы дауыс беру жүргізіледі.
9. Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 3 жылды құрайды және Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау өтетін Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу сәтінде мерзімі аяқталады.
10. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша Қоғамның Директорлар кеңесінің кез келген мүшесінің (барлық мүшелерінің) өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Директорлар кеңесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім Акционерлердің жалпы жиналысында ұсынылған Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.
11. Қоғамның Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін оның өз ықтияры бойынша тоқтату кез келген уақытта, Қоғамның Директорлар кеңесін жазбаша хабардар ету арқылы жүзеге асырылады. Директорлар кеңесінің мұндай мүшесінің өкілеттігі Директорлар кеңесі ескерту қағазын алған сәттен бастап тоқтатылады.
12. Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау Акционерлердің жалпы жиналысында ұсынылған жинақтамалы дауыс беру арқылы жүзеге асырылады, мұндай кезде Директорлар кеңесіне жаңадан сайланған мүшесінің өкілеттігі Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімінің өтуімен бір мезгілде аяқталады.
Директорлар кеңесінің 3 және одан да көп мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, осы баптың 8-тармағына сәйкес, Директорлар кеңесінің қалған мүшелерінің Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы мәселе бойынша Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру жайында ғана шешім қабылдауға құқығы бар.
31-бап. Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы
1. Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы, оның мүшелерінің арасынан, Директорлар кеңесінің қандай дауыс беру тәсілін таңдауына байланысты, Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен, ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Директорлар кеңесі өз төрағасын кез келген уақытта Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қайта сайлауға құқылы.
2. Төраға Директорлар кеңесіне басшылық етеді, Қоғамның Директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және тиімді қызметін қамтамасыз етеді, оның отырыстарын жүргізеді, сондай-ақ Қоғам Жарғысы мен Директорлар кеңесі туралы ережеде қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады. Төраға болмаған жағдайда, оның функцияларын Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Директорлар кеңесі мүшелерінің біреуі жүзеге асырады.
3. Директорлар кеңесінің төрағасы:
1) Қоғамның атынан:
- Қоғамның аудиторлық ұйымымен жыл сайын аудит жүргізу шартын;
- Басқарма төрағасымен Басқарма төрағасын материалдық көтермелеу және оның жауапкершілігі Қоғамды дамыту жоспарының (орташа мерзімді бизнес-жоспарының), Қоғам бюджетінің орындалуы мен жұмыс қорытындысына тікелей байланысты болатындығы қарастырылатын еңбек шартын;
- Қоғамның тәуелсіз директорларымен шарттар жасайды;
2) Қоғамның Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына тағайындау үшін кандидатура ұсынады;
3) Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін дайындайды;
4) мыналарды қамтамасыз етеді:
- Директорлар кеңесі мүшелерінің тиімді жұмысын және олар мен Басқарма арасындағы сындарлы қарым-қатынасты;
- акционерлермен тиімді өзара қарым-қатынасты және акционерлердің ұстанымын Директорлар кеңесіне дейін жеткізуді;
- Директорлар кеңесі мүшелерінің уақытысында дұрыс және нақты ақпаратты алуын;
- Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне қызметке кірісу бағдарламасын беруді;
- акционерлердің сұрағына жауаптар беруді;
5) (ірі) акционерлермен Қоғамды дамыту стратегиясын талқылайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
4. Директорлар кеңесінің төрағасы Қоғам акционерлері мен Директорлар кеңесінің өзара келісуге боларлық қарым-қатынасын қамтамасыз етуге жауапты болады.
32-бап. Директорлар кеңесі отырыстарын өткізу тәртібі
-
Директорлар кеңесінің отырысы оның Төрағасының немесе Қоғам Басқармасының бастамасы бойынша, не болмаса Директорлар кеңесінің кез келген мүшесі, Қоғамның Ішкі аудит қызметі, Қоғамның ішкі аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым немесе Қоғамның ірі акционерінің талап етуімен шақырылады.
-
Директорлар кеңесі отырысын шақыру және өткізу тәртібі Директорлар кеңесі туралы ережемен белгіленеді.
-
Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібі мәселесі жөніндегі материалдар Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесінің отырысы өткізілетін күнінен кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Директорлар кеңесінің отырысын Директорлар кеңесінің төрағасы немесе Қоғам Басқармасы оны шақыру туралы талап түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей шақыруы тиіс. Директорлар кеңесінің төрағасы отырысты шақырудан бас тартқан жағдайда, бастамашының Қоғам Басқармасына өтініш білдіруге құқығы бар, Қоғам Басқармасы өтініш түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Директорлар кеңесінің отырысын шақыруға міндетті.
Директорлар кеңесінің отырысы Директорлар кеңесінің отырысын шақыру туралы талап қойған тұлғаны міндетті түрде шақыра отырып жүргізіледі.
4. Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесінің отырысын өткізу туралы хабарламаны жіберу тәртібін Директорлар кеңесі белгілейді.
Директорлар кеңесінің мүшесі Директорлар кеңесі отырысына өзінің қатыса алмайтындығы туралы Басқармаға және Корпоративтік хатшыға алдын ала хабардар етуге міндетті.
5. Директорлар кеңесінің отырысы, егер оған Қоғамның Директорлар кеңесінің сайланған 9 (тоғыз) мүшесінің кем дегенде 7 (жетеуі) қатысқан болса, заңды болып есептеледі.
6. Директорлар кеңесінің құзырына жататын кез келген мәселе бойынша шешімінің қабылдануына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе Жарғының 42-бабы 5-тармағында көзделгендей Қоғамның мүдделілігі бар мәмілелер жасауда оларды жасау туралы мәселелер бойынша дауыс беру жағдайларын қоспағанда, Директорлар кеңесінің 9 (тоғыз) мүшесінің 7 (жеті) және одан да көп мүшесі дауыс берген жағдайда, қабылданған болып есептеледі.
Директорлар кеңесінің қатысу тәртібінде өткізілген отырысында қабылданған шешімдер, отырыс өткен күннен кейін 3 (үш) күннің ішінде отырыста төрағалық етуші тұлға және Директорлар кеңесінің хатшысы қол қойған Хаттамамен ресімделеді. Директорлар кеңесі отырысының Хаттамасында көрсетілген мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Директорлар кеңесі туралы ережемен анықталады.
7. Директорлар кеңесінің шешімдері, отырыс өткізбестен, бюллетенге қол қою немесе телефонмен топтама байланыс жүргізу жолдарымен сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін. Директорлар кеңесі сырттай отырысының шешімі Жарғының осы бабының 6-тармағында көрсетілген нысан бойынша жазбаша түрде ресімделеді және Директорлар кеңесі мүшелері қолдарының шешім қабылдауға жеткілікті саны болған жағдайда жарамды деп танылады.
Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруді өткізу ерекшелігі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, осы Жарғымен және Директорлар кеңесі туралы ережемен белгіленеді.
33-бап. Қоғамның Директорлар кеңесінің құзыреті
1. Қоғамның Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелерді шешу жатады:
-
Қоғам қызметінің (дамуының) басым бағыттарын, стратегиялық мақсаттарын (даму стратегиясы) анықтау және бекіту, олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
-
Қоғам Акционерлерінің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдау;
-
жарияланған акциялар санының шегінде, Қоғам акцияларын орналастыру (өткізу) туралы, оның ішінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялар саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау;
-
Қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерге міндеттемелерін арттыру;
-
Нәтижесінде құны Қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінен он және одан артық пайызын құрайтын мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иеліктен шығарылуы мүмкін) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасау туралы шешім қабылдау;
-
Қоғамның орналастырылған акцияларын немесе басқа бағалы қағаздарын сатып алу және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау;
-
Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту;
-
Қоғамның жылдық есебін алдын ала бекіту;
-
Директорлар кеңесінің комитеттерін құру және құрамын анықтау, оның мүшелерін сайлау, Директорлар кеңесі комитеттері туралы ережелерді бекіту;
-
Қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару талаптарын анықтау, сондай-ақ оларды шығару туралы шешімдер қабылдау;
-
Қоғам Басқармасы құрамының санын, өкілеттігі мерзімін анықтау, Басқарма төрағасын және Қоғам Басқармасының мүшелерін сайлау, сонымен қатар Басқарма мүшелерін сайлау мәселелерін реттейтін Қоғамның ішкі құжаттарын есепке ала отырып, олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
12) Басқарма мүшелері және Қоғамның басқа қызметкерлерінің сабақтастығын жоспарлау бағдарламасын Директорлар кеңесімен бекітілген тізбеге сәйкес бекіту;
13) Басқарма төрағасының және Басқарма мүшелерінің лауазымдық жалақысының мөлшерін, еңбегіне ақы төлеу және сыйлықақы беру талаптарын анықтау;
14) Ішкі аудит қызметінің басшысы және Корпоративтік хатшы лауазымдарына кандидаттарға, сондай-ақ Ішкі аудит қызметінің және Хатшылық құрамына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
15) Ішкі аудит қызметінің және Хатшылықтың штаттық кестесін бекіту;
16) Ішкі аудит қызметінің өкілеттік мерзімін, сандық құрамын белгілеу, оның басшысы және мүшелерін тағайындау, сонымен қатар олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы көлемін және талаптарын белгілеу;
17) Қоғамның Корпоративтік хатшысын тағайындау, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысы мен сыйақы беру көлемін және талаптарын белгілеу, сондай-ақ Корпоративтік хатшы туралы ережені бекіту;
18) Қоғам омбудсменін тағайындау және мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтату, сондай-ақ ол туралы ережені бекіту;
19) аудиторлық ұйымға қаржылық есептілік аудиті үшін, сондай-ақ Қоғам акциялары төлеміне берілген немесе ірі мәміле нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушы қызметтеріне төлем көлемін белгілеу;
20) Басқарманың Қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында Басқарма қабылдайтын құжаттарынан басқа, Қоғамның ішкі қызметін реттеуші құжаттарды, оның ішінде Қоғамның бағалы қағаздарының аукционын өткізу және жаздырып алу талаптары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжаттарды бекіту;
21) Қоғамның, Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің қызметін, Директорлар кеңесінің, Басқарманың жекелеген мүшелерінің, төраға мен Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі мен оның басшысының жұмысын бағалау тетіктерін, әдістері мен өлшемдерін әзірлеу және бекіту, сондай-ақ оларды бағалауды өткізу;
22) Қоғам қызметінің бекітілген басым бағыттарын ұстануына бағалау жүргізу;
23) Қоғамның корпоративтік басқару тиімділігін бағалау, Директорлар кеңесінің құзырына жататын мәселелер бойынша Қоғамның корпоративтік басқару жүйесіне өзгертулерді бекіту немесе Акционерлердің жалпы жиналысының құзырына жататын Қоғамның корпоративтік басқару мәселелері бойынша Қоғам акционерлеріне ұсыныстар дайындау;
24) Қоғамның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне (оны бағалау) бақылау жүргізу (қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір мәрте);
25) акционерлерге Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы ақпарат беру;
26) Қоғам өкілдіктері мен филиалдарын құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олар туралы ережелерді бекіту;
27) Қоғамның басқа заңды тұлғалардың акцияларының он және одан артық пайызын (жарғы капиталындағы қатысу үлестерін) сатып алуы туралы шешім қабылдау, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларының он және одан артық пайызын (қатысу үлестерін) иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдау;
28) Қоғамның сенімді басқаруға басқа заңды тұлғалардың он және одан да көп акциялары пайыздарын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) тапсыру туралы шешім қабылдау;
29) Қоғамға акцияларының он және одан артық пайызы (жарғы капиталындағы қатысу үлестері) тиесілі заңды тұлға Акционерлерінің (қатысушылардың) жалпы жиналысының құзырына жататын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
30) Қоғамның ақпараттық саясатын анықтау;
31) Қоғам туралы немесе оның қызметтік, коммерциялық және басқа заңмен қорғалатын құпиядан тұратын қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ өз өкілеттіктерін тоқтатқан Директорлар кеңесінің мүшелеріне осы ақпаратты жарияламау бойынша ескіру мерзімін анықтау;
32) Қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасының, Листингтік ережелер мен Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес ақпаратты ашуын қамтамасыз ету;
33) Осы Жарғымен белгіленген жағдайларды есептемегенде, ірі мәмілелер мен Қоғам жасалуына мүдделі болатын мәмілелерді жасау туралы шешім қабылдау;
34) Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлер тізімін жасау күнін және Акционерлердің жалпы жиналысына дайындалу және өткізуге байланысты басқа мәселелерді анықтау;
35) Қоғамның Басқармасы туралы ережені бекіту;
36) Қоғамның даму жоспарын (орташа мерзімді бизнес-жоспарын) бекіту, оның орындалуына мониторинг жүргізу;
37) Қоғамның бюджетін, сондай-ақ Есеп саясатын бекіту;
38) Директорлар кеңесі тағайындауға (сайлауға) келісуді жүзеге асыратын Қоғамның, сондай-ақ еншілес және тәуелді заңды тұлғаларының басшы қызметкерлерінің лауазымдары тізбесін, сонымен қатар оларды лауазымдарына тағайындауға (сайлауға) келісу тәртібін анықтау; тағайындауды (сайлауды) осы тармақшаға сәйкес келісу;
39) Директорлар кеңесі тағайындауға (сайлауға) келісуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар (мемлекеттік қызметші болып табылатын Директорлар кеңесінің мүшелерін қоспағанда) мен Қоғамның, сондай-ақ еншілес және тәуелді заңды тұлғаларының басшы қызметкерлерінің лауазымдары тізбесінде көзделген Қоғамның басқа да қызметкерлерінің Директорлар кеңесі белгілейтін тәртіпте басқа ұйымдарда жұмыс істеу немесе лауазымда болу мүмкіндігіне қатысты келісім беру туралы шешім қабылдау;
40) Қоғамның тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі рәсімдерін бекіту, осындай рәсімдердің сақталуын және тиімділігіне талдау жасауды, сондай-ақ осындай рәсімдерді жетілдіруді қамтамасыз ету;
41) корпоративтік жанжалды және мүдделер жанжалын реттеу саясатын бекіту, сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттарымен көзделген тәртіпте корпоративтік жанжалдарды және мүдделер жанжалын реттеу;
42) қызметтік жеңіл автокөлікпен жүру нормативтерін және әкімшілік аппаратын орналастыруға алаң нормаларын белгілеу;
43) қызметтік іссапарларға жіберілетін Қоғам қызметкерлерінің шығыстарын қайтару тәртібі мен шарттарын белгілеу;
44) қызметкерлерге ұялы байланысты, өкілдік шығыс лимиттерін және басқа лимиттерді пайдалану құқығын ұсыну кезінде Қоғам қаражаты есебінен өтелетін шығыстардың лимитін анықтау;
45) Қоғамның Орталық аппараты қызметкерлерінің штатын бекіту;
46) Ішкі аудит қызметінің жылдық аудиторлық жоспарын бекіту;
47) Ішкі аудит қызметінің тоқсандық және жылдық есептерін қарастыру және олар бойынша шешімдер қабылдау (Директорлар кеңесінің Аудит комитетінің ұсынымы бойынша);
48) Қоғамның Жұмыс тәртіптемесін бекіту;
49) Іскери әдеп кодексін бекіту;
50) корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында стратегиялық құжаттарды бекіту;
51) демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету саласындағы саясатты бекіту;
52) кадрлық саясатты бекіту;
53) Қоғамның сыртқы аудит саясатын бекіту;
54) Қоғамның экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы саясатын бекіту;
55) Басқарма төрағасымен және Басқарма мүшелерімен, Корпоративтік хатшымен, Ішкі аудит қызметінің басшысымен және қызметкерлерімен жасалатын Үлгі еңбек шарттарын бекіту;
56) Қоғамның демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсетуі туралы шешім қабылдау;
57) Қоғамның басты қызмет көрсеткіштерін, Басқарма Төрағасының және мүшелерінің жеке басты көрсеткіштерін бекіту;
58) Акционерлердің жалпы жиналысына өткен қаржы жылындағы Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібі туралы және Қоғамның бір жай акциясына дивиденд мөлшері туралы ұсыныстарды беру;
59) Директорлар кеңесінің мүшелері Қоғамның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық ақпараттың тәртібін және алу мерзімін анықтау;
60) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы Жарғыда қарастырылған, Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын басқа мәселелер.
2. Басқарма Директорлар кеңесінің мүшелері, Ішкі аудит қызметінің, Қоғамның аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымның мүшелері немесе Қоғамның ірі акционерінің бастамасы бойынша Директорлар кеңесінде мәселелерді қарастыру жағдайларынан басқа, осы мәселелерді Директорлар кеңесі қарауына шығару алдында Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қоғам Жарғысына сәйкес Қоғам Директорлары кеңесінің құзырына жататын мәселелерді алдын ала қарастырады.
Директорлар кеңесінің Қоғамның Жарғысына сәйкес, Қоғам Басқармасының құзыретіне жататын мәселелерді шешуге, сонымен қатар, Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдеріне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқығы жоқ.
-
Осы баптың 1-тармағының 1), 7)-9), 11), 13), 16), 17), 22), 23), 27), 33), 36), 37), 38), 40), 42)-46) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер сырттай дауыс беру арқылы қабылданбайды.
-
Директорлар кеңесінің функцияларын тиімді атқару, мейлінше маңызды мәселелерді қарау және оған ұсынымдар дайындау мақсатында Директорлар кеңесінің шешімімен Директорлар кеңесінің комитеттері құрылады.
Директорлар кеңесінің комитеттері мынадай мәселелерді қарайды:
1) стратегиялық жоспарлау;
2) кадрлар және сыйақылау;
3) ішкі аудит;
4) әлеуметтік мәселелер;
5) Қоғамның ішкі құжаттарымен көзделген басқа мәселелер.
Осы тармақта көрсетілген мәселелерді қарау Директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше комитеттерінің құзырына жатқызылуы мүмкін.
Барлық комитеттердің қызметі Директорлар кеңесі бекітетін, құрамы, құзыры, комитет мүшелерін сайлау тәртібі, комиттердің жұмыс тәртібі, сондай-ақ олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы қағидаттан тұратын ішкі құжаттармен реттеледі.
34-бап. Басқарма
-
Басқарма Қоғамның атынан әрекет етеді, оның ішінде осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте оның мүддесін қорғайды, Қоғамның атынан мәміле жасайды, Қоғамның Орталық аппараты қызметкерлерінен басқа, Қоғам қызметкерлерінің штатын бекітеді, Қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы міндетті шешімдер шығарады.
Қоғам Басқармасы Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қоғам Жарғысымен Қоғамның басқа органдары мен лауазымдық тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Қоғам қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.
-
Басқарма Қоғамның Директорлар кеңесінің және Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдерін орындайды, Директорлар кеңесіне есеп береді және оның алдында жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді.
-
Басқарманың құрылуы, оның өкілеттігі, қызмет тәртібі және оның шешім қабылдауы, сондай-ақ Басқарманың кез келген мүшесінің немесе Басқарманың бүкіл құрамының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасы заңнамасына, осы Жарғыға және Қоғам Басқармасы туралы ережеге сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдері бойынша жүзеге асырылады.
-
Қоғам акционерлері және оның акционерлері болып табылмайтын қызметкерлер Басқарма мүшесі бола алады. Басқарма мүшелерінің құқықтары мен міндеттері осы Жарғымен, Қоғам Басқармасы туралы ережемен, сондай-ақ олардың әрқайсысының Қоғаммен жасайтын еңбек шартымен анықталады. Басқарма төрағасымен жасалған еңбек шартына Қоғамның атынан Директорлар кеңесінің төрағасы, я болмаса, оған Жалпы жиналыс немесе Директорлар кеңесі өкілеттік берген тұлға қол қояды. Басқарманың қалған мүшелерімен жасалатын еңбек шартына Қоғам Басқармасының төрағасы қол қояды.
-
Басқарманың отырыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Қоғам Басқармасының отырысын шақыру және өткізу тәртібі Қоғам Басқармасы туралы ережемен белгіленеді.
35-бап. Басқарма құзыреті
-
Қоғамның Басқармасы:
-
Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын, сондай-ақ Қоғамның жылдық қаржылық есептілік аудитін және Қоғамның Ішкі аудит қызметі ұсынымдарын жүзеге асырушы аудиторлық ұйым ұсынымдарының орындалуына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді;
-
Қоғамның мақсаттарына жетуге бағытталған Акционерлердің жалпы жиналысы және Директорлар кеңесінің құзыретіне жатпайтын шешімдерді қабылдайды;
-
Қоғамның және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішкі қаржы-шаруашылық қызметінің негізі мен тәртібін ретке келтіруші Қоғамның құжаттарын бекітеді, сондай-ақ Қоғамның жалпы қызметін құжаттандыруды қамтамасыз етеді;
-
Қоғамның Орталық аппаратының штаттық кестесін және ұйымдық құрылымын бекітеді;
-
Жарғыға сәйкес және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен Қоғамның құрылымдық бірліктерінің бірінші басшыларын тағайындайды, сондай-ақ еншілес және тәуелді заңды тұлғалардың бірінші басшыларын және басшы қызметкерлерін тағайындауды қамтамасыз етеді;
-
мынадай құжаттарды әзірлейді, мақұлдайды және содан кейін Директорлар кеңесіне ұсынады:
-
Қоғам қызметінің (дамуының), стратегиялық мақсаттарының (даму стратегиясы) басым бағыттарын;
-
Қоғамның сатып алу бюджеті мен кассалық бюджетінен басқа, Қоғамды дамыту жоспарларын (орташа мерзімді бизнес-жоспар), Қоғам бюджетін;
-
Қоғам бюджетін іске асыруды жүзеге асырады, сондай-ақ оның орындалуына жауапты болады;
-
Қоғамның ірі акционерлеріне жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 20 наурызына дейін Қоғам акциялары бойынша дивидендтер мөлшерінің болжамды көрсеткіштерін ұсынады;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Жарғы немесе Қоғамның жоғары тұрған органдарының шешіміне сәйкес, дайындалуы мен бекітілуі Акционерлердің жалпы жиналысы немесе Қоғамның Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын жағдайлардан басқа, Қоғамның қаржы-экономикалық, өндірістік және коммерциялық саясатын ретке келтіруші басқа бағдарламаларды және нормативтік құжаттарды өз бетінше әзірлейді, бекітеді және іске асырады.
-
Қоғамдағы ішкі бақылау және тәуелкелдерді басқару рәсімдерін әзірлеуге және қолдануға жауапты болады;
-
Директорлар кеңесін Қоғамдағы тәуекелдерді басқару жүйесіндегі маңызды кемшіліктер туралы өз мерзімінде хабардар етеді.
-
Қоғамның меншігіне қатысты заңсыз іс-қимылдарға апарып соғатын себептер мен жағдайларды анықтау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
-
ішкі (қызметтік) ақпараттың қорғалуы мен сақталуын қамтамасыз етеді.
2. Басқарма, Акционерлердің жалпы жиналысының және Қоғамның Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жататын жағдайлардан басқа, Қоғам жұмысының кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
Директорлар кеңесі Директорлар кеңесімен келісілуге тиісті Басқарма шешімдері бойынша мәселелер тізбесін анықтауға құқылы.
3. Басқарма нәтижесінде құны Қоғамның активтері құнының жалпы мөлшерінің он пайызынан аспайтын мүлікті Қоғам сатып алатын немесе иелігінен шығаратын (сатып алынуы немесе иеліктен шығарылуы мүмкін) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасау туралы шешімді қабылдайды.
Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Жарғының осы бабында белгіленген шектеулерді бұза отырып, Қоғам Басқармасының жасаған мәмілелерінің жарамдылығын даулауға құқылы.
36-бап. Қоғамның Басқарма төрағасы
1. Басқарма төрағасы Қоғамның лауазымды адамы болып табылады, оны Қоғамның Директорлар кеңесі сайлайды және Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қоғамның Жарғысы, Басқарма туралы ереже және басқа да Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген өз құзыретінің шегінде Қоғамның қызметін басқаруды жүзеге асырады. Қоғамның Басқарма төрағасы басқа заңды тұлғаның атқарушы органы басшысы немесе атқарушы органының, функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның лауазымын атқаруға құқығы жоқ.
Қоғамның Басқарма төрағасы лауазымы бойынша Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына кіреді.
-
Басқарма төрағасы үшінші тұлғаларға қатысты Қоғамның атынан сенімхатсыз әрекет жасайды.
-
Басқарма төрағасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
-
Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
-
өз құзыреті шегінде бұйрықтар, өкімдер және өзге ішкі құжаттарды шығарады;
-
үшінші тұлғалармен, оның ішінде соттар мен мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста Қоғамның мүддесіне өкілдік ету құқығына, сонымен қатар Қоғаммен жасалатын шарттарға қол қоюға сенімхаттар береді;
-
Қоғамның қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Жарғымен белгіленген жағдайларды қоспағанда), оларға көтермелеу шараларын қолданады, тәртіптік жаза береді; Басқарма мүшелерін, Корпоративтік хатшыны, Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлерін, Қоғамның Хатшылығын қоспағанда, Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес, Қоғам қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін белгілейді және сыйлықақы мөлшерін анықтайды;
-
өзі болмаған уақытында, өзінің міндетін атқаруды Басқарма мүшелерінің біріне жүктейді;
-
Қоғамның Басқарма мүшелері арасында міндеттерді, сондай-ақ жауапкершілік пен өкілеттілік аумағын бөледі;
-
Қоғамның қызметі туралы барлық мәселелер бойынша барлық мемлекеттік және басқа органдарда, басқа ұйымдарда, оның ішінде шетелдік ұйымдарда Қоғамның мүддесіне өкілдік етеді;
-
Директорлар кеңесіне, сондай-ақ Қоғамның ірі акционерлеріне белгіленген тәртіпте:
- Қоғамның акционерлік (үлестік) қатысуы бар ұйымдарды басқару туралы, сондай-ақ мұндай ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің Қоғам қызметінің көрсеткішіне әсері туралы есептер;
- Қоғам қызметінің (дамуының), стратегиялық мақсаттарының (даму стратегиясы) басым бағыттарының, Қоғамның даму жоспарының (орташа мерзімді бизнес-жоспарының) және Қоғам бюджетінің іске асуы туралы есептер;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен нысандар бойынша Қоғамның, оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі туралы жылдық, сондай-ақ шоғырландырылған ақпарат береді. Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен Қоғамның Директорлар кеңесіне және ірі акционерлеріне есеп берудің өзгеше мерзімдері мен нысандары белгіленуі мүмкін.
9) Директорлар кеңесінің төрағасымен Қоғам Басқармасы төрағасының, сондай-ақ Басқарма мүшелерінің Қоғамның өкілдігі бар елдерге іссапарлардан басқа, шетелдік іссапарларын келіседі;
10) Қоғамның Жарғысымен, Акционерлердің жалпы жиналысы және Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Қоғам Басқармасы төрағасының Қоғамның атынан өз бетінше 10 000 000 (он миллион) АҚШ долларына тең сомадан аспайтын сомаға мәміле жасауға құқы бар. Аталған сомадан асатын мәмілелерді, бұл мәселе бойынша шешім қабылдау Қоғамның қай органының құзырына жататындығына қарай, Басқарманың, Директорлар кеңесінің немесе Акционерлердің жалпы жиналысының алдын ала мақұлдауымен Қоғамның Басқарма төрағасы жасайды.
5. Басқарма төрағасының қызмет тәртібі және оның шешімдер қабылдауы, Қоғамның Директорлар кеңесі бекітетін осы Жарғы және Қоғам Басқармасы туралы ережемен белгіленеді.
37-бап. Корпоративтік хатшы
1. Корпоративтік хатшы – Директорлар кеңесінің және (немесе) Қоғам Басқармасының мүшесі болып табылмайтын, Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайтын және Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп беретін Қоғам қызметкері.
2. Корпоративтік хатшы өз қызметінің шеңберінде Акционерлердің жалпы жиналысы мен Қоғамның Директорлар кеңесі отырысының дайындалуы мен өткізілуін бақылайды, Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі бойынша материалдардың және Қоғамның Директорлар кеңесі отырысына материалдардың жиналуын қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізеді.
3. Корпоративтік хатшы Қоғам органдарының, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қоғам Жарғысының, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексінің және Қоғамның корпоративтік басқару саласындағы өзге ішкі құжаттарының талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.
4. Корпоративтік хатшының мәртебесін, қызметтік міндеттерін, өкілеттіктері мен қызметінің басқа мәселелері Корпоративтік хатшы туралы ережемен белгіленеді.
38-бап. Қоғамның Ішкі аудит қызметі
-
Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Қоғамды тиімді басқаруды қамтамасыз ететін тәуелсіз және объективті ақпаратты Қоғамның Директорлар кеңесіне ұсыну мақсатында тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіру мақсатында жүйелік бағытты енгізу арқылы Қоғамда Ішкі аудит қызметі құрылады. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Директорлар кеңесінің және Қоғам Басқармасының құрамына сайлана алмайды.
2. Ішкі аудит қызметі тікелей Директорлар кеңесіне бағынады және өз жұмысы туралы олардың алдында есеп береді. Ішкі аудит қызметінің жұмысына жетекшілік жасауды Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит комитеті жүзеге асырады. Ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары, оның құқықтары мен жауапкершіліктері, сондай-ақ жұмыс тәртібі мен қызметкерлерінің өкілеттіктері Директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның Ішкі аудит қызметі туралы ережемен белгіленеді.
Ішкі аудит қызметі белгіленген тәртіпте:
1) Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі мен баламалылығын бағалауды жүргізеді;
2) Қоғамдағы тәуекелдерді басқару рәсімдері мен тәуекелдерді басқару әдіснамасының тиімділігі мен толыққанды қолданылуына бағалау жүргізеді;
3) Қоғамның Ішкі аудит қызметі туралы ережесіне сәйкес өзінің құзыретіне кіретін басқа да функцияларды жүзеге асырады.
3. Қоғам мен Ішкі аудит қызметіндегі қызметкерлердің арасындағы еңбек қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |