331
әдебиетінің мәнін білетіндер ғана түсіне алатыны туралы жазды.
Халық Алтынсарин тұлғасында бүкіл
халықтың, оның рухының,
ақыл-ойының, әдет-ғұрпының, мінез-құлқының және жалпы оның
өмірі көрініс тапқан батырды көруге дайын. Бұдан былай, делінеді әрі
қарай, көшпелі Азия прогресс жолына түсті, фанатизмді,
ырымшылдықты қабыл алмайтын, өмірлік жолын таңдады деп
ойлауға болады. Алтынсаринге дейінгі
қазақ халқының арасынан
шыққан ұлы ойшылдар мен ақындар мұндай айқын көрінбейтін, олар
даладағы қасірет пен кемшіліктер арасында адасатын, өздерінің туа
біткен таланттарына, өздерінің данышпандығына қарамастан, жазу
құралымен өз халқына бүкіл пайдасын тигізуге күштері болмады
1
.
Ы. Алтынсарин кейпінде біз, діни фанатизмге және ол қолдайтын
білімсіздікке қарсы шыққан, қазақ халқының білім алуы мен
эстетикалық білімі жолындағы күрескер,
тұңғыш ағартушы-
демократты көреміз. Орыс-қазақ және қазақ мектептеріне ол үлкен
үміт артты, бұл мектеп оқушылары жанұяларында, жақын адамдар
ортасында, исламдық көзқарастар ықпалынан дербес жаңа озық
мәдениеттің насихаттаушылары әрі жол бастаушылары болуы керек
деп санады. Алтынсарин бұл мектептерде оқыту медреседегідей татар
немесе араб тілдерінде емес, ал ана тілі – қазақ тілінде болуы үшін
күресті, ана тілі күнделікті өмірде ғана қолданыс таппай,
қазақ
халқының кітап тілі, мәдениет тілі болуы үшін ат салысты.
Алтынасарин қазақ даласындағы қыздардың да білім алуының
бастаушысы әрі ұйымдастырушысы болды. 1887 жылы оның
өтінішімен Ырғызда қазақ қыздары үшін училище ашылған болатын
2
.
Бұл училищенің қазақ қыздары үшін қандай үлкен тәрбиелік мәні
болғандығын дәлелдеу артық болар.
Алтынсарин орыс тілін білуге де үлкен мән берген. Ол қазақ
халқы орыс тілінің көмегімен озық мәдениет үлгілерімен таныса
алады деп санаған. «Табиғи ақыл, оны қоршаған ортаны ғана қамти
алады, оны дамыту және көрмегенді де тануға қабілетті ету,
тек ғана
білім алу арқылы мүмкін. Біз мұны түсінеміз және өз балаларымызды
орыс-қырғыз мектептерінде ынтамен оқытамыз»
3
.
Ы. Алтынсарин әлемдік әдебиет классиктері – Шекспир, Байрон,
Гете, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Фирдауси, Низами және көптеген
басқаларды өте жақсы білген. Ол өзінің бүкіл орыс, батыс және
шығыс әдебиетінен алған білімін, ағартушылық қызметін жүргізу
арқылы, оларды туған халқына жеткізуге ұмтылды.
1
Қар.: Оренбургский листок, 1884, 8 апреля.
2
Қар.:
Эфиров А.Ф. Ибрай Алтынсарин. Жизнь и педагогическая деятельность. С. 28.
3
Оренбургский листок, 1884, № 5. Из речи Алтынсарина на открытии ремесленного училища в
Тургае.
332
Сонымен
қатар
ол
өз
күшін
қазақ
халқының
шығармашылығының ең озық үлгілерінің өмірін баспа сөзінің
көмегімен ұзартуға жұмсады. Бұл туралы оның өзі былай жазды: «Бұл
кітапты («Қазақ хрестоматиясы») – Б.Қ.)
құрастырғанда мен,
біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған
жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ
балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы
халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын; екіншіден, кітапта
келтірілген әңгімелер негізінен қырғыздар рухында болғандығын
көздедім»
1
.
Алтынсарин жалпы қазақ халқының
өміріндегі кітаптың және
атап айтқанда, өзінің «Қазақ хрестоматиясының» мәнін осылай кең
көрген. Ол өз алдына Қазақстанда жоғары мәдениетті, орыс, батыс
және шығыс әдебиетін білетін, халықтың қалың бұқарасына өз
білімдерін таратуға қабілетті адамдарды дайындау міндетін қойды. Ал
бұған революцияға дейінгі Қазақстанда халық мектептері арқылы ғана
қол жеткізуге болатын. Ол әрбір мектеп
жанында кітапхана болуын
қадағалады, өйткені кітаптарды оқымаса ешқандай білімділік туралы
айту мүмкін емес.
Қазақтардың эстетикалық дамуы туралы қамқорлық жасап,
Алтынсарин мектеп бағдарламаларына орыс жазушыларының
шығармаларын енгізген, балалардың Крыловтың мысалдарын,
Лермонтовтың және басқа орыс ақындарының өлеңдерін жаттап
алуын талап еткен. Алтынсарин мектептерінің барлығында ән сабағы
болған және гимнастика енгізілген еді.
Оның өзі алпысыншы
жылдардағы орыс зиялыларының озық ойларында тәрбиеленген және
сол кездегі демократиялық ағартушылық принциптеріне жақын
болған.
Чернышевский мен Добролюбов қызметтерін жоғары бағалап,
Алтынсарин олардың демократиялық идеяларын өз халқының
эстетикалық мәдениетінің дамуында пайдаланды. «Мен әрқашан оған
шын ықылас білдіретінмін, әсіресе, мен оның бойындағы орыс
біліміне деген қызу әуестігін және қырғыздар (қазақтар. – Б.Қ.) үшін
бұл білімнің қажеттілігі туралы тұрақты ойын бағаладым»
2
.
Алтынсарин шығармаларында, сондай-ақ оның хаттарында оның
заттарға деген көзқарастары, оның қазақтардың
білім алуы туралы
түсінігі және өз халқын ағартуға деген ыстық талпынысы толығымен
көрініс тапқан. Өз ойларын жүзеге асыру үшін ол қазақ мектептері
мен өз халқының ана тілін пайдаланды. Қазақтар үшін, басқа
халықтардағыдай, оларға түсінікті тілде жазылған, оқыған кезде
1
Достарыңызбен бөлісу: