ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет106/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Алтынсарин Ы. Өнер-білім бар жұрттар: өлеңдер, әңгімелер, очерктер, хаттар мен естеліктер. – 
А.: Жалын, 1991. – 23 б. 
2
Сонда, 21 б. 
3
Дербисалин А. О литературном наследии Алтынсарина. Алма-Ата, 1957. С.37. 


335 
Боз үйден таң алдында күйеу шықса, 
Артынан қарар жары жүзін басып»
1

Оның «Жаз» атты өлеңіде табиғат сұлулығы адамдарға қаншама 
қуаныш әкелетіндігі туралы айтылады:
«Жақындар құдайымның көктен күні, 
Тең болар жарлықпенен күн мен түні. 
Аспаннан рақыммен күн төнгенде, 
Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны. 
Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша 
Жайқалып шыға келер жердің гүлі» 
* * * 
Адамзат сайран етер көңілі жай, 
Секіріп ойын салар құлын мен тай. 
Қой маңырап, сиыр мөңіріп шат болады, 
Тасиды күркіресіп өзен мен сай. 
Аяғын алшақ басып түйе шығар, 
Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай»
2

Алтынсарин өлеңдерінде суреттелген табиғат, лирикалық 
кейіпкер халыққа өздерінің әсем сезімдерімен және асқақ 
талаптарымен жақын әрі түсінікті. Оның «Өзен» атты өлеңі бұған 
дәлел бола алады: 
«Таулардан өзен ағар сарқыраған, 
Айнадай сәуле беріп жарқыраған, 
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, 
Аралап тау мен тасты арқыраған. 
Көңілің суын ішсең ашылады, 
Денеңде бар дертіңді қашырады, 
Өксіген оттай жанып жануарлар 
Өзеннен рақат тауып басылады.» 
«Он мың мал айдап өтсең де лай қалмайды, 
Тасыса, су бармаған сай қалмайды. 
Тасыған өзен-судың қуатымен 
Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды. 
Ел қыстап күн көреді жаныбында...»
3

«Жаз», 
«Көктем», 
«Өзен» 
өлеңдерінде 
табиғат 
құбылыстарындағы сұлулық аса әсерлі суреттеліп қана қоймай, 
қазақтардың 
халық шығармашылығының барлық көркемдік-
поэтикалық жақтары да және Алтынсариннің өзінің ақындық 
шеберлігі де көрініс тапқан. Табиғаттың әсем көріністерін суреттеп, 
1
Алтынсарин Ы. Өнер-білім бар жұрттар: өлеңдер, әңгімелер, очерктер, хаттар мен естеліктер. – 
А.; Жалын, 1991. – 17 б. 
2
Сонда, 16-17 бб. 
3
Сонда, 18 б. 


336 
Алтынсарин халықта оларға деген эстетикалық қатынасты тәрбиеледі, 
адамдар бойында қуаныш пен шабыт сезімдерін тудырды.
Ол өз өлеңдері мен әңгімелері арқылы халық үшін пайдалы озық 
идеялар мен талпыныстарды таратты. 
Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері тілі жағынан да, 
мазмұны жағынан да терең халықтық. Оның шығармалары 
қарапайымдылығымен, заттарды терең түсінумен және сонылығымен 
ерекшеленеді. Өз шығармаларында Алтынсарин жалпы адамзаттық 
идеяларды дәріптеді. Осы жағдай оның шығармаларын оның 
замандастарына ғана емес, біздің уақытымызда да жақын әрі түсінікті 
етеді.
Алтынсарин орыс тілінен қазақшаға аударуға көп көңіл бөлді 
және күш салды. Ол ана тіліне К.Д. Ушинскийдің, И.И. Толстойдың 
әңгімелерін, сондай-ақ Крылов мысалдарын және көптеген басқа 
шығармаларды аударды. 
Ол аударма жасағанда қазақ қоғамының қызығушылығы мен 
талғамын ескеріп отыруға тырысты. Сондықтан бұл шығармалар 
қазақтарға өте жақын әрі түсінікті болды және халық арасында өте тез 
таралды. Алтынсарин балаларды жоғары өнгелік пен мәдениет 
рухында тәрбиелеуге көмектесетін шығармаларды ғана аударды. 
Зерттеуші Ә. Дербісалин көрсеткендей, «оның аудармаларының негігі 
тақырыптары: еңбек, адамсүйгіштік, адал достық, қарапайымдылық
үлкендерді 
құрметтеу, 
сыпайылық 
және 
т.с.с.»
1
болды. 
Алтынсариннің өзінің шығармаларында да, аудармаларында да 
ағартушылық идеялары, халық мүддесі туралы қамқорлығы айқын 
байқалады. 
Алғашқы халық поэзиясының жинақтарын және халық оқуына 
арналған алғашқы кітаптарды құрастыру бастамасы Ы. Алтынсарин 
еншілігінде. 
Торғай 
облысының 
қазақтары 
Алтынсарин 
шығармаларында өздерінің өнегелік ақиқаттар мен озық мәдениеттің 
жалпы адамзаттық идеяларын көргендігі туралы жазды. Оның 
жастарға айтылған өсиеттері таза, мейірімді жүректен төгіледі және 
өмірдегі барлық әсемдіктен ләззат алу, еңбек ету, білім алу ынтасын 
тудырады.
Алтынсариннің жанында әрқашан одан орыс тілін үйренетін, 
оның шығармаларын оқитын және халық арасына тарататын жастар 
болған. 
«Баспадан Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелерінің қазақ 
тілінде шығуы қазақ халқының өміріндегі үлкен маңызы бар оқиға 
болды және халық оны қуана қарсы алды»
2
. Қазақ жастары 
1
Дербисалин А. О литературном наследии И. Алтынсарина. С. 77. 
2
Эфиров А.Ф. Ибрай Алтынсарин. Жизнь и педагогическая деятельность. С. 40 


337 
Алтынсарин туралы үлкен құрметпен пікір айтты және оның қазақ 
халқының эстетикалық дамуындағы еңбегін жоғары бағалады. 
Алтынсарин жастардың рухани өсуіне ықпал етті және олардан қазақ 
даласында озық эстетикалық ойларды таратуға қабілетті болатын 
қазақ зиялыларын тәрбиелегісі келді. «Орынбор листогы» газетінде 
жарияланған бір мақаласында Алтынсарин еуропалық дипломаттар 
қазақтарға «жақсы жауынгер, тамаша егінші және табиғатынан мал 
өсіруші ретінде ғана»
1
қарайды, – деп жазды. Алтынсарин қазақ 
интеллигенциясының міндеті қазақ халқын өркениетке араластыру 
деп түсінді.
Жас әрі аз қазақ зиялылары Алтынсаринді бүкіл жақсылық пен 
әсемдікке тәрбиелеуші ұстаз ретінде қабылдады. «Алтынсарин 
мырзаның шығармалары әдебиетте бірінші орынды алады және 
бірінші орында болуы тиіс, біз үшін ол Ломоносов ғана емес, қазақ 
ағартушылығының тұңғыш апостолы да»
2
, – деп жазды олар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет