350
Сәбетқазы Ақатаев
КӨШПЕЛІЛЕР МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шетелде, ирандықтарды Қазақстан
территориясында ғана емес,
Еуразияның оңтүстігінде де, солтүстік-шығыс бөлігінде де мәдени
трегерлер деп қарастыратын арийцентристік теория кең таралған
1
.
Осы тәріздес көзқарас, әрине, жұмсартыңқыраған түрінде, отандық
ғылыми ортада да кең таралған, бұл көшпелі түркі және моңғолтілдес
халықтардың тарихын терең зерттеудің және түсінудің үрдісін белгілі
шамада бұзады. Нақ осы жағдай бұл мақаланың ой-пікір таласын
тудыратын
сипатын
анықтады.
Қазіргі
замандағы
тарих
ғылымдарының алдыңғы
қатарында тұрған бұл ғалымдар,
парадоксальды болса да, негізінде Авеста культі бар, Иран мен Тұран
халықтарын қарсы қоятын, дәстүрлі идеяны қайталайды.
Қазақстан мәдениеті, әсіресе оның көне шығыстық, соның ішінде
ирандық өркениеттердің типологиялық бейнесінде болды. Оның
кейбір элементтері ғана инфильтрация қорытындысымен түсіндірілуі
мүмкін. Көп бөлігінде ол, қазақстандық мәдениет, одан да көне
үстемдік еткен, әлеуметтік-экономикалық түпнегіздің тепе-теңдігінің
нәтижесі.
Сұрақтың осылай қойылуы,
оның қарастырылуы, біздің
пікірімізше, Қазақстанның өткен тарихының шынайы суреттемесіне
жақынырақ және ғылымды мәдени трегерлік теориядан әрі Иранның
таулы өлкесінен «мәдени» келімсектер келіп көне қазақстандық
өркениет негізін қалапты-мыс сияқтылардан босатады.
Мәдениеттердің өзара ықпалы мен өзара сіңісуі көбінесе
біржақты түсіндірілген, соның нәтижесінде
адамзат өркениетінің
дамуындағы көшпелі халықтар рөлі ескерілмеген. Қазіргі замандағы
тарих ғылымында, «егіншілікпен, қолөнер кәсібімен, құрылыспен
айналысқан, отырықшы халық ғана жоғары мәдениет жасауға
қабілетті»
2
деген пікір әлі де болса орын алған. Бұл жалған түсінік
оқулықтарда да берілді.
Бұл авторлардың еңбектері, тарих ғылымының жеткіліксіз дамуы
мен қоғам тарихын тану үрдісінің
өзінің деңгейі себепші
болғандықтан, шектелген сипатта болды.
Ғылымның жаңа мәліметтері қалыптасқан көзқарасқа қатты
соққы береді. Екі мысалмен шектелейік. Әңгіме әліппе және сәндік –
қолданбалы өнер туралы болады. Әдетте, әріптік әліппесі мен жазуы
1
Плетнева С. А. От кочевий – к городам. М., 1967. С. 190.
2
Базилиевич К. В. Дофеодальные державы и развитие феодальных отношений в Сибири, Средней
Азии и Закавказье в І-VI вв. История СССР / Под. ред. Б. Д. Грекова и др. М., 1947. Т. 1. С. 36.
351
болуының өзі халықтың жоғары мәдениетінің бұлтартпайтын
көрсеткіші болып табылады.
Түрлі көне түркі жазба ескерткіштерін талдай отырып, Қазақстан
лингвистері
көне
түркі
алфавитінің
автохтондығы
туралы
қорытындыға келеді. Олар бөтен ел ықпалын үзілді-кесілді жоққа
шығарады. «Қазақстан территориясында табылған,
графикалық
суреттер, басқа алфавиттерден алып пайдаланған деген теорияны
теріске шығарады, өйткені бұл суреттер (петроглифтер мен
пиктограммалар. – С.А.) алғашқы қауымдық мәдениет бастауындағы,
басқа жабайылар бұқарасынан бөлініп шыққан, малшы тайпаларының
өкілдерімен салынған болатын»
1
. Жергілікті алфавиттік таңбалардың
пиктограммадан, одан әрі қарай таңбалардың идеографикалығы
сақталған әріп таңбаларына эволюциялануының пайда болуы туралы
жорамал да қызықты. Архелологтардың Алматы маңында б.д.д. Ү-ІҮ
ғасырлардағы сақтар
қорғанының жазуларын ашуы, ертедегі
көшпелілерде алфвиттік жазу болмаған деген дәстүрлі пікірді бұзады
2
.
Бұл ойды жергілікті көшпелі тайпаларға тән алфавит қалыптасуының
шынайы үрдісін көрсететін, кейбір авторлардың руналық жазбаның
таңбалық символика негізінде пайда болғандығы туралы дерекке
негізделген мәліметтерінен айтылған пікірлері белгілі жағдайда
дәлелдейді
3
.
Қазақстанның көне тайпаларының көшпелі мал шаруашылығына
өту кезеңі деп б.д.д. ІХ-ҮІІІ ғғ.
көрсетіледі, яғни ол беғазы-дәндібай
және қарасұқ мәдениеттерімен синхронды Ә.Х. Марғұлан, беғазы-
дәндібай мәдениетінің тайпалары жайылымдық-жайлаулық мал
шаруашылығымен айналысқан деп санайды. Бұл жорамал өз растауын
антикалық авторлардың айғақтарында табады. Мысалы, Геродот
дәуіріндегі (б.д.д. Үғ.) сақтар,
көшпелі қазақтардың, моңғолдардың
және басқалардың шаруашылығынан айырмасы шамалы, көшпелі мал
шаруашылығымен айналысқан. «Көшпелілердің үйлері киізден
жасалған және олар өмір сүретін күймелі арбаларға бекітілген, киіз
үйлер жанында, солардың етімен, сүтімен және ірімшігімен олар
тамақтанатын, мал жайылып жүрген.
Жайылымы жақсы жерлерді
таңдап, олар өз отарларының соңынан жүріп отырған»
4
, – деп жазады
Страбон.
1
Достарыңызбен бөлісу: