ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Шакенова Э. Художественное освоение мира //Кочевники



Pdf көрінісі
бет119/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Шакенова Э. Художественное освоение мира //Кочевники: 
Эстетика. Алматы: Ғылым, 1993. С. 62-93.


376 
Әсия Мұхамбетова 
ҚАЗАҚТЫҢ АСПАПТЫ МӘДЕНИЕТІНІҢ КЕЙБІР 
ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Қазақтың аспапты музыкасының ең көне кезеңі синкреттік бақсы 
өнерімен байланысты болғаны мәлім
1
, уақыт өте келе ол ыдырағаннан 
кейін, бұл өнер саласы көшпелі қоғамның онымен байланысты әр 
түрлі салаларын - әскери-аңшылық тұрмысқа қызмет ететін, 
шамандық рәсімді, биді, эпос орындауды, қамтыған. Бақсы 
ғұрыптары, би элементтері, батырлық және ғашықтық эпостарды 
орындау және әскери-аңшылық әрекеттер әрқашанда музыкалық 
аспаптардың сүйемелдеуімен өткізілетін.
Алайда бұл салалардың даму бағыттары әр түрлі болды. Олардың 
тек кейбір түрлері ХІХ ғасырға дейін сақталып, қазақтың классикалық 
аспаптық 
стилінің 
іргетасын 
қалап, 
оның 
эстетикалық 
ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер етті.
Белгілі этнограф, ғалым Болат Сарыбаевтың зерттеулері 
бойынша
2
, көне замандағы әскери-аңшылық музыканың болмысы мен 
дамуында сан алуан аспаптар қолданылатын. Оларды қазақ 
хандарының дәуірінде әскери дайындық жүргізетін тәсілдердің бірі 
ретінде пайдаланатын. Уақыт өте келе қазақ хандықтары ыдыраған 
кезде әскери-аңшылық ғұрыптар жоғала бастағанда күнделікті өмірде 
солармен байланысты аспаптық музыка да қолданбай кетті. Сонда да 
әскери-аңшылық музыканың белгілері аспаптық өнердің аздаған 
нұсқаларында сақталған, мысалы, қобыз күйлерінің кейбір әуендері 
(«Қамбар 
батыр», 
«Кертолғау») 
немесе 
Құрманғазының 
«Балбырауын» күйіндегі «си-до-ре» интонациясы сол дәуірдің көрінісі 
болып саналады. 
ХІХ ғасырда музыкаға қосылып би билеудің көне заманда пайда 
болған формасы аз кездесетін болды. Егер көптеген халықтардың 
(өзбек, әзірбайжан, гуцул және т.б.) аспап мәдениетінің дамуы би 
өнерімен тығыз байланыста болса, қазақ тұрмысында бидің орны 
басым болған жоқ. Аздаған би элементтері бар бақсы өнерінің өзі ХІХ 
ғасырда қазақ өмірінде ыдырап, азайды.
Сонымен, ХІХ ғасырда қазақтың аспаптық өнерінің жоғарыда 
аталған бағыттары жойылуға жақын қалды. Тек эпосты орындаумен 
байланысты аспаптық өнер өзінің тарихи даму кезеңдерінен өтіп, 
аталған дәуірде кең қолданыста болады. Әр түрлі тарихи себептердің 
салдарынан қазақтың аспапты өнерінің өркендеу кезеңі осы бағытпен 
байланысты болды. Аспаптық өнердің түп-тамыры негізінде эпикалық 
1
Қараң.: Жұбанов Х. Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы туралы. Қызылорда, 1936. 
2
 Сарыбаев Б. Революцияға дейінгі Қазақстанның халық музыкалық аспаптары: Өнертану 
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, 
1969. 


377 
жырлардың кейбір үзінділерін музыкамен суреттеуден бастау алған. 
Уақыт өте келе бұл өнер даму барысында сөзбен түсіндіруді қажет 
етпейтін «таза», жеке шебер орындаушылықтың деңгейіне жетті. 
Дегенмен, бұл аспаптық өнердің генезисі мен дамуы сөзбен, ауызекі 
орындаушылықпен, эпикалық поэзиямен тығыз байланыста болған. 
Сол байланыстың көрінісі аспаптық музыканың типтес белгілерінің 
қалыптасуына үлкен әсер еткен. Музыканың эпикалық поэзиямен 
өзара қарым-қатынасы аспаптық музыканың мазмұнында да 
сақталған. Онда адамның рухани дүниетанымы, өмірінің мәнін 
жеткізетін белгілерді ойлану, көзге елестету жүйесі тәрізді 
психологиялық сезімдер арқылы суреттелетін болды. Қазақ аспаптық 
өнерінің осындай жоғары эмоционалдық сезімталдығын Б. Асафьев 
«этикалық жоғары көңіл-күй», «байыпталық, қатаңдық, анықтылық», 
«эмоциональды жоғары жалпылаудың эмоциональды қайырымдылық 
және дана философиялық аңдаумен үйлесімділігі» деп белгілеген
1

Осы себептердің салдарынан қазақтың аспаптық музыкасында 
көптеген басқа халықтардың дәстүрлі аспаптық өнерінде жоғары 
деңгейде дамыған би, қимылдар, адамның жүрісін суреттейтін 
белгілердің әсері аз орын алатын болғандығы түсінікті.
Қазақтың халық музыкасы ауызекі түрде дамып, өзінің 
көркемдік-қолданбалы бифункционалдық сипатымен фольклорлық 
құбылыс ретінде танылады
2
. Оның тұрмыспен тығыз байланыста 
қалыптасқан қоғами функциясы байырғы дәуірдің қолданбалы 
шеңберіне бағынбайтын болды. ХІХ ғасыр - домбыра музыкасының 
өркендеу кезеңі болып саналады, өйткені бұл кезде ол жеке кәсіби 
өнер ретінде қалыптасып, ұлттық және тарихи көрсеткіштерден 
тәуелсіз өзіне тән құралдарына ие болды. Домбыра музыкасының 
кәсіби белгілері қалыптасып, күйшілік өнер өмірлік кәсіпке 
айналатындай мүмкіндікке жетті, арнаулы әрекетке айналып, сонымен 
өмір сүруге мүмкіндік бола алды. Домбыра өнерінде күй шығаратын 
әрі шығармашыл индивидуалдығымен ерекшеленетін композитор 
тұлғасы анық белгіленді. Ең бастысы – халық күйшілерінің 
шығармаларының ішінде тек қана тыңдауға арналмаған, енді 
эстетикалық функцияларды да атқаратын музыка пайда болды. Бұл 
өнерде типологиялық жағынан соңғы ғасырлардағы Еуропаның кәсіби 
музыкасына ұқсас белгілерді аңғаруға болады. Оған дәлел – бірқатар 
ғалымдар күйдің дамуында еуропалық симфонизмнің даму 
тәсілдеріне ұқсас белгілерді тапқан.
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет