ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет27/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

ШАЛ АҚЫН 
Пасыл да пасыл, пасылман,
Жақсыға сырым жасырман,
Жаманға сірә бас ұрман,
Мен — бір шапқан жүйрік ат,
Бір желіксем, басылман. 


121 
Өттің бір, дүние, өттің-ай,
Теңселе басып кеттің-ай.
Мен — бір жүрген жорға тай,
Жылжи да басып кеттім-ай. 
Домбыра қолда қарағай,
Қолға да оны алған соң,
Әріден бері салам-ай.
Жоғары мен төменге,
Ылди менен өреңге
Даңқым кеткен баламын.
Шын ажалым жеткен соң,
Сызықтан мәлім өткен соң,
Айтпасам да, жарандар,
Мен де бір күн өлем-ай. 
Түйе деген бір мал бар,
Тамағы тойса, көп кетер.
Қас жаманның белгісі —
Жиын-тойға барғанда
Тамағына өкпе етер,
Өкпелейім деп кетер.
Нәпсің бір көкжал бөрідей,
Иманың бағлан қозыдай, —
Егер тыю салмасаң,
Иманыңды жеп кетер. 
Ел, елдетер, елдетер,
Ашылған тұман желдетер,
Жақсылардың алдында
Біразырақ сөйлесем,
Онан да менің нем кетер?!
Өлгеннен соң басыңа
Топырақ үйіп белгі етер.
Белгі еткеннің белгісі —
Көміп бір тастап ел кетер. 
Қайырсақ та сазда өтер,
Қаңқылдаған қаз да өтер,
Үш ай тоқсан жаз да өтер,
Ақ бетіне қан құйған,


122 
Орамалын дәл құйған,
Ерініне бал құйған
Қылықты туған қыз да өтер.
Домбыра қолда қарағай,
Қолға да оны алған соң,
Жүйрік туған ағаңыз
Арыдан бері тербетер.
Базарға барсаң, бақ білер,
Базардағы береннің 
Әр бағасын сарт білер,
Өткен менен кеткенді
Көп жасаған қарт білер,
Жолдың алыс-жуығын 
Белі де жуан ат білер.
Біреуді жақсы демесең,
Біреуді жаман демесең,
Бұл дүниеден өткен соң,
Шын дүниеге жеткен соң,
Кетеріп көрге салған соң,
Көр қараңғы болған соң, 
......................................... 
......................................... 
Кімнің жақсы, жаманын
Бір жаратқан Хақ білер... 
* * * 
Бұл өлім қайда жоқ?
Жарқыраған айда жоқ,
Күркіреген күнде жоқ,
Өтері өтіп кеткен соң,
Мың теңгелік қайғыдан
Бір теңгелік пайда жоқ. 
* * * 
Өлімнен қүтылмассың қашсаң-дағы,
Атадан арыстан туып ассаң-дағы,
Алладан шыныменен жарлық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы. 
Жігіттер, ғибадат қыл, маған нансаң, 
Намаз оқы, Алланы ойыңа алсаң. 
Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген, 
Түбінде сөз сенікі, өлмей қалсаң. 


123 
Кәрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ,
Жас өлсе, бәйтерегің сынғандай-ақ.
Жігіггер, жас кезіңде тәубаға кел,
Ажал деген көзді ашып-жүмғандай-ақ. 
МАХАМБЕТ 
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Енку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп түс қашпай,
Тебінті теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет