ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет30/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ 
Мөңірей жұртқа ой қайтты
Бұзауы өлген сиырдай.
Ләпсі — төбет қабаған:
Жемтік көрсе, тұра ма —
Ырылдар танау жиырмай,
Өзімнен өзім қызғанып,
Азын-аулақ жиғаным
Өзіме де бұйырмай. 
Күнәм — жойқын, тәубем — аз,
Тіршіліктен не таптым?
Дүние — жемтік, мен — төбет,
Соны бақпай, не бақтым?
Ырылдасып әркіммен,
Не қапқыздым, не қаптым... 
* * * 
Қыржың, қылжақ туысқан,
Қырт пен мылжың ағайын.
Бәрінен де дауасыз
Өсекті қайтіп бағайын?
Мақтан күйшіл бүркіттей
Бабын қалай табайын?
Жағымсыз сөз әркімге
Жұмсайтүғын малайым —
Бәрі тегін жер тезек,
Қайсысын таңдап алайын? —
Асыл сөзден бұл кетті. 
Келемеж қылып атасын,
Алмай ақыл батасын,
Мойнына алмай қатасын,
Шаруа десе — жиреңдеп,
Өсек десе — сүйрендеп,
Қымыз аңдып қыдырып,
Бейпіл сөзге сыдырып,
Жалаңдасып ұл кетті. 
Ағайын араз мал үшін,
Андысып алды абысын,
Жаттай болып танысың,


130 
Қазақтан мүлде түңіліп,
Артына қарап үңіліп,
Қайран талай жыл кетті. 
Аңдығаны жілік боп,
Тілегені бүлік боп,
Момынды сорып сүлік боп,
Адам дауға келгенде,
Жел жетпейтін күлік боп,
Қонақасы бермесе, 
Ат-шапанға ілік боп,
Параны көздеп би кетті. 
Сөзден кетіп бәтуа,
Базынаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,
Көтеріп тастап иекпен,
Қадір, қасиет, сый кетті. 
Ескіден қалған бұрынғы
Бәтуалы ырымды,
Адаспастай даңғыл сол —
Қасым салған қасқа жол,
Шиырға салып із кетті.
Жақының, берсең, жау болып,
Бермесең, құрған ау болып,
Аяғы бәле дау болып,
Ұлғайып бәле қау болып,
Татқан дәм мен тұз кетті. 
Күземе байтал кекілді,
Жетекшіл түйе секілді, 
Шешесі айтса, кейін деп,
Жеңгесі айтса бейімдеп,
Дамбалын тастап қыз кетті. 
Қонысына қона алмай,
Шаруалары оңалмай, 
Бай мен кедей аңдысып,
Арасынан жем тауып
Араласқан сан пысық —
Дөң асқан мал табылмай,
Ашылған етек жабылмай,


131 
Біріне-бірі сеніспей, 
Бет-бетімен ел кетті. 
Дұрыс бастар басшы жоқ,
Әділетке шөлдетті.
Татуға өсек жүргізіп,
Бәленің отын өргізіп,
Қайран заман, аман бол,
Ер шөгіп, есер ержетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет