ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Үсен. Бір сөзбен айтқанда Кант адамгершілікті моральға  бағындырды, содан алып келіп шығарды десеңізші?.  Асан



Pdf көрінісі
бет47/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Үсен. Бір сөзбен айтқанда Кант адамгершілікті моральға 
бағындырды, содан алып келіп шығарды десеңізші?. 
Асан. Иә, оның моральдық принциптері өзінің сыншылдығымен 
ескі, қатып семіп қалған қағидаларды батыл ысырып тастауымен 
бағалы. 
Үсен. Ал, Гегель болса мораль мен адагершілікті бір-бірінен 
бөліп алып қарайды. Ол көбінесе адамгершілікке назар аударып, оның 
мәнін ашуға ұмтылады. Адамгершілік қоғамның әдет-қүрыптарымен 
ғасырларға созылған дағдылы дәстүрлерімен тығыз байланысты. Ол 
жеке индивидке сыртқы дүние сияқты болса да, сайып келгенде 
онымен бірдей қоян қолтық косыла кетеді. Ал мораль болса адамның 
ішкі сенімділігі, рухани куәлевдіруі. Шынында да адамгершілікке ие 
болған адам сыншылдықтың не түрлі тексерулерінен өткен жөн. 
Адамгершілік адамдардын практикалық өмірінен келіп шыққан 
әдет-ғүрып, дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес келеді. Ал мораль 
болса шыңдыққа қарама-қарсы, теріс қарым-қатынаста пайда болады 
және субъективті түрдегі міндеттенушіліктен келіп шығады. 
Сондықтан да адамгершілік қоғамдық мораль деп қарауға да болады. 
Өйткені ол адамның, қоғамдық ортаның (отбасы, мемлекет) негізінде 
туындайды. Мораль керісінше адамгершіліктің жекелеген жақтары 
сияқты. Ол жеке адамның өзіндік бағалы идеясынан келіп шығады. 
Асан. Сонда Гегель керісінше моральды адамгершілікке, тәуелді 
етіп, содан туындатып отыр ғой? 
Үсен. Әрине, негізінде адамгершілік моральдан гөрі жоғары 
тұрады ғой. 
Асан. Қалайша? Оны әлі ойлау керек. 
Ғалымжан. Сіздердің бағанадан бергі Кант пен Гегель туралы 
айтқан пікірлеріңіз оқулықтар мен кейбір монографияларда кездеседі. 
Ал, шындығында мына мәселені ойланайық. Қазір ғой, мораль мен 
адамгершілікті бөліп алып қарай ма, әлде оларды бірге деп есептей 
ме? 
Асан. Меніңше олар бірге, біте қайнасқан. Өйткені қай жерге 
барсаң да мораль, мораль деп қақсап жатқаны. Сондағы айтайын 
дегені адамгершілік. Кейде адамды жұмысқа алғанда, оған мінездеме 
бергенде «моральдық жағынан ұстамды» деп жазамыз. Ол адамның 
қандай екенінде біздің жұмысымыз жоқ. Сондықтан да бұл 
категориялық ұғымның мазмұны ішкі жағынан жалаңаштанып, 


183 
сыртқы, сөз бейнесі ретінде ғана қалады. Соның тармақтарын 
білесіңдер ме? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет