Бахтин М.М. Творчество Франсуа Рабле и народная культура... М., 1990. С. 14.
173
Қоғамның артушы үзіктілігі және субъектілердің автономдығы
кейбіреулерде нарық экономикасы мен азаматтық қоғам этикасының
арасындағы сәйкестілікке, өзара сенімділікті сақтауға деген күмән
туындайды. Бірақ нарық экономикасы мен этиканы бір-біріне қарама-
қарсы қою бізді тек тіршілік ету шектеріне жақындатады. Бүгін ортақ
мақсаттарды, индивидуалды мен қоғамдықтың үйлесуін, коллективтік
ақыл мен жігерді қалыптастыру және дамыту мәселелерін ойластыру
маңызды. Бұл қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғам, негізінен,
әлеуметтік-орталықтық құндылықтарға (әлеуметтік-мәдени және
нарықтық модустар) емес, ал әмбебаптыларға бағдарлану керек
дегенді білдіреді. Демократиялық қоғам ұстындарына өзіміздің
бағытталатындығымызды жариялай отырып, біз индивидуализмге,
рационализмге, ынтымақтастыққа және т.б. бағдарлануға тиісті
емеспіз, ал бұл модустарда адамдық индивидтердің, қашан, мысалы,
жеке индивидтердің рационализмі адамгершілік заңына қайшы келіп,
басқалардың еркіндігін шектейтін жағдайдан арылып, әмбебап
субъектілер
бола
бастауының,
дамуының
әмбебап-тарихи
мүмкіндіктерін қарастыруымыз керек. Сонда жоғары құндылық табыс
емес, карьера емес, ал адам Тұлғасы мен Абыройлығы бола бастайды.
Аталған модустар, конфессиональдық нормалар мен міндеттер,
салықтар, этикалық талаптар сияқты, сынақтан өткен әлеуметтік-
мәдени тетіктермен жетуге болатын, индивидуальдық пен қоғамдық
мүдделердің үйлесуінде құрылған.
Батыстық үлгідегі индивидуализм жалпы қамтушы емес: ол қалай
ішкі өзіндік ретттеу болсын, солай сыртқы әлеуметтік-мәдени
тетіктермен болсын, ретке келтіріледі және түзетіліп отырады, бұл
әлеуметтік модустарды механикалық түрде ендірудің мүмкін
еместігін және рухани-адамгершілік өсу ортақ мақсаттар мен сенімсіз
сананы планеталық ақыл идеясына дейін кеңейтусіз мүмкін еместігін
куәландырады.
Қазақ дәстүрлі дүниетанымының семантикалық өзегі, ол «өмірлік
күш». «ұрықтандырушы бастама», «тіршілік потенциясы» ретінде
түсіндірілетін, ал сонымен бірге «байлықпен», «молшылықпен»,
«игілікпен», «үлеспен», «тағдырмен» байланысты бақытпен бірге
қарастырылатын, түйінді «құт» ұғымы болып табылады. Бұл ұғым
онтологияны, антропологияны және әлеуметтік философияны тұтас
біріктіреді, дәстүрлі қазақ мәдениеті шындығының мәндік
рәмізшілдігін көрсетіп береді. Онда, утилитарлы, прагматикалық
пайдалануға жетіп тірелетін, «қарапайым заттар» орын алмайды, бірақ
адамды қоршап тұрғанның және оған қызмет ететіннің бәрі, өзінің
екіжақты сипаттылығын аңғартады: бүкіл табиғи объектілер, тұрмыс
нәрселері, үй, киім, тағам тек қана утилитарлы функцияларды
174
орындап қоймай, сонымен бірге түсініктемені талап ететін рәміздер
және трансцендентті, көрінбейтін әлемге бірге қатыстылықты ғана
білдіріп қоймай, адамдардың байланыстары мен қатынастарын
олардың жынысына, жасына, туысқандық дәрежесіне, байлығына,
шыққан тегіне сәйкес ұйымдастыратын және корреляциялайтын
әлеуметтік кодтар болып табылады.
«Құт» ең алдымен өмірлік күшті, оның алға жылжуға
қабілеттілігін білдіреді. Дәстүрлі дүниетаным үшін адам, өсімдік,
жануар бір-бірімен туысқан және табиғатқа тән және онымен
туындатылатын, тірінің түрлі формаларын бітімдейді. Тірінің көңіл
күйі, рухани және құндылық анықтамалардың негізі бола тұрып, олар
адамның дүниеге қатынасын сипаттайды. Сондықтан рәсімдердің
басты идеясы – жоғары құндылықты, адам өмірін қабылдап алу. Салт-
ғұрыптар шектерінде дәстүрлі драма, табиғатпен қосылу ойналады.
Өмірді қайтадан шығару барлық деңгейлерінде тойлар мен шамандық
қамданулардың басты тақырыбы болып табылады. Өнімділік пен
туудың құпиясы дәстүрлі мәдениеттің түйінін құрастырады.
Табиғаттан қабылдап алынған, бірінші сый болып тіршілік сыйы, құт,
тірі жан есептеледі. Бұл өмірлік күштің рәмізі таудың төбесіндегі сүт
көлі, Тіршілік пен Өнімділіктің орталығы болып табылады. Сүт
сондықтан – жай ғана тағам емес, бірақ айрықша семиотикалық
статусқа ие; сүтті ұйытатынды шет жерлікке беруге тыйым салынған,
ол ру тіршілігінің қуатты рәмізі, сүтті қонаққа құйып беруге
болмайды.
Ендеше, табиғи өнімділік идеясы дәстүрлі түркілік дүниетаным
үшін әмбебап болып табылады және бүкіл салттық фольклорды кесіп
өтеді. Түркі дискурсының онтологиясы «өмір мен өнімділіктің»
семиотикалық коды кілтінде оқылады.
Бұл кілттің көмегімен түркілердің үй-тұрағын, адамның үстінен
төңкеріліп тасталған, аспан шеңберін өзімен көрсететін, киіз үйдің
семантикалық кеңістігін түсіндірмелеп беруге болады
1
. Киіз үйдің
бүкіл нүктелері мен сегменттері, бақыт және игілік ретінде түсінілетін
«құт» рәмізі тұрғысынан қатаң регламенттелген. Түйінді орынға
орталықтағы ошақ жатады. Отбасының жойылуы ошақтың сөнуімен
теңестірілді. Сондықтан күлді араластыруға, ошаққа су құюға, одан
тамыздық алуға және отты шығаруға тыйым салынды, әйтпесе
отбасын бақытсыздықтар күтіп тұрады. Үйдегі отбасы иесінің орны
биліктің рәмізі, жолбарыс, ал әйелдікі – «қоян», «бағынуды білдіру»
деп аталды. Жастар, «құс» деп аталатын орында жайғасады.
1
Қар.: Традиционное мировоззрение тюрков южной Сибири. Пространство и время. Вещий Мир.
Новосибирск, 1988. С. 117.
175
Герменевтикалық метод дәстүрлі мәдениеттегі тамақтану
жүйесінің рәміздік функцияларын ашуға және ас қабылдау кезіндегі
қонақтарды орналастыру тәртібін (қойдың басын үлестіре бөлу және
«құлақтарды», «таңдайды», «көздерді» әлеуметтік рөлдер және жас
ерекшеліктеріне сай тарату), жыныспен, жаспен, әлеуметтік статуспен
байланысты тұлғааралық қатынастардың күрделі суреттемесін
ашатын, рәсімдік әрекеттердің белгілі бір кешені ретінде «оқып
шығуға» мүмкін береді. Тамақтану жүйесінің рәсімдік, сакральдық,
этнобелгілеуші функциялары туралы айтуға болады. Жеке тақырып –
көшпелі шаруашылықтың кезеңдерімен ілесіп жүретін, белгілі бір
өмірлік циклдер және ғұрыптармен байланысты, дәстүрлі киім
семантикасы. «Жас сыныптары» институты онда бөлініп көрсетілетін,
жас рәміздерінің жүйесі де «құт» ұғымы тұғырынан түсіндіріледі.
Өмірлік күштің, өнімділіктің түйіні ретінде орта жас алынады, ал
сонда қария мен нәресте өзінің семиотикалық статусында
жақындатылады. Қария – жай ғана жас емес, ол антивалентті
әлеуметтік функцияны білдіреді: әрекет кең мәтінінен шыға отырып,
ол толымсыздық таңбаларымен белгіленеді, бірақ сол уақытта, арғы
тектер мен аруақтар әлеміне жақындай келе, оған ерекше құрмет
көрсетіледі.
Бақыт дәстүрлі мәдениетте қашанда өнімділікпен, құтпен,
некемен байланысты қарастырылады. Өнімділік игіліктің, сәттіліктің,
бақыттың кепілі болды, сондықтан, жыныстық потенция тұлғалық
абырой мен әлеуметтік беделдің белгісі ретінде түсіндіріледі, ал ең
нашарлар болып бедеу әйел мен үйленбейтін еркек есептелді.
Гендерлік тақырып дәстүрлік дүниеге қатынаста ерекше орын алды.
Бұл қоғамда орталық фигура болып қашан да еркек саналды. Бірақ сол
уақытта еркектің салиқалығы мен іске қабілеттілігі, оның әйелге
қатынасына тәуелді қойылды. «Адам болу» отбасы болуды, өз
жанұясын құруды білдіру. Әйелдің жердің туындатушы функциясына
жақындығы, жасампаздық пен бақыттың иегері екендігі айрықша
аталып етті. Көптеген түркілік мәндерде Жер беті әйел тәнімен
салыстырылады. Неке, адам өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі
бола келіп, болмыстың қасиетті өрісімен қарым-қатынаста болады.
Дәстүрлі қоғамда әлеуметтік байланыс, ең алдымен, қандық-
туысқандық, табиғи, өмірлік болып келді. Ру, бай заттық және
таңбалық бітімделуі бар, көпжоспарлы ұйым ретінде көрініс табады.
Туысқандық қатынастардың күрделі нақтылы және рәміздік жүйесі,
онда дәстүр тікелей қарым-қатынас тәсілі ретінде, арғы тектердің
тірілердің арасында бірге болуы ретінде қабылданатын, әлеуметтік
ортаға адамның бейімделу тетіктерін анықтады. Ру, мүшелерінің
176
тұтастығы және бөліктерінің бірлігі бола отырып, ерекше
«мифорәсімдік» өмірбаянға ие, әлдебір қоғамдастықты құрастырады.
Рудың өзіндік санасы, «аруақ», «қыдыр», «ырым» сияқты
1
,
сондай ұғымдармен құралады. Аруақтар бұлар ата-бабалар рухы.
Көшпелілердің түсінігі бойынша, әрбір адам балаларына мұра етіп тек
өз киіз үйін, байланыстарын, лайықты есімін ғана емес, бірақ сонымен
бірге олардың тағдырына ықпалын тигізетін, сол арқылы ол тірілердің
арасында қала беретін, өз аруағын да қалдырады. Егер ол абыройлы
адам болса, оның рухы, оларды қиын сәттерде қолай отырып,
балалары мен немерелерінің тағдырына игі әсер ететін болады. Егер
адам, керісінше, дұрыс өмір сүрмесе, онда оның аруағы осындай
көмегін тигізе алмайды және оның үстіне, жаңа бәлелер мен
қасіреттерді әкеле алады.
Дәстүрлі дүниетанымның бұл ерекшелігі қазақ фольклорында
көрініс тапқан. Солай, «Алпамыс» эпосында былай делінеді:
«Алпамыстың бірінші шабуылынан кейін, жоңғарлар батырдың
жалғыз келгенін көреді және күш жұмсамай-ақ оны оқтың астына
алуды шешеді. Және бүкіл жоңғарлар садақтарын тартады және
Алпасмысқа атылған мыңдаған жебелер, оған тіпті сызат қалдырмай,
оның тәнінен кері құлап жатады. Мәселе Алпамыстың ұрыс алдында
жауынгерлер жебеушісі Ғайып ерен Қырық-шілтеннен қорғау
өтінуінде тұр, және сол, қара тұмандай орала келіп, байқатпай
аспаннан түсіп, жас батырды өз қанатының астына алады»
2
.
Қарама-қарсы мысал – «Қыз-Жібек» поэмасындағы Төлегеннің
тағдыры. Өз қалыңдығының артынан сапарға аттана отырып, Төлеген
әке батасын алмады, оны аруақтар қорғамайды және сондықтан ол
махаббаттың орнына Қособа көлінің маңында өз ажалын кездестіреді.
Сол уақытта эпос кейіпкерлері – бұлар жеке таңдау мен өз
тағдырына құқы бар тұлғалар, жеке-даралар. Қорқыт-Ата, Қобыланды
мен Алпамыс батырлар, бірін-бірі сүйетін Қозы Көрпеш пен Баян
Сұлулар тап осындайлар.
Дәстүрлі дүниетанымның маңызды ұғымына «Қыдыр» да
жатады. «Қыдыр» - бұл бүкіл тілектерді орындауға қабілетті, сәттілік,
байлық, денсаулық әкеле алатын, жаратылыстан тыс жан. Бірақ
«Қыдыр» қашанда бишара, қария, үйсіз қаңғырушы кейіпінде
көрінеді. Және ешкім, ол шын қайыршы ма, әлде құдіретті рух па
екендігін, біле алмайды. Қаңғып жүрген қырықтың бірі – «Қыдыр»,
бірақ олардың бәріне көмектесу және рахымдылық таныту қажет.
1
Қар.: Абдильдин Ж.М., Абдильдина Р. Великая степь и мировосприятие традционного
казаха//Евразийское сообщество. 1997, №3. С. 13-14.
2
Алпамыс – батыр //Казахский героический эпос в прозаическом пересказе А.Сейдимбека. Алма-
Ата, 1981. С. 15.
177
Солай, Абайдың «Масғұт» поэмасында қаһарман, оған бұзақы тиісіп
жатқан, кедей шалға риясыз көмегін береді.
«Қыдыр» туралы түсініктен шығатын басқа тағы бір бейне бар –
ол, оның таңдаулылығын белгілей отырып, адам алақанына қонатын,
бақыт құсы. Солай, Бұқар жырау Абылай-ханның ұлы жолын оның
осындай бақыт құсымен кездесуімен түсіндіреді:
Бақыт құсы басына сенің қонды,
Қыдыр – байлықтың қамқоршысы саған келді,
Және бақыт үйінде сенің қонды.
Ш.Уәлиханов өзінің «Қырғыздардағы шамандықтың іздері» атты
еңбегінде
дәстүрлі
дүниетанымның
тағы
бір
ұғымын
–
бақытсыздықтың алдын алу мақсатындағы белгілі бір әрекеттерді
жасауды, ырымдарды – талқылайды. Солай, «әлдекімге көйлегін
қалдыра отырып, бір түйемесін немесе байлауын өзінде қалдырады...
ешқашан табындағы басты жануарды – «құтты» сатпайды, себебі бұл
жағдайда игілік, яғни мал, бұл отбасында азаймайды»
1
.
Байлық та өз мағынасын айрықша семиотикалық кеңмәтінде
айқындайды.
Байлықта
адамның
тұлғалық
сапалары
мен
артықшылықтары көрініс табады. Ол таңдаулылықты таңбалайды.
Байлыққа деген осындай құрмет «бай» сөзінің этимологиясында
білдіріледі. Ол байлық иесі және сол уақытта лайықты, құрметті,
сыйлы дегенді көрсетеді.
Көшпелі мәдениетті, құндылық-мағыналық бірлікке ие төлтума
мәтін ретінде, ендеше, көрсетуге болады. Құрастырушы идея
сапасында, «құт» - «ұрықтандырушы бастама», «өмір потенциясы»,
«бақыт», «молшылық», «игілік» - ұғымымен байланысты, күрделі
идеологиялық
кешен
қарастырылады.
Дәстүрлі
мәдениеттің
дүниетанымдық әмбебаптарына тым жақын болып келетін, қазақ
философиясы, экзистенциалдық сипатын жоғалтпайды, бірақ сол
уақытта мәдениет өрісімен толық теңестірілмейді. Философия
түсіндірудің айрықша қызметін атқарады, ол бірінші кезекте
герменевтика, дәстүрлі мәдениеттің күрделі мәтінін ашу болып
табылады.
Түркі
философиясының
шыңы
ұлы
ойшыл
Абайдың
шығармашылығы болып табылады. Дүниежүзілік дәрежедегі
мәдениеттің басқа да құбылыстары сияқты, оның философиясы түрлі
тұғырлардан түсіндіріле алады және міне бұл түсіндірулерде Абайдың
рухани мұрасы өзінің болмыстылығын тек сақтап қоймай, сонымен
бірге оны көбейте түседі. Абайды, ол қазақ халқы үшін
құндылықтардың жаңа жүйесін ашқан, бірінші рет білімді адам
болмысының ұстыны ретінде негіздеген және оны даму ұстынымен
1
Достарыңызбен бөлісу: |