194
Омар ақсақал. Арманыңның орындалуы! Одан өткен жұмақ пен
рахат бар ма?!
Ғалымжан. Ондай болса неден сақтану керек?
Омар ақсақал. Есі шыққан есерден, тосыннан келген кеселден!
Ғалымжан. Енді тілектеріңіз қандай?
Омар ақсақал. Айта бер, қарағым!
Ғалымжан. Қарияларға не тілер едіңіз?
Омар ақсақал. Өмірде ешкімге керексіз болып қалмаңдар!
Ғалымжан. Еркектерге ше?
Омар ақсақал. Дүние мен өмірдің
тұтқасы екендіктеріңді
ұмытпаңдар — дер едім.
Ғалымжан. Әйелдерге қандай тілек айтасыз?
Омар ақсақал. Ана деген қасиетті
есімді әрдайым ардақтап
қастерлей біліңдер!
Ғалымжан. Балаларға не дейсіз?
Омар ақсақал. Қарттарға қарап
өз өмірлеріңнің мән-жайын
түсінуге ұмтылыңдар!
Ғалымжан. Бүкіл адам баласына не тілегіңіз бар, ақсақал?
Омар ақсақал. Ой, қарағым-ай, қандағы жоқты тауып алдың ғой.
Бүкіл адам баласына тілек айтатын мен кіммін, мұншама?
Ғалымжан. Дегенмен?
Омар ақсақал. Қоймадың ғой, қарағым. О, адамзат! Адам деген
ардақты атты ұмытпа, қадірле, әрі терең түсін — дер едім!
Достарыңызбен бөлісу: