ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет67/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. - Астана: Фолиант, 2002. 63-64 бб. 
2
Шу батыр // Екі мың жылдық дала жыры. – Алматы: Қазэнциклопедия., 2000. 331 б. 


213 
Аймауытов, М. Әуезов); б) жаңа ұлттық мифтік шығармашылық 
(М. Жұмабаев)
1

Әдеп пен мәдениетке Алаш қозғалысының өкілдері ұлттық мүдде 
тұрғысынан қарады. Алдымен олар большевизм ұсынған таптық 
принципті бекерге шығарды және “қазақта тап жоқ” деді. 
Мысалы 1919 жылы Мәскеуде жарияланған А. Байтұрсыновтың 
“Революция және қазақтар” атты мақаласында қазақ қауымының 
мүддесін білдіретін жазушы қалай болу керек деген сұраққа жауапты 
былай топтастыруға болады: 
«Алаш жазушысы бауырмал, қазақшыл, ұлтшыл. Өйткені 
жұрттың теңсіздігі осы қасиетті талап етеді».
“Қазақ азаматтары мәдениет жігін жою жолындағы жұмысқа 
күшін, ісін сарп ету керек. Басқалармен мәдениеті теңеліп, жарыса-
жармаса күнелтуге қазақ жеткен күні қазақтың қасындағылары 
қыңсылауды қояды”. 
“Мәдениет алға басу тіршілік ісі шеберленуімен, сана- саңылауы 
күшеюімен болады. Тіршілік ісінен шыққан шеберлікті - өнер дейміз
сана-саңылау күшінен шыққан білімді - ғылым дейміз. Бұл екеуі де 
үйренумен табылатын нәрсе”.
“Оқу ісі сабақтас әдебиетпен: оқу әдебиетті күшйтеді, әдебиет 
оқуды күшейтеді”.
“Қалам қайратккерлерінің жұмысы - әдебиет, әдебиетсіз оқуда 
қуаттану жоқ, оқусыз мәдениетте қуаттану жоқ, мәдениет қуаттанбай 
қазаққа қорлықтан, зорлықтан құтылу жоқ”.
“Азаттық асылы - мәдениетте, мәдениет күшеюінің тетігі – оқу 
мен әдебиетте”.
7. “Жазушыларымыз бытыраңды болмай, ұйымдасып, бірлесіп іс 
істесе, бәлкім істері берекелі, өнімді болар”
2

Алаш қозғалысы ұсынған қазақ әлеуметтік мәдениетін 
реформалау жобалары тоталитарлық мәдениетте жүзеге аспй қалғаны 
белгілі.
Кеңес Одағы кезіндегі әдеп ахуалын тікелей қарастырудан бұрын 
тоталитарлық қоғамның моральдық негіздеріне қысқаша тоқталып 
өтейік. Бірішіден, адамзат тарихындағы барлық қоғамдарды 
қауымдасу негіздері бойынша екі түрге (ынтымақтастықтың келісімді 
тәртібі және күш көрсетуге сүйенетін тәртіп) бөлуге болады. Егер 
біріншісін 
– 
тұлғаорталықтық 
қоғам 
десек, 
екіншісі 
– 
жүйеорталықтық 
әлеуметтік 
құрылымға 
жатады. 
екішісіне 
жасандылық тән, сондықтан оны “құрылыс” (үлгі бойынша жасалған) 
деп атайды. Осы жүйеорталықтық әлеуметтік қауымдасудың қисынды 
1
Қараш Ғ. Замана. – Алматы: Ғылым, 1994. 142 б.
2
Қодар А. Очерки по истории казахской литературы. – Алматы: Золотой век, 1999. С. 267-268. 


214 
шегіне жеткен түрін тоталитаризм деп атайды. Фашистік 
тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаушылардың бірі Б. Муссолини 
оған мынадай сипаттама береді: “Бәрі мемлекет үшін, мемлекеттен 
өзге және қарсы ештеңе болмауы керек”, тоталитаризмнің Ресей 
большевиктері жүзеге асырған сталинистік партия-мемлекет үлгісі 
жеке адам түгіл бүкіл қоғамнан жатсынған және қоғамды басып 
тастаған. 
Көпшілік әдебиетте кеңестік тоталитаризм мен К. Маркс ұсынған 
“Қоғамды коллективистік рухта қайта құру” феномендері жиі 
шатастырылады. Бұл К. Маркс еңбектерімен сырттай таныс болудан 
шығады. К. Маркс өзінің “1844 жылғы экономикалық және 
философиялық қолжазбаларында” қоғамдық дамудың мақсаты “еркін 
индивидуалдық” деген және коллективті жан-жақты дамыған 
индивидтердің ассоциацияланған бірлестігі деп түсіндірген. Неміс 
ойшылы “тұрпайы коммунизмді” қатал сынға алған. Әрине, марксизм 
классиктерінде дара адамдардың қауымдасуының орнына тап күресін, 
пролетариат диктатурасын ұсыну сияқты қазіргі заман тұрғысынан 
теріс пікірлер де кездеседі. Большевиктер орта ғасырлардағы 
схоластар Аристотельге қалай қараса, Маркс мұрасына да солай 
қарады. Жасампаз идеялар жасырылып, конъюктуралық ұстанымдар 
бірінші қатарға қойылды. Сол себепті ресейлік марксизм шегіне 
жеткен 
антигуманизмге 
(Альтюссер) 
айналды. 
Қазіргі 
телесериалдарға ұқсас айтқанда, Ресейде мутацияға ұшыраған 
марксизм жеңіп шықты. Пролетариат диктатурасының атын жамылған 
партия көсемдері мен бюрократиясының диктатурасы өмірге келді. 
Кейін бұл жүйе әлем халқының үштен бірін қамтыды және бекерден 
бекер ол “лагерь” деп аталған жоқ. Лагерьде моральдық еркіндік пен 
ынтымақтасқан қауым туралы сөз қозғау артық. 
Коммунада бәрі араның ұясындағыдай: аналық ара, жұмысшы –
солдаттар, қуылған және аластатылған дарашылдар. “Коллектив 
мүддесі жеке адам мүддесінен жоғары қойылады” және 
ауыстырылмайтын адам болмайды. Сталинге жазған хатында Ф. 
Раскольников “Сіз адамды жек көретін социализмді жақтайсыз” деген 
екен. Тек бір ғана адам еркін бола алады. Ол – харизматикалық көсем. 
Шын мағынасында ол - Әзәзіл. Жеке адам мемлекеттік машинаның 
тетігі ғана. Ең жақсы мінездеме –“революция солдаты”. 
ХХ ғасырда мемлекеттік емес қауымдасу ұжымдарының барлығы 
азаматтық қоғамның белгісі деп есептелген. Ұлы Инквизитор билеген 
жүйеде еркін адамдық қауымдасуға орын жоқ. Әсіре-Мен жеке Менді 
толық бақылауға алады. Қазақ этикасы Кеңес өкіметі тұсында 
қайшылықты жағдайда дамыды. Социалистік құрылыс қазақы әдеп 
пен мінез-құлық жүйесіне теріс әсерлерін тигізді. Кең-байтақ жерді 


215 
иемденіп келген көшпелілер табиғатынан ер мінезді, бостандық пен 
еркіндікті қастерлеген, өр тұлғалы қайсар халық еді. Тоталитарлық 
жүйе “жылқы мінезді” халықты момын “қой мінездіге” айналдырды. 
Шолақ белсенділер, “пысықтар”, “шаш ал десе, бас алуға” дайын 
тұратындар пайда болды. “Адам — адамға дос, бауыр”, “Барлық адам 
тең құқықты” деп ұрандатқанымен, қолында билігі барлардың 
арасында екіжүзділік, озбырлық, тамыр-таныстық, жүгенсіздік, 
парақорлық өріс алды. “Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары” 
деген ұран адам еріктілігіне нұқсан келтірді, “қуыршақ адамдарды” 
көбейтті. Әкімшіл-әміршіл жүйе ескінің қалдықтарымен күресуді 
желеу 
етіп, 
халықтың 
ғасырлар 
бойы 
қалыптасқан 
әдеп 
құндылықтарын жойып жіберуге барынша тырысты. “Малым — 
жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы” деп келген 
халықтың ішінен сан мыңдаған мәңгүрттер шықты. Осы талдауды 
қазақтың дәстүрлі әдептік мәдениеті заман талаптарына сай 
инновацияларға икемді еді ме? — деген сұрақ төңірегінде аяқтайық. 
Себебі бұл ұлттың болашағына байланысты мәселеге жатады. XIX 
ғасырдың ортасында Шоқан Уәлиханов қазақтардың ұлттық дәстүрге 
деген тұрақтылығына назар аударады: «Қазақ өздерінің көне 
аңыздары мен наным-сенімдерін қайран қаларлық тазалықты сақтай 
білген. Одан да өткен ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы 
әсіресе өлең-жырлар еш өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай 
қайталанатынын қайтерсіз. Көшпелі сауатсыз ордадағы ауызша 
тараған осынау үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны адам 
айтса нанғысыз қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын шындық». 
Тоталитарлық қоғамдағы адамдық даралықтың шектелуі Кеңес 
Одағында қатал бақылауға қарамастан жеке дара тұлғалар қатарынан 
наразылық тудырып, қарсылық қозғалысын дүниеге әкелді. Олардың 
арасында зиялы қауымның еркін ойларын, катокомбалық өнер мен 
тұлғааралық қарым-қатынаста өрістеген саяси анекдоттарды, 
диссиденттер әрекеттерін атап өтуге болады. 
Тоталитарлық құрылыс идеологтарының терминін қолдансақ, 
онда адам үшін күрес “мәдениет майданында” да жүріп жатты. 
Социалистік қоғамда ресми функционерлер (”шолақ белсенділер”) 
мәдениетті 
идеологиялық құбылыс деп түсініп, абстракты 
“коммунистік тұлға” дегенді тәрбиелеу құралы ретінде насихаттады. 
Мәдени қаһармандар “ақ” пен “қызыл” саяси жіктемесі бойынша 
“үстем тап өкілдері” мен “еңбекшілер мүдделерін қорғаушылар” 
болып жасанды екі топқа бөлінді. 50-і жылдардың ортасына дейін 
Абайдың өзі патриархалды-феодалдық тұлға деңгейінен шықпай 
қалды. Дегуманизацияға ұшыраған социалистік қауымды сол себепті 
“тарихи қателік” деп бағалаудың негізі бар.


216 
Енді тоталитарлық қоғамдағы қазақтың әдеп мәдениетіне тікелей 
көшсек, онда мынадай үрдістерге назар аударған жөн: 
Кеңес Одағының басқа да халықтарындағы сияқты қазақтың 
төлтума мәдениетіндегі дәстүрлі әдептің ғасырлар бойы қалыптасқан 
тетіктері шайқалып, аномиялық жағдай мен тұлғасыздандырылу 
өрістеді. Қ. Әбішевтің тілімімен айтқанда, қазақтың әдебі 
жатболмыста әрекет етті.
Тоталитарлық қоғамдағы дәстүрлі қауымдасу мен даралану 
нормаларын өзгерту күш көрсету мен жасанды схемалардың тар 
шеңберлері арқылы жүргізілді. Осы жөнінде Елбасының “Тарих
толқынында” атты кітабында мынадай ой айтылады: “Олардың түпкі 
негізінде кез келген тоталитарлық доктринаның жан түршіктіретін 
табиғи және тарихи кінараты – адамның жеке басы мен адамдар 
қауымының кез келген жоспар бойынша оңдауға да жондауға да бола 
береді дейтін түсінік жатады. Өзгені былай қойғанда, мыңдаған 
жылдар бойы жинақталған қазынаны тас-талқан қылып қиратып, 
“жасаймыз жаңа дүние” дейтін тоталитаризмнің ең танымал гимнінің 
өзі-ақ осыған айқын дәлел”
1

Тоталитаризм дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан қазақ 
адамын 
“Мен” 
дегізерлік 
әдептік 
қасиеттерінің 
тарихи 
құндылықтарына (еркіндік, азаттық, қонақжайлылық, мәмілелік, 
тәубешілдік, қауымдық ынтымақтастық, үлкенді сыйлау, т.т.) орасан 
зор нұқсан келтірді. Әдептік сана әлеуметтік-таптық санамен 
ауыстырылды. Халық ғасырлар бойы құрмет тұтып келген хандар, 
билер, шонжарлар, батырлар, діни әулиелер, т.т. (Абылай, Кенесары,
Алаша хан, Жәнібек, Қасым, Қазыбек би, Төле би, Айтеке би, Иасауи, 
Қорқыт т.б.) нигилистік деструкцияға ұшырады. Елбасы кітабынан 
осы туралы тағы бір үзінді келтірейік: “Тоталитаризмнің өзге бір 
“тамаша формуласы” - ұлттық сананы әлеуметтік-топтық санамен 
алмастыру. Сонда ұлттық сананы тастай қып бекітетін ұйытқыны 
қалай ірітпек керек? Мұның бірден-бір тәсілі - ұлттық тұтастықтың 
орнына топтасқан тобырды әкеліп қою. Жағдайдың насырға 
шапқандығы сондай, осы күнгі баз біреулердің өзі ата-тегін “заңгердің 
баласынан” бермен қарай тартатынын еске түсіретін еді. Ұлттық сана-
сезімді талқандаудың қосымша тетіктері ретінде неше түрлі мифтер 
мен жағымсыз үлгі өнегелер іске қосылды”
2

4. Тоталитаризм уақытында қазақтың тек әдептік қауымдасу 
негіздері ғана емес, оған қоса кісілік даралану типтері мен мендік 
сана- сезімінде теріс қылықтар көбейіп кетті. Бұл мәселені философ 
Ғарифолла Есім өзінің “Сана болмысы: Саясат пен мәдениет туралы 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет