ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет63/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Артықбаев Ж. Қазақ этнографиясы: Этнос және қоғам. XVІІІ ғ. – Қарағанды: ҚМУ, 1995. 152 б. 


205 
Бодандық адамның типтік ерекшеліктерін XIX ғасырда өмір 
сүрген қазақ ақындары көркем суреттеген. Мысалы, Дулат 
Бабатайұлы бодан пысықтарды былай шеңейді: 
Майырдың алса бұйрығын, 
Борбайға қысып құйрығын, 
Ел пысығы жортады-ай. 
Өзі елді қорқытып, 
Онан өзі қорқады-ай, 
Алдында түсіп топаңдай. 
Жарлылардың торпағы, 
Бір торпаққа он болып 
Пысықтардың ортағы, 
Қара шығын алымы – 
Бай-кедейге бірдей боп 
Шаңыраққа салығы, 
Ел ұйытқысы шайқалып, 
Төгіліп судай аққандай
1

Дәстүрлі әдептен айырылу тек отаршыл әкімшілікпен 
байланысты “жаңа қазақтарды” ғана емес, оған қоса бұрынғы дәстүрлі 
тұлғалардың болмысын құлазытып жіберді. Дулат ақыннан тағы бір 
үзінді келтірейік: 
Мынау азған заманда 
Қарасы – антқор, ханы – арам; 
Батыры көксер бас аман; 
Қырсыға туды қыз балаң; 
Нары – жалқау, кер табан; 
Құсы – күйшіл, ат – шабан; 
Жырғалаң жоқ, жобалаң, 
Ебі кеткен ел болды
2

Қазақ мәдениетіндегі қауымдық ынтымақтастықтың шайқалып
кісілік қасиеттер өрістей алмай, теріс қалықтардың көбейгенін тек 
сыртқы факторлармен түсіндіру біржақтылыққа жатады. Тарихта 
мынандай бір қағида бар: өзі бодандыққа көнгісі келмеген елді ешкім 
бағындыра алмайды. Мысалы, палестиналықтарды Израил қаншама 
қысқанымен, олар ел азаттығы үшін күресін тоқтатқан жоқ. 
Керісінше, Саддам Хусейіннің авторитарлық билігі уақытында 
моральдық төмендеген халық, АҚШ сол режимді құлата сала 
мұражайларды тоңай бастады. 
Отарлық қысым жағдайындағы қазақ мәдениетінде тұлғалық 
пен қауымдық ынтымақтастықты, ел мен ер абыройы және намысын 
1
Шу батыр // Екі мың жылдық дала жыры. – Алматы: Қазэнциклопедия., 2000. 176 б. 
2
Сонда, 158 б. 


206 
қорғауға бағытталған үдерістер де болды. Тарихшылар атап 
көрсеткендей, отарлық езгіге қарсы күрес қазақ мәдениеті өрісінде 
бірнеше дараланған кісілік типтердің қалыптасуына себеп болды. А. 
Сейдімбек отаршылдарға қарсы 300-ге жуық көтерілістер мен 
қақтығыстардың болғанын атап өтеді
1
. Құлдықты көтермейтін 
тәкаппар ерлер мен осы тұйыққа тірелген жағдайдан шығу үшін жол 
іздеген ел даналарын жаңа мәдени қаһармандар деп қарастыруға 
болады. Сондай тұлғалардың бірі – Мұрат Мөңкеұлы еді. Ә. Қодар 
атап өткендей, Дулат пен Шортанбай сияқты Мұрат сатқын 
қандастарын әшкерелеп, азаттық туын жеке-дара көтеру арқылы 
желбіретті. Отарлық езгімен бірге келген орыстандыру саясатының 
халықтың адамгершілік қасиеттерін жұрдай еткендігіне налыған ақын 
“қоңсыдан туып би болған”, “қара кісі хан болған”, “асылзада 
баласының құл болып”, “асылсыз баласының ақшасына сүйеніп пұл 
болғанын” батыл сынайды. Оның пікірінше, халықты текті тұқымнан 
шыққандар ғана басқаруы тиіс, “құлдан туған төрені, ақсүйектер ұлы 
деп”, оған ел тізгінін ұстау “адыра қалғыр заманының белгісіне” 
жатады. “Діні басқалардың ел билеуін” бар пәленің бастауы деп 
есептеген Мұрат ақын, бекерден-бекер жылай бермей, “кейінгі туған 
бала үшін”, кейінгі ұрпақтың “сауабы үшін”, “күндердің күні 
болғанда, обалы маған” болмас үшін “дулығалы қара нарларды” атқа 
қонуға шақырады
2
. Осындай ерлердің арасында Кенесары хан ерекше 
орын алады. Абылайдың немересі Кене хан ұлт азаттығы үшін 
күрестің рәміздік тұлғасына айналды. Нысанбай жырау ол туралы 
мынадай жолдарын қалдырған: 
Қоғамы күшті ер еді, 
Киімді бала тудырған. 
Ықпалы жүрген ер еді, 
Алтынды қылыш будырған, 
Абылайлатып ат қойып, 
Дұспанды көрсе қудырған – 
Көп сарғайтып келместей, 
Кене хан, саған не болды?!… 
Кенесары кеткен соң, 
Иесіз қалды тағымыз. 
Бұлбұлдай сайрап жүр едік, 
Байланды тіл мен жағымыз. 
Азғанымыз емес пе, 
Қойшыдан сынды сағымыз. 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет