184
моральдық негізде бағалауымыз керек.
Өйткені сан ғасырлар бойы
қалыптасқан адамзаттың мәдениеті бойынша моральдық қасиеттерді
де кеңінен сақтаған. Соларды үғынып, түсініп қана қоймай, оларды
өмірдің өзіне пайдалану қажет. Әрине ғасырлар бойы жинақтаған
моральдық ережелер бар. Оларды да адамдардың арасындағы
қатынастар арқылы қарап, бағалап, негізгі мәнге айналдырған дұрыс.
Сонда ғана адам мен адамзаттың біртүтас
рухани мұрагерлігі
қалыптасып, қоғамның шын моральдық негізде дамуына жол
ашылады.
Үсен. Әрине адамгершілік принциптерінсіз мораль алысқа бара
алмайды. Қазір біз ұзақ жылдар бойы дамымай жоғалуға айналған
әрбір ұлттың, әсіресе
қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын,
дәстүрін, тағы басқа ерекшеліктерін қайтадан жандандыруға кірістік.
Өйткені қазіргі жастар өзінің ұлтын, оның даму ерекшелігін, оның
бойындағы адамгершілік қасиеттерін түсіне алмай жүр.
Бұл жағынан
алғанда мораль адамгершілікке кемектесуі кажет. Сонда ғана мораль
адамгершіліктен келіп шығады. Сонау көне грек заманындағы Сократ
әуелі адамгершілікті қарапайым, адамдар арасында қатынастардан
шығатынын терең ойлармен түсіндіре келіп, моральға тіреледі. Одан
соң ол мораль адамның бойындағы негізгі
байлық екенін көрсете
отырып, қайтадан оны адамгершілікпен ұштастырды.
Кейде мораль дегеніміз сыртқы көрініс, этикаға, формаға қалай
жүріп тұрудың, адамның өзін өзі қалай ұстаудың ережелеріне
айналып, ал адамгершілік деген ешбір түсініксіз
абстрактылы
бірдеңеге ұқсайды. Сондықтан да моральды жеке адамға, адамдарға
тән десек, адамгершілік бүкіл адамзаттың, қоғамның бойындағы асыл
қасиет деп есептеп, екеуінің
арасындагы органикалық, гармониялық
үйлесімділігін көре білуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: