ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет51/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Омар ақсақал. Дұрыс айтасың қарағым. Қазір екінің бірі оқу 
оқып, жоғары білім алатын дәрежеге жеттік қой. Бірақ солардың 
ішінде оқығаны көп те, тоқығаны шамалы болып тұр-ау. Әсіресе 
жоғары білімді, тіпті ғалым иесі немесе мекеменің басшысы, тағы 
басқалары өзіінң адамға деген қарым-қатынасынан-ақ «әй мынау 
ешбір тәрбие алмаған қу-ау, шіренуін қарашы», деп ойлайсың. 
Олардың кейбіреулері өзіңмен тіл қатысып сөйлеспейді де. Олар 
өздерінің атқаратын жұмысын басқа біреуге, көмекшілерге аудара 
салады. «Адамды түсінен танығанша ісінен таны» деген осы-ау. «Әй, 
қайтейін, кайсыбірін айтайын» депті баяғыда біреу. Сол айтқандай 
бүл өнегесіздіктің қайсын айтып тауысасың? Өркен жайып барады ғой 
бұл құрғыр бетін аулақ қылсын? 
Асан. Осының бәрі жастайынан берілетін тәрбиеден. «Ұяда не 
көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халық мәтелі. Тәлім-тәрбие 
болмаған жерде адамгершілік қайдан қалыптасады? Австриялық 


186 
жазушы С. Цвейгтің «Жозеф Фуше» деген кітабында атақты 
қолбасшы Наполеонның дөрекі мінезінің бір көрінісі бар. Сол туралы: 
«Осындай ұлы адамның осыншама жаман тәрбие алғаны қандай 
өкінішті» деп министр Талейран императордың бетіне тіке сарт 
еткізіп айтты емес пе?! (Стефан Цвейг. Собрание сочинений в семи 
томах. Том четвертый. М. 1963. стр. 530). 
Үсен. Сонда тәлім-тәрбиемен кім айналысуы керек?
Асан. Ең алдымен отбасында! Өйткені тәлім-тәрбиенің ананың ақ 
сүтімен қоса берілетіні бәрімізге белгілі ғой. 
Ғалымжан. Әрине, тәрбие әсіресе адамгершілік, оның алғашқы 
нәрі отбасында берілуге тиіс. «Адам тәрбиесі ол туысымен 
басталады» деді француз философы Ж. Ж. Руссо. Шынында да 
адамгершілік ананың ақ сүтімен келіп, адамның әрі қарай жетілуіне 
үлкен негіз болады. Бірақ, осы ананың ақ сүтімен келген адамгершілік 
ақиқатын көп жерде көре алмай жүрміз-ау. Менің есіме атақты 
жазушы В. Распутиннің көрнекті ойы түсті. Ол өзінің сөзінде, егер 
біздің заманымызда жас Пушкин өмір сүріп, бірақ ол ардақты 
күтушісі — Арина Радионовнаның өлең-жырларынан, ертегілері мен 
әндерінен нәр алып тәрбиеленбесе, керісінше ол сахнадағы күні-түні 
ән айтатын жалба-жұлба киімді актрисаның барылдаған даусын естісе, 
онда ол Пушкин емес, Дантес болып өсер еді» — депті. 
Жазушының бұл сөзінде терең шындық жатыр. Қазіргі 
жастардың көбі дерлік шет ел эстрадасы, музыкасы, ансамбльдері, 
тағы басқаларымен тым әуестеніп, өзінін халқының, ұлтының, елінің 
музыкасын, өнерін, мәдениетін білмей, оларды білейінші деп 
ұмтылмай-ақ өсіп келеді. Міне, қорқынышты нәрсе осы! 
Асан. Әрине, бүл жастардың өз мәдениетімен әдебиетіне
сонымен қатар өткен тарихына немқұрайды қараушылықты тудырды. 
Ал, өз тарихын білмеушіліктен өткен сорақылық бар дейсің бе? 
Адамгершілік әрбір халықтың аса бай рухани қазынасымен тығыз 
байланысты.
Үсен. Шынында да Оралхан Бөкеев ағайдың «Атау кере» 
повесіндегі бір кейіпкер осы мәселе жөнінде былай дейді: «Біз күні 
бүгінге дейін ұлттық адамгершілік, бет-бейнесі мен болмысын, 
келбеті мен лайықтылығын анықтай алмай жүрміз. Әсіресе 
қазақтардың ...ұлтымыздың ар-ұждандық идеалын білмейміз». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет