ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет57/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Омар ақсақал. Меніңше, ұстамсыздық! 
Ғалымжан. Тәрбиедегі ең жаман не? 
Омар ақсақал. Қатыгездік! 
Ғалымжан. Онда қоғамымыздың жөнді өркендей алмағаны ғой? 
Омар ақсақал. Мүмкін. Мен кейінгі балалардан, жастардан 
қорқамын. Олар тым қатыгез болып адамгершіліктен безіп бара 
жатқан сияқты. 
Ғалымжан. Онда тәрбиедегі ең жақсы не болды? 
Омар ақсақал. Мейірімділік! 
Ғалымжан. Адамның бойындағы жазылмайтын кесел не? 
Омар ақсақал. Күншілдік. Әсіресе біздің халқымыздың өмірінде 
ол едәуір орын алып келді ғой?! 
Ғалымжан. Жан азабы дегеніміз не? 
Омар ақсақал. Қайғы! Одан өткен азап, одан өткен тозақ бар 
ма?! 
Ғалымжан. Жан рақаты дегеніміз не болды? 


194 
Омар ақсақал. Арманыңның орындалуы! Одан өткен жұмақ пен 
рахат бар ма?! 
Ғалымжан. Ондай болса неден сақтану керек? 
Омар ақсақал. Есі шыққан есерден, тосыннан келген кеселден! 
Ғалымжан. Енді тілектеріңіз қандай? 
Омар ақсақал. Айта бер, қарағым! 
Ғалымжан. Қарияларға не тілер едіңіз? 
Омар ақсақал. Өмірде ешкімге керексіз болып қалмаңдар! 
Ғалымжан. Еркектерге ше? 
Омар ақсақал. Дүние мен өмірдің тұтқасы екендіктеріңді 
ұмытпаңдар — дер едім. 
Ғалымжан. Әйелдерге қандай тілек айтасыз? 
Омар ақсақал. Ана деген қасиетті есімді әрдайым ардақтап 
қастерлей біліңдер! 
Ғалымжан. Балаларға не дейсіз? 
Омар ақсақал. Қарттарға қарап өз өмірлеріңнің мән-жайын 
түсінуге ұмтылыңдар! 
Ғалымжан. Бүкіл адам баласына не тілегіңіз бар, ақсақал? 
Омар ақсақал. Ой, қарағым-ай, қандағы жоқты тауып алдың ғой. 
Бүкіл адам баласына тілек айтатын мен кіммін, мұншама? 
Ғалымжан. Дегенмен? 
Омар ақсақал. Қоймадың ғой, қарағым. О, адамзат! Адам деген 
ардақты атты ұмытпа, қадірле, әрі терең түсін — дер едім! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет