ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Ғалымжан. Жеке адамның өміріндегі қасірет әкелетін не жаман?  Омар ақсақал



Pdf көрінісі
бет56/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Ғалымжан. Жеке адамның өміріндегі қасірет әкелетін не жаман? 
Омар ақсақал. Е, қарағым, өсек пен төсек қой! 
Ғалымжан. Онда ақымақтық деген не болды, ақсақал? 
Омар ақсақал. Бастаған істі аяқтамай, не орта жолда қалдырып 
тастап кету! 
Ғалымжан. Онда біздің 70 жылдан астам уақыт бойы істеген 
ісіміздің аяқталмай калғанын не деуге болады? 


193 
Омар ақсақал. Оны сіздер білесіздер, оқыған ғалым адамсыздар 
ғой?! Оны да ақтап, «дәләлдейтін» оқымыстылар табылар?! 
Ғалымжан. Сіздер балаларыңыз бен немерелеріңізге «оқыңдар, 
әйтпесе надан боласыңдар» — деп үйретесіздер ғой?! Сол оқығандық 
ақылдылыққа әкеле бермейтінін жаңа талқыладық емес пе?! Оған 
қалай қарайсыз? 
Омар ақсақал. Түсіндім сұрағыңды, қарағым! Заманына қарай 
ағымы, толқыны емес пе?! Көптің ойы осыған қарай ауып кетті ғой, 
оған не істейміз? Бірақ оқығаннан гөрі тоқыған ата-баба дәстүрімен 
оның өткен жолына көбірек үңілу, содан сабақ алу дұрыс қой?! 
Ғалымжан. Ата-баба жолын игеруден әлі де қалып бара 
жатырмыз ғой, ақсақал?! 
Омар ақсақал. Онда зауал келді десеңші — артың қараңғы, 
алдың — терең жар, енді қайда барып оңасың? 
Ғалымжан. Адамдық пен надандықтың арасы қанша? 
Омар ақсақал. Әрі қашық, әрі өте жақын. Көне замандағы 
даналар айтты емес пе? Егер надан өзінің надандығын білсе, ол 
ақылды болатын көрінеді. 
Ғалымжан. Онда өнегесіздік надандықтың негізгі белгісі 
болғаны ғой?! 
Омар ақсақал. Дұрыс айтасың, қарағым! Өнегесіздік жайлаған 
жерде адамдыққа жол жоқ! 
Ғалымжан. Е, кең дүние тарылып, қуырыла бастады десеңізші?! 
Омар ақсақал. Иә шырағым, заман құрылып болды ғой. 
Ізгіліктен ізде қалмай жүрмесе жақсы болар еді?! 
Ғалымжан. Адамның бойындағы ең жаман қасиет қандай дейсіз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет