ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік



Pdf көрінісі
бет58/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік.
Алматы: Білім, 1994. 93-109 бб.


195 
Тұрсын Ғабитов
ҚАЗАҚ ЭТИКАСЫ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ҮРДІСТЕРІ 
 
Архаикалық қауым әдептік реттеуі басым қоғамға айналуы үшін 
бірнеше сатылардан өтуі қажет. Осы жөнінде әдебиетте әдептің 
қалыптасуындағы үш саты аталып өтіледі: 1) Культ (табыну) сатысы. 
Бұл сатыда жеке адам табиғаттан да, қауымнан да ажырамаған, “Біз” 
феномені үстемдік етеді. 2) Мәдениет сатысы. Бұл сатыда әдеп, 
құқық, өркениет қалыптаса бастайды. Жеке адам тарихи өзгерістердің 
басты күшіне айналады. 3) Әлеуметтік сатысы. Бұл сатыда жеке 
адамның құқықтарын қастерлеу және келісімділік негізінде азаматтық 
қоғам (адамдық қауымдастық) қалыптасады
1

Біз бұл мақалада “әдептік реттеу” түсінігін адамдық 
ынтымақтастық пен бірегейленудің, адамдардың бірлесе өмір сүруінің 
ерекше формасы ретінде қолданамыз. Кезінде Э. Дюркгейм адамдық 
қауымдасудың органикалық түрі туралы арнаулы пікір айтқан. Ол 
мұндай тұтастықты биологиялық организммен салыстырады: онда 
барлық мүшелер бір-біріне ұқсамайды, бірақ барлығы бірігіп 
организмннің 
өмір 
сүруін 
қамтамасыз 
етеді. 
Органикалық 
ынтамастықтың әлеуметтік-мәдени негізінде әдеп, тұлғалық еркіндік, 
мүдделер келісімі және заң жатады. Осындай тұлға жалпы келісімге 
негізделген императивтер аймағында еркін әрекет ете алады. Бұл 
қоғамның жетекші принципі – дарашылдық. Ф. Хайек те қазіргі кезде 
“капитализм” мен “социализм” деген атаулардың ескіргенін және 
бүгінгі адамдар бірлігін “адамдық қауымдасу мен ынтымақтастықтың 
кеңейтілген тәртібі” деп атау керек деген.
Архаикалық тобыр мен адамдық қауымның арақатынасы жөнінде 
әдебиетте сан алуан көзқарас бар. Адамдық және әлеуметтік 
құрылымдарды еңбек теориясымен түсіндіретін марксистік ілімдерде 
шаруашылық коллективтері мен туысқандық қауым біртектес болып 
келеді деген қағида басшылыққа алынады. Алайда этнографиялық 
деректер бұл көзқарасқа күмән келтіреді. Қазіргі этнологиялық 
зерттеулер антропоидтардағы топтар мен гоминиттердің ілкі 
топтарының арасында ұқсастық барлығын дәлелдейді (экзогамия, 
иерархиялық құрылым, реттеу, т.т.). Жыныстық қатынастарды реттеу 
алғашқы қауымдық бірлестіктердің (отбасы, ру, тайпа, т.т.) пайда 
болуының маңызды факторына жатады. Басқаша айтқанда, тобырдан 
жеке индивид емес, қауымдық құрылымдар бөлініп шықты. 
Алғашқы қауымдық мәдениеттер (аңшылық-көшпелік және 
екінші көшпелік – номадизм) пайда мен табыс табу принципінде емес, 
1
Габитов Т.Х. Этика юриста. – Алматы: Данекер, 1999. С. 6. 


196 
керісінше, “сый экономикасына” негізделген. Қонақжайлық осының 
бір көрінісі болып табылады. Табиғи ресурстар қауымының меншігі 
болып табылғандықтан эгоистік мүдде қалыптаса алмайды. Егер 
патриархалдық бастауларға сүйенетін отбасында индивидуализм 
үстем болса, Бахофен ашқан “Аналық құқықта” қауымшылдық пен 
жалпылық алдыңғы қатарға шығады. Алғашқы адамдық бірлестіктер 
элитарлық емес, қайта эгалитарлық негізде пайда болады
1

Туысқандық 
қауымда 
руластар 
арасындағы 
кикілжіңдер 
ақсақалдарының араласуымен шешіліп отырған. Қазіргі кең тараған 
айтыс бір замандарда адамдар немесе олардың топтары арасындағы 
қайшылықтарды шешуге бағытталған. 
Өз тарихымыздан, минорат салтының көшпелі қауымда 
адамгершілік принциптерінің жоғары деңгейінің дәлелі екендігі 
туралы еске салғымыз келеді. Әр түрлі себептермен әкесінен 
айырылған кіші ұл осы “алтын мұра” арқылы аяғына тұра алады және 
қара шаңырақты бекім ұстай алады. Әрине адамның материалдық 
болмысынан 
туатын 
әлеуметтік-мәдени 
факторлар 
тұлғалық 
дербестіліктің қалыптасуына үлкен әсер еткенін бекерге шығара 
алмаймыз. Шынында да еңбектің бөлінісі, меншіктік қатынастардың 
дамуы, әлеуметтік байланыстардың күрделенуі өзіне-өзі жауапты 
дербес адамды тарих сахынасына шығара алады. Алайда, қоғамдағы 
бірінші әлеуметтік бөлініс - жыныстық бөлініс екендігін естен 
шығармау қажет. гендерлік қатынастардың дамуы тұлғалық 
мәдениеттің қалыптасуында әлеуметтік-экономикалық факторлардан 
кем рөл атқарған жоқ. Сол себепті қазақтың және оның арғы 
тектерінің әдеп мәдениетін сипаттағанда тек “патриномиялық ру” 
төңірегінде айнала беру жеткіліксіз. Қазақ мәдениеті тарихын 
зерттеушілер еуразиялық далада матриархат ұзақ ғасырлар бойы 
қоғамдасудың басты түрі болды дейді. Археологиялық деректер 
балалардың аналарының қасында жерленгенін дәлелдеуде.
Енді осы қауымнан алғашқы дараланып шыққан феномендерге 
этикалық талдау берейік. Алғашқы қоғамдастықтарда тұтастықтың 
басымдылығы жөніндегі пайымдау дұрыс болғанымен, бұл 
тұтастықты не механикалық агрегат, не биологиялық популяция, не 
көпмүшелі организм ретінде қарастырған дұрыс емес. Адамдық 
коллективті (тіпті, қоңыс аударушы ежелгі аңшылар мен 
терімшілердің өзінде) жекелік қасиеттерін жоғалтпаған адамдар 
бірлестігі құрастырады. Осының бір дәлелі — субъективтік жаны жоқ 
адамдардың о бастан болмағандығы. 
Архаикалық көшпелілер мәдениетін зерттеушілер қауымнан 
алғашқы дараланған адамдар ретінде ру басыларды, ақсақалдарды, 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет