Мағауин М. Кобыз и копье. Алма-Ата, 1970, С.9.
302
жазуы болмады, сондықтан барлық өткен тарихи оқиғалар мен
халықтың тұрмысының ерекшеліктерін біз негізінен ұрпақтан ұрпаққа
берілген аңыздардан, эпостан, ертегілерден, әңгімелерден білеміз.
Халық ауыз әдебиеті шығармаларында қазақтардың экономикалық
және саяси құрылымы, сонымен қатар оның тұрмысы, әдет-ғұрпы мен
эстетикалық көзқарастары өз көрінісін тапты.
Күрделі, көп қырлы адам өмірінде болып жатқанның барлығы,
халықтың рухани мәдениетінде де өз суреттемесін табады. Алайда,
революцияға дейін қазақтарда көркем шығармашылық формалары
шектеулі еді. Байтақ далада көшіп-қонып жүріп, қазақтар өздерін
толғандырған сезімдерді эпоста, аңызда, ән мен күйде ғана көрсете
алатын. Өнердің басқа түрлері дамымады, өйткені ол үшін обьективті
жағдайлар болмады. Өндірістің жоқтығына байланысты техника да
дамымады. Бұл өз таңбасын рухани мәдениеттің дамуына да салды.
Қазақ халқының көркем шығармашылығы мен эстетикалық
құндылықтарында халықтың өзі туралы айтқан үлкен тарихи шындық
бар.
Қазақ халқының, өмір тауқыметіне ғана емес, шығармашылық
қуанышқа толы бай рухани өмірі ешқашан тоқтаған емес.
Қазақтардың
ауызша-поэтикалық
шығармашылығы,
басқа
халықтардағыдай, әр түрлі болды. Халық ауыз әдебиетінде
фольклордың барлық классикалық формалары дамыды, әсіресе эпос,
әндер, мақалдар, мәтелдер, ертегілер, тарихи әңгімелер.
Би өнері сияқты халық шығармашылығының түрі, халық әдет-
ғұрыптарымен, ойындармен және т.б. үйлесе ғана орын алды.
Революцияға дейін қазақтарда театр өнері мүлде болған жоқ.
Экономиканың дамуы, көшпелілік өмір салты, діни тыйымдар,
әрине,
халықтың
шығармашылық
күштеріне
бұғау
салды.
Революцияға дейінгі Қазақстандағы сәндік-қолданбалы өнердің
айрықша дамуы да осы себептермен түсіндіріледі.
Қазақстан территориясында, қазақ халқының түрлі тарихи даму
кезеңдеріне
және
оның
ізашарларына
қатысты,
көптеген
монументальды архитектура ескерткіштері сақталған
1
. Өкінішке орай,
қазіргі заманға дейін архитектура ескерткіштерінің аз бөлігі ғана
жетті. Олар Бабаджи-Хатун, Айша-Бибі, Қожа Ахмет Иасауи
кесенелері
2
. Мәдени мұраны пайдалана отырып, қазақ халқы, оның
эстетикалық мұраттары көрініс тапқан, өзіндік ерекше сәулет өнерінің
туындыларын жасады.
Бірақ Қазан революциясына дейін қазақ халқының сәулет
өнерінің мұраларына арналған, И.А. Кастаньенің («Древности
1
Қар.: Маргулан А., Басенов Т ., Мендыкулов М. Архитектура Казахстана. С. 5
2
Сонда. бб.85, 89.
303
киргизской степи и Оренбургского края». Оренбург, 1910) жұмысын
қоспағанда, бірде-бір ғылыми жұмыс болмаған.
Исламның тірі жанды бейнелеуге тыйым салуы оларды бейнелеу
өнері саласынан шығарып тастауға әкелді. Осының нәтижесінде
исламға дейінгі дәуірде жасалған адамның тас мүсіндерінің орнына,
кескінсіз құлпы тастар (стеллалар) пайда болды. Ою өнерінде де даяр
қалыпқа үйірлік ерекше жоғары бағалана бастады.
Алайда ертедегі өнер дәстүрлері ізсіз жоғалған жоқ. Оның дәлелі,
археологиялық ізденістер кезінде табылған керамика бұйымдары,
қоладан құйылған қазандар, сонымен қатар архитектуралық керамика,
арасында жануарлардың суреттері жиі кездесетін, жартастардағы
суреттер
1
.
Қазақтар тұрмыстық жағдайларына сәйкес еңбек үрдісі
барысында өзінің қолданбалы өнерін дамытты
2
. Қазақтар өз
қажеттілігі мен талғамдарына сай бірінші қажеттіліктегі бұйымдарды
жасады, алғашында олар тек ғана рулық, жанұялық және жеке бастың
мұқтаждығын қамтамасыз етсе, ал кейіннен саудалық айырбасқа да
пайдалана бастады.
Бұл бұйымдарды жасау үшін негізгі материалға жүн, тері,
сүйектер және мүйіздер пайдаланылды. Нақ осы материалдардың
қолданылуы,
қазақтарда
шаруашылықтың
негізгі
түрі
мал
шаруашылығы болуымен түсіндіріледі.
Қазақ халқының көшпелі тұрмысы көрініс тапқан, материальдық
мәдениеттің көңіл аударарлық ескерткіші – киіз үй болып табылады.
Ол киізбен қапталған ағаш сүйенішті күмбез тәріздес жаппа түрінде
болады. Киіз үйге қажетті заттардың барлығы әр түрлі түсті ою-
өрнекпен безендірілетін. Киіз үйлердің іші шидан (шым ши) жасалған
полихромды тоқымамен, көп түрлі түсті киізден жасалған тоқымалы
кілемдермен, тықыр кілемдермен, кестелі перделермен (шымылдық),
сандықтарға арналған өрнекті тыстармен және т.б. безендірілетін
болған
3
.
Қазақтарда кең тараған қолданбалы өнер түрі – ою болды. Ол
киімді, тұрмыс заттарын, зергер бұйымдарын безендіруде, ағаш,
сүйек, темір және тастағы ойма суреттерде қолданылған.
Оюлау техникасы тіпті әр түрлі болады. Бұл киізге өрнекті басу
және апликация да, мозаикалық әдісте, және көптеген басқалары.
Қазақ оюының тақырыбы сан алуан. Олар негізінен халықтың
қоршаған табиғатқа, болмысқа эстетикалық қатынасын көрсеткен.
Осыған сәйкес алғашында өсімдіктен жасалған, ал кейіннен жасанды
1
Қар.: Маргулан А., Басенов Т ., Мендыкулов М. Архитектура Казахстана. С. 15
2
Қар.: Народное декаративно-прикладное искусство казахов. Л., 1970.
3
Қар.: История Қазахской ССР в трех томах, т.1, стр.193.
304
бояулардың әр түрлі түстері таңдалып алынған. Осы күнге дейін
сақталған ою-өрнектерде космогониялық, зооморфтық, өсімдік және
геометриялық әуендер бар. Әсіресе, бұл айшық-гүл, сегіз қырлы
жапырақ формалы әшекейлер, жұлдыз гүл, шыққан күн, қошқар мүйіз
сияқты өрнектерге тән болды.
Революцияға дейінгі қазақ халық өнерінде – сәндік кесте кең
таралған болатын. Кесте тігумен негізінен жас әйелдер мен қыздар
айналысқан. Кестемен төсек-орын, әйелдердің бас киімдері,
көйлектері, қабырғаға ілінетін кілемдер, сандық тыстары, әр түрлі
сөмкелер, орамалдар, сүлгілер және т.б. безендірілген. Кестені
маталарға ғана емес, былғарыға да, киізге де түсірген. Кесте тігуде
боялған жіптер, сонымен қатар күміс және алтын зерлі жіптер
пайдаланылған.
Қолданбалы өнер негізінен тұрмысты безендіру үшін қолданылса
да, халықтың шығармашылық данышпандығы, оларға эстетикалық
мәнділік те беріп, бұл пайдалы заттарды өнер туындыларына
айналдырады.
Олар арқылы (халық шығармашылығының басқа да түрлерімен
қатар) қалың бұқараның эстетикалық сезімдері, көркем талғамдары
қалыптасады.
Қазақтың халықтық оюы әр түрлі тоқыма бұйымдарында да кең
қолданыс тапты. «Қазақтардың халықтық сәндік-қолданбалы өнері»
атты кітапта халық ұсталарының бұйымның сипаты мен оның сәндік
безендірілуінің байланысын керемет түсінуі, материалға деген
сезімталдық және, асқан шеберлікке жеткізілген, ұсталықтың жоғары
дәрежедегі техникасы туралы айтылады.
Әр түрлі халық өнеріне тән, үстемдік етуші мақсатқа сәйкестілік,
дәстүр арқылы берілетіндігі және негізгі шикізат болып табылатын
жүннің өңінің сипаты мен түсін пайдалануда мүмкіндік беретіндігі,
көптеген ұрпақтардың дағдысының дәлелі»
1
.
Кілем бұйымдарына өте үлкен мән берілді. Олардың әр
қайсысының тоқылуында бірнеше халық шеберлері қатысқан. Бұл
шеберлер жоғары эстетикалық талғамға, олардың қолынан шыққан
кілем, алаша, киіз немесе басқа бұйымдар көз тартар болуы үшін,
сурет бөліктерін сондай қиыстыру, сондай асқан әсерлілікке қол
жеткізу іскерлігіне ие болған.
Қалалардың
өсуіне,
құрылыс
жұмыстарының
күшеюіне
байланысты, қазақтарға таза қолданбалы өнермен қатар революцияға
дейін момументальды-сәндік өнер де дамыды.
Тас мүсіндер стильдеу нәтижесінде «құлып-тастарға» айналды,
құрылыстарда фреска әшекейленуі пайда болды.
1
Достарыңызбен бөлісу: |