ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет101/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Валиханов Ч.Ч. Записки русского географического общества по отд. Этнографии. Т 4. ХХІХ. 
Спб., 1904. С. 190. 
2
Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в пяти томах., Т. 2. Алма-Ата, 1961. С. 419. 


325 
ноғайларда және басқаларда тараған. Бұл халықтардың әрқайсысында 
Едіге туралы поэма сол ұлттың ерекшеліктері ескеріле тиісті өңдеу 
алған. «Міне сондықтан оларды айыра білу керек»
1
, – деп ескертеді 
Ш. Уәлиханов. 
Архив 
материалдарынан, 
сондай-ақ 
Ш. 
Уәлиханов 
шығармашылығын зерттеушілердің еңбектерінен, оның қырғыз халық 
ауыз әдебиетінің тамаша ескерткіші – «Манас» поэмасының бірінші 
болып ғылыми жазбасын жасағаны белгілі, сонымен қатар Шоқан бұл 
поэма үзінділерін орыс тіліне аударды. В. Жирмунский бұл поэманы 
қырғыз халқының өткен тарихының поэтикалық энциклопедиясы 
ретінде бағалаған. Өз көлемі бойынша бұл танымал ескерткіштер: 
үндінің 
«Махабхаратасынан», 
гректің 
«Илиадасы» 
мен 
«Одиссеясынан» және Фирдаусидің «Шахнамесінен» бірнеше есе 
асып түсетіндігі туралы академик К. Жұмалиев жазды. 
Ш. Уәлихановтың өзі халық шығармашылығының бұл тамаша 
туындысының мәнін былай анықтайды: «Манас» бүкіл қырғыз 
аңыздарының, ертегілерінің, әңгімелерінің бір уақытқа әкелінген және 
бір тұлға – батыр Манас жанына жинақталған энциклопедиялық 
жиынтығы. Бұл дала Илиадасы тәріздес. Қырғыздардың өмір салты, 
әдет-ғұрыптары, дәстүрлері, географиясы, діни және медициналық 
танымдары және олардың халықаралық қатынастары осы үлкен 
эпопеяда өз көрінісін тапты... «Манас» тұтастық кейпіне ие көптеген 
дербес эпизоттардан құралған. Басқа «Самятей» эпосы «Манастың» 
жалғасы болады, және бұл бурят «Одиссеясы»
2

Шоқан 
Уәлихановтың 
арқасында 
қырғыздың 
рухани 
мәдениетінің ұлы ескерткіші, тек ғана қырғыз халқының емес, сондай-
ақ қазақ, орыс және басқа халықтардың игілігіне айналды.
«Манас» поэмасының Шоқанның әдеби ізденістерінің тақырыбы 
болуы да, кездейсоқ емес. Ол «Манас» сияқты монументальды 
туындының сараптамасы бүкіл халықтың эстетикалық дамуының 
ерекшеліктерін көрсете алатындығын жақсы түсінген. Ал Шығыс, 
Ресей және Батыс Еуропа халықтарының мәдени жетістіктерімен 
таныстығы, оған бұл поэманы басқа халықтардың әдеби 
туындыларымен салыстыруға мүмкіндік берді. Поэма әр уақыт 
талабына сәйкес көптеген өңдеулерге түскендігі мәлім. Бұл 
өңдеулерді Шоқан Манас образы негізінде көрсетеді. «Басында Манас 
өзін шектен тыс әдепсіз ұстайды, өз әкесін тонайды және Жақып шал 
мен кәрі анасын мұқтаждықта қалдырады. Кейінгі эпизодтарда біз, 
1
Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в пяти томах, т.1, Алма-Ата, 1961. С. 420.  
2
Сонда. 


326 
әлсіздерді қорғайтын, қалмақтарға қарсы соғысып өзінің ерлік 
істерінің іздерін Жоңғарияда қалдырған батырды көреміз»
1

Поэмадан Ш. Уалиханов орыс тіліне «Көкетай хан қазасы мен 
оның асы» бөлімін аударды. «Бұл үзінді Шоқанға өзінің 
шынайылығымен, тарихи-этнографиялық, шарушылық-тұрмыстық 
және заңдық мәліметтерге толылығымен, Қазақстан территориясын 
мекендеген ертедегі тайпалардың қарым-қатынастары туралы 
мағлұмат беретіндігімен ұнаған»
2
, – деп жазады Ә. Марғұлан. 
Шоқан Уәлиханов қырғыздардың өздері манасшы деп атайтын
шебер аңыз-жыр айтушылардың орындауында тыңдағанда халықтың 
алған жоғары эстетикалық ләззатын айтып өтеді. Дарынды 
манасшылардың 
әңгімелерінің 
тыңдаушыларын 
баурайтыны 
соншалық, бүкіл «Манасты» тыңдауға үш түнде жеткіліксіз болса да, 
олардың ешқайсысы поэманың соңына дейін кетпеген
3

Шоканның қазақ эпикалық туындылары мен өлеңдеріне қатысты 
да айтқан құнды эстетикалық пікірлері бар. 
Шоқан Едіге мен Тоқтамыс туралы жырлардың үш вариантын 
қалдырды. Бұл батырлар жырының варианттарын ол Жұмағұл, 
Арслан ақындардан және басқа адамдардан жазып алған. Мұны ол 
суреттелген тарихи оқиғалардың анықтылығын, сондай-ақ аңыздың 
шығу тарихын анықтау мақсатында жасаған. Батырлар жырының үш 
вариантынан Шоқан кейінірек бір вариант жасады және сол 
варианттан ол, өз шығармаларында берілген, аударманы жасады. 
Шоқанның осы аңызға қатысты жазғаны мен түсіндірмелерінен 
бұл жырдың ноғай баламасымен, сондай-ақ Шығыстың басқа 
халықтарының аңыз-әңгімелерімен де үлкен ұқсастығы бар екендігі 
көрінеді. Ал Шоқан Уәлихановты аңыздың тарихи тұлғалармен және 
шынайы тарихи оқиғалармен байланысы таң қалдырды. 
Осы аңызда суреттелген ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың 
басында болған оқиғалар өдерінің эстетикалық мәнін біздің 
заманымызға дейін жоғалтпаған. Мысалы, «Едіге» жыры оқиғалар 
желісі бойынша ХІҮ ғасырдың аяғына жатады, бірақ, шамамен, ХҮ 
ғасырдың басында құралған. «Бұл қазір тілде жоқ, көптеген ескі 
сөздермен және сөз тізбектерімен дәлелденеді, айта кететін жайт, 
бүкіл рапсодияда бір де бір парсы немесе араб сөзі жоқ, ал қазір ислам 
діні таралуымен, тіпті қарапайым халық өзара жәй әңгімесінде де, осы 
тілдерден енген сөздерді пайдаланады»
4

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет