Баламды Дәлелхан қолына тастап қайтып Қайызға келдім. Жанымда Сейітзада бар еді. Қайтуға жолдас таба алмай Шақабай Қапастың үйінде тұрдым. Мен тұрған жерге 380 үйді бастап қашып Мұқаділ келді. Әйелім Жақсыхан Мұқаділ семьясымен бірге қашып келіпті. Есен-аман сол жерден тауып алдым. Оспанға барып
- Енді тұрудың қажеті жоқ. Кетелік. Жау басатын болса, жауды жарып шыға алмайсың. Бізге баруын үшін алдыңда кесіп ететін үш өткел бар: Мақай өткелі, Тәжінор өткелі, Қажыра өткелі. Осының бәрінің сыртында бір тауды қарауылға алып отырмыз, - дедім.
- Он неше күннен кейін көшеміз, - деп Оспан қалып қойды.140 Сол жұманың ішінде оны қытай қолға түсіріп Жанәбілді өлтірді.141 Олардың жанында шамамен 700 үй бар еді.
Шетелдерге сапар
Мен әйелімді ертіп Тәжінорға келдім. Сол жұманың ішінде Тәкімен қашып келді. Ырымханның әкесі Сапағай екі адаммен
- Аң қарап кетсек аулымызды жау басып айдап кетіпті, - деп келді.
Біз де дереу көштік. Артымыздан жау келіп жұртымызды басты. Дәлелхан, Сұлтан Шәріп, Құсайын, Бағси, мен қатарлы бірнеше адамдар қашып шығып Тибеттің Саржонына келдік. Ыстан көптеген адамдар қаза болды. Біз жиырма сегіз күн көшіп келгеннен кейін Қалибек, Хамза, Шүкен, Омар үкірдай ауылдарымен табыстық.
Біз Тәжінор, Гәскөлмен қашып келдік. Жол бойы Тибеттен ат азық алып жанды бағып 354 күн дегенде Үндістан шекарасына келіп жеттік. Үндістан қызыл Қытай өкіметін танып қойғандықтан бізге:
- Елдеріңізге қайтасыңдар, - деп шекара жолын бермеді.
- Саяси босқын едік. Тәуелсіздік талап етіп келеміз, - дедік.142
Бір рет қытай армиясы келіп басты. Әскери күшпен айдап әкетпекші болды. Аяусыз шайқас жүргізіп қытайды қырып тастадық.143 Үндістан шекарасынан күштеп кіріп алдық. Ақыр Үндістан қабылдады. Құрал жабдықтарды бердік. (195)
Сөйтіп шекарадан өтіп алғаннан соң Дәлелханды “Түркияға барамыз. Біріккен Ұлттар Ұйымына барамыз” деп Ладаққа өкіл етіп жібердік. Үндістанға үш жолмен қашып келдік. Қалибек – Хамзалар Лобнор жолымен келді. Айсабек Емен Буралар Қашқар Қарғылық Қарақұрым жолымен асып келді. Бұл ұйғырлар да бізді тосып жатыпты. Ладақта жүргенде Дәлелханға Айсабек кезігіп өзінің Біріккен Ұлттар Ұйымына немесе Түркияға көшіп кету жөнінде арыз жазғандығын айтқан екен. Екі пікір бір жерден шыққан екен.
Қытай екі рет басқан еді. Екінші реткі шайқастар сұрапыл болды. Бізден Тұрды Қари (ұйғыр) шәйіт болған еді. Және екі қазақ бірі әйел болып жиыны үш адам шәйіт болды.144 Соғысып жатқанда біздің Үндістанға қабылданған бұйрығымыз келді де өтіп шығып кеттік. 18 күн көшіп Ладаққа бардық. Малдың бәрін саттық. Өзіміз айырпланға отырып Кәшмірге келдік. Сапакәділ деген сарайға келіп орналастық. Түркиядан 40 адам өкіл келді. Олар қабылдайтын болды.
Құсман тәйжі, Хамза Жахяұлы, Беги, Кәріштай, Сауытбай, Халипа Алтай, Қайнолла145 қатарлы адамдар басшылық істеді. Түркияға 1954 жылы Сұлтан Шәріппен мен келдім. Бір айдан соң Қалибек – Хамза келді. Сонымен сол күннен тартып түрік мемлекетінің бұқарасы болып паспорт алдық. Кәсіп таңдатты.
Бір бөлім адамдар саудамен қолөнер кәсіп алып Салихлиге орналастық. Бір бөлім адамдар мал, егін кәсіптерін істейтін болып олар да жер алды. Қазір Алтайкөй, Қайсар, Сұлтанкөй дихан болды. Салихли сол кездегі қол өнер кәсіп орны болды. Қазір қолөнерді онан да кеңітіп Ыстамбұл, Анқара біздің мекеніміз болып туыстарымыздың жәрдемінде құлашымызды кең жайып ел болып өсіп өркен жайып отырмыз.
1984 жылы қаңтар. (196)
Өз өмірімде басымнан өткен уақиғаларды жазып кеттім. Әкем дүниеге неге келді екен? Нені істеп, нені сөйледі екен? деп арман етіп жүргенше қайратымның барында басымнан өткен уақиғаларды әдейі жазып қойдым.
Кім қаласа ала берер. Қаласа балаларым, немерелерім, шөберелеріме тарихи мұра болып қала берсін. Өз сөзім өзімдікі. Өскен ел – туған мекен – Алтын Алтай мен қартыңнан саған көп сәлем. Енді бүгін мен құтты Абай айтқандайын:
Дүние деген не деген, қыла жатсам тамаша.
Өзім аулақ өзгеден бір орында оңаша, - деп
Ыстамбұлда төрт ауызды үй салып жатырмын. Жатқанды жарылқасаң жаратқан Құдай мені жарылқа дегендей болып отырмын.
1984 жылы 9 қаңтар
Ауру жүрек ақырын соғады жәй
Шаршап қалған кеудемде тулай алмай
Кейде қан басып кетеді оны
Дөнбекшіген күндерде тыншыға алмай
Қараңғы саңырау ойды қайғы женген
Еркелік пен достықты ауру көрген
Ақылы жоқ, ары жоқ шуылдақты
Күнде көріп күл болып жиіркенген
Барлық ел бәріңе де,
Көп сәлем.
Нұрғожай Молдажанұлы
Библиография
Алтай Х. Алтайдан ауған ел. Алматы, 2000.
Alptekin İ. Doğu Türkistan Davası. İstanbul, 1981.
Әбілқасымұлы С. Оспан Батыр // Оспан Батыр. Алматы 2007, 7-18-бет.
Benson L. Osman Batur: The Kazak’s Golden Legend // The Kazaks of China Essays on an Ethnic Minority. Edited by Linda Benson – Ingvar Svanberg, Uppsala 1988.
Бүркітбай Батыр // Оспан Батыр. Алматы, 2007, 174-177-бет.
Bräker H. Çin – Sovyet ilişkilerinde milliyet hareketleri // Stratejik açıdan Sovyet müslümanları ve diğer azınlıklar. İstanbul, 1988.
Benson L. The Ili rebellion the moslem challenge to chinese authority in Xinciang 1944-1949.
Benson L. – Svangberg I. China’s last nomads the history and culture of China’s Kazaks. New York – London, 1998.
Benson, L. Chinese style, turkic content: a discussion of chinese transliteration of turkic names // Central asian survey, Vol.7, № 1, 1998. 85-96-bet.
Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000.
Зәкенұлы Т. Шығыс Түркістанның құлауы // Атамұра. 27 Наурыз 1988.
Дорж Б. Оспанға қатысты оқиғалар // Оспан Батыр. (Монғол тілінен қазақшаға аударған Ақеділ Тойшанұлы), Алматы, 2007, 54-76-бет.
Forbes A. Warlords and muslims in Chinese Central Asia. London – New York, 1986
Gayretullah H. Altaylarda kanlı günler. İstanbul 1977.
Hayit B. Türkistan Rusya ile Çin arasında. İstanbul, 1975.
Holloway D. Stalin and the bomb. New Heaven – London 1994.
Кулмагамбетов М. Восточнотуркестанская операция // Континент. 1984, № 42, 240-244-бет.
Қайрат Б. Алтай асқан алаш арыстары // Алтын бесік. 2008, № 2, 38-39-бет.
Laird T. Into Tibet The CIA’s first atomic spy and his secret expedition to Lhasa, New York, 2002.
Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999.
Рахметұлы С. Оспан батыр және маршал Чойбалсан // Оспан Батыр. Алматы, 2007, 81-102-бет.
Рахметұлы Ш. Оспан батыр. Баян Өлги, 1995.
Sheng L. Çin’in Xinjiang bölgesi geçmişi ve şimdiki durumu. Xinjiang halk yayınevi, Urumçi, 2006.
Сәмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы, 2000.
Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995.
Шәкенұлы Ж. Алтайдың ақиық батыры // Оспан Батыр. Алматы, 2007, 121-146-бет.
Шагдарсүрэн П. Миний мэдэх маршал Х.Чойбалсан (Дурсамж). Ұланбатыр, 2000.
Тойшанұлы А. Оспан Исламұлы туралы монғол деректемелері // Оспан Батыр. Алматы, 2007, 76-81-бет.
Wang D. Under the Soviet shadow the Yining incident ethnic conflicts and international rivalry in Xinjiang 1944-1949. Hong Kong, 1999.
Wang D. Xinjiang of the 20th century in historiography // Central asian survey, 1995, № 2, 265-283-bet.
Мазмұны
Алғы сӨз 3
Отбасы жӘне балалық шағым 7
Монғолияда сауда істеген күндерім 8
Алғашқы Әскери қызметім 10
Қозғалыс қарсаңындағы қиын күндер 12
Алтайда бізге дейін болған қозғалыстар 14
Есімхан қозғалысының басталуы 20
Көктоғайдың қытай бастығын Өлтіру 22
Жауға қарсы соғыс комитетінің құрылуы 27
Мұса мергеннің шӘйіт болуы 35
Алтай тауына шығу 42
Оспан күш жинауда 45
Жауға берілген алғашқы соққы 48
Алғашқы жеңіс 58
Шың Сысаймен тоқтам 62
Елдің қайта қозғалуы 68
Сүлеймен батырдың шӘйіт болуы 71
Оспан қозғалысты бастауда 75
Кеңес Одағынан қолдау 80
Қалқа жеріне жорық 84
Монғолиямен келіссӨз 87
ЖӘнібек батырдың туы 96
Монғолиялық Өкілдер 99
Қалың жаудың Оспанға шабуылы 102
Бұлғында құрылған ақ үй соғыс комитеті 107
Оспан батырдың сегіз комиссары 109
Коминтерннің бізге қолдауы 110
Чойбалсан мен Оспанның кездесуі 119
Монғолияның кӨмегімен жауға соққы 125
Сұлубай батырдың шӘйіт болуы 127
ШіҢгілге жорық 129
Оспанның балаларының жаудан қаза табуы 135
Ел айдау саясаты қалай туды? 139
Керейді кӨшіру бұйрығы 145
Моншықтағы құрылтай 151
Шың Сысайдан кейінгі жағдай 155
Алтайды жайлаған ашаршылық апаты 157
Оспанмен оңаша Әңгімелесу 161
Генерал СүгірбаевтЫ жаудан құтқарғаным 166
Үрімжі үкіметімен келіссӨз 170
Қытай армиясына ауыр соққы 176
Қосымша айтатындарым 180
Оспанның Алтайға уӘли болып келуі 184
Оспанның үш үймақшылардан безуі 188
Үрімжіде Алтай Өкілі ретіндегі қызметім 193
Алтайда абақтыға қамалуым 197
Үш аймақшылдар туралы Оспанмен пікірлесу 204
Оспанның Алтайдан кетуі 209
Басымыздан Өткендерге шолу 220
Күресіміздегі қаһарман батырлар 222
ДӘлелхан Сүгірбаев жайындағы пікірім 225
Американ консулымен байланыстар 232
Оспан батырдың соңғы күндері 240
Оспанның шетелге шығудан бас тартуы 253
Шетелдерге сапар 254
Библиография 259
Достарыңызбен бөлісу: |