АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр


Үрімжіде Алтай Өкілі ретіндегі қызметім



бет28/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38

Үрімжіде Алтай Өкілі ретіндегі қызметім

Бұл кезде Үрімжіде бандит Шың Сысай үкіметі аударылып, оның орнына У Жу Шұң Шынжаңға жуши болып келіп жатты. Үш аймақ пен Шынжаң арасындағы келіссөзді басқаруға Жаң Жежұң97 келіп жатты.

Мен осы кезде Үрімжіде мемлекеттік мейманханада жатқан едім. Үрімжіде сан-санақсыз құбылыстар болып жатты. Мен бұдан бір жыл бұрын, яғни 1945 жылы 5 тамызда У Жушидің келіссөз бастау жайындағы пікірі бойынша, Оспанның Алтай атынан жіберген өкілі болып Үрімжіге келген едім. Мен сол бойда бір жыл жаттым. У Жуши үкіметі Шынжаңның он аймағынан өкіл шақырды. Үш аймақ өкілі менмін деп Құлжадан Ахметжан, Тарбағатай аймағының өкілімін деп Әбілқайыр төре келді. Олармен еріп Рахымжан Сабыр Қажиёв келді.

- Алтай өкілі сен емессің, - деді.

- У Жуши мені Оспанға жіберген. “Біздің әскер (153) шегінсін, кәдірлер де шегінсін. Алтай уәлиі Оспан сен бол” деп айтқаннан кейін Оспан мені демократиялық өлкелік үкіметті құрысып келуге жіберген, - деп мен айттым.

Екі жақ талас болғандықтан Жаң Жежұң жиын ашып, Алтай өкілі кім болу керек? деген сұрақты ортаға қойды. Лан Қаншау:

- Екі жағына да күмәнмен қараймыз. Оспаннан барып қағаз әкелетіндерің бар ма? - деп сұрады.

- Мен барамын, - деп қол көтердім.

Отырған 1.500 өкіл мақұл болды. Маған Молқы Жүніс дегенді қосып, қос атпен Құмнан шығарып салды. Мен екі күн, екі түн жүріп, Құмдағы Қапас аулына жетіп бардым. Ауылға бармай, Ыбырәкімге кезіктім. Ыбырәкім арқылы Қапасты шақырып алдым. Барлық мән жайды Қапас ұғынып алып, қос атпен Оспанға кетті. Төрт күн дегенде “демократиялық өлкелік үкімет сайлауына қатынасатын құқықты өкіліміз Нұрғожай, Сүлеймен, Сарбай” деген таңба ұрған қағазды әкеліп берді.

1946 жылы 2 қаңтар күні, яғни ІІ шаған мейрамында өкілдік қағазды алып жетіп келдім. Түнімен Оспанның қағазы қытай тіліне аударылды. 1946 жылы 4 қаңтар күні тәңертең үлкен жиын ашылып, Оспанның қағазы барлық өкілдерге оқып берілді. Сол күні Үрімжі қаласында 12.000 адамдық ереуіл жүрді. Бізге Алтай өкілі деп өлкелік киім кигізді. Белгі тақты. Барлық өкілдерді Чүйдалуға апарып қонақасы берді.

Ахметжан Іленің, Әбілқайыр Тарбағатайдың, біз Нұрғожай, Сүлеймен, Сарбай Алтай өкілі болып орын алдық.

Сол күннен бастап Алтай ерекше танылды. Оспан қолындағы шетелдердің 350 адамы 1946 жылы 13 қаңтар күні сағат 9-да еліне қайтып кетті.

Бұл жолы демократиялық өлкелік үкімет құрылды. Демократиялық үкімет мүшелігіне, оның бірі Оспан болып, 25 адам сайланды. (154)

Қосымша Оспанға Алтайдың уәлиі болып таңба жіберілді. Үш аймақ иесі Оспан батырдың, І нөмірден 8 нөмірге дейін сегіз бөлік мың қарулы армиясы болады. Оны мемлекет қамдайды деп жазылды. Солтүстіктегі Оспанға қарасты үш аймақтың орынбасар уәлилерін өлкелік өкімет жіберіп береді. Оңтүстік Шынжаң аймақтарына орынбасарларды үш аймақтан Оспан жіберіп береді деп жазылды. Басқа тармақтарға тоқталмадым. Қағазға қол қойылып, жиын тарады.

1946 жылы ақпан айының орта шенінде барлық ахуалды Оспанға жеткізу үшін мен жүріп кеттім. Жанымда Доғдыр дейтін Қарақас жігіт бар еді. Екі күн, екі түн жүріп, Құмдағы Қапастың үйіне келдім. Оспан мені Қызылшалы белде тосып отыр екен. Менің осыдан бір ай бұрын келгенімде Дәлелхан тобы біліп қойып, осы жерге Қалелдің інісі Қабиды 20 адаммен қарауыл қойған екен. Олар мені аңдып жүріпті.

Мен бірінші жолы келгенімде, бауырым Кененге 20 түйе астық, бұл, шай артқызып жіберген едім. Кененнен менің ахуалымды сұрағанда “Келеді” деп қойғандықтан олар күзетіпті. Мен Ханобаның желкесіне шыға келгенде Қаби мені қоршамақшы болып еді. Біз де екі мауазер, екі бесатар, екі наған бар еді.

- Жақындама! - деп айғай салдым. Бұлардың бізді ұстағалы жүргенін сезіп, 30 адаммен Қапас та келе қалды. Екі жағы атысуға әзірленді. Мен екі жағына да айғай салдым.

- Атыспаңдар! Екі жағың бірдей жүріп мені Алтайдағы Оспан мен Дәлелханға апарып беріңдер, - дедім.

Қабидан Мұқаметжан келді. Қапастан Ыбырәкім келді. Қапастың үйіне барып түстім. Қабилар:

- Үрімжіге қайтарамыз, - деді. Мен:

- Алтайға барамын, - дедім. Сол жерді қыстаған елдің үлкендері түгел келді. Қажақын келді. Қажақын тұрып:

- Нұрғожай Оспанның адамы. Қалқа оларды шауып кетті. Туыстарын өлтіріп кетті. Халыққа зияны жоқ. Ұлтқа келтірген пайдасы бар. (155) Дәлелхан ренжімейді. Алтайға барсын. Өз еркімен барсын. Байлап матамайсыңдар, - деді.

Сәйпіл басшылығында 18 адам жүрді. Сол түні Қарабұлғындағы Кешікбай аулына келіп қондық. Ол үйде бала оқытып жатқан Ержан молла бар екен. Онда бір күн еру болды. Ол жерге Қасен зәңгі, Зал зәңгі, Сағатай зәңгі, Қажбай зәңгі, Шеруші Мұштари зәңгі, Қарақас Жанат келді. Бүкіл Бурылтоғайдағы ел адамдары жиналды. Олар пікірлесіп:

- Нұрғожайды Сарсүмбеге жібермейміз. Қайтадан Үрімжіге қайтарып жібереміз, - десті.

Сонымен төрт күн еру болды. Бүкіл ел адамдары Оспанға қағаз жіберді. Оспан:

- Нұрғожай менің кісім еді. Жіберіп беріңдер, - депті. Сол бұйрыққа сай 18 адаммен Сарсүмбеге жүріп кеттім. Орта жолда Татандікіне бір қонып, Мұсақанның үйіне бір қонып, Қыранды өрлеп Тұлтыға бір қондым. Тұлтыға қонған күні Дәлелханның екі адамы келіп:

- Байлап алып жүреміз, - деді.

Сәйпіл тұрып:

- Байлатпаймыз. Оспан мен Дәлелханға барамын деп өзі келе жатыр, - деді.

Осыдан кейін байланбай еркіммен жүрдім. Базарға кіре бергенде Дәлелхан Жанымханұлы кезікті. Дәлелхан қырдағы аулына бара жатыр екен. Қысқаша амандастық. Әкесінің ахуалдарын қысқа қысқа айтып қойдым. Сұрамаса да үкімет ахуалын қысқа болса да баяндап бердім.


Алтайда абақтыға қамалуым

Мені алып келіп сақшыға түсірді. Ол жерде азықтандық. Дәлелхан қайтып кетті. Сақшыда отырғанымда Мұқаметов дейтін сұрақ бөлім бастығы келді. Келді де мылтық сұрады. Екі мылтықты беріп қойдым. Киімдерімді дамбал бауына дейін алды. Мені алып жүрді де әкеліп абақтыға кіргізді.98 Мен тұрып:

- Сен неге абақтыға кіргіздің? Мен жоғарғының өкілі едім, - деп едім.

- Сен өкіл емессің, қашқынсың, - деп соқты. Содан 12 нөмірлі түрмеге қамап қойды. Жолдасымды айырым бір түрмеге қамап қойды. Үш күн жаттым. Үш күннен кейін темір пеш әкеліп орнатты. (156) Дәретке құман әкеліп берді. Кешінде бір кісілік тамақ келді.

Оспан:

- Абақтыға кіргізбе! - депті. Дәлелхан:



- Болмаса үш ай жатсын. Орыс консуліне аз да болса көз қылалық, - деп келісіпті.

Сол үйде 27 күн жаттым. Бір кісілік тамақ келіп тұрды. 27 күні кеште бір бала келді. Ол бала әскерден қашқан Құл Молқы Нұршыбай деген бала екен.

- Базарқұл Құсманның қолынан қашып, Оспанға барып едім. Өзі көшіп жатыр екен. Абақтылап қой деп айдатып жіберді, - деді.

Сөйтіп ол баладан Оспанның қырға көшкенін түсіндім. Демократиялық өкімет Іледе Әлиханның ұсталғанын сездіріп,99 “Оспан сақ болсын” деп мені жіберген еді. Әлихан хабарын ұғып, Оспанның көшіп шығып кеткеніне қатты қуандым.100 Менің келген себебім де осы болатын. Орыстар мен монғолдар Оспанды алып кетіп қалмасын деп асығыс жіберген еді.

Оспанның да Әлиханның алғашқы хал-ахуалын біліп аман-есен тез шығып кеткені жақсы болды. Жүрегім орнықты. Міндетім орындалды. Бір күннен кейін есік ашылды. Тастембай мен Шертиман келді. Сәлем берді.

- Сізге амандасайын деп келдім, - деді. Мен тұрып:

- Әкең Оспан мен Дәлелхан менің еңбегімнің пайдасын өздері алды да, маған тиетін енші осы деп абақтыға салып қойды ғой, - дедім.

Шертиман Тастембайға қарап күлді де:

- Біздің батыр қалай сөйлейді? - деді.

- Батырыңыз ашуланып жатыр, - деді. Шертиман:

- Батырды қырға көшіріп әкетіп барамын, - деді.

Алты күннен кейін басыма дорба кигізіп, екі әскермен Пазылбек алып жүрді. Сұрақ үйге барсақ Мұқаметов, Тастембай, Ахметбай, Ахмет Зәки молланың үлкен ұлы отыр екен. Тамақ іштік. Дастарқан жиналған соң Мұқаметов сұрақ қылды.

- Нұрғожай неге келдің? Сенде осы Алтайға келетін бет бар ма? деді.

- Менің егіп кеткен жемісімді сен жейсің. (157) Сен Іледе тайни болып, 67 адамды өлтірткен едің. Сен неге келіп жүрсің?

- Мен өкіметтің сақшы бастығымын. Сен отан сатқынысың. Ондай сөз сөйлеуге құқығың жоқ, - деді.

- Мен отан сатқыны емеспін. Мен Алтай халқының тәуелсіздігі жолында өткендегі Шығыс Түркістан тоқтамына қол қойған, азаттық туының астында ант берген адаммын, - дедім.

- Мынадай жалған үгіт қағаз неге таратасың? - деп шкаптан суырып алды да бір топ қағазды үстел үстіне лақтырып жіберді.

- Бұл қағазды мен жазған емеспін. Және таратқан емеспін. Ол, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1945 жылы маусым айында бүкіл дүниежүзіндегі үлкенді-кішілі соғыстар тоқтатылсын деген қарары. Оған Шынжаң демократиялық үкіметтің орынбасары Ахметжан Қасыми қол қойған. Қажет болса сондай адамдарға сұрап ұғысыңыз, - дедім.

Мұқаметбай сөз таба алмай ұрып қалып еді. Мен де ұруға ұмтылдым. Тастембай мынаны айтты.

- Әй Мұқаметбай, біз сізге айтқан едік. Нұрғожай саған сөз бермейді. Жауап алғанды қойып, төбелесесіңдер деген едік. Ісің не болмақ? - деді. Мұқаметбайды шығарып жіберіп, Тастембай мен Ахметбай Тынысайбұлы менің қандай жолдармен қалай көшкенімді ғана сұрап жазып алды.

Мен тұрып:

- Дәлелхан, Тастембай сендердің алдарыңда қар жастанып, мұз төстеніп, барлық шайқаста алда болған едім. Мансапты қайырып қойып, істің алдында жүріп едім. Дайын үкіметке ие болып, енді бүгін Шың Сысай тұсындағы Іле халқының түбіне жеткен атақты кәрі шпионды бұл жерге неге әкеліп алдыңдар? (158) Сендерге беретін жауабым жоқ. Ұзақ жыл төңкеріс істедім. Халыққа қарсы емес едім. Фашистік саясатқа қарсы болып келдім. Бүгін сол фашистік саясаттың шпионың әкеп іске салып, мені абақтыға қамап отырсыңдар, - дедім.

Ол күні қайтып түрмеге барып жаттым. Тамақты қысқартып тастаған еді. Дәрет төгуге, демалуға бес минуттық уақыт беретін еді. Бір күні дәрет төккелі бара жатыр едім. Қарауылдың мылтығын төсегіне іліп жатқанын көрдім. Жүгіріп барып мылтығын оғымен тартып алдым. Дарбазаға барып едік, қарауылдағы екі адам мылтық ұстай алды.

- Мен сендерді өлтірмеймін. Тастембайды шақыр, - дедім.

Тастембай келді. Бес оқты мылтықтың таңдайына салып қойдым. Тастембай дірілдеп жақындай алмай қорқып:

- Не болды сізге? - деді.

- Мені аштан өлтірмексің бе? Үйімнен тамақ алғызып бер. Сұрағың болса, сұра! Қылмысымды мойныма қой! Ататын болсаң, ат! - дедім.

- Күнәң жоқ. Мылтығыңды маған бер, - деді.

Мылтықты бердім. Тамақ молайды. Күндіз жарық үйде отырдым. Түнде барып түрмеде жататын болдым. Жиырма күннен кейін мені қайта шақырды.

- Сен Үрімжіге барарда 85 адамның мөр басып бергені рас па? деді. Мен:

- Рас. Бүкіл қазақты, яғни бес аудан халқын бір ауданның жеріне апарып қамап қойса, мал жұтаса, қазақтар аштан өлсе, қазақ жейтін кебек ұнды орыстар да, монғолдар да сатып бермесе, сондай қиын жағдайда тұрған халық үшін мен тыныштық көкседім. Орыс пен монғол қазақтың қырылғанын күтіп отырғанын түсінгеннен кейін тағы да қазақ өкініштікке ұрынбасын деп ойладым, - дедім.

18 күннен кейін түнде шақырды. Бұл жолы жалғыз ерікті едім. (159) Бір үйге енгізіп жіберді. Барсам Дәлелхан, Тастембай екеуі отыр екен. Дәлелхан түре келіп сәлем берді.

- Ағарып алда жүруші едіңіз. Ат құйрығын бермей кеткеніңіз қалай? - деді.

- Өзің Ресейге кеткенде кімге айтып кетіп едің? - дедім.

Дәлелхан Тастембайға қарап

- Батырың баяғы қайратынан әлі қайтпаған екен, - деді.

Үшеуміз сырластық. Барлық жағдайды бастан ақыр айтып өттім. Дәлелхан осы жағдайлардан хабарсыз екендігін айтты.

- Ертең той жасап сізді қайтарамыз. Барлық адамдармен қол алысып амандасасыз, - деді.

Ертеңінде абақтыдан шығып, Тастембайдың үйіне келдім. Көп адамдар отырыпты. Әбдірасұл мен Келес батыр отыр екен. Көпірде 30 адаммен келе жатқан Дәлелханға тағы да амандастым. Аралға барып, мал сойып той қылды. Менің шығуыма ең бірінші себеп бүкіл Жәнтекей жиылып, 1.500 адам мөр басып қағаз жазып, Дәлелханға тапсырыпты.

- Нұрғожайды босатыңыз. Болмаса қару-жарақ күшімен тартып аламыз, - деген екен. Сондықтан орыстар да мені түрмеден босатуға мәжбүр болыпты.101

1946 жылы 3 шілдеде аман-есен үйіме жетіп бардым. Ауылым Бала Ертістің екі ашасында отыр екен. Дәл отырған жұрты Шұлғау дарасының аузындағы Бала Ертіске құйған жеріндегі жазық екен. Барлық туыстарым арасан басында, жол үстінде тосып отыр екен. Оларға амандасып, үйге бардым. Екі күннен кейін той жасадым. Оспан аулы Ала Айғырда екен. Тойға Оспанды да шақырдым.

Менің малымды Қалқа шауып кеткен болатын. Бүкіл туысқандар 60 жылқы (Оспандікі екі ат), 200-ден астам қой, төрт түйе әкеліп берді. Бүкіл халыққа рахмет айттым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет