Қазыбек би Келдібекұлы



бет2/4
Дата15.09.2022
өлшемі0.99 Mb.
#460770
түріӨмірбаяны
1   2   3   4
Қазыбек би Презентация

Бала биден Дана биге

  • Ел “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 ж. Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал Барақ сұлтан қысастықпен 1748 ж. 24-тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған.

Сен қалмақ та, біз қазақ,

  • Сен қалмақ та, біз қазақ,
  • Қарпысқалы келгенбіз,
  • Сен темір де біз көмір,
  • Еріткелі келгенбіз,
  • Екі еліктің лағын Теліткелі келгенбіз.
  • Танымайтын жат елге
  • Танысқалы келгенбіз,
  • Танысуға келмесең,
  • Шабысқалы келгенбіз,
  • Сен қабылан да, біз арыстан,
  • Алысқалы келгенбіз,
  • Жаңа үйреткен жас тұлпар,
  • Жарысқалы келгенбіз,
  • Тұтқыр сары желімбіз
  • Жабысқалы келгенбіз,
  • Берсең жөндеп бітімді айт,
  • Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
  • Не тұрысатын жеріңді айт!

Қосымша ақпараттар

Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек Арғынның Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би көп өткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет