Азимбаев Ж. А., Нуржан Н. Н. ТоғЫЗҚҰмалақ ойынын үйрену әдістемесі



бет12/15
Дата20.05.2022
өлшемі0.66 Mb.
#458152
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тогызкумалак уйрену адистемеси

Жеребе өткізу



  1. Жеребе жарысқа қатысуға ниет білдірген команданың немесе жеке спортшылардың тапсырыстары негізінде өткізіледі.

  2. Жарысты ұйымдастырушылар алқасы қатысушылар тарапынан жарысқа қатысу туралы мағлұмат алмаса, төрешілер алқасы алғашқы ойынның жасалған жеребесін жаңартып жасамау еркіндігін қалдыра алады.

  3. Реттелмелі швейцар жүйесімен өтетін жарыстарда қанша ойын ойналатыны (турлар) спортшылардың жалпы санына байланысты анықталады.

  4. Ресми жарыстарда алғашқы ойынның жеребесі жарыстың басталуынан 5 сағат бұрын жүргізілуі тиіс.

  5. Келесі ойынның жеребесі кезекті ойын аяқталғаннан 1 сағаттан кейін өткізіледі. Әр ойынның жеребесіне команда өкілінің немесе жаттықтырушының қатысуына рұқсат беріледі. Әр 1 ойынның арасындағы үзіліс 2 сағаттан кем болмауы тиіс.

  6. Реттелмелі швейцар жүйесімен өтетін жарыстарда дәйекті себептерге байланысты ойналмаған ойындарды кезекті жеребе өткізгенде шартты түрде тең ойын деп есептейді.Кейінге қалдырылған ойындар келесі ойын жеребесі жасалғанға дейін ойналуға тиісті және сол ойын нәтижесі келесі ойын жеребесіне енгізіледі.

  7. Реттелмелі швейцар жүйесімен жұмыс жасау тәртібі:

а) реттелмелі швейцар жүйесінде ойыншыларға рейтингтеріне сәйкес кему бағытында реттік нөмірлер беріледі. Рейтингтері бірдей спортшыларға реттік нөмірлері спорттық атақтары бойынша, одан кейін қазақ тілінің алфавиті бойынша беріледі. Әр ойында ойыншылардың жұптарын анықтау үшін компьютерді пайдаланған жөн (жеребе бағдарламалары);
б) компьютер жоқ жарыстарда алғашқы ойынның жұптарын анықтау үшін жеке карточка бойынша (Қосымша 4) жеребе өткізіледі. Онда жарысқа қатысушыларды тең екі бөлікке бөледі. Жоғары нөмірлі ойыншылар бірінші топты, ортадан төменге дейінгі нөмірлі ойыншылар екінші топты құрайды. Алғашқы ойында бірінші топтың 1 нөмірлі ойыншысы екінші топтың 1 нөмірлі ойыншысымен, 2-сі 2-ші нөмірлі ойыншысымен т.с.с. кездеседі.
Алғашқы ойында ойынды кім бастайтыны бірінші және екінші топтың ойыншыларына кезекпен беріледі, яғни бірінші топтағы 1-ші ойыншы бастаушы, 2-ші ойыншы қостаушы, 3-ші ойыншы бастаушы, 4-ші ойыншы қостаушы т.с.с. в) келесі ойынның жұптарын анықтау үшін бірдей ұпай жинаған
ойыншыларды топтастырып, жұптар в) бабының ережесі бойынша құрылады.
Жеребе жасау кезінде төмендегідей шарттар орындалуы қажет:

  • ойыншылардың саны тақ болғанда, (+) ұпайды рейтингі ең төмен ойыншы алады;

  • бір ойыншы екі рет бос бола алмайды;

  • ойыншылар бір-бірімен екі рет кездеспейді, ал жекелей-командалық жарыстарда бір команданың ойыншылары бір-бірімен кездеспейді;

  • егер бірдей ұпай жинаған топтың ойыншысына қарсылас табылмаса, онда ойыншыны «төмен» түсіруге (↓) немесе «жоғары» көтеруге (↑) болады. Жарыс көшбасшылары мен жарыс соңындағы ойыншылардан басқа ойыншыларды қатарынан екі реттен артық «төмен» түсіруге (↓) немесе

«жоғары» көтеруге (↑) болмайды;

  • ойыншы қатарынан екі рет бір түспен ойнай алады;

  • екі ойыншының түстері бірдей болған жағдайда реттік нөмірі кіші ойыншы түсін өзгертеді.

  1. Айналма жүйемен жұмыс жасау тәртібі:

а) айналма жүйесі кезінде командалардың немесе жеке ойыншылардың реттік нөмірі соқыр жеребе арқылы анықталады;
б) ойынның саны мен жұптар арнайы ойын кестесі бойынша анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет