Нұсқаушылық және төрешілік еті тәжірибесі
Балалар-жасөспірімдер мектептердің басты мақсаттарының бірі- оқушыларды бапкердің көмекшісі, нұсқаушы және тоғызқұмалақтан жарыстарды ұйымдастырып, өткізе алатын белсенді қатысушы ретінде дайындау. Спорт мектептерінде спортық-сауықтыру топтарын құруға болады. Жаттығушылардың сандық құрамын, оқу-жаттығу топтарының жұмыстары үшін бапкерлердің еңбек ақысын белгілеуді спорт мектебінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес спорт мектебінің әкімшілігі жүзеге асырады.
Оқу-жаттығу топтарындағы дайындықтың міндеттері- тоғызқұмалақ ойынынң спорттық шеберлігін қалыптастырудың негізгі талаптарын орындау, бұған денсаулық жағдайы, жылдам ойлау әрі ұзақ уақыт есте сақтауды дамытуға бағытталған ақыл-ой қабілетін әрі қарай дамыту, есте сақтауды дамыту әдістері, тоғызқұмалақшының ойлау үрдісінде есте сақтаудың маңызы жатады.
Тәрбие жұмысы және психологиялық дайындық
Сабақ кезіндегі басты міндет спортшыларды жоғары адамгершілік қасиеттерге, Отанды сүюге, ұжымға бейімдеуге, тәртіптілікке және еңбек сүйгіштікке тәрбилелу болып табылады. Адамгершілікке тәрбиелеуде спорттық қызмет маңызды рөл атқарады.
Спортшыларды жарыстарға психолгиялық жағынан дайындау жекелеген және экстремалдық жағдайларға тез бейімдеу нәтижесінде жарыстарда жақсы
нәтижелер көрсете алуға әкелетін және тұлғаға қатысты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады.
Психологиялық дайындық бұл ретте тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу процесі ретінде жүргіліеді. Процесте негізгі тұлға болып жаттықтырушыны педагог есептеледі, оның тәрбиелік қызметі шектелмейді, жаттығу кезеңі мен жарыстар кезінде де спотшы тәртібіне, іс-әрекетіне жетекшілік етеді. Спортшыларды тәрбиелеудің табыстылығы көбінесе жаттықтырушының спорттық дайындық міндеттері мен жалпы тәжірибені ұштастыра білу қабілеттілігімен анықталады.
Сабақтар барысында ақыл-ой тәрбиесінің маңыздылығы арта түседі.
Жарыстар, жарыс жүйелері
Жарыс - қатысушылардың шеберлігін шыңдауға және көрсеткен нәтижелері бойынша спорттық атақтар мен дәрежелер алуға мүмкіндік беретін бәсеке.
Жарыстар жекелей, командалық немесе жекелей-командалық сипатта болады. Жекелей жарыстарда нәтижелер әрбір ойыншыға дербес жазылып, әр ойыншы жеке есептен өтеді. Командалық жарыстарда ойыншылардың нәтижелері толығымен командаға жазылып, есептен тек командалар өтеді. Жекелей-командалық жарыстарда ойыншылардың нәтижелері бір уақытта ойыншыға да, командаға да жазылып,қорытындысында ойыншылар да,командалар да есептен өтеді.
Жарыстар келесі санаттар бойынша өткізіледі: кіші жасөспірімдер (11-12 жас), жасөспірімдер (13-16 жас), жастар (17-20 жас), ересектер (21 жастан жоғары), ардагерлер (40 жастан жоғары). Бағдарламаға ерекше санаттағы қатысушыларға арналған жарыстар да енгізілуі мүмкін: Мүгедектер, Ауыл спортшылары, Оқушылар, Студенттер т.с.с.
Классикалық ойын түрінен жарыс кезінде кіші жасөспірімдер мен жасөспірімдерді әр күні 3 ойыннан артық ойнатпау, ал жастардан бастап әр күні 2 ойыннан артық ойнатпау керек. Әр күнгі ойындар 6 сағаттан аспау керек.
Жарысты өткізу жүйелері: айналма, реттелмелі швейцар, олимпиадалық, матч-турнир.
Айналма жүйеде – барлық ойыншылар немесе командалар бір-бірімен кездесіп шығады. Айналма жүйесі жарысқа қатысушылар саны шағын немесе жарысты өткізу мерзімі жеткілікті болғанда қолданылады.
Реттелмелі швейцар жүйесі бойынша жұптау – ойыншылардың немесе командалардың рейтингілеріне сәйкес өткізіледі.Жарысқа қатысушылардың санына байланысты ойын саны кемінде-5, бірақ 15 турдан аспауы тиіс.
Олимпиадалық жүйе – ойыншы немесе команда жеңіліс сайын қатардан шығып отырады. Бұл жүйені көбінесе жарысты шектеулі мерзімде өткізгенде қолданады.
Матч-турнир – ойыншылар немесе командалар бір-бірімен бірнеше жеке кездесулер өткізеді.
Жарысқа қатысушы ойыншылар мен командалар саны 10 болса айналма жүйесі қолданылады.
Қазақстан Республикасы командалық чемпионатында ғана командалар саны 10-нан асса, өткен жылғы чемпионаттың нәтижесі бойынша екі топқа бөліп өткізіледі.
Жарысқа қатысушы ойыншылар саны 11 пен 30-дың арасын құраса реттелмелі швейцар жүйесі қолданылады, 5-7 ойын ойналады.
Жарысқа қатысушы ойыншылар саны 31-ден асса, реттелмелі швейцар жүйесі қолданылады, 9-13 ойын ойналады.
P.S. Жарысқа қатысушылардың сапалық құрамына орай ойын санын өзгертуге болады. Ойын сандарын тақ жасамай жұп жасауға да рұқсат етіледі.
Келесі жылға арналған жарыстардың күнтізбесі ҚР Тоғызқұмалақ Спорт Федерациясының күз мезгіліндегі (қыркүйек-қазан айлары) отырыстарында талқыланып, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетіне бекітуге ұсынылады.
Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты алғашқы жоба бойынша командалар саны 10 болса айналма жүйемен, 10-нан асса өткен жылғы чемпионаттың нәтижесі бойынша екі топқа бөліп өткізіледі. 2 топқа бөлу «иректеу ізі» тәсілімен жүзеге асырылады, өткен командалық чемпионаттың қорытынды кестесі басшылыққа алынады:
Өткен жылғы Чемпионатқа қатыспаған командалар кесте соңына алфавит ретімен тіркеледі.
Қазақстан Республикасының кешенді ресми жарыстары (Универсиада, Спартакиадалар т.б.) реттелмелі швейцар жүйесімен жекелей-командалық есепте өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |