ЖИНАҚТЫҚ САН ЕСІМДЕР (СОБИРАТЕЛЬНЫЕ ЧИСЛИТЕЛЬНЫЕ)
Қазақ тілінде жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау(-еу) жүрнағы қосылуы арқылы жасалады: біреу, алтау т.б. Жинақтық сан есімдер үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Екеуі келді. Үшеуіне айт.
Бүл сан есімдерге қазақ тілінде сөз түрлендіретін грамматикалық формалар қосыла береді, бірақ олар бәріне бірдей жалғанбайды. Мысалы, көптік жалғау тек қана біреу созіне жалғанады. Мысалы: біреулер келді (белгісіздік есімдігі).
Ал тоуелдік жалғаулары тек семантикалық ерекшеліктеріне карай жалғанады: үшеуің келіңдер, екеуміз барамыз т.б.
Егер жинақтық сандар сөйлемде баяндауыш болса, жіктіктің І-ІІ жағының қосымшалары ғана жалғанады: сендер бесеусіңдер, біз төртеуміз т.б. Ал септік жалғаулары жинақтық сан есімдердің жай түріне де, тәуелді түріне де жалғана береді. Мысалы: үшеуінің жагдайын біл. Алтауды анықта т.б.
Ал орыс тілінде жинақтық сан есімдер (собирательные числительные) екіден онға дейін болады. Төрттен онға дейінгі жинақтық сан есімдер -ер-о аффикстері арқылы жасалады. Мысалы: четверо, десятеро т.б. Орыс тілінде оба^ обе сөздері де жинақтық сан есімдерге жатады. Жинақтык сан есімдер орыс тілінде зат есіммен тіркесіп қолданылады. Мысалы: четверо детей, оба брата т.б. Бірақ жан-жануарлар атаулары мен өйел тегі (женский род) түлғасындағы зат есімдермен жинақтық сан есімдер тіркеспейді. Мысалы: две сестры, два вола т.б.
Ал двое, трое, четверо жинақтық сан есімдер тек көпше формадағы зат есімдермен Атау (Именительный), Табыс (Винительный) септік формаларында тіркеседі. Мысалы: двое щипцов, трое ножниц, четверо саней т.б. Ал басқа септік формаларында трех щипцов, четырем саням деген дүрыс болады.
БӨЛШЕКТІК САН ЕСІМДЕР (ДРОБ&ЪШ ЧИСЛИТЕЛЬНЫЕ)
Екі тілде де бул сан есімдер белгілі бір заттар мен Қүбылыстардың сандык бөлшегін білдіреді. Мысалы: алтыдан үш — три шестых, нөл бүтін оннан тогыз — ноль Целых девять десятых т,б. Қазақ тілінде бөлшектік сан есімдер қүрамы жағынан күрделі, олар есептік сан
есімдердің синтаксистік тәсілмен тіркесе айтылуы
арқылы жасалады: болшектік сан есімдердің
қүрамындағы сөздердің бірінші компоненті Ілік септік түлғасында түрады, екінші сыңары тәуелдік жалғаулы болып келеді: екінің үші, елудің он бесі т.б.
Сонымен қатар, бөлшектік сан есімдердің қүрамындағы сөздердің бірінші сыңары Шығыс септік түлғасында, ал екінші компоненті Атау септік түлғасында беріледі: отыздан елу, тоғыздан бес т.б. Сондай-ақ бөлшектік сан есімдердің қүрамыңдағы сөздердің бірінші компоненті Шығыс септік түлғасында, екінші компоненті Атау септік түрінде қолданылады. Ондайда "бөлігі" сөзі қосылып айтылады: бестен бір бөлігі, екіден бір бөлігі т.б. Қазақ тілінде болшектік мөнді білдіретін жарты, жарым, ширек деген сөздер де қолданылады.
Орыс тілінде бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдердің реттік сан есімдермен тіркесуі арқылы жасалады: бірінші компонент ретінде есептік сан есім аталса, екінші компонент ретінде негізінен коптік форма, Ілік септік (Родительный падеж) түлғасындағы реттік сан есімдер айтылады. Тек одна есептік сан есім мен тіркескен жағдайда реттік сан есім жекеше форма Атау септік түлғасында келеді: одна вторая, одна шестая т.б.
Бөлшектік сан есімдер септелгенде, орыс тілінде бірінші компонент те, екінші компонент те септеледі. Мысалы: три пятых, трех пятых, трем пятым, тремя пятыми, о трех пятых. Ал қазақ тілінде басқаша үлгіде келеді: беспгің үші, бестің үшінің, бгстің үшінен т.б.
Орыс тілінде полтора деген болшектік сан есім
пол, втора деген создердің бірігуі арқылы жасалған.
Бүл создің септелуі де басқаша:
И.п. полтора ( полторы ) Д.п. полутора
Р.п. полутора Тв.п. полутора
В.п. полтора ( полторы ) П.п. о полутора
Сонымен қатар, орыс тілінде бөлшектің ширегі цетверш сезімен де беріледі: четверть площади.
Ал қосарланған заттар пара сөзімен аталады: пара сапог, две пары перчаток т.б.
ТОПТАУ САН ЕСІМДЕР
Қазақ тілінде біркелкі заттар мен қүбылыстардың сан мөлшерін топтап көрсететін топтау сан есімдер деп аталатын ерекше топ бар. Олар есептік, жинақтық, болжалдық сан есімдерге -дан-ден; -тан-тен аффиксін қосу арқылы жасалады. Мысалы: екі жүзден, қырықтан т.б.
' Морфологиялық қүрамы жағынан топтау сан
есімдері дара да, күрделі де болады. Дара түрі жеке сөздермен айтылады да, күрделі түрі сан есімдердің тіркесіп келуі арқылы немесе қосарланып келуі арқылы жасалады. Мысалы: жиырма екіден, қырық-елуден т.б.
Орыс тілінде сан есімдердің бүндай тобы жоқ, бірақ сан есімдердің топтық мағынасы есептік сан есімдердің -по предлогымен тіркесуі арқылы беріледі. Мысалы: по два, по двести т.б.
БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМДЕР
Қазақ тілінде сан есімдердін тағы бір тобы бар.
Олар белгілі бір заттар мен қүбылыстың сан молшерін
дәл атамай, түспалдап атайтын сөздер. Болжалдық сан
есімдер -дай-дей,-тай-тей жүрнақтары арқылы
морфологиялық жолмен есептік сан есімдердің не жинақтық сан есімдердің қосарлануы арқылы жөне шақты, шамасы, тарта, жуық, шамалы, қаралы деген сөздермен тіркесуі арқылы синтаксистік жолмен жасалады, Мысалы: екі жуз алпыстай, екі - уш жылга, он шақты, елуге жуық т.б.
Болжалдық сан есімдер де тек субстантивтеніп қолданылған жағдайда ғана көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдайды. Мысалы: үш жүзге жақын, алпыстайын алды т.б.
Ал болжалдық сан есімдерге жалғанған көптік жалғаулары көптік мағына емес, болжалдау мағына береді. Мысалы: жиырмаларга келген шыгар т. б.
Орыс тіліне болжалдық сан есімдер Ілік септік (Родительный падеж) формасындағы есептік сан есімдердің около шылауымен тіркесіп келуі арқылы, есептік сан есімдермен жинақтық сан есімдердің қосарлануы арқылы беріледі: около пятисот^ два-три раза, двое-трое суток т.б.
Сонымен қатар, орыс тілінде болжалды сан есімдер под, свыше шылаулары, более сөзі жоне қосарланған сан есімдердің -по шылауымен тіркесуі арқылы беріледі. Мысалы: ей было под 40, свыше двадцати тысяч тенге, более девяти случаев, по четыре-пять книг т.б.
Екі тілде де барлық топқа жататын сан есімдер (қазақ тіліндегі болжалдьгқ сан есімдерден басқалары) субстантивтенеді. Осыған байланысты сөйлемде бастауыш, толықтауыш, баяндауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Екінші бүрын келді. — Второй пришел раньше. Екі жерде екі — төрт. — Дважды два — четыре. Он сегіз төртке тең бөлінбейді. — Восемнадцатъ на четыре без остатка не делится.
Сонымен қатар, сан есімдер екі тілде де анықтауыш пен пысықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Сен екінші үйге тоқта. — Ты оспюновисъ во втором доме. Оган күнде екі жүзден төлейді. — Ему платят каждый денъ по двести тенге.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.
-
Екі тілдегі сын есімнің септелуі.
-
Сын есімдердің жасалу жолдары
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі грамматикалық категориялар
-
. Қазақ және орыс тілдеріндегі сөздердің топтастыру принциптері.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптары.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға
-
Аффиксоидтер және интерфикстер.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.
Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.
9 тақырып: ЕСІМДІКТЕР ( МЕСТОИМЕНИЯ)
Дәріс жоспары
1. Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік есімдіктер.
2. Белгісіздік, болымсыздық, жалпылау, тәуелдеу есімдіктері.
Есімдіктердің қазақ тілінде де, орыс тілінде де өзіне тән грамматикалық категориялары жоқ. Олардың басқа сөз таптарынан басты айырмашылығы да осы. Есімдіктер заттың, сынның, санның атын білдірмейді, бірақ зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүмсалады. Олардың мағыналары тек контекске байланысты айқындалады. Мысалы: Майра кеше уйіне ерте келді. Ол сені көп тосты. — Приезжала Таня. Она уехала вчера.
Екі тілде де есімдіктер морфологиялық жағынан есімдер сияқты түрленеді, бірақ өздеріне төн ерекшеліктері бар. Мысалы, субстантивтенген есімдіктер зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданылса, атрибутивтік есімдіктер сын есімдер ретінде қолданылған жағдайда грамматикалық жағынан түрленбейді.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
-
Жіктеу есімдіктері (Личные местоимения)
-
Сілтеу есімдіктері (Указательные местоимения)
-
Сүрау есімдіктері (Вопросительные местоимения)
-
Өздік есімдіктері (Возвратные местоимения)
-
Белгісіздік есімдіктері (Неопределенные местоимения)
-
Болымсыздық есімдіктері (Отрицательные местоимения)
-
Жалнылау есімдіктері (Определительные местоимения)
ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІ (ЛИЧНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ>
Жіктеу есімдіктеріне мен~ я, шы ~ сен, сіз — вы, ол — он, она, оно, біз ( біздер ) — мы, сендер, сіздер — еы, олар - они деген сездер жатады.
Бүл есімдіктер жақтық үғыммен байланысты келеді. Мысалы: Сен бугін келесің бе? — Ты сегодня придешь ? Біз ертец кездесеміз. — Мы завтра встретимся.
Қазақ тілінде плеонастика қүбылысы байқалады. Мысалы: Муны айтқан менмін, естіген сенсің, Тюркологтар жіктік жалғаулары жіктеу есімдікхерінен жасалғанын жан-жақты дәлелдеп берген. Плеонастиканың себебі содан болуы керек. Мысалы: Айтқан менмін. Мүнда -мен — жіктеу есімдігі, мін— осы меннің өзгерген түрі: мен>мін (е - і). Орыс тілінде жіктеу есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды.
Қазақ тілінде жіктеу есімдіктерінің кейбір дауыссыз дыбыстары септеу барысында түсіп қалады: Атау септік — мен — сен — ол Ілік септік — менің — сенің — оның Барыс септік — маған — саған — оған Табыс септік — мені — сені — оны Жатыс септік — менде — сенде — онда Шығыс септік — менен — сенен — онан (одан) Көмектес септік — менімен — сенімен/^ онымен Ал орыс тілінде септеу барысында жіктеу есімдіктерінің негізі өзгереді:
Им.п. — я - ты - он (она, оно) мы - вы -они
Р.п. — меня -тебя - его (ее) нас - вас - их
Д.п. — мне - тебе - ей (ему) нам - вам -им
В.п. — меня - тебя - его (ее) нас -вас - их
Тв.п. - мной - тобой - ею (им) нами -вами ими
П.п. - обо мне-о тебе -о ней(о нем) о нас-о вас-о них
Мүндағы сөз түлғасының танымастай болып озгеруі (ты — тобой, он — ею, им, о ней) ііпкі флексияның салдары деп қараймыз. Ал я - меня, мной болып түрленуін орыс тілін зерттеушілер супплетивизм күбылысы деп түсіндіреді. Алайда бүл олі де зерттей түсуді қажет етеді.
Қазақ тілінде жіктеу есімдіктерінің жіктелуінде де ерекшелік бар. Оларға жіктік жалғаудың барлық жақтарының қосымшалары қосыла бермейді. Жіктеу есімдіктеріне жалғанатын жақ жалғауларын есімдіктерден болған баяндауыштың қабаттасып келген плеонастикалық көрінісімен байланыстыруға болады. Ойткені жіктік жалғау, жіктеу есімдіктері баяндауыш қызметінде жүмсалғанда, бастауыштың жақтық мағынасына қарамастан, баяндауыштын жақтык мағынасына қарай жалғанады, Мысалы: ана ~ сенсің, бала — сіздер т.б.
Екі тілде де жіктеу есімдіктері сөйлемде бастауыш, толықтауыш, баяндауыш, анықтауыш болып кызмет атқарады. Мысалы: Меня зовут Сауле — Менің атым Сәуле. Он любит читать — Ол кітап оқыганды жйқсы көреді. Звучит твоя любимая музыка. Сенің жақсы кәретін кітабыц жоқ. Үстаз — Сізсіз. ~ Педагог — Вы.
сілтеу есімдіктері (указательные местоимеііия;
Сілтеу есімдектеріне бул,осы — это, эта, этот; сол, анау, сонау — тот, то, та; ана — тот, та, то; мына - этот, эта, это; мундаіі, сондай, осындай — такой, такое, такая; әне — вон, міне — вот деген сөздер жатады.
Бұл есімдіктер сілтеу, корсету, нүсқау сияқты мағыналарды білдіріп, қай? қайсы? ~ который? какой? деген сұрауларға жауап беретін атрибутивтік сөздер.
Сілтеу есімдіктері мағына жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы: Бүл кітапты мен оқыганмын. — Эту книгу я читала. Сол кітапты алдым — Я взяла ту книгу. Бүл (это) деген есімдіктер жақындағы, көз алдындағы затты білдірсе, сол (тот, ту) есімдіктері алысырақтағы затқа сілтегендікті білдіреді.
Қазақ тілінде сілтеу есімдіктері атрибутивтік формада тұрғанда септелмейді, көпшеленбейді, төуелденбейді. Тек субстантивтенгенде ғана септік, тәуелдік, көптік жалғауларын қабылдайды. Мысалы: Осыны ал. Анауың дүрыс шешілген. Буныңызды қалай түсінуге болады ? Бұнысы қалай ?
Орыс тілінде сілтеу есімдіктері сын есімдер сияқты септеледі:
И.п. Тот, та, те, столько ^•п. Того, той, тех, стольких
Д-П. Тпмү_ той тр.м г.тппкқмм
"■п. Тот (того), ту, те (тех), столько
Т.п. Тем, той, теми, столькими П.п. О том, о той, о тех, о стольких
Қазақ тілінде сілтеу есімдіктерінің сөйлемдеіі қызметтері де мағыналары сияқты ерекшеленеді. Мысалы: міне, әне деген есімдіктер сөйлемде қыстырма сөз ретінде қолданылып, ешқашан бастауыштың да, толықтауыштың да қызметін атқармайды, ал бул, ол сөздері баяндауыш болмайды, сонау, осынау есімдіктері де толықтауыш, бастауыш бола алмайды. Негізінен сілтеу есімдіктері екі тілде де анықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Сол адамды көрдім. ^ Видела того человека.
СҮРАУ ЕСІМДІКТЕРІ (ВОПРОСИТЕЛЬНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ)
Сүрау есімдіктері мынадай: кім? - кто? что? — не? қанша? (неше?) — сколько? қай? ~ который? қандай? — какой? какая? какое?, қалай? ~ как? қашан? — когда? қайда ? — где ? куда?
Қазақ тілінде қайРдеген негізгі сұрау есімдігінен қайсы?қайдан? қаш/а? сияқты есімдіктер туған.
-Қай,-қан,-қа деген түбірлерден қайсы? қайдаеы, қандай? қанша? қалай? қашан? қашанеы? қашаинан? деген есімдіктер қалыптасқан.
Морфологиялық жағынан сүрау есімдіктерінің ішінен кім?не?қайсы?нешеу?сияқты есімдіктер септеліп те, төуелденіп те, коптеліп те, жіктеліп те қолданыла береді. Мысалы: кім? — кімнің? — қайсың? — кімдер? — кімсің ?
Кім? Не? Неше? деген сүрау есімдіктері ғана кептеледі: кімдер? нешелер, нелер? Тек кім? не? қандай? қанша? қалай? нешіншР. деген есімдіктер ғана жіктеледі: кіммін, қандайсың т.б.
Тоуелденетін есімдіктер: кім? не? қайсы? нешеу? (Кіміңіз?Несі?Қайсың?Нешеуің?). Басқа сүрау есімдіктері тэуелдбнбейді.
Қазақ тілінде «кім» деген сұрау тек адамға, оның туыстығына, мамандығына байланысты сөздерге ғана қатысты қойылады: Ол кім? — Ол бала. Сен кімсің? — Мен мугаліммін. Сен агрономсың т.б.
Орыс тілінде "кто .?"деген сұрау есімдігінің мағына өрісі тым кең. Бүл сүрау жанды заттардың боріне койыла береді: Это кто? — Это человек. Это кто? — Это волк. Это кто? — Это слон. Салыстырыңыз: Бул не? - Бул қасқыр. Бүл не? — Бүл піл.
Салыстырып отырған тілдерде сүрау есімдіктері негізінен сүрау мағынасын тудырады. Бірақ кейде сойлемнің жалпы мағыналық ерекшелігіне және қолдану өзгешелігіне қарай сүрау есімдіктері сүрау мағынасын білдірмей, экспрессивтік мағына береді. Мысалы: Қандай сүлу! — Как прекрасна!
Сабақтас қүрмалас сойлемдерде сүрау есімдіктері қатыстық мағынаны да білдіреді. Мысалы: Кімді айтсаң, сол келеді. — Кто шцет, тот всегда найдет. Екі тілде де сүрау есімдіктері сөйлемде сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қызмет атқарады.
Орыс тілінде сүрау есімдіктері сүрау мағынасын тудырмаса, қатыстық мағына білдіріп, қатыстық есімдіктер (относительные местоимения) деп аталатын жеке бір топ қүрайды. Олар сойлемде негізінен шылаулардың қызметін (союзные слова) атқарады. Мысалы: Я сказал, что знаю. Узнай, который час.
ӨЗДІК ЕСІМДІКТЕРІ (ВОЗВРАТНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ)
Қазақ тіліңде өздік есімдікке жалғыз ғана өз созі жатады. Ал орыс тілінде — себя.
Қазақ тілінде бүл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, әзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша жоне ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады. Мысалы: Әзім көмектесемін. Әзіміз үшін керек.Қазақ тілінде өздік есімдіктің төуеддеулі формада қолданылуында мынадай ерекшеліктер бар: /. Өздік есімдік тәуелдіктің қай жағында түрса, қабаттасатын жіктеу есімдігі де сол жакта қолданылады. Мысалы: өзім — мен өзім, өзің — сен өзің т.б. Бүл жерде істі атқарушы субъектінің өзі екендігін (анықтайды) білдіреді. Орыс тілінде бүл мағына «сам» деген жалпылау есімдігі арқылы беріледі. Мысалы: сам — я сам, сам — ты сам. Мысалы: Ол өзі айтты. — Он сам сказал. Сен өзің білесің. — Ты сам знаешь. 2. Тәуелдеулі өздік есімдік сөйлемде бастауыш болса, жақ жағынан жіктік жалғауды тікелей озіне бағындырады, яғни бастауыш болатын ездік есімдік тәуелдіктің қай жағында түрса, баяндауыш та жіктіктің сол жағында түрады, ал тәуелдеулі зат есімдерде оңдай қасиет жоқ. Мысалы: өзім келдім ~ агам келді, өзің келдің — агаң келді т.б. Төуелдеулі өздік есімдік тоуелдеулі зат есімше септеледі, мысалы: Атау — өзім — әкем Ілік — өзімнің ~ әкемнің Барыс — озіме ~ әкеме Табыс — өзімді — әкемді Жатыс — өзімде — әкемде Шығыс — өзімнен — әкемнен Көмектес — өзімнен ~ әкемнен
Орыс тілінде себя өздік есімдігінің көптік, тек (род), Атау септік формалары жоқ, барлық жақта себя формасында қолданылады. Мысалы: Они купили себе квартиру — Он купил себе костюм ~ Она купила себе платъе.
Екі тілде де өздік есімдіктің тәуелдеулі түрі сөйлемнің барлық мүшесі бола алады, тек орыс тілінде "себя "бастауыштың қызметін атқара алмайды.
БЕЛГІСІЗДІК ЕСІМДІКТЕРІ (НЕОІІРЕДЕЛЕННЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ)
Қазақ және орыс тілдерінде мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздер белгісіздік есімдіктер деп аталады.
Қазақ тілінде бір, әр, әлде деген создердің басқа есііМДІктермен бірігуі арқылы белгісіз есімдіктер жасалады. Мысалы: біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше), әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалаи, әлдеқашан т.б.
Белгісіз есімдіктер қазақ тілінде заттық ұғымды білдіреді де, зат есімше өзгереді, сөйлемде бастауыш немесе толықтауыштың қызметін атқарады. Кейбіреулері анықтауыш, пысықтауыштың қызметін атқарады.
Орыс тіліңде белгісіздік есімдіктері (неопределенные местоимения) сұрау есімдіктеріне -то, -либо, -нибудъ, -кое (-кой) демеуліктері мен не- сөз алды косымшасының (приставкасының) қосылуы арқылы жасалады. Мысалы: кто-то, что-либо, кто-нибудь, некто, ненто, кое-кпю т.б.
Сонымен қатар, орыс тіліңде кейбір
есімдіктердің мағыналары сын есімдер арқылы да беріледі.
Мысалы: данный деген сын есім этот, тот есімдіктері
мағынасын, известный, определенный деген сын есімдер
некоторый, кое-какой, этот, только что
упомянутый деген есімдіктердің мағынасын білдіреді.
БОЛЫМСЫЗДЫҚ ЕСІМДІКТЕРІ (ОТРИЦАТЕЛЬНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ)
Қазақ тілінде болымсыздық есімдіктер еш Деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы Жасалады. Мысалы: ешкім, ешбір, ешқаиіан, ешқандай,
ешқайсы т.б. Орыс тілінде сүрау есімдіктеріне -не, -ни демеуліктерінің қосылуы арқылы жасалады. Мысалы: никто, никого, никаких, ничем т.б.
Қазақ тілінде болымсыздық есімдіктері болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ дегең сөздермен жоне етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады. Мысалы: ешкім келген жоқ, ешкім көрген емес т.б.
Орыс тілінде болымсыздық есімдіктер болымсыздық мағына білдіретін нет созі немесе -не демеулігімен байланысты қолданылады. Мысалы: Никуда не ходила. Ничего нет.
Екі тілде де болымсыз есімдіктер септеледі, сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы: Оган ешкім сенбейді. — Ему никто не верит. Қазір ештеңеге сенуге болмайды. — Сейчас ничему верить нельзя. Бүл ештеңе емес. — Это ничего.
ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІКТЕРІ (ОПРЕДЕЛИТЕЛЬНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ,)
Салыстырып отырған тілдерде мағына жағынан кем дегенде екі не онан көп заттар мен қүбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздер жалпылау есімдіктері деп аталады.
Қазақ тілінде жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, күллі, бүкіл, түгел деген сөздер жатады.
Орыс тілінде сам, весь, все, всякий т.б. сөздер жалпылау есімдіктеріне жатады.
Қазақ тіліңде бар, барлық, барша есімдіктеріне тәуелдік жалғаулары оңаша және ортақ түрінде жалғана береді. Жалпылау есімдіктері жіктелмейді. Жалпылау есімдіктерінің ішінде тек субстантивтенген түрлері тә^елденіп ба^ып қана септеле алады.
Сөйлемде бастауыш, анықтауыш, толықтауыш болып қызмет атқарады. Мысалы: Бәрі келді. Бар байлық — денсаулықта.
Жалпылау есімдіктері орыс тілінде сын есімдер
сияқты септеледі:
И.п. Сам, само, сама, сами
Р.п. Самого, самого, самой, самих
Д.п. Самому, самому, самой, самим
В.п. Сам, самого, само, самое, саму, сами, самих
Т.п. Самим, самим, самой (ою), самими
П.п. (О) самом, (о) самом, о самой, (о) самих
Ал қазақ тілінде тәуелденіп барып
септелетіндіктен зат есімдер сияқты септеледі:
А.с. Барлыгы
І.с Барлыгының
Б.с. Барлыгына
Т.с. Барлыгын т.б.
Сөйлемде сөйлемнің барлық мүшелерінің
қызметін атқарады. Мысалы: Все отказались. Каждая
мать должна думатъ о ребенке.
ТӘУЕЛДЕУ ЕСІМДІКТЕРІ (ПРИТЯЖАТЕЛЬНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ)
Орыс тілінде тәуелдеу есімдіктері жеке бір топқа бөлінеді де, 2 топқа жіктеледі:
а) жіктеу тәуелдеу есімдіктері (личные притяжательные местоимения): мой, наш, твой, ваш;
ә) оздік тоуелдеу есімдіктері (возвратное притяжательное местоимение): свой. Мысалы: Наше общее дело. — Біздің ортақ ісіміз. Я свою мать уважаю. — Мен өз шешемді курметтеймін.
Қазақ тілінде бүл топқа сәйкес келетш есімдіктер жоқ. Осыған байланысты бүл есімдіктер қазақ тіліне тәуелдік жалғаулары мен тәуелдік мағына білдіретін жүрнақтар және өздік есімдіктері арқылы беріледі. Мысалы: Менің кітабым жаңа. — Моя книга новая. Бул кімнің уйі? ~ Это чей дом? — Менікі. — Мой. Өз уйім — өлец төсегім. — Свой дом, своя постель мягкая, как трава
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.
-
Екі тілдегі сын есімнің септелуі.
-
Сын есімдердің жасалу жолдары
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі грамматикалық категориялар
-
. Қазақ және орыс тілдеріндегі сөздердің топтастыру принциптері.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптары.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға
-
Аффиксоидтер және интерфикстер.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.
-
Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.
Достарыңызбен бөлісу: |