Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері №1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет33/50
Дата15.12.2023
өлшемі0.54 Mb.
#486665
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org

Топтық санның жасалуы
Топтық сан атаулары жеке заттардың санын емес, белгілі топтағы заттардың санын білдіреді. Сондықтан олар топтық сан атаулары аталады. Топтық сан атауларын жасайтын арнайы қосымша жоқ. Бұл қызметті шығыс септік жалғауы атқарады. Мысалы, оннан, жүзден, мыңнан т.б. Топтық қосарланған есімдерден де жасала береді: он-оннан, бес-бестен, жүз-жүзден. Мысалы, Әлти жалшыны екіден-үштен емес, елуден-алпыстан жалдайды (С.Мұқанов).

Болжалдық санның жасалуы
Болжалдық сан атаулары екі түрлі тәсілмен жасалады: 1) синтетикалық тәсіл, 2) аналитикалықтәсіл.
Болжалдық сан атауларының синтетикалық тәсілмен жасалуы. Болжалдық сан атауын жасайтын тілде түрлі жұрнақ бар:
1) дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы есептік сан атауларынан болжалдық сан атауын жасайды: отыздай адам, кырықтай бала, елудей мектеп, жетпістей қала т.б. Мысалы, Мектепте төрт жүз елудей бала оқиды (С.Мұқанов).
2) -ер жұрнағы арқылы бір ғана болжалдық сан атауы жасалған, ол - бірер деген сез. Мысалы, Бірер адам үйде қалсын, бірер адам сыртта болсын (С.Мұқанов).
3) -даған, -деген жұрнағы өнімді есептік сандардан болжалдық сан жасай береді: жүздеген, мыңдаған, ондаған т.б. Мысалы, Жомарттың есебінше, ол жүздеген сомдар кіріс енгізбек (Ғ.Мұстафин).
Сонымен бірге көптік жалғауы есептік санға жалғанып, болжалдық сан атауын жасап, сөзжасамдық кызмет атқарады: бестер, алтылар, жетпістер т.б. Мысалы, Сағат алтыларда жиналамыз (С.Жүнісов).
Болжалдық сан атауларының аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Болжалдық сан атауларының аналитикалык тәсіл аркылы 2 түрлі жолмен жасалады: 1) Сан атауларының қосарлануы аркьілы жасалады: он-он бес, кырық-елу, сексен-тоқсан. Мысалы, Оның он бес-он алтыға келген кезі (С.Мұканов).
2) Есептік сан атауларына жуық, тарта, қаралы, шақты, шамалы, шамасында, артық, астам, аса, таяу, жақын шылаулары тіркесіп, олардан болжалдық сан атауларын жасайды. Мысалы, Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген (М.Әуезов).

Бөлшектік санның жасалуы
Тілде бүтін сандық үлгімен бірге, бөлшектік сандық үғым да бар, бірақ оны білдіретін арнайы жұрнақ жоқ. Алайда бөлшектік сандық ұғымды білдірудің өзіндік жолы қалыптаскан. Бөлшектік сандық ұғым есептік сандардың белгілі синтаксистік қатынасқа түсіп, сөз тіркесін жасауы арқылы беріледі: оннан бір, төрттің бірі т.б.

Бөлшектік санды білдіретін сөз тіркесінің сыңарлары белгілі грамматикалық тұлғада тұрады, олар үш түрлі: 1) бөлшектік сан атауын білдіретін сөз тіркесінің бірінші сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрады: онның екісі, үштің бірі, жүздің бесі, мыңның жүзі т.б. Мысалы, Қырықтың бірі қыдыр дейді.


Бөлшектік санның кұрамындағн бірінші сыңар шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауында тұрады: оннан бірі, жүзден екісі, алтыдан бірі, үштен бірі т.б. Мысалы, Жиналған халықтың екіден бірі ашулы (газеттен). Бөлшектік санның құрамындағы бірінші сыңар шығыс септікте, екінші сыңар атау септікте тұрады: бестен екі, үштен бір, оннан үш, алтыдан бір т.б. Мысалы, Кітаптың екіден бір бөлігін оқыдым.
Бөлшектік сандық ұғым есептік санға жарым, жарты, ширек сөздерінің тіркесуі арқылы беріледі:бір жарым, жарты миллион, ширек ғасыр т.б.


Әдебиеттер:

  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.


  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.


  3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.


  4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.


  5. Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.


  6. Шаһарман Г. Қазақ тіліндегі сан есімдерден жасалған туындылардың мағыналық ерекшеліктері. КДА.- Алматы. 1998.



15 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет