Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері №1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет5/50
Дата15.12.2023
өлшемі0.54 Mb.
#486665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org

Сөзжасамның аналитикалык, тәсілі
1.Сөзжасамның аналитикалық тәсілі:
а)аналитикалық тәсілдің сөзқосым түрі
ә)аналитикалық тәсілдің қосарлану түрі
б)аналитикалық тәсілдің тіркестіру түрі
в)аналитикалық тәсілдің қысқарту түрі

Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады. Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нүрдәулет, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б. Бұл мысалдардың біріншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған. Қосымшалы тілдерде аналитикалық тәсіл басқа тәсілдер қатарынан орын алады, бірақ бұл аналитикалық тәсілдің қызметі ондай тілдерде өнімсіз дегенді білдірмейді. Мысалы, неміс, ағылшын, орыс тілдерінде, түркі туыстас тілдерде сөзжасамның аналитикалық тәсілі өте кең түрде қолданылады. Қазақ тілінде де аналитикалык тәсіл көне замандардан бері қарай қолданылып келе жатыр. Ол барлық сөз табының сөзжасамынан кең орын алады. Мысалы, үшбұрыш, тікұшақ, көмір кышқылы, ақсақал, Темірқазық (зат есімдер); кызыл ала, орта бойлы, қызыл шырайлы, ақ шашты (сын-есімдер); кырық сегіз, он алты, екі жүз, бес мың (сан есімдер); кіріп шық, беріп кет, алып кел, алып бер (етістіктер); күні кеше, күндерде бір күн, бүгін, биыл (үстеулер), тарс-тұрс, жалт-жұлт (еліктеуіштер); пай-пай, ойпырмай, бәрекелді (одағайлар). Аналитикалық тәсіл қазақ тілінде барлық сөз табының сөзжасамынан орын алғанымен, оның сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл екенін атау қажет. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады.


Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі екі лексема арқылы жасалады, бірақ күрделі сезде олардың әрқайсысы өзінің жеке түрғандағы мәнін сақтамай, біртұтас мәнге көшеді. Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты аналитикалық тәсілдің төрт түрі бар. Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде ете мол. Аналитикалық тәсілдің бұл ішкі түрлері арқылы жасалған күрделі сөздер де бір-бірінен басқа-басқа болады. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды. Олар: біріккен сөздер, қос сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қысқарған сөздер.
Әдебиеттер:
  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.


  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.


  3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.


  4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.


  5. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.- Алматы, 2000.



6 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет