Қазақстанда тұратын этникалық топтардың елімізге келіп қоныс- тануының алғышарттары, тарихы, демографиясы.
Республика халқының этникалық құрылымы бойынша таралуы мен орналасуы.
Қазақстанда тұратын этникалық топтардың елімізге келіп қоныстануының алғышарттары, тарихы, демографиясы
Бүгінгі Қазақстан территориясын мекен еткен орыс, украин, не- міс, татар, өзбек, кəріс, ұйғыр, дүнген, башқұрт, еврей, күрд, түрік қатарлы көптеген ұлттар Қазақстан жеріне əртүрлі кезеңдерде əрқи- лы себептерге, оқиғаларға байланысты келіп қоныстанды. Осы атал- ған қоныс аударушылардың басы, жоғарыда аталғандай, Қазақстан- ның Ресей құрамына өтуімен, яғни орыстардың келуімен басталады. 1917 жылғы революциядан жəне азамат соғысынан кейін жаппай қо- ныс аударушылық тоқтатылды. Славян тектес халықтардың шоғыр- лануы мен өсуі өндірістік жəне қалалық орталықтарда болды.
Қазақстанға келіп қоныстанған халықтардың үлкен бір кезеңі Қазақстанға арнайы көшіп келген халықтардың тарихымен тығыз байланысты. 1937 жылдың күзінен бастап 1944 жылдың аяғына дейін тоталитарлық саясаттың құрбанына айналған қуғындалған халықтар өз жұртынан қазақ жеріне күштеп көшірілді. Атап айт- қанда, олар – күрдтер, кəрістер, поляктар, Прибалтика, Батыс Украина мен Белоруссия халықтары, немістер, қалмақтар, ин- гуштар, шешендер, балқарлар, қарашайлар, қырым татарлары, месхед-түріктер жəне т.б.
Қазақстанда саны жағынан шет жақтан келген халықтардың ішінде ең көп этнос – орыстар. Қазіргі таңда Қазақстанда тұра- тын орыстардың жалпы саны – 3 793 764 адам.
Украиндар Қазақстан жеріне XIX ғасырдың орта кезінде пайда болды. Сталиндік репрессия жылдарында көптеген ук- раин зиялылары репрессияланды. Олардың көбі украин ұлттық ұйымының мүшелері еді. Ал көптеген украиндықтар Қазақстанға тың жəне тыңайған жерлерді игеру кезеңінде келді. Олардың са- ны – 333 031 адам.
Татарлар. Ресей үкіметі татарларды пайдаланып қазақ жері- не көшіріп, Орынбор, Петропавл, Семей маңына орналастырды. Олар қазақ жерінде оқу, ағарту ісін дамытуға үлес қосты. Қазір елімізде 204 229 татар тұрады.
Өзбектер көбінесе Қазақстанның оңтүстік өңірінде тұрады. Республикада олардың жалпы саны 456 997 тұрғынды қамтиды.
Поляктар Қазақстанға əртүрлі себептермен келген, жер ауда- рылғандар, қоғамдық жағдайлары жəне жас шамалары əртүрлі бірнеше саяси топқа жататын адамдар. Поляк жер аударылғандар ішінде ақындар, жазушылар, суретшілер болды. Қазір Қазақстан- да олардың саны – 34 057 адам
Кəрістер Қазақстанға 1937 жылдан бастап күштеп қоныс аудара бастаған. Республиканың төрт оңтүстік облысында 100 385 кəріс ұлты мекендейді.
Күрдтер Қазақстанға 1937 жылы жер аударылып келді. Рес- публиканың үш оңтүстік облысында 38 325 күрд мекендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |