Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет13/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Украиндар – үнді-еуропа семьясының шығыс славян тобы- на жататын халық. Украиндардың басым бөлігі Қазақстан жеріне ХІХ ғасырдың орта кезінде пайда болған. Олар Сібір казак əске-
рінің құрамында Ертіс əскери бекінісін салуға қатысты. Қазақ- стандағы украиндар тарихы қазақ жерінде 1847 – 1857 жылдары айдауда болған украин ақыны əрі суретшісі Т.Г. Шевченко твор- чествосымен тығыз байланысты. 1861 жəне 1868 жылдардағы Ережелер кейін ерікті шаруаларға жер иеленуге несие жəне жол қаражат төлей бастады, осы жеңілдікті украиндық шаруалар да пайдаланады. Украиндықтардың келесі легінің келуі 1894 жылы Сібір темір жолымен жəне Столыпин реформасымен байланыс- ты. Сталиндік репрессия жылдарында көптеген украин зиялы- лары репрессияланды. Олардың көбі украин ұлттық ұйымының мүшелері еді. Ал көптеген украиндықтар Қазақстанға тың жəне тыңайған жерлерді игеру кезеңінде келді.

Қазақстанда украиндардың жалпы саны 1999 жылы 547054 адамды құрады. Соның ішінде: Ақмола облысында – 62228, Ақ- төбе облысында – 46848, Алматы облысында – 13512, Атырау об- лысында – 1442, Шығыс Қазақстан облысында – 15696, Жамбыл облысында – 10013, Батыс Қазақстан облысында – 19634, Қара- ғанды облысында – 78755, Қостанай облысында – 130449, Қы- зылорда облысында – 844, Маңғыстау облысында –4124, Павло- дар облысында – 62585, Солтүстік Қазақстан облысында – 46980, Оңтүстік Қазақстан облысында – 13039, Астанада – 18070, Ал- матыда – 22835 украин тұрады. Соңғы 2009 ж. санақ бойынша республикада 333 031 украин тұрды. Соның ішінде: Қостанай облысында – 102070, Қарағанды облысында – 6106, Павлодар об- лысында – 48007, Ақмола облысында – 45935, Солтүстік Қазақ- стан облысында – 35673, Ақтөбе облысында – 33976, Астанада



  • 19692, Алматыда – 17397, Батыс Қазақстан облысында – 14900, Атырау облысында – 1231, Шығыс Қазақстан облысында – 10420, Алматы облысында – 8942, Оңтүстік Қазақстан облысында – 7948, Жамбыл облысында – 3888, Маңғыстау облысында – 3290, Қызылорда облысында – 564 украин тұрады.

Белорустар, негізінен, Ресей, Литва, Латвия, Украина, Қа- зақстан жəне Сібірде мекен етеді. 1999 жылы еліміздегі белорус- тардың саны 111927 адамды құрады. Соның ішінде: Ақмола об- лысында – 19475, Ақтөбе облысында – 2569, Алматы облысында

  • 2053, Атырау облысында – 347, Шығыс Қазақстан облысында

  • 4525, Жамбыл облысында – 1481, Батыс Қазақстан облысын- да – 3577, Қарағанды облысында – 21579, Қостанай облысында

  • 25018, Қызылорда облысында – 215, Маңғыстау облысында




  • 612, Павлодар облысында – 8781, Солтүстік Қазақстан облы- сында – 11184, Оңтүстік Қазақстан облысында – 1312, Астанада

  • 5761, Алматыда – 3438 белорус тұрды.

Ал 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша аталмыш этностың саны төмендеп, 66476 тұрғынды құрады. Атап айтқанда, Қостанай облысында – 25018, Қарағанды облысында – 21579, Ақмола облысында – 19475, Солтүстік Қазақстан облы- сында – 11184, Павлодар облысында – 8781, Астанада – 5761, Шығыс Қазақстан облысында – 4525, Батыс Қазақстан облысын- да – 3577, Алматыда – 3438, Ақтөбе облысында – 2569, Алматы облысында – 2053, Жамбыл облысында – 1481, Оңтүстік Қазақ- стан облысында – 1312, Маңғыстау облысында – 612, Атырау об- лысында – 347, Қызылорда облысында – 215 белорус мекендеді.

Басыбайлы құқықты жойғаннан кейін Беларусь жеріндегі ха- лықтардың жаппай миграциясы басталады. Могилев, Витебск, Минск губернияларының өзінен шыққан белорустар Нечерно- земье зонасындағы халықтың 85%-ын құрады. 1861 – 1913 жыл- дары Белоруссияның аталған жəне басқа да губернияларынан 1,5 млн адам көшіп кетті. Белорус шаруаларының көшу бағыты Орал өңірі, Сібір, Қиыр Шығыс, Ресейдің Еуропалық бөлігі болды. 1897 жылғы халық санағы бойынша 540 мың белорус өз елінен тыс жерлерде тұрды. ХІХ ғасырдың соңғы кезеңінде белорус ша- руаларының Белоруссия жеріндегі губернияларына жəне Ресей мемлекетіндегі қалаларға көші-қон үдерісі қарқындады. Белорус- сиядағы губернияларында 1863-1864 жылдары халықтың азат ету көтерілісін патша əскерінің қарулы күшімен басып тастағаннан кейін К. Калиновскиийдің басшылығымен 12 мың белорус Шы- ғыс өңірге қарай қуылды. Олардың көбі сол кезде Қазақстанның батыс өңіріне келіп қоныстанды.

Бірінші жəне Екінші дүниежүзілік соғыстар əсерінен де Қа-

зақстан территориясына белорустардың қоныстануы жалғасын тапты. 1926 – 1938 жылдары тəркілеу, ұжымдастыру жəне реп- рессия, 1939 жылы Батыс Белоруссиядағы белорустардың депор- тациялануы есебінен де қазақстандық белорустардың саны то- лыға түсті. 1946 – 1963 жылдары Белоруссиядан 530 мың адам шығып, олар Ресей мен Қазақстанға қоныстанды. Қазіргі кезде Қазақстанда тұратын орыс, украин, белорус этностарының ұлт- тық-мəдени орталықтары құрылып, «Лада» атты басылымы шы- ғарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет