Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет25/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Оралмандарға қатысты пікірлері мен көзқарастары


Аймақтар

жақсы

шыдамды

немқұрайды

нашар

Солтүстік

28,8

34,6

24,2

5,6

Оңтүстік

42,5

19,7

15,4

7,4

Батыс

46,4

13,7

23,6

4,8

Шығыс

26,6

18,4

24,6

17,2

Орталық

31,0

28,4

29,0

10,6

Алматы қ.

28,2

33,4

18,1

16,1

Қазақстан

34,0

25,0

22,5

10,1

Əлеуметтік зерттеу орталығы жүргізген сауалнамасының жалпы республикалық көрсеткішпен салыстырғанда оралман- дарға деген сыни көзқарас келесі аймақтарда басым болып отыр- ғаны байқалады:



    • шығыста немқұрайды (24,6%) жəне нашар (17,2%);

    • орталықта шыдамды (28,4%), немқұрайды (29,0%) жəне нашар (10,6%);

    • Алматы қаласында шыдамды (33,6%) жəне нашар (16,1%).

Бұл тұрғыда солтүстік жəне батыс аймақтардың орташа ойды білдіргенін көруге болады:

    • солтүстік шыдамды (34,3%) жəне немқұрайды (24,7%);

    • батыста жақсы (46,4%) жəне немқұрайды (23,7%).

Сауалнамаға қарасақ, оралмандар үшін ең қолайлы аймақ ба- тыс жəне оңтүстік өңірлер болып отыр:

– жақсы (46,4-42,5%), шыдамды (13,7-19,7%), немқұрайды

(23,6-15,4%) жəне нашар (4,8-7,4%).

Жергілікті респонденттердің оралмандарға мінездеме беріп қандай сипаттама білдіретіндігіне де көңіл аудара кету өте маңыз- ды. Аталған зерттеулер көрсеткендей, оралмандардың əлеуметтік мəртебесіне респонденттер түрліше ой білдірген. Мысалы, қазақ- стандықтардың төрттен бір бөлігінің қоғамдық санасында сырт- тан келген қазақ ағайындардың «жағдайын жақсартқысы келген- дер» деген пікірдің басым болғанын көреміз.


Қазіргі таңда əлемде тұратын қазақтардың 7-8%-ы ғана елі- мізге көшіп келді. Көштің басы болған соң оларды жоспарлы түр- де қалай орналастырды, қоныстандырды деген мəселе маңызды. Олардың ішінде шетелден келіп жатқан оралмандарды нақты қандай территорияға қоныстандыру керектігіне байланысты мем- лекеттік концепция жоқтың қасы. Тек геостратегия жəне мемле- кеттің қауіпсіздігі үшін солтүстік аймаққа қоныстандыру бағыты ғана тұрақталған. Қазақтану саясатын жүргізу біздің мемлекеті- міздің негізгі мақсаты болып табылуы қажет. Сондықтан да біз- дің ұсыныстарымыз оралмандарды қоныстандыруда келесі негіз- гі бағыттарды қамтиды:

  1. Солтүстік Қазақстанға сырттан келген репатрианттарды орналастырудың қажеттілігі.

Бұл дегеніңіз ұлттық қауіпсіздігімізді нығайтуға бірден-бір амал болып табылады. Қазақ ұлтының солтүстікте аздығы, əри- не, мемлекеттік саясатты жүргізуге бірқатар кедергілер келтіруі мүмкін. Еліміздегі диаспоралар топтасып орналасуы қазақ қоға- мына бейімделуді тежеп отыр. Міне, осындай мəселені оралман- дарды аталмыш өңірге қоныстандыру арқылы жүзеге асырамыз. Мəселен, қоныстандыруды мақсат ете отырып белгіленген елді мекенге 100-200-дей отбасыны біржолата орналастыру. Қоныс- тандырған кезден бастап олардың əлеуметтік мəселесін шешіп беру қажет. Мысалы, мемлекеттік тілде тəрбиелейтін балабақ- шаларды, қазақ тілінде оқитын мектептерді көбейту, балабақша, мемлекеттік мекемелерде ісқағаздарды қазақ тілінде жүргізуге жағдай тудыру. Осыларды орындау арқылы біз көптеген репат- рианттарды аталмыш өңірге əкеле аламыз.

  1. Қоныстанып жатқан қазақ-репатрианттарын республика- мыздың шекаралас аймақтарына қоныстандыру.

Мəселен, оларды жергілікті географиялық жəне климат- тық жағдайды, этномəдени жəне салт-дəстүрдің байланыс- тығын ескере отырып орналастыру қажет. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысына Қытай Халық Республикасынан, соның ішінде Алтай мен Тарбағатай өңірінен келген қазақтарды елі- міздегі шекаралас Алтай мен Тарбағатай өңіріне қоныстанды- ру өте тиімді. Дəл солай Құлжадан келген отандастарымызды Жетісуға, соның ішінде Алматы облысына орналастырған жөн. Негізінде оларға ұқсас табиғи құбылыстардың қатты əсері бар екені шындық.


  1. Оралмандарды жүзіне, рулық-тайпа, туысқандық қатына- сына сəйкес қоныстандыру.

Қазақ ұлты туысқандық қарым-қатынасты өте жоғары дең- гейге қойған. Жоғарыда көрсеткен құндылықтарды пайдалана отырып, шетелден келген ағайындардың бейімделуіне жеңілдік туғызу орынды деп есептейміз. Жалпы алғанда, көптеген ғасырлар бойы қазақтар территориялық мекендері жағынан қалыптасқан үш жүзде шоғырланған. Біз осы қатынасты саяси мəселеде емес, əлеу- меттік-мəдени деңгейде шешуіміз қажет. Оралмандар күнделікті өмірде өзара байланыс жасауы жергілікті қазақтармен мəдениеті, салт-дəстүрлері, сөйлеу диалектісі, менталитеті, жүріс-тұрысы, т.б. əдептері жағынан жақын немесе бір деуге болады. Əлеуметтік ор- таға бейімдеудің бір əдістемесі ретінде қолдануға болады.

  1. Репатрианттарды Қазақстан территориясындағы қолайлы өнеркəсібі дамыған қалаға немесе қалашықтарға қоныстандыру.

Өнеркəсібі дамыған қалаларда еңбек күшінің жылдан-жыл- ға қажеттілігі артуда. Осы сұранысты қанағаттандыру мақсатын оралмандар арқылы шешуге болады. Оралмандарды тұрақты жұ- мыс көзімен қамтамасыз ете аламыз. Сонымен қатар мемлекет та- рапынан жасалып жатқан қазақ ұлтын урбанизациялау саясатын жүзеге асыруға мол мүмкіндік туады. Қазір Қазақстан тұрғында- рының 57%-ы қалада, ал 43%-ы ауылдық жерде тұрады. Соның ішінде қазақтардың 80%-ы ауылдық тұрғындар болып табылады. Салыстырмалы түрде айтсақ, жалпы Еуропа халқының 7-10%-ы ғана ауылдық тұрғындар екен. 1990 – 1999 жылдар аралығында оралмандардың 80%-ы ауылдық жерге орналасқан. Қалалық жер- лерде олар көбінесе Шымкент пен Алматының шетінен берілген арнайы жер телімдеріне қажетті үйлерін тұрғызуға мүмкіншілік алды. 2000 – 2007 жылдар арасында оралмандардың 70%-ы қала- лық жерлерге көшіп келіп қоныстанды. Қазіргі таңда оларды қа- лалық жердегі үй-пəтерлермен қамтамасыз ету мүмкін емес, сон- дықтан оларға жер телімдерін беру керек. Мəселен, 2001 жылы мемлекет тəжірибе ретінде Алматы қаласының шетінен оралман- дарға арнайы жер телімін беріп, соның нəтижесінде Байбесік ат- ты ауыл пайда болды. Аталмыш ауылда шамамен 200-дей отбасы тұрады. Сол сияқты тағы Алматы облысындағы Нұра ауылынан, Павлодардан, Астанадан (Қоянды) жер телімдері оралмандарға беріліп жатыр. Алайда олардың көлемі шектеулі болғандықтан оралмандарды қоныстандыру өзекті мəселеге айланып отыр.


  1. Отандастарымызды демографиялық азаюшылыққа ұшы- раған территорияларға қоныстандыру.

Оларды еліміздің батыс, солтүстік, орталық, шығыс аймақ- тарынан алыс жəне жақын шет мемлекеттерге көшіп кеткен не- міс, орыс, т.б. этностар мекендеген табиғаты қолайлы елді ме- кендерге орналастыруды жалғастыру қажет. Сол елді мекендерді абаттандыруға оралмандарды пайдалану абзал. Сонымен қатар, жоғарыда ұсынғандай, бір елден көшіп келген қандастарымызды қоныстандырғанда шашыратпай бір аудан көлемінде орналас- тыруды естен шығармағанымыз жөн. Олардың тарихи отанына оралуындағы күткен үмітін, жергілікті халықпен өзара қатына- сын жəне қабылдау жағдайындағы стереотиптерінің орындалуын қадағалауымыз қажет. Бұл ұстанымнан туындайтыны – олардың қалыптасқан мəдени-шаруашылық типін, тұрмыстық жағдайын, күнделікті өмірі мен этникалық санасын, психологиясын, қоғам ішіндегі адаптациясы мен бірегейлігін жəне т.б. сақтап қалу мен қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру.

  1. Қазақстандағы кен орындары бар жерлерге қоныстандыру. Ең бастысы – мигранттардың еңбек күшін пайдалану. Мəселен, Моңғолияның ішкері жағындағы қазақтардың көбі кен орында- рында қызмет жасайды. Яғни біз дайын мамандарды игере аламыз. Тағы бір мəселе – Қазақстан территориясындағы экологиялық апаттан тыс жəне болашағы жоқ ауылдарға оралмандарды қоныс- тандырмау маңызды. Алғашқы келген оралмандар Семей өңірін- дегі экологиялық полигон аймағы болып табылатын Қайнар, Абы- ралы, Саржал, т.б. жəне Арал өңіріне қоныстандырылды. Мұндай шолақ көші-қон саясаты ешқандай дұрыс нəтиже бермеді. Олар- дың көбі белгілі бір уақыт мерзімінде табиғаты қолайлы елді ме- кендерге көшіп кетуге мəжбүр болды. Кейбіреулері сол жердегі экологиялық зардаптың кесірін тартып жатыр. Сондықтан шеттен келген қандастарымызды болашағы жоқ ауылдар болып табыла-

тын елді мекендерге мүлдем қоныстандырмауымыз керек.

1991 жылы қарашаның 18-жұлдызында Қазақ КСР Мини- стрлер Кабинетінің «Басқа республикалардан жəне шет елдер- ден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ КСР-інде қоныстандыру тəртібі мен шарт- тары туралы» №711 қаулысы қабылданды. Осы қаулыдан кейін 1991 – 1993 жылдары көшіп келген оралмандар болашығы жоқ елді мекендер болып табылатын ауылдық жерлерге қоныстанды.


Тіпті ауылдық елді мекендер емес, мал бағатын қыстақтарға, бө- лімшелерге, разъездер мен т.б. мекендерге жайғастырды. Мұндай көші-қон қоныстандыру үрдісі де сəтсіз аяқталды. Негізгі себеп

  • жекешелендірудің дұрыс болмағандығы, совхоз, колхоздардың таратылып, жекеменшікке айналуы əлеуметтік күрделі жағдайға алып келді. Ауылдықтардың жұмыссыз қалуы, күнкөрістің кенет- тен төмендеуі, маскүнемдіктің белең алуы, т.б. салдары да оларға əсер етті. Содан кейін жағдайы бар оралмандар қалалық жерлерге көшуге мəжбүр болды.

Қоныстандыру туралы мемлекеттің нақты стратегиясы мен бағдарламасы болмады. Осының кесірінен көптеген оралмандар зиян шекті. Материалдық жəне моралдық жағдайдан қиындық көрді. Мемлекеттік көші-қон саясатының немқұрайды жүргізілу салдары бүгінгі күні үлкен мəселеге айналып отыр. Қайталанған көші-қон үрдісі (немесе басқа облысқа, ауданға көшу) – орал- мандар арасында жиі кездесетін жағдай. Зерттеулерге сүйенсек, оралмандардың 24%-ы тұрған жерлерін ең азы үш рет, көбі он рет өзгерткен. Қайталанған көші-қон үрдісі əсіресе ауылдық жерлер- де қоныстанған оралмандар арасында жиі кездеседі. Солтүстік аудандардан оңтүстік аудандарға ауысып көшу 1990 жылдары кең етек алған, бұл квотаның географиялық тұрғыдан өзгеруіне бай- ланысты ауылдық жерлерден қалаға көшуі əлі де жиі кездеседі.

Мұндай миграцияның жоғары деңгейіне ауылдық жерлерде жұмыс орнының болмауы (колхоз, совхоздардың күйреуі); мек- тептер мен ауруханалардың азшылығы, кейбір аудандарда бала оқыту мүмкіншілігінің болмауы, жақын қалаға бару үшін көлік ақысының жоғары болуы жəне ауылдық инфрақұрылымның на- шар дамығандығы сияқты факторлар жатады. Орталық жəне сол- түстік аймақтардағы оралмандар ауылдық жерлерден қалаға жиі көшеді. Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында рес- понденттердің ең аз бөлігі өздерінің бастапқы тұрған жерлерін өзгерткен. Себептеріне назар аударсақ, қоныстандыру саясатын нақты зерттеп, оған дұрыс баға бермегендігі. Сонымен қатар уа- қыт өте қоғамдық пікірді ескермеу, бюрократиялық тəртіппен жү- зеге асыру, ақпараттардың жетпеуі көші-қон саясатында кемші- ліктер бар екенін көрсетті.

Интеграция үрдісінде мемлекеттік мекемелердің алдында ре- патрианттарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мəселесі тұрады. Квотаға енгізілу дегеніміз – тұрғын үймен қамтамасыз ету деген
сөз, сондықтан да олардың квотасының өсуі қаржымен қамтама- сыз ету жəне ұйымдастыру қиыншылықтарын туғызады. Бүгінгі күнде мемлекеттік дотациялардың басым бөлігі оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге 2005 жылы 8044223 теңге мем- лекеттік бюджеттен бөлінді.

Квотаға енгізілмегендер уақытша немесе тұрақты үй алуға мемлекеттен көмек ала алмайды. Көші-қон комитетінің мəлімет- теріне қарағанда оралмандардың 48,3%-ы тұрғын үймен қамта- масыз етілген.

Тұрғын үймен жеткілікті қамтамасыз етілмеу мəселесін оралмандардың көп шоғырланған облыстарында көрініс тапқан: Оңтүстік Қазақстанда – 11,9%, Маңғыстауда – 31,9%, Алматы қа- ласында – 47,1% жəне Жамбыл облысында – 49,1%. Қазақстан- ның оңтүстік өңірлері квотаға енгізілмеген оралмандарға жəне қайтып келген иммигранттарға қолайлы. Одан басқа квотаға енгі- зілген оралмандар да бұл аймақтарға көптеп көшіп жатыр. Олар- ға қойылған сұрақтарға орай байқағанымыз, репатрианттардың ішінде 29%-ының жекеменшікте тұрғын үйлері бар екен.

Квотаға енгізілген оралмандар кейбір көмекті алса, одан тыс отандастарымыз тұрғын үйді өздері табуға міндетті. Жергілікті басқару мекемелері материалдық көмек көрсете алады, бірақ қол- дағы қаржылар тым аз. Нақты айтар болсақ, тұрақты немесе уа- қытша үйінің болмауы – оралмандардың Қазақстанға келгендегі ең бірінші мəселесі.

Негізінде Қазақстан Республикасы репатрианттарды өзінің тарихи отанына қайтару саясатын басым приоритеттердің бі- рі деп есептейді. Тұжырымдамалардың негізгі мақсаты – қазақ- тарды тарихи отанына оралтып, ұйымдасқан түрде орналастыру, тұрғылықты жерінде тиісті жағдай тудыру. Қазақ-репатриант- тарды тарихи отанына оралту халқымыздың сан жағынан өсуіне əсер етіп, демографиялық жағдайды жақсарта түспек. Керісінше, ішкі демографияда қазақтардың демографиялық өсіп-өркендеп даму мүмкіншілігін жүзеге асыра алмауымыз қазірдің өзінде ай- қын болып тұр.

Мəселен, Израильде еврей репатрианттары көшіп бар- ған кезде оларға белгілі мөлшерде əлеуметтік жағдай жасайды. Анықталған елді мекенге өздерінің қалауы бойынша қоныстан- дырады. Бірақ репатрианттар сол жерге кемінде үш жыл тұруы міндетті. Олар үш жыл ішінде жайғасқан мекенінде əлеуметтік


ортаға бейімделу үдерісінен өтуі керек. Бұл Израильдің көші-қон заңының бірінші бабында көрсетілген. Еврейлердің көбі ана ті- лін білмей барды. Бізде керісінше, шетелден келген қандастары- мыздың 98%-ы қазақ тілін жетік біліп, елге келеді. Ал Ресейде орыс репатрианттарын Ресей Федерациясының солтүстік өңіріне шоғырландыруды алдына мақсат қойып отыр. Біріншіден, олар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Сонымен қатар еңбек миграциясын ұлттық негізде жасап жатыр. Бізге де мемлекеттік көші-қон саясатымызды жетілдіру керектігі уақыт талабы болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет