Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


Оралмандарды қоныстандыру мен орналастырудың этникалық ерекшеліктері мен басым бағыттары



бет24/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Оралмандарды қоныстандыру мен орналастырудың этникалық ерекшеліктері мен басым бағыттары

Қазіргі кезде Қазақстанның барлық өңірлері мен облыста- рында оралмандар тұрып жатыр. Олардың басым бөлігі, яғни 122 131 адам Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Бұл көр- сеткіш шамамен Қазақстанда тұрып жатқан барлық оралмандар- дың 26%-ын құрайды. Екінші орында оралмандар саны бойынша Маңғыстау облысын бөліп көрсетуге болады. Мұнда оралман- дардың 61 737 немесе 13%-ы тіркелген. Алматы жəне Жамбыл облыстарында 60 770 жəне 49 365 оралман орналасқан. Оралман- дар аз көшіп келген аймаққа Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жəне Алматы мен Астана қалалары жатады.

Мұндай қоныстандыру жағдайы əртүрлі факторлармен ай- қындалады. Айта кетсек, квота нақты өңірлік бөлініске бағыт- талған, сондықтан да ол оралмандардың өмір сүру шекарасын шектейді. 1990 жылдары квота көбінесе Солтүстік Қазақстанға бағытталған болатын. Біріншіден, бұл сол жылдары етек алған
солтүстік жəне орталық аумақтардағы эммиграциялық ағымдар- дың халық санын төмендетуге əкеліп соққан залалдарын жабу мақсатында жүргізілген еді. Екіншіден, аталмыш өңірлерде жер- гілікті қазақтардың басқа халықтармен, əсіресе орыс тілділермен салыстырғанда аз болуына байланысты репатрианттардың жібері- луі мемлекет тарапынан ойластырылып жасалған деп есептейміз.

Миграциядағы өзгерістерге сай квота кейінгі жылдары оң- түстікте орналасқан облыстарға жылжи бастады, бұл оралман- дардың ұсынысы мен талаптары бойынша қоныстандыру үдері- сіне (географиялық бағытына) сай келеді. Мысалы, 2005 жылы квотаға енгізілген оралмандардың 73%-ы (15 000 отбасының 10 885-і) Өзбекстаннан көшіп келіп, Оңтүстік Қазақстанға қо- ныстанған. Себебі квотаға енгізу өтінішін бергендер қай облыста тұрғысы келетіндігін көрсетеді. Осы өтініш бойынша таңдау өкі- леттігі бар облыстық Көші-қон департаменті квота лимитіне не- гіздеп нақты шешім қабылдайды. Ал оралманның берген өтініші белгілі бір облыстан өтпей қалса, ол басқа облыстың квотасына енгізілмейді. Яғни оның өтініші сол облыстың квотасына ілікпе- се, ол тіптен ешқандай квотаға кірмейді. Ондай жағдайда олар өтінішін тек қана келесі жылы қайта бере алады.



Оралмандарды мемлекет тарапынан қолдау. Оралмандарды құқықтық қолдау 1997 жылы шыққан «Халықтың көші-қоны ту- ралы» заңына негізделген. Бұл заңда Қазақстан Республикасына көшіп келген барлық оралмандарға байланысты интеграциялық шаралар қарастырылған. «Халықтың көші-қоны туралы» заңы- нан басқа əртүрлі нормативтік-құқықтық актілер бар. Жыл сай- ын оралмандардың бейімделуіне қаржы мемлекеттік бюджеттен жəне шетелдік ұйымдардың қаржылық акциялары арқылы квота бөлінеді. Халықаралық ұйымдар еліміздегі көші-қон мəселесін зерттеп, өздерінің қаржылық көмектерін берумен келеді. Солар- дың қатарына БҰҰ, ХКҰ – Дүниежүзілік көші-қон ұйымын жат- қызуға болады. Германияның көші-қон саласындағы тəжірибесін алып қарайтын болсақ, олар 1947 жылдан бастап миграцияға бай- ланысты арнайы мемлекеттік қор құрған. Осы қор 1940 – 1950 жылдар ішінде көбейіп, 1980 жылдардың екінші жартысы – 1990 жылдардың басында Шығыс Еуропа мен бұрынғы КСРО-ның құ- рамындағы одақтас республикаларындағы неміс диаспоралары тарихи отанына көшіп келгенде жиналған қаржы солардың игі- лігіне жұмсалған.
Квотаға енгізілмеген қандастарымызды қоныстандыруына өздері көшіп келген елдің жақындығы, жұмыспен қамту деңгейі сияқты факторлар əсер етеді. Мысалы, көптеген оралмандар Оң- түстік Қазақстанға Өзбекстан, Тəжікстан, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан, Пəкістан мен Түркиядан көшіп келген. Олар бұл об- лысты бұрынғы тұрған жеріне жақын болғандықтан жəне қо- лайлы ауа райы мен экологиясына байланысты, сонымен қатар аталмыш өңірдің əкімшіліктері репатрианттарға қажетті жағдай жасайтынына байланысты таңдаған. Сондай-ақ сырттан келген отандастарымыз орыс тілінің үстемдігі осы аймақтарда төмен екендігін, облыста қазақ тілділердің көптігін жəне қазақ халқы- ның əдет-ғұрпының, салт-дəстүрлерінің сақталғандығын ескеріп отыр. Облыстарды таңдауда репатрианттардың жақын туысқан- дары мен руластарын есепке алуы жəне атақоныстарына деген сүйіспеншілігін ұмытпағанымыз жөн.

Жоғарыда айтылғандай, Маңғыстау облысы оралмандар са- нына байланысты екінші орында тұр. Бұл облыс Түрікменстан, Өзбекстан, əсіресе Қарақалпақстаннан келген оралмандарға қо- лайлы. Олар осы облыста тұрып жатқан оралмандардың 95%-ын құрайды. Біздің ойымызша, мұндай қоныстанудың негізгі себеп- тері төмендегідей:



    • репатрианттардың ата-бабаларының XVIII – XX ғасырлар- ды түрлі себептермен аталмыш өңірден кетуіне байланысты;

    • Түрікменстан мен Өзбекстанның тарихи түбірінің жақын болуы, нақты айтқанда, Кіші жүздің сан алуан ру-тайпа- ларынан, соның ішінде Байұлының адайлары, Жетірудың табындары болған соң да бұл өңірге қоныстанғысы келеді;

    • жергілікті жердің ауа райы мен экологиясының ұқсастығы;

    • аталмыш облыста мемлекет тарапынан мұнай-газ инфра- құрылымының дамуы мен тұрақты деңгейдегі жоғары жа- лақының төленуі. 2002 жылы Маңғыстауда бұл көрсеткіш жалпы ұлттық деңгейден 91,1% көбейді.

Қазіргі таңда оралмандарды қоныстандырудың ерекшелікте- рі мен бағыттары өзекті мəселелердің бірі болып саналады. Олар- дың осында тұрақтануы мен бейімделуінде айтарлықтай қиын- шылықтардың болғандығы сөзсіз. Олар:

    • Ақтау жəне Жаңаөзен қалаларында пəтерлер мен жеке тұрғын үй салуға əкімшіліктер тарапынан қажетті жер те- лімдердің жетіспеуі;




    • жұмыс немесе өндіріс орындары отбасының барлық ере- сек мүшелерін қамтамасыз ете алмауы;

    • мұнай-газ салаларынан басқа қызметке орналаса алмауы;

    • жергілікті аймақта күнкөрістің қымбатшылығы, ет, сүт, көкөніс жəне т.б.

Ендігі кезекте 1991 – 1996 жылдары Моңғолиядан өзінің та- рихи отанына қоныс аударғандар арасында жүргізілген əлеумет- тік зерттеулерге назар аударсақ. Көрсетілген жылдар арасында сол елден қоныс аударғандардың саны 62,8 мың адамды құрайды. Бұл сол жылдары республикаға жалпы алыс жəне жақын шетел- дерден келген оралмандардың 45,1%-ын, соның ішінде шетелден келгендердің 90,0%-ын қамтыды. Репатрианттардың 16,6%-ы

  • Қарағанды, 9,1%-ы – Жезқазған, 13,2%-ы – Павлодар, 9,9%-ы

  • Ақмола, 4,5%-ы – Алматы, 9,5%-ы – Талдықорған, 8,7%-ы – Семей, 5,8%-ы – Көкшетау облыстарына қоныс тепті. Осындай көрсеткіштерді талдай отырып, көшіп келушілердің басым көп- шілігінің солтүстік облыстарға орналасуы ауа райының ұқсас- тық белгілеріне байланысты болып отыр. Бұл аумақтағы қоныс аударушылардың 62,5%-ы Павлодар жəне Ақмола облыстарының үлесіне тиген. Сондықтан да социологиялық зерттеулер осы об- лыстарға орналасқан репатрианттарды қамтыды.

Қазақстанға қоныс аударғандардың басты мақсаттарын са- раласақ, сауалнамаға жауап берушілердің 73,4%-ы атамекенде өмір сүргісі келетіндерін, 69,4%-ы ұрпақ тағдыры үшін алаң- дайтынын, 45,4%-ы тарихи отанға қызмет істеу, республика- ның дамуына үлес қосуды, 35,2%-ы туыстармен бірге болуды, 23,4%-ы отбасын жақсартуын көрсеткен. Осы зерттеуде репат- рианттардың жаңа ортаға қоныстанып, тұрақты тұрып қалу жағ- дайына назар салсақ, социологиялық зерттеулер «снежный ком» əдісі бойынша жасалды. Жауап берген респонденттердің 27,4%- ы бастапқы қоныстарын өзгерткен. Олардың 27,7%-ы – Ақтөбе, 21,1%-ы – Қостанай, 15,3%-ы – Талдықорған, 10,2%-ы – Семей, 7,3%-ы – Көкшетау, 5,8%-ы – Жезқазған облыстарынан болса, өз- ге өңірлер бойынша төмендегідей көрсеткішті құрады: Алматы

– 58,0%, Ақмола – 43,0%, Көкшетау – 27,2%, Павлодар – 26,6%, Талдықорған – 25,4%, Қарағанды – 24,8%. Бұдан ішкі ауытқыма- лы көштің де біршама ауқым алғандығын жəне оған əртүрлі əлеу- меттік-экономикалық жəне рухани себептердің əсер еткендігін байқауға болады. Респонденттердің алғашқы мекендерін басқа


қоныстарға өзгертуінің басты себептерін анықтағанда, төменде- гідей бағыттар байқалады:

    • 21,3% өз туыстары мен жерлестеріне жақындауы;

    • 18,0% жергілікті əкімшілік тарапынан болған түсінбеушілік;

    • 15,6% ауа райының қолайсыздығы;

    • 13,6% мамандықтары бойынша қызметке орналаса ал- мауы;

    • 10,6% орналасқан мекенінің шалғай жерлерде болуы;

    • 6,5% орыс тілін білмеуі, балаларының білім алуындағы қарама-қайшылықтары, əлеуметтік мəселелерінің шешіл- меуі.

Жалпы айтқанда, еліміздің түрлі облыстарында қазақтардың пайыздық үлесі əртүрлі. Мысалы, Оңтүстік, Шығыс жəне Сол- түстік Қазақстан облыстары халық тығыз қоныстанған аймақтар болып есептеледі. Керісінше, Орталық жəне Батыс Қазақстанда ондай көрсеткіштер төменірек. Басқа облыстармен салыстарған- да Атырау, Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облыстары мен Астана, Алматы қалалары өздерінің табиғи өсуімен ерекшелене- ді. 1989 – 2005 жылдары қазақтардың саны 2 млн 228,3 мыңға

(34,2%) өсті. Қазақстан 1993 жылы дүниежүзінің 175 мемлекеті ішінде 54-орынға ие болса, 1997 жылы 93-орынға түсті, ал 2004 жылы ол көрсеткіш 78-орынға табан тіреді.

Осы демографиялық қауіпсіздік мəселесі Қазақстан Респуб- ликасының 1998 жылдың 26 маусымында қабылданған (2000 жылдың 28 сəуірінде өзгерістер енгізілді) «Қазақстан Респуб- ликасының ұлттық қауіпсіздігіне қатерлер» деген 5-бабының 11-тармақшасында демографиялық жағдайдың нашарлауы, оның ішінде туудың күрт төмендеуі, өлім-жітімнің көбеюі, бақылан- байтын миграциялық процестердің пайда болуы ұлттық қауіпсіз- дігімізге қатер екенін баса айтқан.

Белгілі демограф М.Б. Тəтімовтің: «Миграциялық процес- тер тиімді түрде реттеуді, ел ішінде басқаруды, дұрыс қоныс- тандыруды талап етеді. Онсыз Қазақстанның толық дəрежедегі мемлекет болып қалыптасуына кесірін тигізері анық. Сондық- тан да бұл бағытта бізге тек миграциялық заң ғана керек», – де- ген тұжырымдары жоғарғыда айтылғандарға да байланысты жəне өте өзекті. Еліміздегі демографиялық депопулизациядан құтқарудың амалын тек сыртқы қазақ миграциясы арқылы тол- тырып жатыр.


Осы аймақтарда тұратын азаматтардың оралмандарға қатыс- ты пікірлері мен қөзқарастары əлеуметтік зерттеу сауалнамасы нəтижесінде алынып отыр (4-кестені қараңыз).


    1. кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет