Қазақтардың өз еліне оралу процесі (репатриация).
Оралмандарды қоныстандыру мен орналастырудың этникалық ерекшеліктері мен басым бағыттары.
Қазақстандағы репатриация мəселесіндегі қиыншылықтар.
Қазақтардың өз еліне оралу процесі
(репатриация)
Қазақ жерінен тыс жерлерде 4,5 млн қазақтар алыс жəне жақын шет мемлекеттерде мекендейді. Кеңес дəуірінен кейін бұрынғы КСРО территориясында құрылған 14 мемлекетте дү- ниежүзінің басқа 25 елінде мекен ететіні белгілі. Бүгінгі таңда қазақ диаспорасының қолға алынуы еліміздің тəуелсіздік тұғы- рының нығая түскендігін көрсетіп отыр.
Қазақтардың əр кезде қандай себептермен шетелдерге қоныс аударуына келетін болсақ, ен алдымен олардың шетелге ауған ке- зеңдерін қарастырамыз:
Бірінші кезең – 1720 – 1750 жылдар аралығы, «Ақтабан шұ- бырынды, Алқакөл сұлама жылдары».
Екінші кезең – ХІХ ғасырдың басы, бір жағынан, Қоқан хан- дығының, екінші жағынан, Ресей өкіметінің отаршыл саясатынан қашып Тянь-Шаньның солтүстігіне ауды.
Үшінші кезең – ХІХ ғасырдың 60-80 жылдары Ресей мен Қытай арасында жер бөлінісі болғанда мыңдаған қазақтар Қытай мемлекетіне қарап кетуі.
Төртінші кезең – Ресей империясының отаршыл саясаты- на қарсы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезеңі, Ресей импе- риясының жаппай репрессиясынан қашып, шетелге ауды.
Бесінші кезең – 1929 – 1933 жылдар, Сталин репрессиясы ке- зеңі.
Қазақтардың шетелге кетуінің нəтижесінде Қытайда – 1 млн 300 мың қазақ, Түркияда – 30 мың қазақ, Иранда – 15 мың қазақ, Ауғанстанда – 45 мың қазақ, Моңғолияда – 157 мыңнан астам қа- зақтар тұрып жатыр.
1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұл- тан Назарбаевтың «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» атты хаты жарияланды.
1992 жылы «Көшіп келу туралы», «Азаматтық туралы» заң- дар қабылданды. Бұл заңдарда қазақ диаспорасы өкілдерінің ата- мекенге оралуына байланысты көптеген жеңілдіктер көзделген.
1991 – 1995 жылдары Қазақстан Республикасына тұрақты өмір сүруге ТМД жəне алыс шетелден 137919 қазақ көшіп келді. Негізінен, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Украина, Тəжікстан, Балтық жəне Кавказ елдерінен: 49,4% қазақ-иммигранттар алыс шетелден: Моңғолия, Иран, Түркия, Қытай, Ауғанстаннан бол- ды. Моңғолиядан келген иммигранттардың негізгі ағымы (1991
1993 ж.) бірінші үш жылда 60 мың адамға жеткен.
Келесі жылдары олардың келуі азайған. 1996 – 1999 жыл- дар аралығында Қазақстанға 2529 адам келген, бұл алдыңғы төрт жылмен салыстырғанда 25,1 есеге аз, ал республикадан 623 адам кеткен. Оралмандардың көшіп келуінің өсімі 1996 – 1999 жылда- ры небары 1906 адамды құраған. 1989 – 1999 жылдар аралығында республикаға тұрғылықты тұруға 43 057 оралман көшіп келген (21 636 еркек жəне 21 421 əйел). Оралмандардың көп бөлігі ауыл- дық жерлерге қоныстанды, 76,8%. Олардың негізгі қоныстанған жерлері – Ақмола, Қарағанды, Алматы, Павлодар жəне Шығыс Қазақстан облыстары болды. Көшіп келгендердің елге бейімделуі қиын жүрді, өйткені олар Қазақстанның барлық жеріне шашы- ранды орналасқан еді.
Соңғы жылдары оралмандардың республика ішілік көші-қо- ны байқалуда. Тек 1997-1998 жылдары алыс ауылдық аудандар жəне ауылдан қалаға, Қарағанды облысының ауылдарына, облыс орталықтарына жақын жерлерге 650 оралман отбасы қоныстан- ған. Олардың көшуіне Қазақстанның көпшілік аудандарында- ғы қатаң климат, қыстың суығы, тұрмыстық қажеттіліктері жə- не жерлерін игеруге қажетті құралдардың жетіспеуі, т.б. оларды (жұмыс табуға үміттеніп) қалаға көшуге мəжбүрлейді. Моңғо- лиядан келген оралмандардың бейімделуі өте қиын болды. Олар- дың орыс тілін айтпағанда, менталитеті жəне тілі жергілікті қазақ тұрғындарынан өзгеше.
Көші-қонды соңғы төрт-бес жылда тығырыққа əкеп тіреген себептерге тоқталсақ, ең бастылары: 1995-1996 жылдары Қазақ- станның өзінде экономикалық дағдарыс басталғандығы, осының
салдарынан көшті қабылдаушы негізгі объект – ауылшаруашы- лығына тым ауыр тиді. Көшіп келушілерге қысылтаяң өмірдің ауыртпалықтарын түсіну үшін белгілі уақыт керек еді, осы жағ- дайларға бірі үйреніп, екіншісі үйрене алмады. Көшіп келуші- лердің кейбіреулері не мақсатпен келе жатқанына мəн бермей, көштің дүбіріне ілесіп келіп, мұндағы өмір мен əлеуметтік тұр- мыс-талабына төтеп бере алмайтынына көзі жетіп кері қайтқан. Осы мəселелерге байланысты 1997 жылы 13 желтоқсанда «Көші- қон туралы» заң қабылданды.
Міне, оралмандардың жоғарыда айтылған өзекті мəселелері қазақ елінің зиялы қауымын ойландырмай қоймағаны анық. Бұл қазіргі заман қыспағынан болып отырған кемшіліктер. Жер кө- лемі мен табиғи байлығы жөнінен дүниежүзіндегі ең үлкен ел- дердің қатарынан орын алатын Қазақстанның болашағы өте зор. Қазір өтпелі кезеңде көптеген қиыншылықтардың бары жасырын емес, мұның бəрі уақытша ауыртпалық. Осы қиыншылықтарды тезірек жеңіп, əлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосы- лу мүмкіндігі алда. Қазақ диаспорасы жөнінен көтерілген маңы- зы бар мəселелер, сөзсіз, шешімін табады деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |