Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет30/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Балалары отбасын құрмаған жəне кеш некелесуге байланысты ата-аналарының көзқарастары (балаларының пікірінше), %


Жауап түрлері

Ішінара сұрақ

аналары

əкелері

Бұл мəселеге көңіл аудармайды

12,8

22,5

Алаңдайды, бірақ оны көрсетпеуге тырыса- ды

41,5

37,3

Бұл мəселені шешуге балаларының көзін жеткізеді, жəне оларға көмектесуге тырыса- ды

36,9

31,7

Түрлі қысымдар арқылы (оларға қаржылай жəне басқа көмек бермей) оларға ықпал жа- сайды

2,7

2,6

Олардың некеге тұруларына талас пайда бо- лады

5,4

5,5

Басқа да қатынастар

0,7

0,4

Осыған ұқсас кеш үйленуге немесе отбасын құрмауға бай- ланысты жайттарды түркі этностарының өкілдері, əсіресе түрік, өзбек, ұйғыр халықтары (ата-аналары жəне жақын туыстары) ма- құлдамайды. Сондай-ақ осындай игі істер үшін олар бірқатар іс- əрекеттер жасау арқылы жоғарыдағы нəрсерлерді болдырмауға тырысады. Əсіресе ол тұрмыс құру жасындағы «оң жақта отыр- ған» қыздарға байланысты. Сондықтан оларға бақытты отбасын құру үшін жақындары мен айналасындағылардың əсері зор. Не- келесетін жұбын іздеуде белсенділік танытады. Жоғарыда атал- ған этностарының қыз балаларының негізгі дəстүрлі міндеті – уақытында тұрмыс құрып, көп балалы болып, ерінің, отбасының берекесін кіргізу.

Əрқашан отбасын құрмағандықтарын келеңсіз алға тарта- тындықтарынан өмірдегі болашақ жарын жалықпай іздейтін же-
ке индивидтердің барлығы да дəлелденген. Осыған ұқсас жағдай- ларда отбасылық өмірлеріне ешкім «салмақты» мəн бермейтіні сирек. Түркі халықтарында ертеден келе жатқан дəстүр бойынша тегінде, əсіресе ауылдық жерлерде тұрмыс құрмаған, баласыз не- месе ажырасқан əйелдердің əлеуметтік дəрежесі өте төмен са- налады. Ал күйеу жігіттер жағында мұндай келеңсіз жағдайлар сирек. Əйел затына қарағанда ерлердің толыққанды отбасын құ- руға, балалы болуға мүмкіндігі мол деп саналады.

Шынайы өмірде мұндай жауапты істі шешу бірыңғай бо- ла бермейді. Мысалы, қалалық тұрғындарымен салыстырғанда ауылда тұратындарға өзінің болашақ жарын табу киын. Себебі бұл жерде, əрине, отбасын құратын шақтарында жастардың оқуға немесе жұмыс іздеп қалаға кетіп, өз ауылдарына оралулары сирек болатындықтан мұндай фактілер де өз орнын алмай қоймайды. Бұл өз кезегінде жастарға болашақ жұбын табуда өз кедергісін тигізетіні сөзсіз.



Қалада оқып жүрген не жұмыс істеп жүрген жастардың та- нысуларына, таңдау жасауларына мүмкіндік мол. Бұған түрлі мейрамдар, би кештері, мəдени шаралар мен спорттық іс-шара- лар, түрлі кездесулер жəне т.б. көптеген мерекелі іс-шараларды айтуға болады. Сонымен қатар жар таңдау мəселесінде қазіргі кездегі түрлі ақпарат құралдарын да атауға болады: ғаламтор, баспасөз беттеріндегі хабарландырулар арқылы жəне 30, 40 жас- тағыларға арнайы ұйымдастырылып өткізілетін кездесулер жəне т.с.с. Сонда да бұл аталған іс-шаралардың беріп отырған нəтиже- лері төмен, себебі біздің қоғамымыз, азаматтарымыз бұған əлі де болса дайын емес, мұндай танысу жолдары əлі де болса кеңінен таралмаған, қолданыста аз, көрсеткіштері төмен. Негізінде бұл аталған шараларға көбіне түрлі себептерге (мінезіне, жасына, тү- ріне, денсаулығына) байланысты немесе өзінің қоршаған айнала- сында теңін таба алмаған адамдар барады.

Болашақ жарымен танысу орындары. Енді жалпыға ортақ бо- лашақ жарымен танысатын орындарға келетін болсақ, респондент- теріміздің жауаптары бойынша сөзсіз келесідегідей екі орын – жұ- мыс (оқу орны) жəне əртүрлі ойын-сауық кештері (той-домалақ). Əрине, өз мағынасына қарай жастық шақтың ең қызықты кезінде өзінің болашақ теңін сəтті кездестіріп, қызығушылықтары мен көз- қарастары бір болуы, жастарының, білімдерінің, əлеуметтік жағы- ның, сонымен қатар кəсіби деңгейі жағынан байланысты.
Респонденттер танысуға байланысты үшінші орынды көршілерге берді. Келтірілген деректер бойынша бұл бұрын- нан келе жатқан таныстық, яғни сонау балалық жақтан бас- тап, мектептегі кезең содан əрі қарай сезімдерінің ұласуы. Тек жастардың ғана емес, ата-аналарының тығыз байланысы да екі жақтың тығыз араласуына себеп болады. Қазақтармен қо- са басқа да халықтарда айтылатын «Алыс туысыңнан, жақын көршің артық» мəтелі босқа айтылмаса керек. Көршілеріңмен барлық қуаныштарыңды да, тіршіліктегі түрлі жағдайларды да бірге бөлісіп біргесің. Бұл қаладан гөрі ауылдық жерлерде жақсы көрініс тапқан.

Ақпарат берушілердің жауаптарына қарағанда танысу орын- дары түрлі жағдайда əртүрлі жерлерде болады. Атап айтсақ: жол үстінде, демалыстарда, серуендегенде, кездейсоқ кездесулерде жəне т.б.

Ал олардың көше таныстығы, үй жанындағы, квартал, қала- ның, ауылдың басқа да орамдарында танысу жауаптары тұйық- талып, жауапсыз қалды. Мұндай ойда жоқ, кездейсоқ кездесулер достықпен басталып, соңынан үлкен сезімге ұласуы мүмкін.

Сонымен, біз қарастырып отырған мəселе отбасын құрудың динамикасын, некелік жарын таңдауда қазақтармен бірге басқа да этностарда əртүрлі ежелгі дəстүрлік ұстанымдар мен жаңа да жолдарының бар екенін байқатады. Мұндай басты нəрсені шешу- ші, яғни ұлын үйлендіріп, қызын тұрмысқа берер сəтте ата-ана- ның, туған туыстарының қатысы болмайды деуге негіз жоқ. Көп жағдайда болашақ жас жұбайлар өздерінің шешімдерін ата-ана- лары мен туған-туыстарына ескертіп, олармен келісіп, рұқсатын алады. Болашақ ерлі-зайыптылардың бақытты отбасын құрудың басты себептері – сүйіспеншілік, дүниетанымдық ұстанымдары мен көзқарастарының бір болуы.



Некеге тұратын қыз бен жігіттің жас шамасы, білім жə- не кəсіптік деңгейі. Неке құрушы ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сүйіспеншілік сезімі мен адал достығы. Некеге отырудың түрлері: Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің азамат- тық хал актілерін жазу (АХАЖ) арқылы мұсылмандық немесе христиандық жолмен неке қию. Республикада некелесуден туын- дайтын құқықтар мен міндеттер. «Неке жəне отбасы туралы» (17.12.1998 ж. қабылданған, 24.12.2001 ж. өзгертулер мен түзету- лер енгізілген) Заңның реттелуі.
Жаңа сапалы отбасының бүкіл адамзаттың, өткен ұрпақ қа- лыптастырған ең жақсы дəстүрлерін өз бойына сіңіре отырып, рухани жағынан əбден жетілген, адамгершілік қасиеттері мол адамды тəрбиелеп қалыптастырады. Қазақтарда неке құруда жеті атаға дейін өз ортасында қыз алыспаған, яғни экзогамия заңы- на негізделген жоралар, тектестік жақындықты ұмытпаушылық болған. Қазақстанда басқа этностардағы эндогамиялық құбылыс- тардың болатындығы белгілі. Осыған байланысты отбасылық əдет-ғұрып, салт-дəстүрлердің ортақ ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері бар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет