Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет29/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Некеге тұру динамикасы жəне отбасының қалыптасуы. Ер- теде қазақи дəстүр бойынша қалыңдық немесе күйеу таңдау дəс- түрлі заң жолымен немесе шариғат бойынша, олардың ата-анасы мен жақын туыстарының араласуымен шешілген. Бұлар көбіне қалыңдықтың не күйеу жігіттің ата-анасымен келісе отырып, өз беттерінше шешетін болған. Дегенмен де бірінші кезекте жастар- дың пікірімен санаспай жəне олардың жас мөлшерлеріне, əсіре- се қыз баланың жасына қарамастан ақсүйектік, таптық ережені ұстанды. Мұның сарқыншақтары өткен ғасырдың орта шеніне дейін республикамыздың кейбір өңірлерінде сақталған. Бұндай дəстүрлі ұстанымдар туралы неке жəне отбасын зерттеушілер, белгілі отандық ғалымдар Х.А. Арғынбаев, А.Ж.Жакипова, Ə.Т. Төлеубаевтың еңбектерінде кеңінен баяндалады.

Кеңес одағының неке жəне отбасы туралы заңнамалық акті- лері мен кодекстері, сонымен қатар түрлі əлеуметтік-экономика- лық, мəдени шараларының нəтижесі осы мəселелерге түбегейлі өзгерістер енгізді. Бұл бірінші кезекте əйелдерді басыбайлық- тан босатып, оларды экономикалық тұрғыда тəуелді етіп, еңбек- те, табыс табуда жəне демалыстарда ерлермен бірге тең құқы- лы етуге бағытталды. Бұл айтылған жайттар мен іс-шаралар тез арада орындала қойған жоқ, біраз жылдар бойы неке-отбасылық жəне ішкі отбасылық қатынастар арқылы біртіндеп орындала бастады.

Бұрынғымен салыстырғанда жар таңдау мəселесі қазіргі таң- да некелесушілердің өз құзырларында. Əрине, олар ата-ана, ту- ған-туыс, жора-жолдастары, құрбы-құрдастарының пікірлерімен келісе отырып шешіледі, дегенмен де олар некелесушілерді қа- ламайтын некеге мəжбүрлемейді. Бұл дəстүрлер кезінде жоғарғы буын, орта буын өкілдерінің басынан кешсе де, қазіргі кезде де жастардың басынан өтіп отыр.
Бұл мəселені ашып көрсетуде келесідей негізгі шарттарын қарастырамыз: некелесу себептері, болашақ жарыңмен танысу себебі мен танысу орны.

Некелесуге əкелетін себептер. Қазіргі кезеңде некеге тұру мəселелесі этникалық, діни, əлеуметтік жəне басқа да факторлар- ға қарамастан жастар тарапының таңдауымен жүзеге асырылады. Екі жақтың келісімімен отбасын құру өте жиі кездеседі, оған төмендегідей көрсеткіштер дəлел: махаббаттың болуы, ортақ қызығушылық, көзқарас, бір-бірін ұнату, төсек қатынасындағы үйлесімділік, кездейсоқтық, алаңғасарлық, жалғыздық, сеске- нушілік, аяныш сезімі, жүктілік, жоспарсыз балалы болу, есеп, қызғаныш, кіріптарлық жəне т.б. Мұндай айрықша жəне тосын- нан құрылған некені шартты түрде үш топқа бөліп қарастыруға болады: сүйіспеншіліктен, кездейсоқтықтан жəне есеп бойынша. Осындай некелесу түрлерінің əрқайсысы болашақ ерлі-зайыпты- ларға бақытты, бірқалыпты немесе бақытсыз некеге əкеп соқты-

руы мүмкін.

Сөз жоқ, неке құрудың басты себебі – ол бір-біріне деген сүйіспеншіліктің, өмірге деген қызығушылық пен көзқарастың бір болуы. Кейде мұндай сезімдер бірден тумай, олар біртіндеп уақыт өте келе пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайлардың пай- да болуына келесідегідей жайттер себеп болады: бір-біріне деген өзара сыйластық, ұнату, достық, қызығушылық, сүйіспеншілік, екі адамның бір-біріне деген сүйіспеншілігі. Осы сезімдердің бо- луымен қатар бақытты отбасын құру үшін бір-біріне деген сый- ластық, болашақ жарының күшті жəне əлсіз жақтарын білуі де қажет. Мұндай көрсеткішті ұлты, жасы, əлеуметтік-кəсіби жақта- рына қарамастан көптеген респонденттер мен сауалнамаға жауап берген ақпарат берушілердің жауаптары көрсетіп отыр. Осындай жолдармен құрылатын некелесушілер объективті жəне субъек- тивті жағдайлардағы экономикалық, материалдық, тұрмыстық жəне т.б. жағдайға байланысты қиыншылықтарға дайын болады. Сонымен бірге көздеген мақсаттарына жетуі үшін өзін құрбан етіп, қиын кезеңдерде бірге болып, тіпті жақындарының пікіріне қарсы болуға дайын тұрады.

Кездейсоқтық некенің өмірі қызығарлықтай емес. Көбіне тү-

сінбеушіліктен, немқұрайдылықтан немесе араздасушылықтан отбасылық өмірлерінің қиындыққа ұшырап, осындай келеңсіз нəрселердің басым болуынан бұл некелердің болашағы қысқа.
Өзара сыйластықпен, сенімділікпен толықтырылып, эко- номикалық, материалдық жəне басқа да құндылықтар негізінде есеппен құрылған некелер екі жақтың тұрақты қарым-қатынасын жəне бақытты өмірлерін қамтамасыз етеді. Шынтуайтында, қа- зіргі кезде нарық заманында өз иелігіңде жеке мүліктің болуы, əлеуметтік жағдайының жоғары болуы, материалдық жəне қара- жат мəселесі басты орында болғандықтан кейбір азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың басты орынға қоятыны шындық.

Болашақ жұбайлардың танысу шарттары. Үйлену де, тұр- мысқа шығу да кездейсоқ бола қоймайтыны анық, бұған көптеген жағдайлардың себеп болатыны анық, солардың негізгісінің бірі


  • болашақ жарыңмен таныстыру. Бұған, əрине, өмірлеріндегі ең басты нəрсеге немқұрайды қарайтын, өмірде ұстанымдары жоқ, ата-аналары мен жақындарының арқасына жүктеп қойған инди- видтерді қоспаймыз.

Жар таңдауда қазақ, өзбек, ұйғыр жəне орыс өкілдері рес- понденттерінің жауаптары бойынша екінші орында жақын дос- жарандарының көмегімен шешілетінін көрсетті. Басқа да келті- рілген жауаптар мен көрсеткіштер шашыраңқы болса да жіктеп сараланды. Дегенмен де ата-ана мен көршілердің ықпалына қара- ғанда туыстарының ықпалының едəуір екенін байқауға болады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақ, өзбек, түрік респонденттерінің жауаптарынан бұл іске туыстарының ықпалы- ның жоғары екендігін көрсетті. Өзбектерде ол 20%-ға артса, ал түріктерде 38,6%-ға теңесті. Сонымен, қалалық жерде тұрса да, ауылдық жерде тұрса да дəстүрлі туыстық қатынастың түркі ха- лықтарына жоғары екендігін көруге болады.

Біздің респонденттердің жауаптары бойынша балаларының болашақ таңдауларында ата-аналарының рөлі төмен көрсеткіш- те болғанымен, байқағанымыздай шынайы өмірде, тəжірибие көрсеткендей, олардың шешімі басты назарда, соңғы шешім со- лардың қолында. Бастапқы кезеңде жас жұбайлардың барлық ұйымдастырушылық, қаржы, материалдық, тұрмыстық, баспа- на мəселесі жəне т.б. мəселелері ата-аналары арқылы шешіледі. Мұндай белсенділік, қамқорлық еуропалықтарға қарағанда түркі халықтарына тəн.



Біз қазіргі кезеңде бұл аталған этностармен қатар басқа да халықтардың жас ұрпақтарының мұндай өмірілік мəні бар мəсе- лені кейінге қалдырып отырғандарына куə болдық. Əсіресе бұл
қалалық жерлерде жастардың жоғары білім алып, жоғары дəре- желі кəсіби мамандандырылған тұлға ретінде 30 жастан асқан- нан кейінгі мəселесі болып отыр. Осыған байланысты еуропа- лық этностардың арасында ересек балаларының отбасын құрмай жүргендермен жүргізілген социологиялық деректер қызықтырды (1-кестені қараңыз).
1-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет