Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


Қазақстандағы қарттар мен жалғыз басты адамдар мəселесі



бет32/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Қазақстандағы қарттар мен жалғыз басты адамдар мəселесі

Еуропалықтардың өткен тарихымен байланысты, əсіресе ур- банизацияланған елдерге тəн қарастырылып отырған мəселе көп этникалық халықтан тұратын біздің республикамызды да айна- лып өтпеді. Бұл тек егде адамдар арасында ғана емес, орта буын да кіретін біршама жас ұрпақ өкілдері арасында да кездеседі.



Халық арасында көрсетілген екі категорияның пайда болуы тө- мендегі объективті жəне субъективті факторларға себепші болды:

    • демографиялық (жастық фактор);

    • əлеуметтік;

    • этномəдени.

Көптеген халықтарда бағзы заманнан бері қалыптасқан дəс- түр аға ұрпақ үлкен құрмет пен беделге ие болды. Бұл олар үшін құрметтеуге тұрарлық қарттық қам жасау, оларға көмектесу, тəр- тіп бойынша өзінің балаларымен, яғни немерелерімен бірге тұ- руға тырысу ретінде көрінді. Сондай-ақ мұндай ата-аналар өз ке- зегінде жас отбасыларға – балаларын қарау жəне тəрбиелеу, үй шаруашылығын қисынды жүргізу, жанұя қаржысын дұрыс жара- ту, туған-туыс пен отбасынан тыс араласу кіретін отбасы ішіндегі өмір дəстүрін сақтау жəне т.б. сияқты қолдан келетін көмектерін аямай көрсеткен.

1980 жылдардың ортасынан бергі соңғы ондаған жылдар біздің қоғамымызда 1960-1970 жылдардағы «бүліксіз» тоқырау уақытымен салыстырғанда, қиын өтпелі процесс басталып, Қа- зақстанның көп этникалық халықтарының, ондағы қазақтардың


өмір салты мен тұрмысында белгілі бір өзгеріс пен ілгерілеу бол- ды. Қазақстандықтардың белгілі бөлігі, əсіресе ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыстың жəне соған сай отбасының күнкөріс қа- мын қамтамасыз ететін тұрақты жұмысақысының жоқтығы, аға буын өкілдерінің зейнетақысы олардың ақшалай қаражатының ең төменгі қажеттілігіне жететіндігі байқалды. Бұл аз балалы от- басылар үшін жетсе де, орта жəне көп балалы отбасылар үшін жетпеді.

Басқа отбасылар, негізінен, еуропалықтардың балалары ең- бекке жарамды жасқа жеткенде үйленіп не тұрмысқа шықты, ата- анасының «ұясын» тастап беделді оқу, жұмыс іздеп, өзінің үйіне сирек оралады.

Еуропалық этнос өкілдерінің арасында, оның ішінде шығыс славяндардың құрметті демалысқа шыққан, сый құрмет пен тəтті немерелерінің ортасына бөленген соғыс жəне еңбек ардагерлерін насихаттау салты өткеннің көрінісіне айналғандығын мойын- дауымыз қажет. Шындығында, біздің зейнеткерлер туралы жазы- лып-айтылса да, бұл тек тілек қана, ал шуақты күндері жыл өткен сайын шегеріліп келеді. Бұл ахуалды, əсіресе осы мəселені толық шешу жағдайында тұрмаған өтпелі нарықтық қатынас орын ал- ған мемлекет үшін қиын.

Қарастырылып отырған зейнеткерлер өзінің ер-əйелдік жас құрамы, жұмыс істеу мүмкіншілігі мен материалдық жағдайы бойынша біртекті емес. Мұнда жастық жəне еңбекке жарамды- лық факторын анықтайтын рөлді есепке алуымыз керек, себебі соңынан олардың өмір салтын, күнделікті мінез-құлқын, жақын туыстары мен қоғаммен қарым-қатынасына тікелей əсер ететін- дігін көрсетіп береді. Мысалы, денсаулығы мүмкіндік беретін ең- бекке жарамды зейнеткерлер денсаулығы көтермейтін өзінің егде əріптестерімен салыстырғанда өндірістің əртүрлі (заттай, рухани, басқарма, коммерциялық жəне т.б.) саласында кəсіби қызметін жалғастыру үшін үлкен мүмкіндіктерге ие.

Еңбек жəне т.б. сауалдарды жемісті жүзеге асыру үшін ауыл- мен салыстырғанда қалалық жерлерде оңай іске асыру мүмкіндігі жоғары екендігі сөзсіз. Оларға жеңілдік жағын іске асыру мен за- манауи қызметтің ұсынып отырған жиынтығын пайдалану оңай. Ауылдық жерлерде бұл сирек жағдай, онда да үлкен жеке шаруа қожалығы немесе өндірістік қызметтің басқа түрлері болса да өз еңбек əлеуетін пайдаланудағы белгілі бір қиындықты бастан өт-
кізудегі мұндай қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер жоқ. Бұл қазақ халқы басым орналасқан аудандарда, сонымен қатар көп еңбек ресурсы мен жұмыссыздық бар Оңтүстік Қазақ- станнан байқалады. Дəл осы бірден болмады, бұл үрдіс қайта құру жылдары, бұрынғы КСРО-ның құлау жəне тəуелсіз мемле- кеттердің, Қазақстанның құрылуы уақытында, аға буынды əлеу- меттік қорғау немесе еңбекке тартудың айтарлықтай проблема- сын бастан өткерген кезде біршама білінген болатын.

Олар үшін ең үлкен қамкөңіл тегін жəне сапалы медицина- лық қызмет көрсету алу, денсаулық проблемасы болып табылады. Басқалар үшін жеке жүріп-тұру мүмкіндігінен айырылу.

Зейнеткерлік жастағы адамдардың салыстырмалы жəне аб- солюттік санының көтерілуі өмір салтынан, халықтың белгілі бір бөлігінің іс-əрекетінен, еуропалық басымдықпен көрінетіндігі сөзсіз. Бұл зейнеткерлерге күтім мен көрсетілген категориялық көмектің жеткіліксіздігінен байқалады, кейде егде жастағы адам- дардың бір бөлігі қарттар үйіне немесе ауруханаға түсіп қалуы сирек жағдай емес.

Қазақстандағы орыс тілді халықтардың арасында мүлкін алу проблемасы нəтижесінің аяғы балалары мен егде ата-аналары- ның бөлек тұруына, ал олардың отбасына дəстүрлі жүйеде көмек көрсетуі біртіндеп жоғалуға алып келетіндігін айта кеткен жөн. Сондықтан жастық жəне орта жастағы адамдар бірінші кезекте, əсіресе ерлер жеке проблемасына қамданып, көбіне бұл жауап- кершілікті қоғамға артып қоюы сирек емес. Мұндай ерекшелік қартайған ата-аналарының қамын қыздары көп ойлайтындығы зерттеушілердің көзқарасынан тыс қалып қойып жатады. Түрік этностары өкілдері, ондағы қазақтар мен этностар арасында ис- лам жолында болғандықтан көрсетілген проблема сирек кездесе- ді, егер де кездесе қалған жағдайда ол қалалық жерлерде болады. Бұл ішінара болса да, біріншіден, мемлекет бірнеше он жыл- дықтар бойы қарттарға қамқорлық көрсетуде тиісті көмекті өз қо- лына алды; екіншіден, өндіріске əйелдер белсенді араласты, олар егде адамдарға өндірістен қол үзіп көмек көрсетіп, тек үй шару-

ашылығымен қалды.

Егде жастағы адамдардың проблемасы уақыт өте ғұмыр бой- ғы əдетті қызметтік түрлерді қысқартып, маңызды өзара байла- ныс пен əлеуметтік қатынасты жоғалтады. Аға буынның өкілдері қоғамдық жүйе көмегі мен отбасы мүшелеріне кіріптар болған


оқшауланудан, жалғыздықтан, психологиялық жайсыздықтан жəне дəрменсіздіктен азап шегеді. Бұған денсаулығының нашар- лауы мен өзін-өзі күту қиындығына байланысты проблемалар қо- сылады.

Көптеген қиыншылықтар экономикалық себептерге байла- нысты. Республикалық жəне одақтық маңызда шыққан зейнет- керлер немесе жоғарғы зейнетақы алатындардың көпшілігі пəтер төлемі проблемасын басынан кешіреді, сапалы тағамдық өнім ала- ды, қажетті дəрі-дəрмек жəне т.б. сатып алады. Зейнетақы жəне əлеуметтік сақтандыру қорынан алынатын əртүрлі төлемдер егде адамдардың барлық шығындарын төлей алмайды, себебі құнсыз- дану зейнетақы төлемі өсімінен басып озып бара жатқандығы бəрі- не белгілі. Сондықтан зейнеткерлердің белгілі бөлігі қайыршылық жағдайда өмір сүріп жатқандығына, өздерінің ересек балаларының көмегіне сенім арта алмайтындығына таңданатыны жоқ.

Қарттар үйі мен интернаттар əр уақытта бұл мəселеге рұқ- сат бермеді, ол тек, негізінен, қалалық жердегң тұрғындар үшін, сирек жағдайда аудан орталығы мен басқа да ірі елді мекендер- де тұратындарға қол жетімді болды. Онда қартайған жалғыз бас- ты адамдар, яғни біреудің көмегіне зəру, өздігінен жүріп-тұруы қиын, өзін күте алмайтын – азық-түлік, дəрі-дəрмек сатып алу, үй жинауға қауқарсыз адамдар баруға мəжбүр болады. Бірақ мұндай қарттарға арналған үйлер жеткіліксіз. Интернат үйдің төсегіне жалғыз басты зейнеткерлер арасында тіркелу жүргізіледі, кейде өз кезегі келмей жатып қайтыс болып кететін кісілердің болатын- дығы да сирек емес.

Этникалық тұрғыдан алғанда аталмыш мəселе исламның дəс- түрлі қағидаларын ұстанатын қазақтар мен басқа да шығыс этнос- тарының арасында барынша жақсырақ. Олардың ортасында қарт- тар мен жалғызбастылар лайықты сыйластыққа жəне назарға ие. Сонымен бірге туыстары, жақындары, тіпті таныстары жағынан қамқорлық жəне тығыз қарым-қатынаспен қоршалған. Сол себепті де олар аталған үйлерге өте сирек жағдайларда түседі. Қарттардың өмірлік тəжірибесі немерелерді тəрбиелеуде өте қажет, өйткені олар туған əке-шешелеріне қарағанда барынша шыдамды.

Халық арасындағы 25 – 60 жəне одан да жоғары жас аралы- ғындағы, жалғыз бастылар арасында жүргізілген талдаулар олар- дың келесідей объективті жəне субъективті себептерге байланыс- ты қалыптасатындығын көрсетті:




    • жесір қалу;

    • отбасының тарау салдарынан;

    • отбасын құруға лайықты адам табу қиындығынан;

    • ауру немесе мүгедектік;

    • əйелдерді қоса алғанда қоғамның осындай адамдарға қа- тысты көзқарасының өзгеруі;

    • жұмысбастылық немесе материалдық тəуелсіздік əсері- нен отбасын құруға талпынбау;

    • тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілмеу салдарынан отба- сын асырауға қаржы мүмкіндігінің болмауы жəне т.б.

Ешкімге де құпия емес, адам, оның ішінде ер адам болсын немесе əйел жалғыз өзі бақыт таба алмайды, өйткені қолайлы уақытта бала сүйіп, оны өсіріп жəне өмірге қанаттандыру үшін жұбайлық одақ құру қажет, ал ол өз кезегінде жан-жақты даму жəне өзіңнің мүмкіндіктеріңді жүзеге асыру үшін керек. Осын- дай кезеңді жіберіп алу немесе оны бұзу сөзсіз жалғызбастылық- қа əкеледі. Сондықтан уақыт өте осындай тағдырдан қорқыныш адамды асығыс жəне шешілмеген іс-əрекетке итеріп, оның тағды- рын кездейсоқ адаммен байланыстырады. Қазіргі уақытта атал- ған себептерге байланысты құрылған отбасылар өмірдің алғашқы қиындықтарынан немесе үшінші жақтың араласуы салдарынан бөлініп кетуде.

Кейбір адамдар үшін жалғыздық немесе отбасылық мəрте- бенің болмауы соншалықты қиын жағдай емес. Олар өздерінің барлық бос уақыттарын туыстарымен, достарымен, көршілері- мен қарым-қатынасқа, өзінің білімін тереңдетуге немесе үй ша- руашылығына жəне т.б. арнауы мүмкін.

1999 жылғы санақ бойынша республикада 50 жастан жоғары əйелдердің 2,2%-ы мүлде некеде болмаған, ал 6,7%-ы ажырасқан, олардың тек 47,8%-ы тұрмысқа шыққан. Қала бойынша бұл көр- сеткіш 2,6 – 9,1 – 45,6%, ауылдық жерде 1,5 – 2,7 – 51,6% құрайды [1, 5-7 бб.]. Аталған көрсеткіш этникалық жағынан келесідей кө- рініс береді: республикадағы қазақ əйелдері бойынша (1,4 – 2,8 – 48,9%), қалада (2,2 – 5,2 – 46,5%) жəне ауылда (0,9 – 1,2 – 50,6%);

орыстарда республика бойынша (2,6 – 9,2 – 46,3), қалада (2,7 –

10,4 – 44,9%) жəне ауылда (2,3 – 4,8 – 51,7%) тұрған.

1999 жылғы санақ бойынша республикада 15 жастан жоғар- ғы жалғыз бастылардың саны – 5,5%, оның ішінде қалада 7,8%, ал ауылда 2,3% [1, 20, 33, 46 бб.; 3, 30-31 бб.].


Егде жаста жалғыз бастылық көбіне əйелдер арасында тарал- ған. Ол көп жағдайда ер адамдар арасындағы жоғары өліммен ғана емес, қазіргі отбасының қызметімен де байланысты. Бұл ең алдымен ауылдық жерлердегі, оның ішінде халық саны аз, ин- фрақұрылымы төмен ауылдардағы əйелдерге қатысты.

Мұндай тұрғындар санының өсуі өте жоғары, себебі жұмыс- тың болмауы салдарынан жастар өздерінің ата-аналарын тастап, аудан орталықтарына немесе қалаларға кетіп жатыр. Жалғыз қал- ған қарт адамдар туған жерлерін тастап кеткісі келмей, қалыпты жағдайда тіршілік ете береді.

Айта кетерлігі, зейнетке шыққан ер адамдар өз жасындағы əйелдерге қарағанда қайта отбасын құруға мүмкіндіктері зор. Мұндай мүмкіндік зейнетке шығуға жақын ер адамдар арасында жоғары екендігі анық. Сондықтан қарт адамдардың қайтадан от- басын құру əрекеттері жалғыздықтан қашуға негізделген.

Жалғыз бастылардың ерекше категориясын бойдақтар құрай- ды. Ер адамдар арасындағы сұраныс, олардың əйелдерге шынайы сезімінің болмауы, болашақ өмірлік жарды таңдаудағы шешім қабылдау мен қиындық, яғни оларша біреуді таңдап алу мүмкін емес. Олар өздерін кез келген жаста, орта немесе зейнеткерлік алдында да отбасын құруға қабілетті екендіктерін сезініп, ең маңызды кездесулері алда деп ойлайды. Сондықтан олар ылғи да ізденіс үстінде, бірден-бір таңдауына кезігеміз деп сенеді жəне қол жеткізген жерлерінде тоқтап қалмайды. Мұндай бойдақтар орын алған ауыртпалықтар мен қиын мəселелерді өзара көмек, жауапкершілік жəне т.б. отбасылыққа тəн қарым-қатынас форма- ларын есепке алмай, өз беттерінше шешуді қолдайды. Белгілі бір уақытқа дейін олар тəуелсіз өмір салты отбасылы адам жағдайы- нан жақсы деген сенімге ие.

Əрине, біз бұл жерде ең бастысы материалдық жағдайының салдарынан əйелдер арасында сұранысқа ие емес ер адамдар жағ- дайын есепке алған жоқпыз. Бұл кеміс аурулары барларға, мүге- дектерге, ылғи да күтімді қажет ететіндерге де қатысты.

Сонымен бірге бойдақтыққа үйренгендер мен ажырасқан- дардың да өзіндік күрделі мəселелері бар. Ол көбіне жалғыз жү- руге үйрену, əйелдерге деген қарым-қатынаспен жəне əке болу- ға қатысты.

Əйелдер тарапынан сұранысқа ие 40 пен 50 жас аралығын- дағы бойдақтар олармен қарым-қатынаста, əсіресе жыныстық


қатынас пен өмірлік жолдас іздеу арасында тұрақсыз болып ке- леді. Оларды əйелдердегі жаңашылдық, жыныстық қатынастың қолжетімділігі жəне кез келген уақытта ажырап кету қызықтыра- ды. Сонымен бірге олар болашақ əйелдеріне жоғары талаптар қояды. Мəселен, олардың шыдамды, биязы, нəзік жəне қамқор, оның жəне туыстарының барлық орынсыз тілектерін көтеретін от анасы болуын талап етеді. Бірақ оларды отбасын құруға итере- тін негізгі фактор, мəжбүрлі фактор деп айтса да болады: жалғыз- дықтан қорқу, жоспарланбаған жүктілік немесе күтпеген сəби.

Ал өздерін нағыз қызығарлық күйеу санайтын 30 жаста- ғы бойдақтар үшін күтпеген баланың дүниеге келуі де отбасын құруға əсер етпейді, өйткені бұл олар үшін жеке өміріне қатер тудыруы мүмкін деп қабылданады. Олардың сенімінше мəжбүр- лі үйлену мəселе емес, өйткені олар кез келген уақытта ажыра- сып, өздеріне икемді жаңа өмір серігін таба алады. Сол себеп- ті де осындай адаммен өмір сүретін əйел отбасы деген ұғымды көрсету үшін жəне болашақ сəби үшін күйеуінің барлық істеріне (ұрыс-керіс, т.б.) шыдамдылықпен төзеді.

Егер жалғыз басты əйелдерге келетін болсақ, бұрында- ры олардың жалғыздықтарының себептері аштық зардаптары, репрессия мен соғыс, сəйкесінше ер адамдардың жетіспеуі еді. Қазіргі уақытта əйелдерге кеңшілік беру нəтижесінде олардың саяси-қоғамдық, мəдени-əлеуметтік жəне өнеркəсіптік істерге белсенді араласуынан тұрмыс құруға талпынбайтын немесе ер адамдарға жоғары талап қоятын белгілі бір бойдақ əйелдер са- наты пайда болды. Олар өздерін тұлға ретінде қалыптастырған, материалдық жағынан тəуелсіз, сондықтан өздерін дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Мүмкін 30-дан асқандардың кейбірі жалғыздықтан құтылу үшін бойдақ, ажырасқан немесе тұл ер адамға тұрмысқа шығу арқылы бұл олқылықты жоюды ойлай- ды. Яғни ресми, азаматтық немесе діни рəсім арқылы қатынас- тарын реттеп, мүмкін болса бал тууға тырысады. Олар да бой- дақ еркектер тəрізді кез келген уақытта қарастырылып отырған жағдайды түзетуге болады немесе оны бақылай аламын дегенге сенеді, өзін соған сендіреді, тіпті болмағанда ажырасып баланы өзім тəрбиелеймін деп ойлайды. Сонымен қатар саналы жалғыз- дық туралы да ұмытуға болмайды, өйткені жалғыз басты əйел- дер оқуға мүмкіндіктері мол жəне əлеуметтік тұрғыдан бейімде- луге жақын.
Келесі категорияны жесір немесе тұл адамдар құрайды. Олардың саны жасқа байланысты өседі. Мұндай əлеуметтік құ- былыс көбіне əйелдерге тəн. Біріншіден, ер дамдардың өмір сүру жасы əйелдерден төмен екендігі ешкімге құпия емес; екіншіден, ерлі-зайыптылар арасында заңдылық бойынша күйеуі əйелінен бірнеше жас үлкен. Жалғыз қалған адамдардың бір тобы бала- ларының отбасыларында өмір сүреді, ал егер күрделі жəне бө- лінбеген отбасылардың ыдырау өсіп келе жатқандығын байқасақ, ондай адамдар мүлде азаяды.

Егер 1999 жылғы санақ бойынша республикада 16 – 24 жас аралығындағы əйелдер жесірлер 0,5%-ды құраса, 25 – 49 жас ара- лығында 4,9%, ал 50 жастан жоғарыдағыларда 43,3%. Мұндай көрсеткіштер тұл ер адамдар арасында бірнеше есе аз, 0,01 – 0,9



  • 11,1%-ды құрайды.

Аталған мəселені этникалық тұрғыда қарастыратын болсақ, бұл еуропалық этностарда жоғары, көбіне орыстарда. Ал түрік халықтарында, оның ішінде қазақтарда аз. Мəселен, 25 – 49 жас аралығындағы орыстарда 5,2 – 1,2% жесірлер мен тұл ер адамдар, ал 50 жастан жоғарыларда 41,8 – 11,1%. Дəл осындай көрсеткіш- тер қазақтарда келесідей болып келеді: алғашқы жас аралық бой- ынша 4,7 – 0,7% жəне екінші бойынша 46,8 – 11,3%.

Қарт адамдар мен жалғыз бастылар категориясына жататын тұрғындардың мəселесінде объективті жəне субъективті фактор- лар орын алған. Оларда дəстүрлі жəне бүгінгі өмір шындықтары көрініс тапқан. Олардың шешімі, еңсеру жолдары тікелей неке мен отбасы жəне мемлекет институттарының саулығымен жəне мəселелерімен байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет