Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, əңгіме, өлең) – көркем əдебиеттің байырғы, не- гізгі тектерінің бірі, дəлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қам- тып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Этникалық идентификация – өзін белгілі бір ұлттың адамдар тобына жатқызу.
Этникалық қауымдастық – тарихи жағынан белгілі бір территорияда қалып- тасқан, тілдің, мəдениет пен психиканың, өздеріне ортақ, айтарлықтай ерекшеліктеріне, сондай-ақ өздерінің бірлігін жəне этнонимде бекітіл-
ген өздері тəріздес құрылымдардан айырмашылығын сезіну санасына ие адамдардың тұрақты бірлестігі.
Этникалық құрам – бір мемлекетте тұратын ұлт өкілдерінің құрамы.
Этникалық парцияция – этникалық бөлініс түрі. Басқаша айтқанда, тұтас эт- ностың бірнеше түрлі бөлікке бөлінуі жəне олардың əрқайсысының өз- дерін көне этноспен салғастырмауы. Яғни, этникалық парцияция этно- трансформациялық үрдіс болып табылады, нəтижесінде жаңа этностар қалыптасады.
Этникалық сеперация – этникалық бөлініс түрі, белгілі бір халықтан оның бір бөлігінің бөлініп, уақыт өте келе дербес этнос ретінде қалыптасуы. Бұл үрдіс негізгі бөліктегі адамдардың этникалық сана-сезіміне əсерін тигізе қоймайды. Тарихта ол көбінесе адамдар санының артуынан немесе саяси жағдайларға байланысты басқа өңірлерге қоныс аударып, бөлшектенуі нə- тижесінде болатындығы дəлелденген.
Этникалық тарих – этностардың ғасырлық жəне мыңжылдық даму тарихы. Этникалық топ – тілі туыстас, мəдениеті жақын адамдардың қауымдастығы. Этникалық ұқсастық – тұлғаның əлеуметтік ұқсастығының құрамды бөлігі,
психологиялық категория тұрғысында белгілі бір этникалық қауымға жа- татын ұғындыру.
Этникалық фузия – тілі мен мəдениеті туыстас бірнеше бұрынғы дербес халық- тардың жаңадан ірі бір этносқа топтасуы, кірігуі. Этникалық фузия көбіне бір ұлт басқаларына қарағанда саяси, мəдени-экономикалық жағынан кү- шейген кезде əрі мұнысын ұзақ уақыт сақтап тұрған кезде іске асады. Ор- тақ мүдделері бар бірнеше халықтар өздерін сақтап қалу үшін біртіндеп бірігеді де, саяси аренаға бір атаумен танылады.
Этноəдіснама (этнометодология) – этнография мен əлеуметтік антропология əдістерін əлеуметтік ғылымдардың ортақ əдіснамасына айналдыратын теориялық жəне əдіснамалық бағыт. Ол келесі теориялық қағидаларға не- гізделген: 1) əлеуметтік өзара байланыстағы тілдік қатынастардың орнын асыра көрсету; 2) басқа адамдардың іс-əрекетін жəне сөйлесуін зерттеуге көп көңіл бөлу; 3) түсініктерге талдау жасауда екі мағынаны бөліп көрсе- ту, түсіну жəне сөйлесу; 4) сөйлесудің құрылымдық ұйымдастырылуын күнделікті сөздің мағынасымен салыстыру.
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық жəне genozіs – шығу, тегі) – этностың шығу тарихы.
Этнология = этнография (грек. ethnos – тайпа, халық + logos – сөз, ілім) – қо- ғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Ол қа- зіргі халықтарды жəне ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бəріне бірдей ортақ жайларды, тарихи жəне мəдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кəсібін, қоғамдық жəне отбасылық қарым-қатынас- тарын, рухани мəдениетін жан-жақты ғылыми негізде зерттейді.
Этномəдениет (грек. ethnos – тайпа, халық, араб. медэни – қала тұрғыны) –
1) белгілі бір этностың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығы- ның жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мəдениеті, крит-микен мə-
дениеті, т.б.); 3) адамдық əрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі
(сөйлеу мəдениеті, еңбек мəдениеті, құқық мəдениеті, т.б.).
Этноним (грек. ethnos – халық, onyma – есім, атау) – ру, тайпа, ел, халық, ұлт атаулары.
Этнос (грек. ethnos – тайпа, халық) – адамдардың еркі бойынша емес, табиғи- тарихи процесс нəтижесінде пайда болған əлеуметтік топтасудың айрық- ша бір түрі. Ортақ белгілері мен тұрақты тілі, мəдени жəне психологиялық ерекшеліктері, орталық салт-дəстүрлері бар белгілі территорияда тарихи қалыптасқан топ.
Этносаралық кеңістік этномəдени ұжымның санасында көршілік қатынасын- дағы бөтен ел, бөгде жұрт кеңістігі деген бөлікті қамтиды.
Этносоциология = этноəлеуметтану (грек. ethnos – тайпа, лат. socielas – қоғам, халық, грек. logos – сөз, ілім) – əлеуметтану, этнография, тарих пен саясат- танудың түйіскен жерінде қалыптасқан пəн. Оның пəні болып əлеуметтік процестердің этникалық процестермен өзара байланысы табылады.
Этносішілік отбасы, ауыл, ауыл-аймақ, ел, жұрт тəрізді бір-бірімен байланысты үздіктерден құралады.
Этноцентризм (грек. ethnos – тайпа, халық, лат. сеntrum – жиын орны, орталық)
– адамның қоршаған ортаның нақтылығының құбылысын эталон қасиеті ретінде қарастырылатын өзінің этникалық қоғамдастықтың позициясы- мен бағалау мен қабылдауға бейімделуі. Бір топ орталық, ал қалғандары осы топқа негізделіп бағаланатын жағдайдағы қоғамға деген көзқарас.
Этноцид (грек. ethnos – халық + caedere – өлтіру, қыру) – ұлысты, халықты ны- саналы түрде қырып-жою немесе олардың ұлыстық-мəдени ерекшелікте- рін: тілді, салт-дəстүрді, əдет-ғұрыпты, тарихи зердені, т.б. зорлық-зомбы- лықпен жою үдерісі.
Достарыңызбен бөлісу: |