Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет95/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Тұлғалық белгілер – адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психоло- гиялық жəне физиологиялық элементтерін жəне оның ойлауы мен қылы- ғын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе.

Тұрғылықты қоныстар (халық көп орналасқан қоныс) – адам санымен анықта- латын қоныс көлемі.

Тұрғылықты мекенжай – географиялық атауы (топоним) бар, халықтың тұрақ- ты немесе маусымдық мекен ету орны. Түрлі кеңістіктік формасы (тығыз, бытыраңқы, т.б.), шаруашылықтың жүйесі, тығыздығы (адамдардың көп орналасуы), əкімшіліктік статусы, т.б. болуы мүмкін.

Тұрғын үй – əртүрлі табиғи заттардан тұратын арнайы баспана, адамдардың та- биғи апаттардан қорғану үшін тұратын жері. Жыл мезгілдеріне қатысты баспаналарды қысқы, жазғы; көшпелі (киіз үй, күрке, шатыр) тұрақты (үй) деп бөлуге болады.

Тұрғын халық – белгілі бір мемлекет, аймақ, ірі мекенжай, əкімшіліктік аймақ территориясы аясында өз тіршілігін жасаушы адамдар тобы (жиынтығы). Тұрмыс – қоғам өмірінің адам өзін ұлғаймалы өндіруімен тікелей байланысты негізгі аяларының бірі, оның тамақ, киім, тұрғын үй, демалу, көңіл көтеру, денсаулығын сақтау сияқты жақтарын қанағаттандыратын материалдық

жəне мəдени орта.



Тұрмыс деңгейі – халықтың материалдық жəне мəдени қажеттіліктерінің қана- ғаттандырылу дəрежесі. Оны жалпы ел бойынша ұлттық-тарихи ерекше-
ліктерді ескере отырып, жекелеген аумақтар бойынша əлеуметтік топтар жағдайының өзгешеліктерін басшылыққа ала отырып, осы топтар бойын- ша бағалауға болады.

Тұтастық – объектінің ішкі бірлігі, оның қоршаған ортадан даралануы, сондай- ақ осындай қасиеттерге ие объектінің өзі.

Тіл – таным мен коммуникация мақсаттары үшін қолданылатын таңбалы жүйе.

Тіршілік – өзгермелі заттардың өзара байланыстары мен əрекеттерінің алуан- түрлілігі.


  • У –


Уақыт – өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығы мен арала- рындағы интервалдарын сипаттауда жəне нəрселердің қозғалысын сипат- тауда пайдаланатын маңызды мүшесі.

Урбанизация (лат. urbs – қала, urbanus – қалалық) – адамзатты таратып орналас- тырудағы қалалардың рөлі мен арасалмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс.


  • Ұ –


Ұғым – дүниені танып-білу сатысындағы белгілі бір тұтастықта құрастырылып отырған заттың мəнін оның қалыптасу тəсілін анықтау арқылы теориялық танымның формасы.

Ұлт – территориялық, кейбір мəдени ерекшеліктер, психологиялық қисынды- лық пен этникалық таным ортақтығы негізінде қалыптасып, жүзеге аса- тын əлеуметтік-экономикалық біртұтастықты білдіретін, этностық тарихи типі.

Ұлт мəселесі – ұлттардың, этникалық топтардың, халықтардың арасындағы саяси, экономикалық, аумақтық, құқықтық, идеологиялық жəне мəдени қатынастардың жиынтығы. Бұл мəселе, негізінен, ұлттардың дербестікке ұмтылуымен, ұлттық санасының өсуімен жəне олардың əлемдік экономи- калық, ғылыми-техикалық, мəдени даму үрдісіне араласуға ұмтылысымен байланысты туындайды.

Ұлтжандылық – Отанға, халқына, оның тарихы, тілі, мəдениетіне деген сүйіс- пеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Отансүйгіштік, ұлтжандылық үлкен азаматтық, мəдениеттілігінің белгісі. Ол өз мүддесі мен елінің, халқының мүддесі бір, ортақ екенін се- зінуге əкеледі. Сондықтан бұл сезім Отанның егемендігін, абыройын қор- ғауға шақырады. Оны ұлтшылдықпен шатастыруға болмайды.

Ұлттық діл – этностың, ұлттың жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл ха- лықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерек- шелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама жəне нақты баға беруі, əлеуметтік позициясы өзінің əлеуметтік бірлігіне жəне басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады.

Ұлты – «ұлт» сөзінен құралған, екі мағынада қолданылады: 1) адамның белгілі этникалық қауымға жатуы (мысалы, халық санағы); 2) əлеуметтік-этника-
лық қауымдардың түрлі формасының жиынтығын анықтау үшін қолданы- лады (ұлттар, халықтықтар, этникалық топтар, тайпаны қоспағанда).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет