1989 жылғы халық санағы нəтижесіне қарағанда 1999 жыл- ғы санақ бойынша Қазақстан халқы 16,2 млн-нан 14,9 млн адам- ға, яғни 1,7 млн адамға (7,5%) азайды. Халық санының азаюына соңғы онжылдықта миграция сальдосының кері көрсеткіші, рес- публикада тұратын этникалық топтардың өз тарихи отандарына қайтып оралуы, бала туу көрсеткішінің төмендеуімен байланыс- ты болды. Соңғы онжылдықта бала туудың айырмашылығы мы- надай: 1989 жылы əрбір 1000 адамға 23,4 жаңа туылған баладан келсе, 1999 жылы 1000 адамға 14 жаңа туылған баладан келеді. Тек 2000 жылғы «Қара домалақ-2000» саясаты нəтижесінде ба- ла туудың көрсеткіші аз да болса жоғары көтеріліп, 1000 адамға 15,2 жаңа туылған баладан келді. Бала туудың төмен көрсеткіші урбанизация, аборттың əйелдердің репродукциялық денсаулығы- на əсер етуі, ана мен баланың өлімінің жоғары болуымен, баланы жоспарлап туумен тығыз байланысты. Сондай-ақ соңғы онжыл- дықта əлеуметтік-экономикалық ахуалдың төмендеуімен де бай- ланысты болып отыр.
Тұрғындар арасында өлім көрсеткіші де жоғары болды. 1999 жылы əрбір 1000 адамға 10,1 өлген адамнан, 2000 жылы əрбір 1000 адамға 10,5 адамнан келді. Жаңа туылған балалар арасында да өлім көрсеткіші жоғары. 2000 жылы əрбір 1000 адамға 19,6 жаңа туылған нəресте өлімінен келді.
Көптеген дамыған шетелдерде, əсіресе Еуропа елдерінде өлімнің жоғары көрсеткіші табиғи демографиялық процеспен, тұрғындардың қартаюымен байланысты болып келеді. Қазақ- станда 1989 – 1999 жылдар аралығында халықтың орташа өмір сүру жасы да төмендеді. 1999 жылы халықтың орташа өмір сү- ру жасы 64 жас болды. Жекелеп алғанда ерлердің орташа өмір сүру жасы– 58,5 жас, əйелдердің орташа өмір сүру жасы – 69,9 жас. Ерлердің орташа өмір сүру жасының төмендігі ерлер ара- сында өлімнің жоғары болуымен байланысты. 1998 жылы 1000 тірі туылған балаға 21,9 өлі туылған баладан, 1999 жылы 1000 тірі туылған балаға 20,1 өлі туылған баладан келіп, аз да болса бала өлімі төмендеді. Аурудан өлу көрсеткіші де соңғы жылдары төмендеп келе жатыр.
Бала туудың көрсеткіші де соңғы жылдары өсіп келеді. 2000 жылдың алғашқы жеті айында 131,2 мың бала дүниеге келді. Бұл 1999 жылғы қарағанда 5,9% артық. Бұл алға ілгерушілік халық- тың əлеуметтік-экономикалық хал-ахуалының жақсара бастауы- мен, түрлі ауруларға қарсы вакциналар егумен де байланысты болған.
Халықтың демографиялық өсіміне отбасылық-неке қатынас- тары да əсер етеді. 2000 жылдың алғашқы жеті айында некелес- кендер саны 1999 жылға қарағанда 9,6%-ға өсті.
1989 жыл мен 1999 жыл аралығында Қазақстанның демог- рафиялық тенденциясында елеулі жастық жəне жыныстық өзге- рістер байқалды. 0-ден 15 жас аралығындағы балалар арасында адам саны 16%-ға қысқарды. 16 жас пен 60 жастағылар арасын- дағылар саны 5% қысқарды. Олардың 2/3 бөлігін ерлер құрай- ды. 60 жастан жоғарыдағылар саны өсті. 1989 жылы 65 жастан жоғарылар халықтың 5,4%-ын құраса, 1999 жылы 6,7%-ды құра- ды. Əйелдер саны ерлер санынан 1,8% артық болып отыр. Бүгін- гі таңда Қазақстан халқының жастық структурасы былай болып отыр. Балалар мен жасөспірімдер халықтың 28,6%-ын, 15-тен 59 жас арасындағылар 60,7%-ын, 60 жас жəне одан жоғарыдағылар 10,7%-ды құрады.
1989 жылы қала халқының саны 9,432 млн адам, ауыл халқы 7,067 млн адам болды. Бұл мəлімет урбанизациясының басым- дығын көрсетеді. Республика ішінде қоныстану жұмыс көзінің, жалақының жоғары болуы себепті Алматы мен Астана қалала- рында, Алматы, Ақмола, Маңғыстау облыстарында басым.
Достарыңызбен бөлісу: |