Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


– 2009 жылдардағы Қазақстанның сыртқы көші-қон процестері



бет21/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

1989 – 2009 жылдардағы Қазақстанның сыртқы көші-қон процестері

Ал сыртқы миграцияға келетін болсақ, онда республика- мызда 1960 жылдан кері миграциялық сальдо жүрді. 1950 – 1960 жылдары Қазақстанда республикааралық миграция үрдісі басым- дық танытты. Оның себебі Кенес Одағының миграциялық саяса- тындағы, біріншіден, этникалык бөлінушілік, екіншіден, шикізат орталығын көтеруге бағытталған өндірістік саяси реформаның ағымымен шығыс-еуропалық, оның ішінде орыстардың респуб- ликаға көптеп қоныс аударуына əкеліп соқты.

Бұл жағдай күні бүгінге дейін сақталып отырды. 1989 жылы Қазақстаннан 130 мың тұрғын кетіп қалды. Оның 50%-ын орыс- тар, 10%-ын украиндар мен белорустар, қалғанын немістер мен еврейлер құрады.

Қазір Қазакстанды мекендеген жергілікті емес халықтардың бірталайының өз елдеріне қайтып жатқаны мəлім.

Шетелге, əсіресе жақын елдерге көшіп кету көрсеткіштері мынадай: 1994 жылы – 410 мың, 1995 жылы – 238 мың, 1996 жы-

лы – 176 мың, 1997 жылы – 270 мың, 1998 жылы – 220 мың. Жал- пы, еліміздің егемендік жариялаған алғашқы 7 жыл ішінде (1991



  • 1997 ж.) ұзын саны айтарлық 1 млн 542 мың адамға кері саль- досы нəтиже берген. 1998-1999 жылдары осы көші-қон сальдосы өсімі сақталған. Осындай жағдайда біз сырттағы қазақтарды əке- лу арқылы біріншіден, еңбек күші мəселесін шешер едік. Екін- шіден, өз елімізде басым ұлтқа айналған болар едік. Үшіншіден, ұмыт бола бастаған дəстүрлі ұлттық мəдениетімізді, өнерімізді, қолөнерімізді байытар едік. Өкінішті, ондай болмады.

Аталған жылдары мемлекет тарапынан жүргізілген жоспар- лы миграция саясатының нəтижесінде Қазақстанда жергілікті
этнос – қазақтар сырттан келген еуропалық ұлт өкілдерінің сан- дық үлесінің басым болуы салдарынан, сол кезендегі Кеңес өкіме- ті тұсындағы он бес одақтас республикалардың ішіндегі өз ұлты азшылыққа айналған бірден-бір республика болды. Кеңес дəуірі тұсында жүргізілген санақтың сандық нəтижесіне қарай отырып, Қазақстандағы географиялық қоныстанудың бірқалыпты емес, ша- шыранды түрде өрістеу ұлттық орналасудағы сандық пропорция- ның сақталмауы нəтижесінде қазақ этносы бір аймақта басым ұлт өкіліне айналса, басқа аймақта өте аз қоныстанған көп этностың бірі болып қалған. Урбанизация үрдісі Қазақстанда біркелкі өріс- тегеніне қарамастан, 1970 жылға дейінгі демографиялық қозғалыс қазақтар арасында «жалған урбанизация» сипатында дамыған еді. Сыртқы миграциялық фактор саясатының мемлекет тарапынан жоспарлы түрде өрістеуі көптеген мигранттардың жұмыс көзін із- деп, Қазақстанға үдере көшуінің аяғы, біріншіден, мемлекетімізде- гі этно-демографиялық бейненің бүзылуына алып келіп, жергілікті тұрғындар өз туған жеріндегі азшылыққа айналған бірден-бір ұлт болса, екіншіден, сыртқы миграцияның нəтижесінде қазақтар ара- сындағы тілдік ассимиляция бұзылып, орыс тілін ана тілінің орнына қоюы, этностық ортақ тілді біртұтас сақталмау деңгейіне алып келді. Ресей көші-қон тарту орталығы болып табылады. 1990 жы-

лы Ресейге жақын шетелден мигранттар 74%, 1992 жылы – 81%,

1995 жылы – 90%, 1997 жылы – 90,6%, 1998 жылы – 91,8%, 1999

жылы – 89,8% кеткен. 1996 жылы халықаралық көші-қонның Қа- зақстаннан кетушілердің 94,4%-ы Германия үлесіне, ал 1997 жы- лы – 91,4%, 1998 жылы – 90,5%, 1999 жылы – 91,3% құраған. Сонымен қатар Израиль, Грекия, АҚШ елдеріне кеткен. Алыс шетелге 1993 – 1999 жылдар аралығында 536,2 мың адам көшкен, ал Қазақстанға 30,1 мың адам келген, көші-қон теріс сальдосы 506,1 мың адамды құраған.

Осы кезеңде Қазақстанға 1 199 226 қазақ көшіп келген, ал кө- шіп кетушілер 1278 302 адамды құраған. 1992-1993 жылдары Ре- сейдегі қазақтардың саны теріс сальдо көрсетті жəне абсолюттік саны 10,8 жəне 6,8 мың адамды құрады. 1994 жылы Ресей халқы қазақтардың үлесі негізінде 1,1 мың адам, 1995 жылы 6,8 мың адамға өскен. Тек Омбы облысында 1997-1998 жылдары 1100 қа- зақ отбасы көшкен.

Айта кететін жайт, көшіп кетушілердің жаңа отанында жақ- сы ораласуына барлығына жағдай жасалмаған. Көшіп кету миг-


рантына қарама-қарсы миграция бар. 1993 жылы Қазақстанның шеткері аймағына 111,3 мың адам, 1994 жылы – 70,4 мың адам, 1995 жылы – 71,1 мың адам, 1996 жылы – 53,8 мың адам, 1997 жылы – 38,0 мың адам, 1998 жылы – 40,6 мың адам, 1999 жылы – 35,4 мың адам келген. 1989-1999 жылдар аралығында Қазақстан- ға көшіп келген 308 514 адам тұрғылықты орналасты, ТМД жəне Балтық елдерінен – 253 720 адам немесе 82,2%, алыс шетелден

  • 54794 адам немесе 17,8% құрады.

Келушілердің негізгі бөлігін қазақтар – 59,1%, екінші орында орыстар – 25,7%, украиндар – 4,2%, немістер – 3,1%, белорустар мен кəрістер – 0,8% жəне басқа ұлттар – 6,4% құрады.


    1. кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет