Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет28/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕКЕ ЖƏНЕ ОТБАСЫ МƏСЕЛЕСІНІҢ ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

    1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІР ҰЛТТЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ





      1. Отбасы құрылымының этномəдени ерекшеліктері.

      2. Отбасы ішіндегі қатынастар.

      3. Қазақстандағы қарттар мен жалғыз басты адамдар мəселесі.


  1. Отбасы құрылымының этномəдени ерекшеліктері

Қандай қоғамдық құрылыста болсын отбасы мен неке адам баласының дүниеге келуі мен оның өсіп, қалыптасуын қамтама- сыз етіп отыратындықтан, ол адамзат тарихының даму кезеңде- ріндегі шешуші факторларының бірі болып келген. «Адам ұрпа- ғымен ғана мың жасайды» деген халық даналығы осындайдан айтылған-ды. Сөз жоқ, бұл арада дендері сау, жүйкесі бүтін, тек қана өміршең ұрпақтардың жалғасуы жайында айтылып отыра- тындығы күмəн тудырмайды.

Дүниежүзі халықтары тəрізді қазақтың да өзіне тəн отбасы тарихы бар. Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық- экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын, əрқилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Оны Жер планета- сын мекендеген барлық халықтар өз басынан өткізген.

Алғашқы қауымдық құрылыстағы ең көне отбасы түрі топ- ты некеге негізделген. Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бі- рімен-бірі тұстас ұрпақтар жігімен бөлінетін. Айталық, бабалар


мен əжелер, əкелер мен шешелер, балалар тобында – ағалы-іні- лер, апалы-сіңлілер, немере жəне шөбере туыстар біріне-бірі ер- лі-зайыпты, яғни əр ұрпақ бір-біріне аға-қарындас бола-тұра не- келес болатын. Отбасы тарихының бұдан кейінгі даму сатысы топты некенің ішінде жұп отбасының қалыптаса бастауымен, яғни қандас туысқандар арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салуына байланысты болған.

Патриархалды үлкен отбасы қауымы ата-ана, балалар жəне немерелерден тұрған. Кейде қауым мүшесіне əкенің аға-інілері мен олардың əйелдері жəне балалары, өлген туыстарының ба- лалары да кіретін. Мұндай отбасындағы адамдар саны 25-30, тіпті одан да көп болатын кездері болған. Сөйтіп, олар бірнеше үйленген ұрпақтардан құралып, бір жерде тұрып, бірігіп еңбек етеді, ішім-жемі, киімі де бір қазаннан ортақ болған. Мұндай патриархалды отбасылардың экономикалық негізі қазақтарда мал болды. Оны мүмкіндігінше бөлгізбеуге тырысты. Дүние- мүлікті бөлу ата-ана өлгеннен кейін немесе бір-екі баласының ер балалары көп болып, олардың ержеткендеріне қажет бол- ғанда ғана жасалады. Үлкен отбасыларда əкенің рөлі өте жо- ғары болған. Жасы үлкен информаторлардың айтуы бойынша қазіргі заманда тəрбиенің бұзылуы əкенің рөлінің төмендеуі- нен дейді.

Қоғамдық құрылыста болған өзгерістер қазақ халқының от- басылық, некелік қарым-қатынастарында, əдет-ғұрыптарында, салт-санасында, жалпы мəдени өмірінде де үлкен өзгерістер жа- сап, жаңа қарым-қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік туғы- зады. Кеңес өкіметі 1917 жылдың 18 желтоқсанында «Азаматтық неке, балалар жəне оларды тіркейтін кітаптар енгізу», 19 желтоқ- санда «Некеден ажырасу туралы» қабылданған декреттерге қол қойылды. Бұл декреттерге əйел мен еркектің отбасындағы тең- дігі, неке құру мен айырылысу мəселесіндегі еріктілік, балалар тəрбиесі сияқты келелі шаралар жайы баяндалды.

Мəселен, 1919 жылы Түркістан АКСР-да отбасы, неке құқы- лары мен некелесушілерді АХАЖ орындарында тіркеу мəселе- лері іске асырыла бастады. 1920 жылы Қазақ КСР-нің І Құрыл- тай съезінде 1917-1918 жылдары қабылданған қарарларын қарап, оларды Қазақстанда іске асыру шаралары белгіленді. Бұл шара- лардың белгіленуі қазақ жұртшылығына тəн көптеген патриар- халды-феодалдық қатынастардың сарқыншақтарымен күресуді


күн тəртібіне қойып, ерлі-зайыптылар теңдігін, əсіресе олардың арасындағы мал-мүлікке иелігін, яғни мұрагерлік құқының бір- дейлігін, неке құруда ешбір зорлықтың болмай, еріктілік негізін- де жүргізілетіндігін уағыздаумен бірге, жалпы əйел қауымының ар-ұят, ұжданына нұқсан келтіретін қалыңмал төлеу, көп əйел алу жəне жесір алу құқына тыйым салынды. 1928 жəне 1938 жылда- ры неке құрушылардың жас мөлшері туралы мəселе күн тəртібіне қойылып, заң бойынша 18-ге толмай үйленуге не тұрмысқа шы- ғуға рұқсат етілмейтін болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет