Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


Отбасы ішіндегі қатынастар



бет31/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Отбасы ішіндегі қатынастар

Қазіргі ауылдық жерлердегі қазақ отбасының дені екі ұрпақ- тан, яғни əке-шеше жəне үйленбеген балалардан тұрады. Үйлен- ген кенже баласын бөлек шығармай, бірге тұратын отбасылар да бар. Бұл арада айта кететін қазіргі заманның бір ерекшелігі – əке- шешелері кейде кенже балаларын бөліп жіберіп, үйленген үлкен ұлдарының бірімен не оның балаларымен бірге тұратындығы. Мұндай жағдай көбінесе кіші ұлының мамандығына бойынша басқа жерге қызметке ауысатындығына жəне өздерінің онымен бірге қоныс аударғысы келмейтініне байланысты болады.

Үйленген үлкен балаларын бөліп шығару кейінгі балалары- ның үйленуіне байланысты. Сондықтан бір отбасы құрамында тұратын əке-шеше, үйленбеген балалары жəне жас немерелері- мен, үйленген ұлы əйелімен тұрады. Əртүрлі себептермен əке- шешеден ерте айырылған жас балалар əкесінің, аға-інісінің, не- мере, шөбере ағаларының қолында үйленгенше бірге тұратын жағдайлар да кездеседі. Мұндай оқиғалар əсіресе Ұлы Отан со- ғысынан кейінгі жылдарда көп болды. Еркек балалары болмаған кейбір ата-ана, əсіресе шешесі күйеуге шыққан қызының қолын- да тұратын отбасылары да бар. Кейде тіпті ұлы жоқ əке-шеше қызын ұзатпай, қолдарына күйеу балаларын кіргізіп алатындары да бар. Мұндай жағдай көбінесе өз əке-шешесі жоқ, тіпті туған- туыстары да болмаған жалғыз басты жігіттердің қалыңдығының, əкесінің қолына кіретіндігіне байланысты болады.

Əркім өз еркімен қандай отбасылық құрамын ұнатса, соны тандайды. Əрине, бұған қоғамдық, экономикалық жағдайлар


əсер етпей қоймайды. Əсіресе үйленген ағайынды адамдардың бір отбасы болып табылатын табыстарын да, барлық шығында- рын да біріктіріп тұруы қазіргі кезде көпке созылмайды. Өйткені əр отбасы мүшесі қазіргі күнде еңбек етеді, еңбегіне қарай табыс табады. Табысына қарай ішіп-жеп, киінеді, өз еңбегіне өзі қожа- лық етеді. Ал əрбір ерлі-зайыпты жастар бөлек үй болуды, жеке тұрмыс құруды ұнатады. Оларды үнемі бірге тұруға мəжбүр етіп тұрған ешбір экономикалық-əлеуметтік фактор жоқ. Олар, əдет- те, жеке тұратын үй мəселесі шешілгенше бірге тұрады. Бұдан, əрине, алысты-жақынды туыстар арасындағы, əке мен балалар арасындағы туыстық қарым-қатынас қазір əлсіреді деген ұғым шықпайды. Олар қазір де бір-біріне керек жағдайда сүйеу болып, көмек беріп, бас-көз болып тұрады.

Жалғыз баласымен бірге тұратын ата-аналардың өздері қа- зіргі кезде бөлек үй атына тіркеледі. Əкелі-балалы туыстар екі отбасы болып жазылса, əрине, үлес молырақ келеді. Бұл жағдай мұндай отбасында шын мəнісінде үш ұрпақ бірге болғаңдықтан, жан саны да артық болады.



Үйленген балаларын бөліп шығаруға байланысты қазақ ара- сында бір малын сойып құрмалдық беру дəстүрі қазіргі уақыт- та да сақталған. Тойға келген жақын, жанашыр туыстары мұн- дай жағдайда құралақан келмейді. Əрқайсысы өз əлінше қосарын əкеліп, жас жұбайларға тілектестіктерін білдіреді. Бөлек шыға- тын жастарға асар ұйымдастыру əдетімен кірпіш құйып, үй са- лып беру ғұрпы да жиі кездеседі.

Үйленген бір баласынан бөлінген отбасылар өте-мөте жиі кез- деседі. Мұндай отбасы мүшелерінің арақатынасы əр отбасында əр- қалай қалыптасады. Қазіргі отбасы күнкөрісінің негізгі көзі қоғам- дық еңбегі үшін алатын ақы болғандықтан, ондағы басшылық та соған байланысты. Отбасы қорын жасауда кімнің үлесі басым болса, сол адам отбасының ортақ қорына иелік етеді. Бұл мəселе əке мен баланың қоғамдық қатынастардағы орнына, олардың жеке басының отбасына басшылық ете білу қабілетіне де байланысты болады.

Егер отбасы қорының көпшілігі əке табысынан тұрып, əке əлі тұғырдан түспеген жағдайда қолындағы жас баласы мен келіні түгелдей əке ықпалында болады. Ал отбасы қоры негізінен келін мен бала табысынан тұрып, əке-шеше қартайып, үй шаруашы- лығымен айналысатын жағдай туғанда, əсіресе зейнетке шыққан кезде отбасы тізгіні балаға өтеді. Əрине, үлкенді сыйлау дəстүрі-
не байланысты олардың ой-пікірімен санаса отырып, кейде тіпті көрер көзге отбасы тізгінін соларға берген болып, іс жүзінде өзі басшылық етеді. Мұндайда əке-шеше баласының келісімінсіз өз беттерімен отбасы өміріндегі маңызды мəселелерді шешпейді.

Ауылдық жерде əлі де болса үй шаруасын істеуге байланыс- ты ескі дəстүр сақталып келеді. Үй шаруасының аса бір қатты қайырымы болмаса, күнделікті күйбең негізінен əйелдер үлесі- не тиетіндігі айрықша дəлелдеуді керек етпейді. Сондықтан ең алдымен үйдегі əйел еңбегіне тоқталайық, бір-біріне керек жағ- дайда сүйеу болып, көмек беріп, бас-көз болып тұрады.

Тəулігіне неше рет болсын су əкелу, от жағу, тағам дайын- дау, ыдыс жуу, ертелі-кеш үй жинау, төсек салып, кір жуу, мал сауып, оның сүтін отбасы керегіне жарату, керек болған жағ- дайда киім тігу, киіз басу, сырмақ сыру, жүн иіріп, алаша, кілем тоқу, əртүрлі төсек жабдықтарын тігу, шілтер тоқу, кесте тігу, жас балаларға қарау, т.б. көптеген үлкенді-кішілі үй шаруасы əйелдер үлесіне тиеді. Бұл арадағы əйелдер деген ортақ атауға ене, келін жəне ересек қыздар қосылады. Енесі болмаған жағ- дайда шешенің өзі мен оның қыздарына, ал шешенің қыздары болмаса, барлық үй шаруасы түгелдей отбасындағы жалғыз əйелдің үлесіне тиеді.

Қазақ халқы əрқашан да қарым-қатынасқа ерекше мəн бер- ген. Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңыздылығы өте зор екенін дана халық кезінде жақсы білген. Күнделікті өмірде, бос уақытта, мерекелерде жəне отбасылық салтанаттарда, отбасылар- дың туыстық жəне жергілікті байланыстарының көлемі мен үде- мелілігі, сонымен бірге достық жəне кəсіптік қырлары анықтала- ды. Бұл мəселе отандық этнологияда əлі де толық зерттелмеген.

Жергілікті, көршілік жəне жолдастық қатынастарда отбасы- ның жəне оның жеке мүшелерінің, қала мен ауыл тұрғындары- ның, олардың əлеуметтік жəне кəсіптік топтарының арасында кейбір айырмашылықтар айқындалады.

Ауылдық жерлердегі қатынастар дəстүрі тұрғындардың тұр- мыстық ерекшеліктеріне байланысты. Тұрғындардың өздерінің ойынша, жергілікті қауымның дəстүрлері мен бұрынғы көршілік көмекке байланысты ауылшаруашылығында өзара көмексіз қазір де ештеңе болмайды. Ауылдың көптеген тұрғындары қатысатын отбасылық салтанаттар мен мерекелерде ауыл тұрғындарының жергілікті қауымдастығы көрінеді. Қонақтарды шақырғанда от-


басының жеке топтарына немесе осы отбасы мүшелеріне деген көңілі жəне жолдастық қатынастар ескеріледі. Жолдастық қа- тынастар амандасу мен қоштасу түрлерінде байқалады. Кездес- кенде, əдетте, хал-жағдайлары сұралады жəне əртүрлі оқиғалар жөнінде əңгімелер айтылып, ойларымен бөліседі. Бұл жолдастық мінез-құлықтың негізгі қалпы болып есептеледі.

Отбасылар өткен революцияға дейінгі уақыттың өзінде жа- бық əлеуметтік-қоғамдық бастау ұйымы болды. Ол көптеген туыстық отбасылық ұжымдармен байланысты еді, олар бір ауыл- да көршілес тұрды. Ауылда тығыз топтармен араласып, олар же- ке немесе толық көшелерді құрды. Этнографиялық əдебиетте мұндай бірігулер туыстық бөлімдер жəне отбасылық-туыстық топтар деген атпен таныс. Ғасырлар өткен сайын оларда туыстық белгілер көбірек, ал керісінше біздің уақытқа жақындаған сайын олар үлкен мөлшерде отбасы ұяларының экономикалық жоспарда жалпылықта көбірек, ал өз бетінше аздаған екендігін анықтайды. Аралас орналасу жағдайында көршілер арасында жақын қарым-қатынастар орнады. Салттар танымал мөлшерде көрші- лермен қарым-қатынасты жақсартты. Халық даналығы «Көрші қонысы, құдай қонысы» деп көршілермен бейбіт жəне достық- та өмір сүруді нұсқады, мейірімді көршілер бір-біріне қонаққа барды немесе жаңалықтармен бөлісті. Бір-бірінен шаруашылық керек-жарақтарды, тұрмыс заттарын да алып отырды. Үй иелері басқа жаққа кеткенде көршілері малға қарауға, үйде қалған ба- лалар мен қарт адамдарға қарауға, ауру адамға немесе балалар- ды уақытша өзінің үйіне алуға міндетті болды. Мал сойған кезде бірінші күні-ақ жақын туыстарымен бірге кешкі тамаққа көрші- лерін де шақырады. Қымыз немесе басқа сусын болсын, бірінші болып көршілеріне дəмін таттыратын болған. Кейінгі қазақ отба- сылары да бұрынғы отбасылардың жағымды салттарын ұстанды. Олардың қатарында туыстар мен көршілердің өзара еңбек көмек- тері бар. Бұл дəстүрлер тек əдет ретінде ғана сақталмайды, со- нымен қатар оны қоғам да қолдайды. Егер кімде-кім көршілерге дөрекілік немесе əділетсіздік көрсетсе, оларды ауылдық кеңеске əңгімеге шақырады. Тым артық кеткен жағдайда қоғамдық бетке басу шарасын қолданады. Көршілермен мейірімді қарым-қаты-

нас жасау халық этикетінің түрі болды.

Қазақтардың туысқан отбасылары бұрынғыдай өзара үнемі жақын қарым-қатынаста болады. Бірақ мұндай туыстардың ор-
тасы аздап төмендеді. Ата-аналармен жəне олардың үлкен бала- ларымен арасындағы қарым-қатынастар шектелді, туыстарымен жəне ағайынды аға-əпкелермен, үшінші туыстық қатынастағы аға- əпкелермен сөз жүзінде араласады, бірақ іс жүзінде сиректеу кө- ріне бастады. Сол кезде туысқан отбасылардың жəне туыстардың байланыстары тек қазақ аудандары мен қалаларында ғана емес, Орта Азия, Башқұртстан, Сібір жəне солтүстік аймақтарында да кең көлем алды. Əлі күнге дейін əкелерінің үйлерінен қол үзбеген жастар демалыс күндері жəне мерекелерде үнемі туған ауылына барып жергілікті өмірді қыздырып кетеді. Қалаға үйреніп қалған- дары немесе алыс аймақтарда тұратындар ауылға сирек, əдетте, жазда барлық отбасымен келеді. Əртүрлі аудандарда, аймақтарда жəне облыстарда тұратын, бірақ бір ауылдан шыққандардың бір бөлігі белгілі бір күнге келісіп, ұйымдасып келетін болды. Қо- нақтарды күтіп алуға ауыл дайындалады, көшелерді көркейтіп, жолдарды, қоршауларды, молаларды жөнге келтіреді. Келгендер өз жерлестерінің алдында өзіндік есеп береді, ақындар өлеңде- рін оқиды, əркім өзінің шығармашылық нəтижелерін көрсететін ескерткіш сыйлықтар қалдыруға тырысады. Біздің уақытымызда отбасылардың сыртқы байланыстары теңдессіз ұлғайды. Маңыз- дысы отбасы жəне олардың мүшелерінің байланыстары пайда болды жəне үзіліссіз өсті: оқу кезінде, əскер қатарында, соғыста, бірлескен еңбек нəтижесінде пайда болған қоғамдық-саяси бояуы бар жəне кеңес адамдарымен достық пен бірлестік қатынастары- ның дамуы жөнінде айтылды.

Соғыс кезінде достастықтары туып бекіген көптеген бұрын-

ғы жауынгерлер хат алысып тұрады. Отбасыларымен араласып, бір-біріне қонаққа барады. Əкелерінің достастығы балалары мен немерелеріне беріледі. Көптеген таныстықтар елдерге жəне шет жақтарға саяхат жасаған кезде əртүрлі слеттерде, конференция- ларда, жиындарда туады. Отбасылардың сыртқы байланыста- рының дамуында спорт, көркемөнер үлкен рөл атқарады, бірақ негізгісі – адамдардың қоғамдық өндіріс кезіндегі, қоғамдық ең- бектегі үдемелі қарым-қатынасы. Толығымен табиғи жеке отба- сылардың өміріндегі оқиғалар, мысалы баланың дүниеге келуі, əскерге шығарып салу жəне əскерден оралу, үйлену, отбасылық атаулы күндер кең қоғамдық көріністер болып табылады. Бұған жаңа отбасылық азаматтық əдет-ғұрыптар, үйлерде, мейрамхана- ларда, мəдениет үйлерінде аталып өтетін «алтын», «күміс» той-
лар, жаңа туған балаға ат беру жəне тіркеу, неке сарайының сал- танатты актілері сияқтылар жатады.

Қазіргі халық өмірінде де бұрынғыдай маңызды мағына ала- тын жергілікті, көршілік, жолдастық, достық жəне кəсіби байла- ныстар отбасынан тыс қатынастардың ең маңызды орталығының бірі болып табылады. Олардың мəні əсіресе қаланың жағдайында маңызды, онда көрсетілген байланыстар көбіне туыстыққа ауысып кетеді. Көптеген уақыттарын отбасынан тыс жерлерде өткізетін жұмыс істейтіндер мен оқитындар үшін бұл аталған арақатынас олардың өмірінде де үлкен мағынаға ие болады. Əрине, мұндай арақатынастар жұбайлар отбасының жеке мүшесін жəне басқасын, сонымен бірге өскен балаларды жəне жастарды тартады.

Жергілікті байланыстар дəстүрінің түбірі бұрынғыға келіп саяды, алғашқыда ауылдардан, қала бөлімшелерінен немесе от- басы-туыстық топтардан, ал кейінірек экономикалық дербес жə- не туыстас жеке-дара отбасылардан тұрды. Осындай қоныстар- дың нəтижесінде басқа тектердің мүшелерімен, тіпті басқа халық өкілдерімен, мысалы өзбектермен жəне тағы басқа елдермен көр- шілес болды. Олардың барлығы тығыз көршілік қатынаста тұрды, жақсы арақатынасты қолдады, шаруашылық мəселесінде, тұрғын үй салғанда, аяқ асты апаттарда (өртте, су тасқынында) бір-бірле- ріне сене алды. Сондықтан бұл қауымсыз өте қиын болды, ол көп жағынан өзінің əлеуметтік мəртебесін жоғалтты.

Жергілікті ауылдық дəстүр факторы біздің уақытта да сақта- луда. Бұл əсіресе Наурыз мейрамын тойлағанда, ислам мереке- лері ораза жəне құрбан айт кезінде, құрғақшылық кезінде жаң- быр тілеу ырымы «тасаттық» кезінде, «сабантой» немесе басқа ірі жергілікті шараларда; сенбіліктерде, мектепке көмек берген кезде, жолдарды қалпына келтірген кезде, арықтарды тазалауда, молаларды қоршау жəне тағы басқа жағдайларда байқалады.



Жергілікті байланыстарды сақтаудың қазір мынадай бір фак- торы бар, ауылдас адамдардың балалары қалада бірге бір колледж немесе басқа жоғары оқу орындарында оқиды, бірге жатақханада тұрады немесе пəтер жалдайды. Осындай жағдайда студенттің ата- аналарының біреуі балаларына барар кезде оларға тамақ немесе қа- жетті заттарын, ақша апару жауапкершілігін өзіне алады. Біртіндеп осы арақатынас жай жергілікті қатынастан достыққа дейін өседі.

Ауылдастар жиі бір немесе бірнеше автокөліктерді өздерінің шаруа қожалықтарының өкілдерін немесе жақындарын қалаға


жеткізу үшін жалдауға келіседі, оған өздерінің қажеттерін сатып алу үшін оны айырбасқа емес, қолма-қол ақшаға береді.

Жергілікті байланыстар кіші жəне орта қалаларда да кеңінен сақталған. Ал үлкен қалаларды алатын болсақ, қайда болса да бір ауылдан шыққандар бірінші мезетте-ақ ақшамен, қарыз берумен, қолынан келетін жұмысты ұйымдастырумен жақсы арақатынас ұстауға, бір-біріне көмектесуге тырысады. Жерлестіктің қағида- сы сонымен бірге өзара қонаққа шақырумен, жоғарыда көрсетіл- ген мерекелерге бірге қатысумен, отбасылық салтанаттарда (ту- ған күн, үйлену, сүндет той жəне т.б.), жерлеу, жаназа шығару кезінде толығады. Оларды туған ауылдары жөніндегі хабарлар немесе сол ауылдан шығып, қала жағдайына жақсы бейімделіп алғандар қатты қызықтырады. Барлық күштерімен жерлестері- не мал шаруашылық өнімдерін немесе жер өнімін тиімді өткі- зуге, қажетті азықтарды немесе тауарларды қала базарлары мен жəрмеңкелерден сəтті сатып алуларына көмектеседі. Осындай көмек түрлері мен жақсы өзара арақатынас үлгісі туыстық өза- ра көмекті айтпағанда, басқа зерттелген аймақтарда тұратын ха- лықтарға да тəн.

Жоғарыда айтылғандарды Түркістанда жəне оған жақын ор-

наласқан ауылдарда тұратын үш мыңдай қазақ, өзбек жəне орыс респонденттерінің жауабынан байқауға болады. «Қазақстанда туыстық жəне көршілік өзара көмек əдет-ғұрпы қаншалықты та- раған?» деген сауалға жауап берген 759 қалалық қазақтың 40,7%- ы мұндай көмектің кең таралғанын көрсетті, ал ауылдық жерде 511 респонденттің 49,5%-ы көрсетіп отыр. Өзбектердің осыған ұқсас саны мұндай дəстүрлердің олардың арасында да бар екен- дігін көрсетті. 65,0% орыстар да өз жауаптарында осылай көрсет- ті. Ұқсас оқиға қазақтардың, орыстардың жəне өзбектердің өзінің жауаптарында байқалды, бұл құбылыстар қалалық жəне ауылдық өзбектердің арасында тараған. Сонымен бірге бұл көрсеткіш орыс халқының арасында өте төмен. Мұндай жауапты 37,6% орыстар көрсетті, олардың 46,2%-ы ер адамдар жəне 31,2%-ы əйел адам- дар. Берілген əдет-ғұрыптарды Түркістан қаласының өкілдері өте төмен бағалады, бұлардың 12,3%-ы қазақтар жəне 13,4%-ы өз- бектер.

Қазіргі кезде өзара арақатынаста жұмыс бабында араласу,

өндірісте, оқуда немесе іскерлік қарым-қатынаста көбінесе шын ықпал ететін фактор – ол көршілік. Ол жиі түрде күнделікті өмір-


де көршілік қарым-қатынасқа ауысады. Келешек үй салар немесе сатып алар кезде, əдетте, болашақ тұрғындар, көршіні таңдауға ұқыпты қарайды, өздері білетін немесе өзара жақсы түсінісеміз деп санайтын адамдарын қалайды.

Көршілік фактор жақсы өзара қарым-қатынасты қолдауда, тез жəне шұғыл бір жаққа кеткен кезде үйді екі жақтан да қарауға, аула шаруашылығына немесе шаруашылыққа қарауға игілікті əсер береді. Бұған күнделікті өмірдегі өзара көмек көрсетулер, ақша жетіспеушілігі, үйлену тойы кезінде қонақтарды күтісу не- месе жерлеу əдет-ғұрыптары кезінде жəне басқа тапшылықтарда қол ұшын беру жатады. Көршілерге жиі балаларын тастап кетеді немесе үйде ешкім болмаса соңғылары ата-аналарын күтеді. Кү- мəнсіз көршілік – өзара көмек дəстүрі, сонымен бірге ірі жəне орта шаруа қожалығы болған кезде, кейде жұмыс қолы немесе қажетті техника жəне бұйым жетіспегенде керек болады. Мұнда қызықты мағлұмат орта жастағы хабаршылар мен респонденттер құрылымын талдаған кезде байқалды. Көбіне көршілермен орта жастағы, əсіресе əйел адамдар араласады. Бұл енді түсінікті, өн- діріспен немесе басқа да қол жетпейтін жұмыстармен көбінесе ер адамдар айналысады. Сондықтан да өндіріспен айналыспай- тын əйел адамдар олардың үйлері көрші немесе жақын орналас- са, дəстүрлі үй шаруашылығына бейімделіп алған өздері сияқты көрші əйелдермен араласуға уақыт табады.



Мұндай қатынасқа сонымен бірге отбасының жеке де жəне

барлық мүшелері қатысатынын айта кету керек. Егер оған отбасы- ның отағасы қатысса немесе араласуға бейім болса, онда олар жай көршілік қарым-қатынастан көбірек жақын, өзінің барлық атрибут- тарымен (өзара қонаққа шақыру, атаулы күндерде немесе күнтізбе- лік мерекелерде бірге кездесу, «соғымға» мал сою кезінде, мектеп- ке барған не бітірген балаларды атап өту немесе жастарды əскерге шығарып салу, жоғары оқу орындарына түсу жəне т.б.) көрінетін достық қатынасқа дейін өседі. Көршінің балалары жеткіншектер жəне жастар болашақ өмірге бірге бейімделеді. Ойын кезінде, оқу- да, көшелері жəне аулалары жақын орналасқан өзінің құрдастары- мен көбірек араласады. Бұған сонымен бірге мəдени бағдарлама- ларға, мектептегі би кештеріне, клубқа немесе мəдениет үйлеріне бірге бару, кино немесе қызықты телехабарларды қарау, спорттық жарыстар жатады. Міне, мұнда таза көршімен жолдастық немесе достық өзара қарым-қатынас аралығына шек қою қиындау болады.
Осындай берік, тұрақты көршілер арасындағы араласу олар- дың біреуі əртүрлі жағдайлар əсерімен басқа бір елді мекенге не- месе қалаға көшіп кеткен жағдайларда да жалғасады, бұл этника- лық құрамға тəуелсіз.

Қарым-қатынастың бейресми түрлері көпшілдік, сыпайылық, кішіпейілділік жəне ұлттың ең жақсы дəстүрлерінен көрінеді. Мұндай қарым-қатынас бірінші кезекте аулада кішкене балалар- мен жүрген жас аналарды, немерелерімен жүрген апаларды жəне отбасынан тыс қарым-қатынасқа көп уақыттары бар зейнеткер- лерді байланыстырады. Олардың əрқайсысында көршілік қарым- қатынасты ұстауға себеп пен ортақ жұмыс немесе қызығушылық бар. Бəрінен көбірек үдемелі жəне достық қарым-қатынас бала- лармен бір сыныпта немесе мектепте оқитын, қызығушылығы бойынша үйірмелердегі сабақтарда, спорт секцияларында, бірге ойнағанда, əртүрлі лагерьлерде дем алғанда, туған күн мереке- лерінде немесе басқа да отбасылық салтанаттарда бекиді. Олар демалыс күндері немесе мектеп демалыстарында күшейе түсе- ді. Бұл байланысқа жиі түрде олардың ата-анасы түседі, оларды балаларының қарым-қатынас ортасы бейтарап қалдыра алмайды жəне өз кезегінде мұндай жақсы, көршілік қарым-қатынас шең- беріне тартылады.

Жоғарғы көлемдегі достық, жолдастық қарым-қатынастар

қоғамдық өндіріске барғанда, еңбекте, оқуда жəне əуесқой істер- де табылады. Олар рухани ортақтықта, білімділік жəне кəсіптік қызығушылықта, еркін байланыс жасауда, бірдей жастағы немесе буындағы адамдар арасында, сонымен бірге туыстық байланыс- тарда, бір жерден, қаладан немесе тектен шыққанда жиі күшіне енеді. Қарым-қатынастың мұндай түрінің үдемелілігі туыстық емес. Мұны жаппай сұрау мəліметтері растай алады. Мысалы,

«Сіздің ең жақын досыңыз кім?» деген сауалға сұралған қазақ жəне орыс ұлтты түркістандықтардың 47,7%-ы жəне 41,6%-ы жұмыстағы жəне оқудағы жолдастарын; 25,4-27,2%-ы қызығу- шылығы мен əуесқой істері бір жолдастарын; 22,9-33,4%-ы туыс- тық жəне 12,7-24,4%-ы үйінің жанындағы көршілерін нұсқады. Ауылдық жерлерде, керісінше бірінші орында туыстары, содан кейін жұмыстағы жəне оқудағы жолдастары, одан кейін көршілер тұрады. Мұнда ер адамдар мен əйелдер жауабында айтарлықтай айырмашылық байқалады. Ер адамдарға этникалық құрамына тəуелсіз дəстүрлі жолдастық жəне достық (таныстық) қарым-қа-


тынас, ал əйел адамдар үшін туыстық жəне көршілік қарым-қаты- нас жақын. Мысалы, қалада қазақтарда кейінгі екі жауапты əйел- дердің 36,14%-ы жəне 16,4%-ы берген, ал осыған ұқсас жауапты ер адамдардың 30,94%-ы жəне 9,4%-ы құрады. «Кімнің достары сіздің үйіңізде жиірек болады?» деген бақылау сұрағына барлық аталған этностардың 55,9%-дан 64,8%-ға дейінгі респонденттері бірінші орында ерлі-зайыптылардың екеуі, екінші орында күйеуі, ал үшінші орында əйелдері екендігін айтты. Сонымен қатар мұн- да қала мен ауыл респонденттерінің жауаптарында ерекше айыр- машылық жоқ.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет