Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет16/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Корейлер – «коре сарам» (Коре елінің халқы), часон сарам (Чосон елінің халқы). Қазақстандық корейлер өздерін «коре сарам» деп атайды. Корейлерді кеңес тоталитарлық мемлекеті Қазақстанға 1937 жылдан бастап Қиыр Шығыстан күштеп қо- ныс аударта бастаған. Бұл саясаттың астарында корейлер діни нанымдылығына, салт-дəстүрі жағынан орыстардан басқа, Жа- пония немесе Қытаймен соғыс бола қалған жағдайда олардың адалдығына сенім артуға болмайды, олардан тыңшылық əрекет күтуге болады деген желеу жатты. 1937 жылы 28 қазанда Қазақ- станға 70 эшелонмен 12129 отбасы немесе 58427 корей еріксіз күштеп əкелінді. 1938 жылдың 1 қаңтарында жиырма мыңнан астам корей отбасы көшірілді. 1616 отбасы – Алматы облысына, 8867 отбасы – Оңтүстік Қазақстан облысына, 1744 отбасы – Ақ- төбе облысына, 2299 отбасы – Солтүстік Қазақстан облысына, 3073 отбасы – Қарағанды облысына, 1950 отбасы – Батыс Қа- зақстан облысына, 720 отбасы – Қостанай облысына депорта- цияланды.

1999 жылы Қазақстанда 99665 кəріс тұрды. Соның ішінде:

Алматы қ. – 19090, Алматы облысында – 17448, Қарағанды об- лысында – 14097, Жамбыл облысында – 14000, Оңтүстік Қазақ- стан облысында – 9780, Қызылорда облысында – 8982, Қостанай облысында – 4160, Атырау облысында – 2600, Астана қ. – 2028, Шығыс Қазақстан облысында – 1574, Ақмола облысында – 1489, Ақтөбе облысында – 1383, Павлодар облысында – 1013, Батыс Қазақстан облысында –731, Маңғыстау облысында – 716, Солтүс- тік Қазақстан облысында – 534.

Қазіргі таңда Қазақстанда 100385 кəріс бар. Соның ішінде: Алматы қаласында – 26628, Алматы облысында – 16331, Қараған- ды облысында – 13544, Жамбыл облысында – 12452, Оңтүстік Қа- зақстан облысында – 9717, Қызылорда облысында – 8100, Астана қаласында – 4467, Қостанай облысында – 3998, Атырау облысында



  • 2781, Шығыс Қазақстан облысында – 1441, Ақмола облысында

  • 1298, Ақтөбе облысында – 1328, Павлодар облысында – 1044, Маңғыстау облысында – 802, Батыс Қазақстан облысында – 801, Солтүстік Қазақстан облысында – 503 кəріс тіркелген.

Ахыска түріктер – Грузияның Месхет өңірінен жер аудары- лып келгендер. 1928 – 1937 жылдары репрессияға ұшырай бас-
тады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған уақытта-ақ 40 мың түрік-месхет мобилизацияланып, олардың 20 мыңы қаза тапты. 1944 жылы Ахалцихк, Адыген, Аспиндз, Богданов аудандарын- дағы түрік-месхеттер Орта Азия мен Қазақстанға депортациялан- ды. Депортацияланған 115,5 мың адамның 17 мыңы жолда қайт- ыс болды. 1956 жылдан кейін ғана олардың бір бөлігі Кавказ аудандарына көше бастады. 1991 жылы Алматыда олардың «Түр- кия» атты мəдени орталығы ашылды. Қазіргі таңда қазақстандық түрік балалары Қазақстанды есепке алмағанда Түркияның оқу орындарында да оқиды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында 27 мектебінде түрік тілінің курстары ашылды. Алматыдағы мұғалімдердің білім жетілдіру институ- тында соңғы жылдары екі рет Қазақстандағы түрік тілін жетілді- ру мақсатында семинар өткізілді.

Республикада 1999 жылғы халық санағы бойынша 75 933 тү- рік жəне 2761 түрік-месхеттері (ахыскалар) тұрды, олардың көбі оңтүстік аймақтарда: Алматы облысында – 28187, Жамбыл облы- сында – 24823, Оңтүстік Қазақстан облысында – 18665, Алматы қаласында – 3128. Егер 2009 жылғы санаққа келсек, Қазақстанда 97 015 түрік тұрды, ал басым бөлігі (96,9%) бұрынғыдай Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды мекендеді: Алматы облысында – 32221, Жамбыл облысында – 29354, Оңтүстік Қазақстан облысында – 21055 жəне Алматы қаласында – 5194 түрік бар.



Дүнгендер (қытайша атауы – лаохуэй, хуэйминь, хуэйцзу, қы- тай тілінен аударғанда мұсылмандар деген ұғымды білдіреді). Қытайда Нинса-Хуэй автономиялы ауданын қоныстанған халық. Түркі халықтары оларды дүнген, дұнған деп атайды. Негізінен, Қазақстан мен Қырғызстанның Шу алқабында жəне Өзбекстан- да да мекендейді. Қазақстан мен Орта Азияға Маньчжур-Қытай феодалдарына 1862 – 1877 жылдардағы қарсы азат ету күресін басып жаншуынан бас сауғалап ХІХ ғасырдың 70-жылдарының аяғы мен 80-жылдардың басында Қытайдың Шэньси, Ганьсу жə- не Шыңжан провинцияларынан пана іздеп келгендер.

1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 36 945 дүн- ген тұрды. Олардың көпшілігі Жамбыл, Алматы облыстарында жəне Алматы қаласында мекендеген. Мысалы, Жамбыл облы- сында – 30333, Алматы қ. – 4565, Алматы облысында – 1542. Бас- қа облыстарда олар сирек кездеседі, мысалы, Шығыс Қазақстан облысында – 250 дүнген болған.


2009 жылғы халық санағы бойынша республикада 51 944 дүнген тіркелген. Жоғарыда көрсетілген Жамбыл облысында – 42404, Алматы қ. – 6535, Алматы облысында – 1765. Дүнгендер мұсылман халық, алайда тілдері, киімдері, материалдық мəде- ниет үлгілері қытайлықтарға ұқсайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет