Бұл сауда-саттықтың құрылымына қарағанда, әрине, көкірегі ояу азаматқа неше түрлі ауыр ойлар келеді. Мүмкін, біз, шынында да, «жаңа бодандық» ауруына шалдыққан болармыз? Алайда ондай тұжырымға келуге әрі ертерек сияқты. Өйткені біздің дербестік алып, дамып жатқанымызға басы-аяғы он жылдан сәл артық қана уақыт болды ғой. Бүгінгі өкімет неше түрлі инновациялық бағдарламалар қабылдап, «ұлттық қаржы қорын» жасап, өндірісті дамытуға бел байлап, сол жұмыстарға нақтылы кірісіп жатқан жайы бар. Оған халқымыз да дайын. - Бұл сауда-саттықтың құрылымына қарағанда, әрине, көкірегі ояу азаматқа неше түрлі ауыр ойлар келеді. Мүмкін, біз, шынында да, «жаңа бодандық» ауруына шалдыққан болармыз? Алайда ондай тұжырымға келуге әрі ертерек сияқты. Өйткені біздің дербестік алып, дамып жатқанымызға басы-аяғы он жылдан сәл артық қана уақыт болды ғой. Бүгінгі өкімет неше түрлі инновациялық бағдарламалар қабылдап, «ұлттық қаржы қорын» жасап, өндірісті дамытуға бел байлап, сол жұмыстарға нақтылы кірісіп жатқан жайы бар. Оған халқымыз да дайын.
- Енді саяси салаға келер болсақ, Қазақ елі бүкіл дүниежүзілік қауымдастықпен терезсі тең қарым-қатынас орнатуда. Біздің ел дербес мемлекет ретінде мойындалады. Саяси салаға «көп партиялық», «адам құқтары», «құқтық мемлекет» т.с.с. ұғымдар кіріп, өзгеріске ұшырап жатыр. Біз тек қана БҰҰ-ға ғана кіріп қоймай, басқа да халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесіне айналып жатырмыз.
Бүгінгі таңда Қазақ елі өз төл мәдениетімен біршама халықтарды таныстырып, солардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар «бұқара мәдениеті» деген ұғым сөздігімізге кіріп қана қоймай, соның «отандық үлгілері»жасалуда. - Бүгінгі таңда Қазақ елі өз төл мәдениетімен біршама халықтарды таныстырып, солардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар «бұқара мәдениеті» деген ұғым сөздігімізге кіріп қана қоймай, соның «отандық үлгілері»жасалуда.
- Жоғарыда келтірілген Қазақ елі өмірінен алынған деректердің бәрі де Жер бетінде жүріп жатқан жаһандану үрдістерімен байланысты екенін бір қарағанда-ақ байқауға болады.
- Қоғамды материалистік тұрғыдан қарау методологиясының тұрғысынан алып қарағанда, жаһандану үрдісінің негізінде ғылыми-техникалық революция жетістіктерін пайдалану арқылы өндіргіш күштердің күрт дамуы (тек ХХ ғ. өндіргіш күштердің дамуы өткен 5000 жылдан асып түсті!), млрд. тонна тауарлардың бір елден екінші елге өтуі, байланыс жүйелерінің жетілуі т.с.с. құбылыстар жатыр. Екінші жағынан, табиғи ресурстардың Жер бетінде әртүрлі шоғырлануы, сондықтан елдердің бір-бірімен осы байлықты бөлісу, алмасу мәселері де жаһандану үрдісіне өз ықпалын тигізбей қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: |