Қазіргі жаһандық өркениет дамуының философиялық мәселелері



бет3/8
Дата13.03.2024
өлшемі95.87 Kb.
#495146
1   2   3   4   5   6   7   8
Қазіргі жаһандық өркениет дамуының философиялық мәселелері

Жер бетіндегі ұлттар мен ұлыстардың бір-бірімен жақындасуына бұқаралық ақпарат тарату мекемелері (БАҚ) өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда бірді-бір алыс-жақындағы ел, тіпті сонау Тынық мұхитында орналасқан аралдардағы халықтарға дейін адамзаттың назарынан тыс қалмайды. Жұмыстан кейін үйге келіп, теледидар, я болмаса радио, интернет арқылы сол күні тек өз елінде ғана емес, бүкіл жер бетінде қандай маңызды оқиға болғаны жөнінде ақпарат алып, соны өзімізше сараптаймыз, өйткені біз оларға немқұрайды қарай алмаймыз. Адамзат жетістіктеріне сүйсіне қараймыз да, қателіктеріне бірге өкінеміз. Бүгінгі адамзат – «Ғарыш кеңістігінде Жер деген «кемемен» ұшып жатқан біртұтас астронавтар командасы», — дер едік.

  • Жер бетіндегі ұлттар мен ұлыстардың бір-бірімен жақындасуына бұқаралық ақпарат тарату мекемелері (БАҚ) өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда бірді-бір алыс-жақындағы ел, тіпті сонау Тынық мұхитында орналасқан аралдардағы халықтарға дейін адамзаттың назарынан тыс қалмайды. Жұмыстан кейін үйге келіп, теледидар, я болмаса радио, интернет арқылы сол күні тек өз елінде ғана емес, бүкіл жер бетінде қандай маңызды оқиға болғаны жөнінде ақпарат алып, соны өзімізше сараптаймыз, өйткені біз оларға немқұрайды қарай алмаймыз. Адамзат жетістіктеріне сүйсіне қараймыз да, қателіктеріне бірге өкінеміз. Бүгінгі адамзат – «Ғарыш кеңістігінде Жер деген «кемемен» ұшып жатқан біртұтас астронавтар командасы», — дер едік.

Келесі назар аударатын нәрсе – жаһандану үрдісі бүкіл адамзатты «бір қалыпқа» салғандай әсер етіп жатыр. Өйткені барлығы да компьютерлік есептеуден өтіп, белгілі бір стандарттарға сай болуы керек. Олай болмайынша, сіз өндірген тарауды сырт елдерге шығаруға болмайды. Сондықтан миллиондаған адамдардың киген киімінде, жүретін машиналарында, үйіндегі жиһаздарда, тіпті демалатын орындарда, музыка мен өнерде әсіресе бұқаралық мәдениетте біркелкілікке деген ұмтылысты байқаймыз.

  • Келесі назар аударатын нәрсе – жаһандану үрдісі бүкіл адамзатты «бір қалыпқа» салғандай әсер етіп жатыр. Өйткені барлығы да компьютерлік есептеуден өтіп, белгілі бір стандарттарға сай болуы керек. Олай болмайынша, сіз өндірген тарауды сырт елдерге шығаруға болмайды. Сондықтан миллиондаған адамдардың киген киімінде, жүретін машиналарында, үйіндегі жиһаздарда, тіпті демалатын орындарда, музыка мен өнерде әсіресе бұқаралық мәдениетте біркелкілікке деген ұмтылысты байқаймыз.
  • Сонымен қатар бүгінгі адамзат әртүрлі мата қиықтарынан жасалған кәдімгі қазақтың көрпесіне де ұқсас. Өйткені әр елдің, халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған мәдениет үлгілері, тілі, діні, әдет-ғұрпы бар. Ол оған аса қымбат. Біз оның тіпті бағасы жоқ дер едік, өйткені өз төл мәдениетінен айырылған халық тарих асхнасынан жоғалып кетеді. Ал ондай жағдайдың болуы адамзаттың өшпес күнәсі болар еді. Әр халық басқа елдерге ең алдымен өз мәдениеті, өмір салтымен қызықты. Бүгінгі таңдағы адамзатты шыны мен бетоннан жасаған биік ғимараттармен таңғалдыра алмайсың, ол оған таңсық емес. Ал Біржан-сал, Тәттімбет, Сегіз-серінің т.с.с. ұлы перзенттердің өлеңдері, ғұлама Абайдың қара сөздері, көне заманнан сақталған эпос, дастандар оларды, шынында да, таңғалдырып, осындай бабаларымызды тудырған халыққа деген ізгі ықыласын оятатынына біздің күмәніміз жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет