Сциентистік бағыттың өкілдері – бүгінгі адамзат ғылыми мен техниканың дамуының алғашқы сатысын ғана бастан кешуге. Жас кезінде неше түрлі бала ауруларынан өтіп есейген адам сияқты, болашақта неше түрлі экологиялық қайшылықтардан өтіп, адамзат сол ғылым мен техниканың дамыған сатысында барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік алады, сондықтан экологиялық үрейлерден қорықпау керек деген оптимистік өміршеңдік пікір ұстауда. - Сциентистік бағыттың өкілдері – бүгінгі адамзат ғылыми мен техниканың дамуының алғашқы сатысын ғана бастан кешуге. Жас кезінде неше түрлі бала ауруларынан өтіп есейген адам сияқты, болашақта неше түрлі экологиялық қайшылықтардан өтіп, адамзат сол ғылым мен техниканың дамыған сатысында барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік алады, сондықтан экологиялық үрейлерден қорықпау керек деген оптимистік өміршеңдік пікір ұстауда.
Екінші антисциентистік бағыт – барлық экологиялық қайшылықтардың түп-тамыры ғылым мен техниканың дамуынан көріп, оларды құмыраның ішінен шығып кетіп, адамның өзіне, бүкіл тіршілікке үрей туғызып отырған жынға теңейді. Сондықтан олар жаңа өндіріс кешендерін салуды дереу тоқтату керек, өйткегні тіршілік әлемі оның қысымын әрі қарай көтере алмайды деген пікір айтады.
Бұл пікірлердің сыңаржақтығын, бір қарағанда, байқауға болатын сияқты. Біріншіден, ғылыми-техникалық революцияны тоқтату мүмкін емес, оның өз объективті даму заңдылықтары бар. Керісінше айту – адамдардың шығармашылық еңбегін тоқыратуға тең, онда адамдардың өмірінің мән-мағынасы, оның басқа тіршіліктерден негізгі ерекшелігі жойылар еді. Екінші жағынан, жаңа ғана дамып келе жамқан елдерге өндіріс кешендерін салмаңдар деу олардың мәңгі артта қалуымен тең бағаланып, практикалық түрде үлкен қайшылықтар тудырып, ондай шешімдерге ешбір ел құлақ салмас еді. - Бұл пікірлердің сыңаржақтығын, бір қарағанда, байқауға болатын сияқты. Біріншіден, ғылыми-техникалық революцияны тоқтату мүмкін емес, оның өз объективті даму заңдылықтары бар. Керісінше айту – адамдардың шығармашылық еңбегін тоқыратуға тең, онда адамдардың өмірінің мән-мағынасы, оның басқа тіршіліктерден негізгі ерекшелігі жойылар еді. Екінші жағынан, жаңа ғана дамып келе жамқан елдерге өндіріс кешендерін салмаңдар деу олардың мәңгі артта қалуымен тең бағаланып, практикалық түрде үлкен қайшылықтар тудырып, ондай шешімдерге ешбір ел құлақ салмас еді.
- Біздің ойымызша, шындық осы екі пікірдің ортасында болса керек. Қазіргі дамыған бай елдердің тәжірибесі энергияны аз қабылдайтын, экологиялық таза технологияларды өмірге енгізіп, көп мәселелерді шешуге болатынын дәлелдеп отыр. Алайда біз мынаны ұмыт қылмауымыз керек. Қазіргі дамыған елдер, практикалық түрде, көп экологиялық зияндықтары бар шикізат өндірісін жаңа ғана дамып келе жатқан елдердің үлесіне өткізіп, өздері аса биік технологиялық дәрежеге көтерілген өндірісті ұстап отыр. Сондықтан олардың өндіретін заттары басқаларға қарағанда ондаған есе қымбат. Тағы бір естен шығармайтын нәрсе – байлықтың күрт өсуіне байланысты тұтыну қоғамы пайда болып, тойымсыздыққа, соның негізінде бақталастыққа жол ашылды. Егер осы жолмен барлық елдер дамыса, онда адамзат тіршіліктің ішіне кіріп, соны құртып жатқан қатерлі ісікке айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |