Қазіргі кездегі мұсылмандық модернизм және қоғамдық ойлар Орындаған: Жақан Ф



бет3/4
Дата20.05.2022
өлшемі69.79 Kb.
#458265
1   2   3   4
эссе шығс түрк

2. Модернизм термині
Жалпы модернизм деген термин 1917 жылы алғаш рет неміс философы Рудольф Паннвиценің «Кризис европейской культуры» деген еңбегінде қолданылды. Паннвиценің аталмыш еңбегінің атауынан көрініп тұрғандай бұл әдеби ағым Батыс қоғамының экономикалық жағынан ғана емес, рухани жағынан тығырыққа тірелуінен туындаған болатын. Еуропалық қоғамның әйгілі экономистері мен саясаттанушылары, философтары бұл экономикалық, әрі рухани коллапстан шығудың айқын жолын көрсетіп бере алмады, Батыс өркениеті осылайша уақытша депрессияға ұшырады. Міне, осы кезде Батыс әдебиетінде футуризм, символизм, экспрессионизм, авангардизм, неоавангардизм секілді әдеби ағымдар пайда болды. Ал, модернизм деген бар болғаны осы ағымдардың бәрінің ортақ атауы ғана.
Еуропадағы модернистік ағымның басында еуропалық әдебиеттің өкілдері Франц Кафка мен Марсел Пруст, америкалық философ-идеалист У.Джемстер тұрды. Негізі, қоғам экономикалық дағдарысқа ұшыраған кезде суреткерлер де белгілі бір дәрежеде тығырыққа тірелмей қоймайды. Әдебиеттегі модернизм мен постмодернизм осы тығырықтан шығуға деген талпыныстан туды.
Тағы бір айта кететін жай, модернистер мен постмодернистер «өмірде мағына жоқ, тіршілік дегеніміз – хаос, бақытқа жетемін деп тыраштану – әурешілік, бәрі маңдайға жазылған тағдырға байланысты» деген идеалистік көзқарасты басшылыққа алады. Сондықтан да олар объективті өмірдің реалистік заңдылықтарын жоққа шығарады және көбіне-көп өздерінің ішкі интуициясының дегенін күйттеп кетеді, ақылдан сезімді жоғары қояды, мистикаға бейім тұрады.
Ал, қазақ әдебиетіндегі модернизмге келсек, ол біздің көркемсөз өнерімізде ХХІ ғасырда, бүгін ғана пайда болған жоқ. Қазақтың ең алғашқы модернистері – прозада Ж.Аймауытов пен М.Әуезов, поэзияда М.Жұмабаев пен Бегнияз Күлеевтер болатын. Мағжанның «Жер жүзін топан басса екен», «Мені де, өлім, әлдиле» деген жырлары модернизм емей немене? Мұнда ақын өмірдің ешқандай мағынасы жоқ екенін мойындайды, сондықтан, Еуропа модернистері секілді терең қайғыға шомады, болашақтан үміт сәулесін көре алмай торығады. Мұндай мистикалық сарындар өмірден тым ерте, қыршын кеткен Бернияздың өлеңдерінен де молынан табылады. Сондықтан, Б.Күлеев трагедиялық жағдайда өмірден қайтқанда ең алдымен оны жоқтап, қабырғасы қайысқан өнер иесі Мағжан болатын. Бұл кездейсоқтық па? Жоқ, бұл өзімен рухтас жас ақынның қазасы жанына қатты батқан рухани туыс адамның шын жүректен шыққан мұңы еді.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет