«Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий)


Тақырып-5. Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер



бет3/5
Дата17.07.2016
өлшемі333 Kb.
#205302
1   2   3   4   5

Тақырып-5. Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері

Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі.

Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері

Оқудың интерактивті әдістері үлгілері.


Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандарт-
қа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.

Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған.


Оның мазмұнына:

1)оқытудың жалпы мақсатын қою;

2)жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3)студенттердің білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;

4)оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5)нәтижені бағалау енеді.

Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және


танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар ар-қылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.

Оқытудың интерактивті әдісі.

Оқытудың тәжірбиелерді дамытуға бағытталуы .

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқадай өзгерістер білім беру жүйесіне де әсерін тигізді. Бұл өзгерістер оқу орындарында жаңа пәндер енгізіп қана қоймай, дәріс беру әдістемесінің өзін өзгерту қажеттігін туғызды. Біздің еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алғандықтан қазіргі кезде шешім қабылдауға халықты тартудың да маңызы зор. Бұл аудиториядағы жұмысқа да қатысты: оқушылар сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуға тиіс. Міне оқушылардың сондай белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалдарды көбіне интерактивті деп атайды.



«Интерактивті оқыту әдістемесі».

Егерде сабақ үстінде оқушылар мен оқытушылардың арасында тығыз қарым-қатынас байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп атаймыз. Әдетте мұндай қарым-қатынас оқушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол- оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету.

Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.

Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі:

оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген кезде);

шақырылған адамдармен (немесе топ оқушыларының өздері әлдебір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін);

өзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында);

шағын топтармен (3-5 оқушымен);

оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, топ болып әлдебір мәселені талқылау барысында);

оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді);

кейбір техника түрлерімен (мысалға компьютермен).

Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзара қарым-қатынастың сапасын айқындамайды. «Өзара қарым-қатынас» әдісінің ерекшелігі- оқушы өзгелермен араласу барысында ашыла түсетін болады.

Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы


  • тұлғаның қызығушылығын туғызады;

  • әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

  • әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;

  • оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

  • тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

  • тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

  • мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:



  • Орта қалыптастыру

  • Әрекет арқылы үйрету

  • Өмірмен байланыстыру

Өзінділікпен дербестікке баулу

Оқу үрдісінде келесі интербелсенді әдістер қолданылады:

Кейс-стади–өзбетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын кӛрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау.

Іскерлік, рөлдік ойындар –студенттерге әртүрлі кәсіби рөлдерде сөйлеуге және сабақты мәселелі жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту әдісі.

Тестілеу–әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты тапсырмалар жинағынан тұрады.

PBL (problembasedlearning–мәселеге-бейімдеп оқыту) әдісі -қойылған мәселемен ӛзбетінше жұмыс істеунәтижесінде студент әртүрлі пәндер бойынша компетенттілік құрылымдарын игеретін оқыту әдісі.

TBL (teambasedlearning–кішітоптардаоқыту) әдісі –студентте топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретіноқытудың топтық әдісі.

Топтық дискуссия әдісі студенттердікәсіби жағдайды талдауға, мәселені құру дағдыларын қалыптастыруды үйретуге, басқа қатысушылармен қатынасқа түсу игеріміндамытуға, соныменқатар, әртүрлі кәсіби мәселелер бойынша шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әңгімелесудің түрі.

Миға шабуыл әдісі –топтажұмыс істеудешығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде студенттергеситуация шешіміжауабының бірнешежолынайтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдердіқабылдаудың оперативтіәдісі.

Тренинг(ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады.

Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:

• оқушылар бір-біріне бетпе-бет отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір-біріне сенімділік артып, қызығушылық танытады, ынталы болады);

• тренингке қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек. «бұл сенім атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);

• бүкіл тренинг бойында достық көзқарастағы сенімді атмосфераны жасау және қолдау;

• тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының оған қатысуын қадағалау;

• оқытушы-жаттықтырушы өз пікірін ұсынбай-ақ қатысушыларды сабақтың мақсатын орындауға жетелеуі тиіс;

• оқытушы-жаттықтырушы әрбір жаттығудың уақыт шеңберін сақтауы керек;

• тренингтің бірінші сабағында «танысу» жаттығуы өткізіледі және «келісім» (топтық жұмыс ережесі) қабылданады;

• теориялық жадығат пен интерактивті жаттығулардың, серігудің арасында сабақтастық болуы керек;

• кез-келген тренинг сабақ басталарда сол сабақтың мақсаты мен міндеттері айтылады, ал соңында қортындыланады;

• кез-келген тренинг қандай мақсат қойылса да, әрдайым танысу мен жұмыс ережесін жасаудан басталады.



Тақырып-6. Оқытудың интерактивті технологияларын оқу-тәрбие үдісінде тиімді пайдалану

Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі.

Білім беру жүйесінде интрактивті құралдарды пайдаланудың маңыздылығы.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу – тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді. Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда.

Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі. Қазіргі уақытта заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын интерактивтік тақта болып табылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек. Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Қызметтестер мен біріге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады. Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады, мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады. Оқу материалдар базасын жасау, қызметтестермен жасаған материалдарды өз сабағымда пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді.

Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады. Көп мұғалімдердің байқағанындай сабақтың оқушыларға қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, және оны (оқушылар) жылдам есте сақтайды. Интерактивтік тақта оқу сапасын жоғары деңгейде тағы да мұғалімдердің уақытын үнемдейді, оған бұрын өтілген материалдардың екінші рет қайталауға қажеті жоқ. Интерактивті тақта барлық сабақта қолдану мүмкін, жоқ болмаса сабақтың әрбір сатысында. Басқа да заттар сияқты интерактивті тақтаны пайдаланудан ең көп тиімділікке сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану арқылы жетуге болады. Интерактивтік тақтамен бірге жүретін бағдарламалық нұсқаулықты жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолданулары керек. Мұғалімдерге тағы басқа да бағдарламалық құжаттар керек.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, айта кетейік: Сабақ алдын-ала дайындалған болу керек, сонда ғана материалдар жылдам түсіндіріледі. Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді; Сабақ кезінде сақталған файлдар оқушыларға беріледі: сондай-ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады. Интерактивтік тақта оқыту тиімділігін қалай арттырады. Сабақта интерактивтік тақтаны қолдану баланың мектепте оқыту тиімділігін арттыру. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз. Білім деңгейін көтеруе интерактивті құралдарды пайдалану

Оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

Интерактивті әдістің тиімділігі:



  • Өзіңе деген сенімділікке тәрбиелейді;

  • Шешендік өнері дағдылары қалыптасады;

  • Тыңдай білуге үйретеді;

  • Танымдылықтың маңызын түсінуге көмектеседі (үнемі абсолюттік шындық бола бермейді);

  • Сыни ойлауға дағдыланады;

  • Өз пікірінің айту құқығының бар екенін сезінеді;

  • Пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінеді;

Осының бәрі “Оқу шеберлігі” идеясына саяды.

Оқу шеберлігі – бұл барлық даму үстіндегі және озық елдердің азаматтарына қажетті ой еркіндігі болып табылатын дағды.


Оқытудың интерактивті технологияларының қолданылуы

Атауы

Мақсаты

Мәні

Механизмі

Даралап

Оқушылардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту

Оқу-танымдық міндеттерді дәйекті және мақсаткерлікпен ұсыну

Ізденістік әдістер;танымдық міндеттер қою, ой операцияларын жүзеге асыру

Модульдік оқыту

Оқытуды оңтайландыру, жеке ттұлғаның ойлау деңгейін бейімдеу

Оқушының жеке жұмысын ізденімпаздықпен орындауы

Мәселелік әдіс, жеке қарқынмен жұмыс

Дамыта оқыту

Жеке тұлғаны және оның қасиеттерін, ойлау қабілетін дамыту

Білімін, біліктіліктерін шығармашылық ойлау қабілеті арқылы әлеуметін жетілдіру

Оқушыларды алуан түрлі ой қызметі түріне тарту.

Саралап оқыту

Ойлау қабілетін және т.б. қабілеттерін дамытуға оңтайлы жағдай туғызу

Бағдарламалық материалды әр түрлі жобадағы деңгейде ұсыну, міндетті деңгейден төмен емес.

Жеке дара оқыту әдістері

Ойын арқылы

Білімді, білікті, дағдыны игерудің тұлғалық- қызметтік сипатын қамтамассыз ету

Ақпараттар іздеуге, өңдеуге, игеруге бағытталған өз бетінше атқарылатын танымдық қызмет

Шығармашылық қызметке тартатын ойын әдістері





Тақырып-7. Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері

Инновациялық оқыту түсінігі

Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері

Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында қолдану.


Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.

Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.

70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:

• білім мазмұнындағы инновация;

• оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;

• оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;

• мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.

Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:

- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;

- модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;

- жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.

Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.

Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды

Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.

Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.

Инновациялық процестің кезеңдері:

• иновацияның себептері;

• жаңалықты жобалау;

• жаңалықты жүзеге асыру.

Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:

• мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;

• инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;

бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;

• әлеуметтік-экономикалық жағдай;

• инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты күнделікті өзгеріп жатқан өмірге оқушыларды дайындау болып табылады. Мұндай оқыту оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкестендіре отырып жүзеге асыруға негізделеді.

Педагогикалық инновациялық технология – оқу процесін жүзеге асыру техникасының мазмұны, жоспарланған оқыту процесінде жетістікке жету және педагогикалық теорияға, әдістемеге, мұғалімнің оқыту қызметін жоспарлауға бағытталған.

Педагогикалық технологияға тән ерекшеліктер:



  1. Болжайтын нәтижеге жету үшін алдын-ала белгіленген уақытта немесе мұғалім мен оқушы денсаулығының физикалық, техникалық қорын жұмсау деңгейін алдын-ала айқындау керек.

  2. Нақты жетістік критерийлер мен параметрлер арқылы зерттеледі.

  3. Педагогикалық технологияны кез келген мұғалім игеретініне кепілдік беруге болады.

4. Педагогикалық технологияны оқытуда іс-әрекет арқылы ықпал ету

теориясын міндетті түрде сақтауды қажет етеді.

Сонымен қазіргі заманғы арнаулы орта білім беретін оқу орындарында әлеуметтік педагогикалық жүйе ретінде, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық және т.б.) өтіп, екінші баспалдақ – технология деңгейіне көтерілу қажет екені даусыз.

Педагогика саласындағы ғалымдардың көзқарасында педагогикалық технология дидактикалық процестермен, оқыту құралдарымен, ұйымдастыру түрлерімен байланысқан, оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болады. Осы оқыту жүйесі «нәтижелі қалай оқытуға болады» деген дәстүрлі сұраққа жауап береді. Яғни, педагогикалық технология дегеніміз, барлық бөлшектері ойластырылған оқу және педагогикалық іс-шаралардың жобаланған моделі, оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізуде оқушы мен мұғалімге барлық ыңғайлы жағдай туғызу және педагогикалық технология оқу процесін толық меңгеру идеясын іске асыруды болжайды.

Тиімді сабақтар жүйесі негізінде технология мынадай міндеттерді шешеді: оқушының танымдық қызығушылығының жоғары деңгейі мен өз бетімен ойлау белсенділігін құрады және қолдайды. Сабақ уақытын үнемді және мақсатты пайдалану, оқушының ойлау әрекеттері тәсілдерін қалыптастыру және дамыту; оқушы мен мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі жақсы қарым-қатынас; алынған білім, білік дағдысының көлемі мен тұрақтылығы.

Енді, осы инновациялық педагогикалық технологиялардың ішіндегі орыс ғалымы, академик В.М.Монахов ұсынып отырған технологиялық картамен тереңірек танысайық. Технологиялық карта – болашақ оқу процесінің болжау паспорты, бұнда оқу процесінің басты параметрлері беріледі.

1. Мақсат қою. 2. Диагностика. 3. Мөлшерлеу.

4. Болжаудың логикалық құрылымы. 5. Коррекция (түзету).

В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы үш объектімен жұмыс жасауға негізделген: технологиялық карта (ТК), сабақтың ақпараттық картасы (САК) және оқушы дамуының ақпараттық картасы (ОДАК). Осы аталған технологияның жүйелілігі педагогикалық технология объектілерін жобалау процедурасын анықтайды. Бұған мысал ретінде өзім сабақ беретін «Физика және астрономия» пәнінен «Атом ядросының физикасы» тарауын алайық.

Тақырыптық жоспар жасау үшін технологиялық картадағы «Оқу процесінің логикалық құрылымы» жолына осы тарауда өтетін сабақтардың санын көрсетеміз. Содан соң оқушыларға тарау бойынша білім беруде жетістікке жетуге кепілдік боларлықтай, бірқатар кішігірім мақсаттарды қоямыз. Қойылған кішігірім мақсаттар арқылы жетістікке жету үшін «диагностика» қатарына қысқа мерзімді өзіндік жұмыстарды белгілейміз. Диагностика жүргізілетін сабақты «логикалық құрылым» қатарына белгілейміз. Диагностика төрт тапсырмадан тұрады: оның ішінде екеуі – білім стандартына сәйкес, ал қалған екеуі күрделі тапсырма (№3 – «жақсы» деген бағаға, №4 – «үздік» деген бағаға) болуы керек. Диагностиканың толық вариантын «диагностика» қатарына жазамыз. «Үй тапсырмасының мөлшері» қатарына диагностикаға жақсы дайындық боларлықтай есептер мен тапсырмалардың нөмірлерін көрсетеміз. «Коррекция (түзету)» қатарына оқушылардың дәстүрлі қиындықтары жазылады. Сабақ беру барысында технологиялық карта барлық оқушыда болуы тиіс. Бұл оқушыларға да, олардың ата-аналарына да оқу процесі кезінде бағыт-бағдар беруге, диагностикада күтілетін жұмыс пен тапсырманың мақсатын дәл білуге көмектеседі. Әрбір оқушы қалаған бағасына сәйкес жұмыстың қандай бөлігін орындауды өзі шешуі тиіс. Бұл технологияның жетістігі сол, оқушы мен ата-аналарға білім беру процесі толығымен айқындалған. Бұл оқушыларға сабақта жақсы жетістіктерге жетуге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет