Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сөздің көп мағыналылығы (Полисемия) дегеніміз не?
2.Полисемия және омоним құбылыстарының айырмашылығы қандай?
3. Омонимдердің қандай түрлері бар?
4.Сөз мағыналарының ауысуының қандай түрлері бар?
Тілдің сөздік құрамы. Тілдің лексика-семантикалық жүйесі. Синонимдер және олардың түрлері. Антоним болатын сөз таптары
Жоспары:
1. Тілдің сөздік құрамы жайлы
2. Тілдің лексика-семантикалық топтары туралы
3. Синонимдер және олардың түрлері
4. Антоним болатын сөз таптары
1.Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы — тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік кұрамы /лексикасы) кұралады. Әрбір тілдің сөздік кұрамындағы сөз-қаншама көп және алуан түрлі болғанмен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөз-құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады. Нақты бір тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда (частная лексикология) қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы (жеке) лексикология бір-бірімен байланыста болады. Сондай-ак, тілдің сөз мағынасының өзгеруі, көп мағыналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардын пайда болуы — осылардың бәрі тілдердің барлығында да бар.
Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Синонимдер сөз тудыру тәсілдері арқылы, кірме сөздер арқылы, әдеби тіл лексикасының диалект сөздердің есесінен толығу нәтижесінде, жеке сөздердің айрықша синонимі ретінде қолданылатын тұрақты сөз тіркестері арқылы, әдеби тілдегі сөздер мен термин сөздер мәндес келуі арқылы, тілде белгілі эвфемизм, дисфемизм, какофемизмдер басқа бір сөздермен немесе сөз тіркестерімен келуі арқылы, сөздің мағыналық жағынан дамуы, қосымша мағынаға ие болуы нәтижесінде синонимдер жасалады.
Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер.
Достарыңызбен бөлісу: |